400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бо, балабақша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл іс-шара балалардың рухани дамуына негіз болып, балалық шақпен қоштасып, мектеп өміріне дайын екендіктерін көрсетті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош бол, балабақша!» – жүрекке толы қоштасу кеші


Карашева Алтын Отызбековна

№81 «Әсемгүл» балабақшасы МКҚК


Аңдатпа


Мақалада мектепалды даярлық тобының түлектеріне арналған «Қош бол, балабақша!» атты мерекелік ертеңгіліктің мазмұны мен тәрбиелік мәні баяндалады. Іс-шара барысында балалардың өнер көрсетуі, тәрбиешілер мен ата-аналардың жылы лебіздері, балабақшамен қоштасу сәттері көрініс табады. Бұл кеш балалардың мектепке қадам басар алдындағы жауапкершілігін арттырып, үлкен өмірге сеніммен қадам жасауына ықпал етеді.


Түйін сөздер


Қош бол балабақша, мектепалды даярлық, түлектер кеші, тәрбиелік іс-шара, өнерлі бала, ата-ана мен тәрбиеші ынтымақтастығы.


Негізгі бөлім


Мектепке дейінгі ұйымдағы ең әсерлі де толғанысты сәттердің бірі – балабақшамен қоштасу кеші. Осы орайда «Әсемгүл» балабақшасының «Райхангүл» мектепалды даярлық тобында «Қош бол, балабақша!» атты салтанатты ертеңгілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Кештің шымылдығын балалардың жүрекжарды құттықтау сөздері ашты. Олар қонақтарға ізгі тілектерін арнап, балабақшада өткізген балалық шақтарын еске алды. Салтанатты жиында балаларға білім мен тәрбие берген тәрбиешілер ортаға шақырылып, ата-аналар мен қонақтарға жылы лебіздер білдірілді.


Ертеңгілік барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар орындады. «Жұлдыз болғым келеді», «Үйретеді», «Оқып біліп үйренеміз» әндері мен «Ақ көгершін», «Қоштасу вальсі» билері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ «Кім жылдам сөз айтады» ойыны ойнатылып, балалардың тапқырлығы мен шапшаңдығы байқалды.


Тележүргізуші форматындағы сұхбат балалардың мектепке деген ойы мен армандарын ашып көрсетті. Түлектердің тәрбиешілеріне арналған жылы лебіздері кештің әсерлі сәттерінің бірі болды. Ер балалар мен қыздардың орындауындағы билер мен вальстер мерекенің сәнін келтірді.


Кеш соңында балабақша меңгерушісі Маматова Жазира Сабырханқызы сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, белсенді ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. Балаларға естелік ретінде «Балабақша өмірі» альбомдары ұсынылды. Тәрбиешілердің орындауындағы «Қимай тұрмын» әні кешке ерекше жылылық сыйлады.


Қорытынды


Қорыта айтқанда, «Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі балалардың балалық шағымен қоштасып, мектеп өміріне сеніммен қадам басуына зор ықпал етті. Бұл іс-шара арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері шыңдалып, тәрбиеші мен ата-ана арасындағы тығыз байланыс айқын көрінді. Осындай тәрбиелік мәні зор, мазмұнды кештер болашақ ұрпақтың рухани дамуына берік негіз қалдырады.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.01.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі