жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош бол, алтын ұя- мектебім
Өтілетін күні: 25.05.2018ж «Қош бол, алтын ұя – мектебім!»
Өтілетін уақыты: 10:00
Өтілетін орны: Мектеп алаңы.
Мақсаты: Түлектерді соңғы қоңырау салтанатына дайындау. Мектептің оқушы жанына қаншалықты ыстық әрі маңызды екендігін ұғындыру. Білімге бастар баспалдақ екендігіне көз жеткізу.
Оқушыларды
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге,
жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең
көзқарастарды сіңіру арқылы таным
белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Қатысушылар:
Мектеп
алаңында салтанатты шараға шақырылған
ата- аналар, мектеп оқушылары, қонақтар,
ұстаздар және т.б.
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу. Соңғы қоңырау суреттері, банерлер.
Жүргізушілер: Мектеп мұғалімдері - Үйсінбай Айнұр, Маликова Нұргүл.
Айнұр: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, жас түлектер! Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің арман қуған 40 түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.
Нұргүл: Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!
Айнұр: Дұрыс айтасың, өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр.
Нұргүл : Он жыл бойы осы мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған түлектерді ортаға шақырымыз. Ду қол шапалақпен қарсы алайық! (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 10 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі : Арысланова Гульнара Кадырқызы. Тәрбиешісі: Рахманқұл Айгүл Тоқтарбекқызы . Сыныпта 9 оқушы. Аманылла Дінмұхаммед «Бір өлең – бір сурет» атты байқаудың 2 – орын жүлдегері әрі 70 000т сертификатының жеңімпазы. Сансызбай Бейбарыс - Грек – рим күресінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Оразбай Бақдәулет - жүзуден спорт шебері, Қаңлыбай Азамат – «Кубик – рубик» мектепішілік сайысының жүлдегері.
10 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Айтмаханова Баян Мұстафақызы. Тәрбиешісі: Исабекова Гүлмира Парменқызы. Сыныпта 6 оқушы. Тасболатова Әсел - жүзуден спорт шебері , Жарылқасын Диана – жүзуден кандидат спорт шебері, Тен Евгений, Давранов Манучехр, Давранов Мехрангиз, Тимофеев Григорий - облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда футболдан жеңімпаздар.
10 «Д» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Камалова Гүлзар Анварқызы. Тәрбиешісі: Торыбаева Фарида Жаңабайқызы. Сыныпта 6 оқушы. Рсалы
Сабыржан Грек – рим күрестен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы.
10 «В» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Үйсінбай Айнұр Әділханқызы. Тәрбиешісі: Қамбарова Гүлнар Эргашқызы. Сыныпта 10 оқушы. Ұлық Ерсұлтан, Исабек Азамат, Оңласын Ерман -спорттың Грек – Рим күресінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары және республикалық, облыстық балалар шығармашылық фестивальдерінің лауреаттары, көптеген қайырымдылық мерекелік іс – шаралардың белсенді қатысушылары.
10 «Г» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Усманова Малика Орманқызы. Тәрбиешісі: Қазбекова Күлпан Коспайқызы. Сыныпта 9 оқушы. Нұржанұлы Азамат спорттың Грек – Рим күресінен жеңімпазы және « Бәріміз біргеміз, шектеуді білмейміз» атты көркем сурет байқауының жүлдегері.
Айнұр: 2017-2018 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Қош бол, алтын ұя – мектебім!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Нұргүл:
Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.
Батырлыққа
уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан
таныған.
Өзі батыр, өзі әнші
халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/
Қазақстан Республикасының әнұраны
орындалады /
Айнұр: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Нұргүл: Салтанатты жиынды ашып, құттықтау сөз білдіру үшін мектеп директоры Узакова Айгерім Мұсақұлқызына сөз береміз.
Айнұр: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы жарияланған жыл.
Бұл жыл - Қазақстан Республикасының астанасы, бас қаламыз Астанаға - 20 жыл толуымен ерекшеленетін жыл.
Біздің еліміз 30 дамыған мемлекеттердің қатарына енуді мақсат етіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жолында жұмыс жасауда. Бұл үшін бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалудың маңызы зор. Елбасы, «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке қалуға тиіс», – деген болатын. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы.
Астана! Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп- өркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана келбетіне ішкі сұлулығы
үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды. Астанамыздың туған күні құтты болсын!
Ән. « Менің Елбасым» Орындайтын: 6 «Ә» сынып оқушысы Оразбек Ақерке.
Нұргүл:
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде,
Асыл жандар тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қай ата-ана болмасын баласының жақсы азамат болып өсуін армандайтыны
анық.Олай болса сөз кезегі ата-аналар комитетінің төрағасы _____________________
беріледі.
Айнұр:
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ – Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, би билесін,
Екінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі, - деп, 2-сынып оқушыларының аға – әпкелеріне арнаған өнерін тамашалаңыздар.
10-сыныптың түлектері атынан кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған сый қошеметтерімізді қабыл алыңыздар. (Сыйлықты 10-сынып оқушылары табыстайды).
Нұргүл:
Айналайын, ұстазым,
Жақсылықты нұсқадың.
Мектепке бізді шақырдың,
Білімді, ойды асырдың.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан қайырдың.
Айнұр:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар қадірлі,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын! – шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған ізгі тілегін қабыл алыңыздар. ( 10 – сынып оқушыларының ұстаздарды құттықтауы)
Ән. «Ұстазым» Орындайтындар: 10 сынып қыздары
Нұргүл:
Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлі дара бол.
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар – ұлттың тірегі
Ұстаздар – мектеп жүрегі . - Осы ұстаздарымыздың құрметіне 10 сынып ұлдарының көтеріңкі биін қабыл алыңыздар. «Флешмоб».
Айнұр:
Ән.
« Последний звонок».
Орындайтындар: 10 «Б» сынып оқушылары
Тасболатова Әсел мен Жарылқасын Диана.
Нұргүл :
Жас түлектер мына өмір бағдаршам іспетті. Алдыңда қиын қыстауы да, қуанышы да қатар жүретін қызылды жасыл- кезеңдерде кездесер, тек мойымай, алға қадам басыңыздар. Өмір көшелерінде бағдаршамдарың әрқашан жасыл болсын. Келесі орындалар ән өздеріңе арналады. Ән. «Бағдаршам» орындайтын Ұлық Ерсұлтан.
Айнұр:
Аяулы ұстаз, өлшемі жоқ бағаның
Айтыңдаршы, таласады оған кім?
Еленуде елге істеген еңбегің,
Айтады
алғыс шәкірттерің саған мың. - бітіруші
сынып ұлдарының «Ұстаздар»
әні
сіздерге арналмақ аяулы ұстаздар.
Нұргүл:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он жыл сыныбы үшін жанын салған,
Келесі кезек - жетекші бапкерлерде – дей келе, сынып жетекшілері және тәрбиешілерінің шәкірттерімен әсем биін қабыл алыңыздар.
Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
Нұргүл :
Ән. «Когда уйдем со школьного двора» Орындайтындар: 10 «Б,Д» сынып ұлдары.
Айнұр:
Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
«Қоштасу вальсі». (Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып, вальс билейді. )
Айнұр:
Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi –
мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның
құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы
қоңырау – балалық арманыңды жетелеп,
бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
Бәрі – сын, араласын, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың.
Нұргүл :
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 2 сынып оқушысы _____________________________
және мектебіміздің түлектері ________________________________________ беріледі.
Нұргүл :
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
Екі жүргізуші бірге:
Қоштасады, алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.
«Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
Ән. «Соңғы қоңырау» . Орындайтындар: Тұрсынбай Мадина мен Фарангиз.
Айнұр:
Бүгін біздің мектеп бітірушілеріміз үлкен өмірге қадам басып, балалықты артта қалдырғалы тұр. Сондықтан болашақтары жарқын болсын деген ниетпен жаңа өмірге жаңа қадам аттамақпыз! (оқушылар жіптен аттап, шарларын ұшырады.)
Өздерінен
кейінгі 9 сыныптың оқушыларына өз
жолдарын аманат етеді.
Үлкен
өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын,
талаптарың оң болсын!
Жас түлектер!!!
Осымен
2017-2018 оқу жылының салтанатты соңғы
қоңырау жиынын жабық деп жариялай
отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп,
келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша
сау-саламатта болыңыздар.
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының
«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп - интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Соңғы
қоңырау» салтанатты жиыны.
Тақырыбы: «Қош бол, алтын ұя –
мектебім».
Жауаптылар: 10- сынып жетекшілері
мен тәрбиешілері.
Шымкент қаласы
2018 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген