400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол балабақша!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Қош бол балабақша!»

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар бүгін бізде үлкен мереке, балалар алғаш рет қадам басып келген балабақша қабырғасынан, мектеп қабырғасына қадам басқалы тұр.

Балабақшаның түлектерін ортаға шақырайық

  1. Би блейді бұралып,

Жатқа айтады тақпақты

Еркелігі тағы бар

Шақырамын ортаға

Әдемі қыз Қарақат.

  1. Алдында көп арманы,

Айтқанды қағып алады.

Шығар биік белеске,

Қалай мақтан етпеске,

Нариядай сұлуды.

  1. Ибалы да, өнерлі,

Ақылы оның өте көп.

Сүйкімді боп жүретін

Шақырамын ортаға

Жанботадай аруды.

  1. Көркі оның көз тартар

Шығармашыл талантты.

Би билейді бұрала

Ортамызға шығатын.

Сүйкімді қыз Жанерке.

Жүгізуші:

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа міне жеттіңдер.

Барасындар даярлыққа

Бір белестен өттіңдер

Өстті ақыл ойларың

Өстті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

-Бүлдіршіндеріміздің «Нұр шуақ» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып тастайық

Қоштасу кешімізді бастайық

Жүздерінен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Бүлдіршіндеріміздің балабақшаға арналған тақпақтарын тыңдайық.

Жанерке:

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып

Біз мектепке барамыз.

Қарақат:

Кітаппенен дос болып,

Жалқаулықпен қас болып.

Өседі ой санамыз

Біз мектепке барамыз.

Жанбота:

Біз бақытты баламыз.

Жетіліп ой санамыз

Басқшаменен қоштасып

Мектепке біз барамыз

Нария:

Үлкен сенім жүктеп алып

Мектепке біз барамыз

Балабақша өзіңмен.

Қоштасып біз барамыз.

/Асып – сасып залға музыка әуенмен Жалқаубек кіреді, Қолында автомат, Аузында ысқырғыш, бір балағы түрулі, кепкасы қисайған/

Жалқаубек: Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр. Біздің балалар мектепке барады.

Жалқаубек:

-Апай, апай менде мектепке барамын, балалар мені де өздеріңмен ала кетіңдерші мектепке.

Жүргізуші: Амансың ба Жалқаубек! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден қалған жоқсын! Әуелі мына жұртпен амандас.

Жалқаубек: Сәлеметсіздер ме!

Жүргізуші: Жалқаубек сен білесің бе мектепке қандай құрал – жабдықтар керек екенін?

Жалқаубек: Жооооооқ білмеймін.

Жүргізуші: Балалар, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Ия білеміз!

Жүргізуші: Қане айтыңдаршы қандай құрал жабдықтар керек?

Балалар: Дәптер, қалам, кітап, сызғыш, өшіргіш, карандаш, желім, ермексаз, бояу.

Жүргізуші: Көрдің бе Жалқаубек мектепке баратын бала көп нәрсе білу керек. Алдымен жақсы әдептерді білу керек. Сонан соң денесін шынықтырып, сурет салып, ән жаттап, ертегі, әңгімелер, өлең айта біліу керек.Өнерлі болу керек.

Жалқаубек; Ой апай олда сөз болып па? Мнеде өнер жетеді. Міне мен былай ысқыра білемін.Сосын мына автоматпен көздеп тұрып трғайларды дәлдеп атып түсіремін.Керек болса тақпақ айтып беремін:

Мен айтамын тақпақты,

Өзімді, өзім мақтап

Кеше киген шалбарым

Бүгін міне сатпақ

Тал теректі кесемін

Балшық суды кешемін

Жүргізуші: (басын шайқап) Балалар Жалқаубектің ісі дұрыс па?

Балалар: жоқ ондай әдепсіз қылықтар жасамау керек.

Жүргізуші: Жарайды Жалқаубек сенің сырың белгілі болды. Сені мына түріңмен мектепке қабылдамайды. Сондықтанда сен біздің балалардан үйрен, көріп ал.

Жүргізуші:Жалқаубек бүгін біздің балалар Білім патшалығына саяхатқа шығады.Саяхатқа Білім кемесімен барады. Сенде балалармен бірге барып балалардың өнерін тамашала.

(Толқынның әуені естіледі. Балалар білім кемесіне мініп саяхатқа шығады)

Ән: «Балдәурен»

Жүргүзуші: Балалар қарандаршы қандай әдемі жер.

