400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қош бол балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиеленушілерінің балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне арналған "Қош бол балабақша" атты ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош бол балабақша» ертеңгілігі


(Зал мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші: Қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Ендеше қол соғып сол бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

(Балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады)

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.


Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Мерекеде көңілді ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.


Ән: «Қош бол балабақша»

Жүргізуші: Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірдін

Қимай кетіп барады-дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.


Нұрсәт: Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғанышы

Болған сәби жастықтың.

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.


Шұғыла: Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше,

Қуантатын күн бүгін.

Өсті міне ойымыз

Өсті міне бойымыз,

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.


Ақылбек: Жақсы болсақ қуанған,

Тентек болсақ кешірген.

Тәрбиеші апайларға

Айтамыз біз мың алғыс!


Ақерке: Балабақша базаралы үй

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.



Жүргізуші: Біздің балабақша бүлдіршіндерін «Қара жорға» биімен қарсы алайық.



(ортаға музыка әуенімен Білгішбек келеді)

Білгішбек: Балалар сәлеметсіңдер ме? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын-деп айтқалы келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы білімдісіздер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар. Бізді алда көптеген асулар күтіп тұр. Келісесіздер ме?


(ортаға музыка әуенімен Жалқаубек келеді)

Жалқаубек: Ой, мында не болып жатыр? Кеттік балалар ойнауға, мұнда не істеп отырсыңдар? Далада қызық болып жатыр екен.

Жүргізуші: Жалқаубек мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сен де биыл мектепке барасыңғой. Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сен де талпынуың керек емес пе?

Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр? өзіңнің мектебіңе бар. Балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз, әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз...

Жүргізуші: Қой, Жалқаубек біздің балаларымыз мектепке әзір. Бүгін балабақшамен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып біліп алған.

Білгішбек: Айтпақшы мен балалармен ойын ойнап көрейінші, балалар мектепке дайын ба?

«ия,ия-жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.


  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ақылды бала боламызба?

  5. Ертеңгісін тұрамыз ба?

  6. Сабақта отырып ұйықтаймызба?

  7. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

  8. Екі алғанда жылаймыз ба?

  9. Оқушы біз боламыз ба?


Жалқаубек: Ой, балалар апаларың да, аналарың да шаршайдығой. Бармаңдар мектепке не керек?


Жүргізуші: Олай болса ата-аналармен де осы ойынды ойнайық.


  1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

  2. Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?

  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

  4. Ұрып-нұқып үйретуге барасыз ба?

  5. Төзімділікке әр уақытта төзесізбе?

  6. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері-тартпа сөзді айтасыз ба?

  7. Сен оқыт, мен оқыт деп ұрысуға дайынсыз ба?

  8. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

  9. Бала үшін асулардан асасыз ба?


Жүргізуші: Алдарыңызда кіші топ сәбилерін «шөжелерім» атты биімен қарсы алайық.


Білгішбек: Көрдің бе Жалқаубек, біздің балалар қандай ақылды, өнерлі екенін. Балалар мен сендермен тағы да ойын ойнағым келіп тұр. Кел, Жалқаубек сен де бізбен бірге ойна.

Ойын: «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға 1-н 10-ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

(ойын ойналады)

Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Бұл ойын менің асығымнан да, фишка мен добымнан да қызық ойын екен. Мен де үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесеміз.

(Жалқаубек қоштасып музыка ырғағымен шығып кетеді)





Жүргізуші: Бірге ойнап, бірге жүрген,

Күндерімізді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден,

«Өзбек» биін сыйлаймыз.


Би: «Өзбек биі»

Жүргізуші: Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Мектепке біз барамыз-деп балабарымыз балабақша ұстаздарына өз ризашылықтарын білдірмек.


Ақмаржан: Гүлдендірген бақшаны,

Басшы апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

Рахима апайға мың алғыс!


Жанэль: Жайдары жүз ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын

Жадыра апайға мың алғыс!


Қызбақыт: Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер,

Қамқоршымыз дәрігер.

Балшекер апайға мың алғыс!


Асель: Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді

Үйреткен Қамар мен Дана апайға мың алғыс!


Жаннұр: Тәтті тағам пісірген,

Айран, сүтін ішкізген

Аспазшы біздің Гүлай апай

Сіздерге де мың рахмет


Аяулым: Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған.

Қамажай апайға мың рахмет!


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.

Қысылып еш саспаңдар,

Аналардың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар.

Балалардың көңілді,

Жастық шағын еске алыңдар.

Ән: «Тәрбиеші»


Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды ой-деп келесі кезекті әдемі биге береміз

Би: «Қоштасу вальсі»

Жүргізуші: Ал ендеше осы мерекеге орай балабақшамыздың басшысы _________________________ және ата-ана__________________________________құттықтау сөз кезегін береміз.


Жүргізуші: Қош, балалар, сәт сапар,

Үлгілі бала болыңдар.

Жақсы оқып әрқашан

Тек 5-тікті алыңдар дей отырып, бүгінгі «Қош, бол балабақша» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі