Материалдар / «Қош бол, алтын ұя мектебім!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош бол, алтын ұя мектебім!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қош бол, алтын ұя мектебім!»

2014 – 2015 жылғы мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау кешінің сценарийі


Жүргізуші:Құрметті оқушылар, ата – аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты жас түлектер!Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың санаптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау салтанаты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл – қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бтіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық. Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, қадірлі жас түлектер 2014 – 2015 оқу жылының «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы бітіруші түлектерді,

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!

Жүргізуші:11 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі

1.

2.

3.

4.

5.

11 сынып оқушылары өз лебіздерін білдіріп, орындарына орналасады.

Жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып, салтанатты жиынымзда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мектебіміздің озат оқушысы сапалы білім, саналы тәртібімен іні – қарындастарына үлгі бола білген, түрлі олимпиадалардың жүлдегері ............ беріледі. Мектеп туын кіргізу құрметі 11 сынып оқушысы, .................. беріледі. Мектеп туының ассисиенттері .........................

Жүргізуші: Әкелсін туын,көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді,жасартып мәңгі ай,күнін.

Әкелсін туды,шырқалсын өршіл гимні,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.



Жүргізуші: Салтанатты жиынның қонақтарымен таныс болыңыздар:

1. ________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Әр заманның лайықты иесі болады. Өз заманының қадірін біліп, мақсатын жете түсіну кез – келген адамның қолынан келе бермесе керек. Өз заманының тілін біліп, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, өр кеуделі өрендер біздің ортамызда да бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. 2014 – 2015 оқу жылында түрлі облыстық, Республикалық сайыстардың, байқаулардың, Олимпиадалар мен марафондардың жеңімпазы атанып жеңіс тұғырынан көріне білген Ұландарымызды жеңістің жұлдызды жолдарымен қарсы алайық:

Жүргізуші:Өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, азаматтық қамқорлығым деп түсінген №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернат директоры Дәулетова Қалия Үкімашқызына 2014 – 2015 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатын ашу, 2014 – 2015 оқу жылының үздіктерін марапаттау және «Оқу үздігі – 2015» номинацияларын тапсыру үшін сөз беріледі.

Жүргізуші: №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернаты үшін 2010 – 2012 оқу жылының аяқталуы мен оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу жөніндегі бұйрықты оқу үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұбанов Дәуіржан ағайға беріледі.


Жүргізуші: Ақ қанатты армандарды жалғаңдар

Біліммен тек көкті шарлап самғаңдар.

Үміт артып тапсырады аманат

Дақ түсірмей, кірлетпей оны ұстаңдар.

Жүргізуші: Мектеп туын өз ізбасарларына тапсыру құрметі ............... беріледі. Туды қабылдаушы 10 сынып оқушысы, түрлі спорт жарыстарының жеңімпазы ...................

Жүргізуші: Мектеп аманатын тапсырушы ..................

Аманат қабылдаушы10 сынып оқушысы ............................

Жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Жүректерің сырға толып жасырын ,

Ізгі тілек ақтарылсын, лебіздер!

(11 сыныптың арнауы, ескерткіш сыйлықтар табыстау, гүл шоқтарын ұсыну)

Жүргізуші: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезов «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»деген екен.Осы үздік ой жетегінде бүгінгі салтанатты жиынңғ алтындай уақыттарын қиып келіп отырған құрметті қонақтарымызға сөз кезегін береміз!

Жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата – анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата – ананы.

Жүргізуші: Биылғы түлек ..................................... ата – анасы ............................ сөз кезегін береміз.


Жүргізуші: Берік болып, биік болып баршадан,

Мектеп туы шығарылсын ортадан!

(Мектеп туы шығарылады)


Жүргізуші: Хандық құрып, шаттық көрді ұлы елім

Бұл осыдан болған еді 550 жыл бұрын.

Дәл бүгінгі салтанатты жиында,

Қалай ғана айтылмасқа бұл сырым.

Елбасымыз біріктіріп ұлысың мен ұлтыңды,

Ассамблея деп атады ұйымды.

20 жылдық тойы биыл торқалы,

Бірлік пенен ынтымақтың шуақты.

Ата Заңым айбатым мен айбарым,

Теңдігімде саған сенім артамын,

Қызмет етіп келесің сен халқыңа,

20 жылда дақ түсірмей антыңа.


Флеш – моб. «Мәңгілік ел» компазициясы.

Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам қоңырау үнін естідіңіздер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда есіттіңдер, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда есіттіңдер. Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ. Балалық шақпен қоштасып болашақ өмір белсене аттандыратын соңғы қоңырау, олай болса бүгінгі салтанатты жиынымыздың «Соңғы қоңырау» қағылатын сәтін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Соңғы қоңырау қағу құрметі биылғы мектеп бітіруші түлек, үлгілі оқушы .................. мен 1 сыныптың озат оқушысы беріледі.

Жүргізуші: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер!

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.

«Сәт - сапар» - деп қол бұлғайық бәріміз.

Тілейік біз армандарға жеткенін.

Осымен 2011 – 2012 оқу жылын аяқтауға арналған «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты соңғы қоңырау салтанатын жабық деп жариялаймыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!