Білім ханшаймы: Сәлеметсіздер ме!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргүзуші: Сәлеметсіз бе Білім ханшайымы біздің балалар балабақшамен қоштасып, мектепке барады .

Білім ханшайымы:Балалар, олай болса мен сендердің білімдерінді тексерейін.

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының Президентті кім?

-Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл бар?

- Атап беріңдерші

- Күз, қыс, көктем, жаз.

- 1-5-ға дейін тура және кері санаңдар.

Балалар: 1,2,3,4,5.

5,4,3,2,1

1 тапсырма: Жануарлардың төлдерін ажыратып сызба арқылы қосады.

2 тапсырма: «Шай қайнатуды үйренеміз» Ыдыстарға тиісті тағамды сызба арқылы қосу

3 тапсырма: Жемістер мен көкөністерді ажыратып атын атайды.

4 тапсырма: Үй құстары мен дала құстарын атаңдар.

Санамақ:

Қарақат:

Бір дегенім – білім,

Төрт пен беске ілін.

Екі дегенім – еңбек

Еңбек етсең өнбек,

Үш дегенім үміт

Жайдарлы жүр күліп.

Төрт дегенім – төзім

Сабарлы бол өзің

Бес бегенің – берік

Жақсылық болсын серік

Нария:

Бір дегенім бесік

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім-елім

Далам , тауым, көгім

Үш дегенім – үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзңм

Төзе білем өзіп.

Бес дегенім – бақыт

Бағалайтын уақыт.

Жанбота:

Бір дегенңм – білім.

Білім жарық күнің.

Екі дегенің- еңбек

Еңбек бірін жеңбек.

Үш дегенім – үміт.

Үмітсіз жоқ жігіт

Төрт дегенім – талап.

Талмай тұғын қанат.

Бес дегенім- бірлік

Бірліксіз жоқ тірлік.

Жанерке:

Бір дегенім – бидай

Ас атасы дейді – ай

Екі дегенім емен

Сондай қатты екен

Үш дегенім үйіңкі

Жанға жайлы көлеңке

Төрт дегенім тарақ

Шашыңды жүрсін тарап.

Бес дегенім – бұта

Шығады ол жылда.

Жүргізуші. Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші:

Міне, балалар сендердің көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңмен құттықтауға өздеріңнен жасы кіші сәбилерде тілектерін білдіргісі келеді. Қарсы алайық.

Айшабибі:

Үлкендердей тап – таза,

Үлгілі бала болыңдар

Жүретіндей мақтана.

Бейбарыс:

Қош балалар сәт сапар,

Бақытты бала болыңдар.

Жақсы оқып сабақты

Тәртіпті бала болыңдар.

Кәусар:

Бірге ойнап, бір жүрген

Күндерімізді қимаймын.

Естелік болып біздерден.

Дәптер, қалам сыйлаймыз.

(Балаларға дәптер қалам сыйлайды)

Жалқаубек:

- Жарайсыңдар қандай өнерлі, білімді балаларсыңдар!Бүгіннен бастап менде сендер сияқты өнерлі, білімді, әдепті бала боламын!Сау болыңдар достар мектепте кездескенше!

Білім ханшаймы:

Мектепке енді барыңдар,

Үлгілі бала болыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең «бестік» алыңдар.

Рахмет сендерге балалар! Сәт сапар тілеймін!Қош сау болыңдар, мектепте кездескенше.

(Білім ханшаймы шығып кетеді)

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Балдәурен» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, бүлдіршіндердің балабақша қызыметкерлеріне айтатын алғыс тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нария:

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыздар басқадан!

Айзада, Жансая апайларға мың алғыс!

Жанерке:

Тәрбиеші мен күтуші,

Анамыздай біздерге.

Тек жақсылық тілейміз,

Мың алғыс сіздерге!

Тамылжыта ән салуды үйреткен,

Мың бұрала билеткен

Динара апай сіздерге алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүрекпен!

Қарақат:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Мәдина апай сізге де,

Алғыс айтып барамыз.

Бізді баптап қараған

Ақ төсеке жатқызған

Мейрамгүл, Халимат апайларға

Мың алғыс!

Жанбота:

Палау ма, әлде сорпа ма?

Тұрады әркез ортада.

Тәп-тәтті тағамы

Мың алғыс сіздерге

Жазира, Жарқын апайларға!

Жүргізуші:

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын болашақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар.

(Балаларға мадақтау қағазын, сыйлық табыстау)

Бүлдіршіндерімізге сәт – сапар тілей отырып, осымен «Қош бол, балабақшам!»

атты ереңгілігімізді аяқтаймыз.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі