Қорытынды тест жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорытынды тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың жыраулық поэзиясының атасы тест жинағы қазақ тілі пәні бойынша студенттерге арналған пән бойынша қысқаша қорытында жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 курс студенттеріне арналған 1 нұсқа

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен қортынды тест жұмысы

1.  Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем түрі қалай аталады?

А. Салалас құрмалас сөйлем

В. Жай және жайылма сөйлем

С. Құрмалас сөйлем

Д. Сөйлем

2. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді: 

А. 2

В. 4

С. Құрмалас сөйлем бөлінбейді

Д. 3

3. Салалас құрмалас сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз

А. Құрамындағы жай сөйлемдері салаласа да, сабақтаса да байланысқан, баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келіп, бір-бірімен байланысады.

В. Құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан, баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады.

С. Құрамындағы жай сөйлемдері араласа байланысқан, бір-бірімен тең дәрежеде сабақтаса байланысады.

Д. Құрамындағы жай сөйлемдері байланысқан, баяндауыштары тиянақсыз тұлғада байланысады.

4. Берілген мысал салаластың қай түріне жатады? Мысал: Күн батты,қараңғы түсті

А. Ыңғайлас салалас

В. Қарсылықты салалас

С. Себеп-салдар

Д. Түсіндірмелі

5. Не, немесе, әлде, яки, әйтпесе, не болмаса жалғаулық шылаулары арқылы жасалатын салаластың түрін көрсетіңіз?

А. Қарсылықты салалас

В. Ыңғайлас салалас

С. Талғаулы салалас

Д. Түсіндірмелі

6. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз?

А. Туымызда алтын күн, бүркіт және ұлттық өрнек бейнеленген.

В. Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті.

С. Аттылар келе жатыр еді, жол екіге айрылды.

Д. Жол ұзақ, сол үшін демалуымыз керек

7. Салалас құрмалас сөйлемдердің екінші жай сөйлемі, бірінші сөйлемдегі ойды түсіндіріп тұратын салаластың түрі?

А. Ыңғайлас салалас

В. Қарсылықты салалас

С. Себеп-салдар

Д. Түсіндірмелі

8. Қандай сөйлем? Мал етінің асылдануы сондай - майы аузыңа салдырмайды.

А. Түсіндірмелі

В. Қарсылықты

С. Талғаулықты

Д. Кезектес

9. Біресе, бірде, кейде жалғаулық шылаулары арқылы жасалатын салаластың түрі?

А. Түсіндірмелі

В. Кезектес

С. Талғаулықты

Д. Қарсылықты

10. Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ ... бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын. Қандай тыныс белгісі қойылады.

А. үтір, сызықша

В. қос нүкте

С. үтір

Д.сызықша

11. Биылғы жылы олар жайлауға ерте көшті, себебі көктем ерте түсті.

Себеп – салдар салалас құрмалас қандай жалғаулық шылау арқылы жасалған:

А. Сондықтан

В. Сол үшін

С. Себебі

Д. Сол себепті

12. Олар қыстаудан шықпайды.... жас төлді қорада ұстау керек.

Тыныс белгісін қой

А. қос нүкте

В. үтір,сызықша

С. сызықша

Д. үтір

13. Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). 

Сөйлемнің түрін ажыратыңыз?

А. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

В. Сабақтас құрмалас сөйлем

С. Ыңғайлас салалас сөйлем

Д. Салалас құрмалас сөйлем

14. Қандай сөйлем? Жамандық жалын секілді:өзін де,өзгені де жалмай береді.

А. түсіндірмелі

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д. кезектес

Е. қарсылықты

15. Қандай сөйлем? Екеуінің шұғылданғандығы сондай - ішке кірген кісіні аңғармайды

А. қарсылықты

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д. кезектес

16. Компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер қалай аталады?

А. Құрмалас сөйлем

В. Сабақтас құрмалас сөйлем

С. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

Д. Салалас құрмалас сөйлем

17. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Дастархандағы кіші балалары тұрып кетті, ал үлкендері аталарынан бата сұрады.

А. түсіндірмелі

В. себеп-салдар

С. талғаулықты

Д. қарсылықты

18. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса, олардан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

А. Қос нүкте

В. Сызықша

С. Үтір мен сызықша

Д. Нүктелі үтір

19. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына ретіне қарай қойылатын (үтір, сызықша, қос нүкте, т.б) белгілер қалай аталады?

А. Арнайы белгілер

В. Көрнекі белгілер

С. Тыныс белгілері

Д. Шартты белгілер

20. Талғаулы салаластың мысалын көрсетіңіз?

А. Тура келдің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба?

В. Өзі сақ кісінің сөзі де сақ: жарамас іске жуымас.

С. Мектепке асығыс жүгіріп келді.

Д. Ормандағы шудан әбден шаршаған сыңайлы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2022
920
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі