400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа , өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Гаухар» балабақшасы





Shape1







Shape2











Дайындаған: «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі

Куракова Гинура











2017 жыл



Қош бол, алтын күз!

Мақсаты:балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа , өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.

Мерекелік безендіру: күз мезгіліне байланысты қабырға суреттері мен шарлар ілу, буклеттер жасау, сары жапырақтармен безендіру.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, әріптестер, қонақтар! Сіздердің назарларыңызға ортаңғы «Ботақан» тобы бүлдіршіндерінің «Қош бол, алтын күз» атты шағын ертеңгілігін ұсынамыз. Мерекеге қош келдіңіздер.

Не қасиет бар дейсің осы күзде,

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет, майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына,

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па

Отанның берекелі қамбасына.

-Балалар, бүгін міне көптен күткен алтын күз мерекесі де келіп жетті.

Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер , өзгерістер болады?

- Айару- Күзде табиғат ерекше күйге енеді, жапырақтар сарғайып, шөптер қоңыр түске енеді. Күн біртіндеп қысқарады,жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер , көкөністер мен егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт» күз деп атайды. Жомарт сөзі молдықты, дархандықты,мырзалықты білдіреді. Күз- жылдың берекелі мезгілі.

Ән : «Күз жомарт»

Ахат :

Астық , жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім, сыйынды.


Інжу:

Егін теріп жиналып,

Қамбаларға толады.

Әр көңілде нұр дарып,

Әр үйде той болады.

Жылы жаққа бағыттап

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап,

Жердің төсін құшады


Анаргүл :

Қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.




Кәусар :

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.


Жүргізуші : Жарайсыңдар, орындарыңа тұра қойыңдар!

Жүргізуші:

Ал , балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


-Дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі екен.

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы, сары алтын күз келді,

деп уәде еткенімдей ортаға Алтын күзді шақырайық./музыка ойнап, ішке Алтын күз кіреді/

Алтын күз- Нұрай:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме ,қонақтар!

Мен- Алтын күзбін!

Жайдары жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге,

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі.


Жүргізуші:

Рахмет, саған Алтын күз!

Қабыл алдық, сыйды біз!

Отырыңыз жайғасып!

Ал, ендеше, балалар,

Бекер қарап тұрмаңдар.

Жапырақ пен сиқырлы,

Ойынды тез ойнаңдар.



Ойын: «Кім тез?» / жапырақтар жинау/ Айнель, Жанерке, Гүлсезім, Мирас,

Жасмин, Дильяра, Бексұлтан.

Алтын күз:

-Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі.! /Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақ оқиды/

Пияз -Жалғас:

Асханадан шықпаймын,

Атым-пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Қызанақ- Гүлсезім:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен-қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Сәбіз- Сағит

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де!

Қияр-Мирас:

Бақшадағы қорегім,

Суды жақсы көремін.

Қызанақтың алдында

Гүлдеп өнім беремін.

Көктей үздің демеймін,

Көптеп үздің демеймін,

Тұздап алсаң бөшкеңе,

Қыстайғы жейтін өніммін.


Жүргізуші:

Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.


«Шегіртке мен құмырсқа» көрініс./ Жайдарлы, Сагит, Азамат/

Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гулайттап,

Қызықпен жүріп, жазды алған.

Жазды күні жапырақтың,

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті.

Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда,

Суыққа тоңған қарны ашқан,

Ойын қайда, ән қайда.

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады,

Сабанда жатып дән жиған ,

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

- Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

-Мұның , жаным сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?

-Мен өзіңдей сауықшыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып ән салып

Өлеңнен қолым тиді ме?

-Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!


Лағда:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен дала,

Дариядай шалқар күз.


Азамат :

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Құстар қайтып, ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.






Жанерке:

Сау-сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып, атырап.

Көкте құстар тізілді.

Ақтарады қоңыр күз

Уылжыған жемісін.

Күзге біз де ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат» /К: Кәусар, Анар, Бақдәулет,/ Элиза, Лағда, Аманбек/

/Ж: Айару, Ақмарал, Жалғас, /Дарын, Азамат, Жанар/


Ортаға музыкаға билеп құстар шығады.

Элиза: - қарлығаш

Қош бол өскен жеріміз,

Айдын шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Айналайын еліміз.


Жанаргүл – қараторғай:

Туған жерден кеткенде

Қоңыр әнге саламыз.

Қош болыңдар бәрің де

Қимай кетіп барамыз.


Жасмин – тырна:

Қаһарлы қыс өткенде

Қайтіп келіп көктемде.

Күнде думан құрамыз,

Күн шуағын төккенде.


Аманбек:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.


Сағит:

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.





Дарын:

Мынау – жүзім,

Сөлі балдай шырын.

Тәттілігін біледі

Ара менен шыбын.


Бексұлтан:

Қоңыр күз келдің бе

Қабағың түйіліп.

Қауындар, жемістер

Қалыпты үйіліп


Радик:

бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақта сыңғырлап,

Би билейік зырылдап.


Ақмарал

Сарғайып жапырақ,

Сыр тартқан өзгеден

Суынып, атырап,

Салқындық көздеген.


Бақдәулет:

Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.


Ән: «Бұл қай кезде болады?»

Жемістер шығады.

Айнель-алма

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал-дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.


Диляра-алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қарасы егер салғырт тым.







Айару-өрік

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде.

Менен аулақ жүр деймін

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.


Лағда-жүзім

Мен-жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.



«Егінші мен қасқыр» ертегісінен көрініс.

Егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

- Адам не жеп отырсың? – деп сұрады.

- Нан.

- Маған да наныңнан берші!

Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Егінші қасқырға:

- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың , - деді.

-Содан соң нан бола ма?

- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да , тұқымды әзірлейсің, себесің...

-Содан соң нан бола ма?

- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады. Ал жаз ортасында піседі.

- Содан соң нанды жеуге бола ма?

- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып маялау керек...

- Сонда нан бола ма? – деп қасқыр айқайлап жіберді.

- Жоқ, қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.

- Сонда жеуге бола ма?

- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...

- Сонда нан бола ма?

- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды,- деді егінші.

- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей – ақ қояйын, -деді қасқыр.


Күздік киім үлгісі . «Алтын күз -2017» топтамасын ортаға шақырамыз./ортаға қағаздан, газеттен,тігілген киім киген қыздар шығып, киім үлгілерін көрсетеді/


Алтын күз: менің уақытым болды, мен жүрейін. Сау болыңдар балалар, келесі жылы аман –есен кездескенше !



Ойын: «Күн мен жаңбыр»

/Радик, Ахат, Жайдарлы, Інжу, Сагит/

Ән : «Моншақтар»

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін, Әкеліпті халыққа бір молшылық. Сары жапырақ алтындай боп төгілсін, Елімізде болсын әркез көпшілік- дей келе бүгінгі күз мерекесіне арналған біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ертеңгілікті жүргізген: «Ботақан » тобының тәрбиешісі Куракова Гинура Галымовна



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі