400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, Алтын ұя мектебім!

Материал туралы қысқаша түсінік
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты кешіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

25 мамыр «Қош бол, Алтын ұя - мектебім» атты концерттің сценарийі


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, қымбатты ата-аналар, аяулы шәкірттер! «Қош бол, алтын ұям - мектебім» атты «№7 «Тұран» мектеп-гимназиясында» өтетін 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келіпсіздер! «Қош бол, алтын ұям - мектебім» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!


2-жүргізуші: Бүгін оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығатын, 4 – сыныптардың орта буынға, 9 – сыныптардың негізгі мектепті бітіріп өз қалауларымен арнаулы білім ордаларына оқуға түсуге мүмкіндік алатын – соңғы қоңырау салтанаты.


1-жүргізуші: Бүгін 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен; әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасуы.


2-жүргізуші: Ендеше, алтын ұя мектебімнің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп түлектерін құрметпен ортаға шақырайық.


1-жүргізуші: Әр шәкірттін жан сезімін елеген,

Қуат беріп, жылы сөзбен демеген.

Қарсы алайық Есіркепқызы Ақмаралды

Сырлы мінез, жаны жайсаң көреген.


Даламдай кең түсінігі, ұғымы,

Қазаққа тән мінезі мен қылығы.

Саф алтындай ұл-қыздары жарқыраған

Алдарыңызда 11 «А» сыныбы.

Ұлдана, Ақнұр сыныптың үздіктері.

Айбек батыр көкпардың жүлдегері

Дарынды Альфия мен Назеркелер

Білімнің қырын, сырын меңгереді.


Бексұлтан мен Әлихан жігіт нары,

Азамат болу олардың басты арманы.

Ерасыл, Олжас жігерлілер,

Бейбарыс пен Ерболат өте арлы.


Өре білген білімін өз бойына,

Аяжан, Диана мен Аида.

Талабыңа нұр жаусын деп тілейміз,

Студент боп, жеңіске жет сынақта


Күлсін мен Әсел сыныптың тіректері,

Оралбай, Ұлан мықты жігіттері.

Алтынай мен Аяжанның армандары

Грантқа түсем деген мақсаттары.


Әселді байыпты қыз екен деп жұрт біледі,

Сақыпжамал мың бұралып би билейді.

Аружан, Арайлым мен Диананың

Көңілді жайға куә жүрген жері.


Бәрі де баласындай бір ананың

Білімнен іздегендей өмір бағын.

Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын қане,

Қарсы алайық 11 «Ә» сыныбын


Әр шәкіртін Ай мен Күнге балайды,

Ертеңіне үмітпенен қарайды.

Бұл салада жетістігі жетерлік,

Қарсы алайық Зейткүл апайды.


Айжарқын, Айнұр, Жанат қыз аяулы,

Болары рас ел-жұртына қалаулы.

Аружан, Гүлназ, Айдана да

Іскер қыздар бұл өңірде санаулы.


Мұхитдин, Рахат жігіттер қайратты,

Намазбай мен Ақылбек те салмақты

Білімділер көшін бастар Төлебай

Серік сері өнерлі ғой жан-жақты.


Ақкөңіл әрі жомарт мінезі бар,

Сындарда қайыспаған жігіт Мағжан.

Абзал, Нұркен, Мейрамбек бұл жігіттер

Адал дос, әрқайсының жанын ұғар.


Дана, Мақпал, Аружандар мейірімді,

Ақтайды олар үміт пенен сенімді.

Алтын белгі үміткері Аида мен Әділет

Әр ісіне ден қоятын зейінді.


Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,

Бақыт пенен қуанышты жетелеп.

Абылай мен Диасты қарсы алайық

Көрсетейік қане халқым қошемет


Арайлым мен Динаралар сыпайы,

Жоламан да көпшілікке ұнайды.

Көз тимесін білімпаздар ерекше,

Олжас пенен Берікке қызығып жұрт қарайды.


Бұл сыныпта қыздар көп үлгі алатын,

Әселдің өнері көп таң қалатын.

Аяна қыз жарқырап келе жатыр,

Сенімін ата-ананың ақтайтын.



Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен қошеметтеп шақырайық,

Он бірінші Б сыныбын ортаға.


Қалқалап қамқор болған сыныбына,

Жан шуағын төгетін ұл-қызына.

Қарсы алайық өнегелі бұл ұстазды

Туренова Гүлназ апай ортамызда.


Бағдат пенен Аружан ибалылар,

Сара менен қымбаттың сыйлары бар.

Арай мен Аружан да сүйкімділер

Өмірде өзіндік тың ойлары бар.


Аида үздік шәкірт сыныбында,

Нурила да шығады білім шыңына.

Сүйкімділік, сұлулық жарасады

Қымбат пенен Аружанға.


Жандос біздің батыл әрі шебер жігіт,

Ерсұлтан талабы мол сері жігіт.

Тегін адам бұл сыныпта жоғы рас,

Дәулетбек біздің көрікті әрі батыл жігіт.


2-жүргізуші:Құрметті оқушылар! Түзеліп тік тұрыңдар! ҚР Гимні


1-жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ, жанашыр жас ұрпақтың,

Ұстаз деген – аяулы, ардақты адам,- дей келе алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры беріледі.


11«А»сынып оқушылары Шарипбекова Диана мен Абдукалил Алтынай «Ұстаздарым-ай»


2-жүргізуші: бұл мереке көңіліңді тербейді,

Балалығың қайта айналып келмейді.

Алғашқы ұстаз Әліппені ұстатқан,

Жүректерден есімдерің сөнбейді.

Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздарын құрметпен ортаға шақырып, тілектерін тыңдайық. Есбаева Күлаш Қарабалаева Перизат


Флешмоб


2-жүргізуші: Он жыл бұрын бүлдіршің ең, балғын ең,

Әріптерді әліппеден танып ең.

Еске алдырып сенің бала шағыңды.

Тілейді олар жарқын болашағыңды.

Алдарыңызда 1-сынып оқушылары. Бүлдіршіндерге қол соғып қошамет көрсетіңіздер.

Ән. 11 «Б» Гүлназ апай, Мұсылманқұл Қымбат, Түймехан Нұрила «Мың алғыс саған, ұстазым!»


1-жүргізуші: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жас ұрпақ еліміздің шын тірегі.

Ортаға шығып, қане тілек айтсын,

11-сыныптың түлектері

Ортаға 11-сынып түлектерін шақырайық.


Ән. Дәуіт Аружан «Мектеппен қоштасу


2-жүргізуші:

Ұстазсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған

Сөз кезегі жетекші бапкерлерге. Ортаға бітіруші сыныптардың сынып жетекшілері Мамраимова Ақмарал Есіркепқызын, Мырзалиева Зейткүл Туренова Гүлназ құрметпен шақырайық.


«Флешмоб»


1-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша Білім кілті мен Аманат хатты тапсыру салтанатты рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші: Білім кілті мен Аманат хатты тапсырушылар мектебіміздің мақтаныштары Қасым Аида, Низамеддин Аида

1-жүргізуші: Білім кілті мен аманат хатты қабылдаушылар 10- сыныптың үздіктері:


Ән.


2-жүргізуші:Құрметті шәкірттер, қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар, мерекеміздің жүрек тербетіп, жан толқытар сәті де келіп қалған тәрізді. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20000 аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолына гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің. 40 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда, қайта сабақ басталарда еститін едің. Ол балалық шақтан жарқын болашаққа апаратын қоңырау. Олай болса 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау соғу құрметін 11 сынып оқушысы Төлебай Сағынтай

мен 1 сынып оқушысы береміз.


Гүлдерге толып омырау,

Түлектер тойын тойлады.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды

Соңғы қоңырау соғылсын!


Ән. Алданияз Әсел «қоштасу әні»


1-жүргізуші: Қош айтысып балалық шақ өткеніне,

Қош айтысып сүйікті мектебіне.

Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар,

Аттанып барады өмір мектебіне.

Сәт сапар, жас түлектер!

2- жүргізуші: Осымен «Қош бол алтын ұям-мектебім» атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңыздар. ҚР Гимні



























10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 шілде
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі