Материалдар / "Қош бол, алғашқы білім баспалдағым" - ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош бол, алғашқы білім баспалдағым" - ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош бол, алғашқы білім баспалдағым" - ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!»Мақсаты:Білімнің сары жолы мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттырып, оқуға, білімді болуға шақыру.Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: нақыл сөздер,слайд,оқушылардың еңбектері,суреттер,шарлар.Өтілу барысы: Музыка ойнайды.Оқушылар безендірілген залға қатарымен келіп кіреді.Кіріспе сөз: «Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!» атты мектеп-бақшасымен қоштасу тойына жиналып отырсыздар.Алдарыңызда тұрған балаларыңыз мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, 1 сыныпта білім алып, аяқтап басқа мектепке өткелі отыр.Талаптарыңа нұр жаусын деп, ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер. 1-жүргізуші: Ау,аман ба ,жарандар! Алтын таңға қараңдар! Ерте жайлап атты таң, Естіліп тұр, шаттық ән. Жұрағатым қуанып, Рахатын тапты жан. Жанарлардан от шашып, Мерекеге бопты асық. Тұрмыз біздер мінеки Мектеп- бақшасымен қоштасып.2-жүргізуші: Аяулы ұстаз өлшемі жоқ бағаңның Айтыңдаршы таласады оған кім? Еленуде елге істеген еңбегіңіз,- дей келе, сөз кезегін мектеп басшысына береміз.1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім -тәрбие алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.2-жүргізуші:Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған мектебімізбен,алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.Келесі сөз той иелеріне беріледі.1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз мейірбан ұстаздар, Мектеп-бақшасымен қоштасу тойымызға.2-оқушы: Мектебім-мәңгі бапкерім. Қарызбыз саған бәріміз Өзіңе деген парызды Ақтаймыз әлі біз.3-оқушы: Алтын ұя, алтын бесік-мектебім, Мәңгі есімде анам болып өткенің. Парызыңды өтедің сен, білемін Ал, қарызым саған берер көп менің.4-оқушы: Алдыңа келіп ұстазым, Тұңғыш қалам ұстадым. Күлімдеген көзіңнен Мейірімі сезілген. Сипадың да басымнан Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан Басталғанын түсіндім.«Ардақты ұстазым»-ән .5-оқушы: Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным, Өз қолыммен Әліппені алғаным, Ақтардым да Әліппенің парағын. Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.6-оқушы: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, Алфавитті алғаш сенен жаттадым. Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік, Мейріммен жаурынымнан қаққаның.7-оқушы: Ақылшы асыл ұстазым, Өзіңе мен де ұқсармын. Жеткенше қайрат, күш-әлім Биікке самғап ұшармын.7-оқушы: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, Менің де көкейімде із қалыпты. Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің, Ерінбей үйреттің де әр әріпті. Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едің – білімменен күш толады. Алғыр бол, әдепті бол , сабырлы бол Ақылмен іс істесең болады, Беруші ең бізге айтып, өлең, тақпақ, Таласып алушы едік біздер жаттап. Өзінің баға қойған күнделікті, Жоғалтпай өмір тойы жүрем сақтап.9-оқушы: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен, Жаныма сіңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың Мектебім, саған мәңгі басымды ием. 10-оқушы: Өзіңсің балауса көктемім, Мен сенен нәр алдым, көктедім. Өмірде алғашқы өткелім, Рахмет саған, мектебім!\«Аяулы мектебім»-Адара әнді орындайды.\11-оқушы: Өтті оқу сан сабақ , Бүгін үлкен салтанат, Оқулықпен достасып, Мектеп-бақшасымен қоштаспақ.Бәрі хормен: Құрбыласпыз, Тұрғыласпыз, 16-мыз Күлімдейміз, Бір бақшаның Гүліндейміз Таланттымыз, Қанаттымыз, Жақсы оқимыз сабақты біз. Бір класпыз.12-оқушы: Оқытты ұстаз анамыз Өсті білім санамыз. Білгір ер боп өсетін Біз бақытты баламыз. Бойымызда бұла күш Еркін өскен ұланбыз Оқу-білім үйреткен.Хормен: Ұстаздарға мың алғыс. \3рет\\«Мұғалім –ол біздің» әнін орындау.\1-жүргізуші:Содан бері табаны күректей 1 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік,үйрендік.Сұлулықты,мейірімділікті,жақсы көруді, қадірлей білуді,әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, жақсы,мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді- міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін-бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.Біз не үйрендік?Оқуды, жазуды, есеп шығаруды,ән айтып, би билеуді. Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды, жерімізге,елімізге жақсылық жасауды. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйрендік.Біз нені сүйеміз?Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды,құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді.Біз нені ажырата білеміз?Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.Біз кім боламыз?Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер , нағыз адам.Бізді болашаққа не бастайды? Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы. Болашаққа деген сенім.Би билейді.\Кемпірқосақ\2-жүргізуші:Достар,бүгін бізде мейрам. 1-ші сыныпты бітіріп жатырмыз.
  • Бір – бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
Оқушы: Құтты болсын, құрбыжан, Алға аттаған қадамың. Білім деп соқсын жүрегің, Жолыңа бестік шашамын.\бестік баға\Оқушы: Жайнаса бал- бұл бүлдіршін, Бір сынып тағы өрлесін. Жайқалып тұрған көктемгі, Өмірің сенің гүл болсын!\гүл шашады\Оқушы: Өмір деген сан- саналы қиыр жол, Адаспасаң одан да аларың мол. Ұстаз ,ана,әкенің, құрбының да, Саған достым тілейтінәм тек ақ жол! \ақ мата\ Оқушы: Шақырып алыс арманға, Асулар күтіп тұр алда. Өмірге ұлы самғауға, Жар бола көрсін бір Алла!Би билейді.1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Жақсы шәкірт азамат атанады. Халқынан,ата-анадан бата алады.Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін.Ортаға шақырайық ата-ананы.Мұғалім сөзі:Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын.Тек биікке самғасын.Әріптерді танып алып тұрсыңдар ,Естеріңде болсын алда бір сын бар. 1жыл менен білім алып шыққанмен, Келешекте жазылатын жырсыңдар.\ Мақтау қағаз беріледі. Соңғы қонырау соғылады.\Вальс биін билейді.2-жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қадірменді ұстаздар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз де аяқталып қалды! Қош сау , болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!