Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қош бол, алтын ұя мектебім!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қош бол, алтын ұя мектебім!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен
қонақтар!
1-жүргізуші: Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 13 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
2-жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
1-жүргізуші: 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Салтанатты жиынға
келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1.---------------------------------------------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------------------------------------------
3---------------------------------------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Бәрі де баласындай бір
ананың,
Өз елі қазағының ұғады
әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын
кәне,
Он бірінші сыныбы Пернебек ағайдың және Айнұр
апайдың.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің
11- сынып жетекшісі: Исабеков Пернебек ағайдың және Тлесова Айнұр
апайдың есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға
шақырамыз.
Сыныпта 13-оқушы. Олар: қазақ тілі пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері, тоғызқұмалақ ойындарының республика жүлдегері- Сейдімбек Нұржамал, биология пәнінен аудандық олимпиада жеңімпазы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыс чемпионы- Кәдірқұл Балнұр, тоғызқұмалақ, шахмат ойынының шебері-Айтқұл Молдияр, Абай, Шәкәрім оқуларының қатысушысы,физика,математика пәнінен аудандық олимпиада жеңімпазы, тоғызқұмалақ, шахмат ойынының шебері -Сарыпбек Жихангер, компьютер шебері, күрес спортының жеңімпазы- Ошақбай Мағжан, спорт шебері –Рүстембек Қайыржан, қоғамдық жұмыстардың белсендісі, тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпазы- Сабай Үміт, волейбол ойындарының жулдегері- Бахадыр Ләйлә, баскетбол ойындарының жүлдегері- Жүдебай Гүлжайна, күрес ойындарының жеңімпазы- Досан Айдынғали, мектеп аралық спартакиада жеңімпазы- Рахматилла Бағила, күрес ойындарының жеңімпазы- Дабылбек Дархан, күрес, жеңіл атлетика ойындарының жүлдегері- Ералы Нұртілеу
(музыка әуені)
2-жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары
тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы
тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ,
міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда
бүкіл!
1-жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз,- деп алғашқы сөзді мектеп директоры Стамкулов Тұрархан ағайға беріледі.
2- жүргізуші: Арнап келер мерейтой,
мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам
барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- дей
отырып, сөз кезегі қонақтарда. бүгінгі салтанатты жиынға қатысып
отырган қонақтарды құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі
сіздерде.
1.
2.
3.
4.
Нұржамал:Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Нұртілеу: Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Ләйлә: Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Молдияр: Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.
Бағила: Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Қайыржан:Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?
11-сынып оқушыларының атынан «Папури» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Абзал жандар биік
тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне
беріледі.
Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Жазушыдан, ақыннан
Оқушының бәрінен
Түлектерге мың сәлем!!!
Үлгілі болып сіздердей
Үлкейеміз біздер де.
Біз де ойшыл, өнерлі
Боламыз істің шебері.
Көп екен «төрт»,бесіңіз»
Өмірде өстіп өсіңіз.
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Құрметті 2017 түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың
жүректері.
11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен.
Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын !
2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп, түлектердің алғашқы ұстазы
Нұрманова Нурипа апайымызға сөз
беріледі.
1-жүргізуші: Ұрпақсыз
шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде.
Ортаға сыныптың сынып жетекшілері: құрметті ұстаздарымыз Тлесова Айнұр апайымыз бен Исабеков Пернебек ағайымызды қошеметпен шақырамыз.
Молдияр: Жүректерді от боп
шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.
Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Нурипа апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.
Нұртілеу: Пернебек ағай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған алты ай ішінде.
Айдынғали:Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнағандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
Айнур апай, сіз болдыңыз жыр әні.
Көңлім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып-тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.
Ән: «Ұстазым» барлық ұстаздарға арналады.
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жар
асымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық
пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте
шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас
түлектерге білім нәрін сусындатқан ұстаздар ендігі сөзді сіздерге
береміз.
Айдынғали: Мектебімізді басқарып,
Жақсы істер атқарып.
Сан қырынан көрінген,
Тұрар ағай басқарып.
Балнұр: Гүлжамал апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек
Сенім берген оқушыға жеңіс
керек,
Әрқашан аман болып жүрсін дер
ек.
Дархан: Тарихымның үйретіп сан
қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Кенжебек ағай, Ескен ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.
Бағила: Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп — мейірімнің тұрағы.
Балжан мен Зылиха апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.
Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.
Нұртілеу:Көпжан ағай, ер
жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.
Бағила: Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Замира сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.
Қайыржан:Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Дәурен ағай мен Мадияр ағай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.
Үміт: Әр баланың мінезі де көп
делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Нағима апаймен сөйлессең,
Сақтамайсың ішіңдегі сырды бүгіп
Гүлжайна:Мен алғаш мектеп есігін
ашқанымда,
Күнім болып көріндің
аспанымда.
Білім болып егілдің жас
жаныма,
Гүлің болып төгілдің
асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала
қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың
ба?
Бастауыш апайларым жас
жадымда!
Жихангер: Дүниемен танысуға берген талай
көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер
едім.
Оны үйреткен Ләззат апай мен Галина
апай,
Сіздер барда физикамен сусындап мен
келемін.
Нұржамал: Тігіп, тоқып үйрететін әр
баланы,
Әрқашанда ашық - жарқын
қабағы.
Толқын апайдың әрбір берген
сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде
қалады.
Дархан:
Қазақ тілім, өз тілім, ана
тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана
тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын, Манап
ағай
Әрқашан да біздерге берген
білім.
Ләйлә: «Good morning, teacher» деп бастаймыз
оның әр сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген
қабағын.
Нурила апай,Индира апай алғыс айтып
әрқашан,
Сіздер берген біліммен жолымды мен
табамын.
Мағжан: Бар ғұмырын химияға
арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент
қалмаған.
Азамат ағай сізге де үлкен
алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден
талмаған!
Балнұр: Ген, рнқ, днқ деп тіл
қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген
жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп
біздерге
Сәду ағайымыз биологиядан үн
қатқан!
Жихангер: Жас ұрпаққа
жалынды
Сөз маржанын
дарытқан.
Алдындағы
баламен,
Тіл арқылы
табысқан
Орыс тілін
меңгерген
Үйретуді жөн
көрген
Пернебек ағай пен Гульвира апайдай
Ұстаздарымыз
әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн
берген!
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы
ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, «Ерекше аттестат» үміткері
Кәдірқұл Балнұр
10-сынып оқушысы, оқу озаты Тұрсыналы Айданаға
тапсырады.
Балнұр –
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған
аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған
аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер
аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған
аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған
аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған
аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған
аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған
аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған
аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған
аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған
аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы
аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге
аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау -
саламат!
Айдана:
-Қанатын қағар ақ
жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.
1-жүргізуші: Желбірейтін биікте – «Жас
ұлан» туы аманат! - дей отырып ортаға «Жас ұлан» туын салтанатты
түрде ортаға алдырайық
(музыка
әуені)
«Жас ұлан» туын қадірлеп, қастерлеп,ардақтап биік ұстау үшін 10 сыныпқа салтанатты түрде тапсырады.
1-жүргізуші: Жанарларды түйістірер сан
арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.
2-жүргізуші: Осыдан 10,20 жыл бұрын мектеп табалдырығынан аттап кеткен, өмірден өз орындарын тапқан, ұстаздарының, елінің үмітін ақтап жүрген түлектерімізді ортаға шақырамыз. Сөз кезегі өздеріңізде.
Ән: «Мектепке сағыныш»
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт
азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі
ата-аналарымызға
------------------------береміз.
Ән: «Әке-ана»
2-жүргізуші: Көрмеген артық
сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
«Қоштасу вальсі».
Ортаға бітірушілер ән әуенімен
шығып , вальске билейді.
1-жүргізуші:Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20
мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше.
Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір
белесіне асыратын қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары
тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп
тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-Жүргізуші:Бүгін - алғашқы қоңырау
мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен
күн.
1 - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп
көңілің қимастық кешкен
күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ
бата берсем деген
күн.
1- жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының
ержеткенін көрсем деген
күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті
деп мақтанған күн
1– жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп
шаттанған күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында
шәкірт болып соңғы рет топталған
күн.
1– жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа
аттанған күн.
2– жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас
түлектер!
1– жүргізуші: Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 13 түлек жолдама алды: 13 арман,13 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Ән: «Қош бол енді мектебім»
2-жүргізуші: Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.