"Қош бол, балабақша!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош бол, балабақша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды мектеппен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым- қатынас қалыптастыру. Мерекелік көңіл- күй сыйлау.

Көрнекілігі: Мерекеге сай безендірілген зал.

Ақсындар: Құрметті қонақтар, армысыздар?

Бәріңізде есен – аман бармысыздар.

Таусылмайтын ағытып ой- арманның

Ал, достарым ақ жол тілеп сөз бастағын.

Ержан: Көз салып қарңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз қонақтар, ата- аналар

Бақшаменен қоштасу тойымызға.

Ақсындар: Әлпештеп бізді баптаған,

Ардақтап әркез мақтаған.

Тәрбиешілеріміз бар біздің

Жарқын жүзді жақсы адам.

Ержан: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Біздермен өткізген әрбір күнін

Қол соғып тәрбиешілерді қарсы алайық.

(Тәрбиешілер кіреді)

1 тәрбиеші: Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

2-тәрбиеші: Келеді жаңа ғасыр перзенттері,

Көшбасшы, керемет кемеңгерлері.

Болашақ президент, министрлер,

Ерен ер қазағымның төрелері.

1-тәрбиеші: Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық

Бүгінгі кештің шынайы кейіпкерлерін.

Салмақты да сабырлы Алтынбек пен әдемі де әдепті Әмина.

Ақылды да тапқыр Ерасыл мен мейірімді де өнерлі Ақерке.

Сүйкімді де сыпайы Иса мен пысық та сезімтал Ақсындар

Батыл да намысшыл Бақдәулет пен салмақты да ұяң Дана.

Мінезі темір қайсар жігіт Алмас пен айтқанынан қайтпайтын Мадина.

Тақпақ айтып тақылдайтын Айдын мен сабырлы да ұяң Аида.

Қайсар мінез ақкөңіл Нұрасыл мен сабырлы да биязы Мейрамбек.

Әр нәрсенің мәні бар Ержанның өз орны бар.

Білімді де көңілді Мұхаммад.


Жүргізуші: Балалар, міне бір белестен аттап өтіп мектеп деген үлкен теңізге са сапар шеккелі отырсыңдар. Бүгінге дейін балабақшада тәлім мен тәрбие алсаңдар енді білім жолы мектепке сендерді мұғалімдер қарсы алып біліммен сусындатады.

Алдарыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып тамсанып

Қимай кетіп барады.

Алмас: Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Иса: Алтын менің ұямды

Ұмытпаймын сағынып

Бақшадағы достарды

Әркез жүрем сағынып.

Ойыншықтармен ойнадым

Оны да қимай қаламын,

Үлкен болып ер жетіп,

Мектепке мен барамын.

Айдын: Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешімді

Ертіп енді келмеймін.

Мадина: Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.

Алтынбек: Біз үшін еңбек еткен

Аялап еркелеткен

«Ғарышкер» атты бақшаға

«Қызғалдақ» тобы атынан

Айтамыз біз мың алғыс!

Тәрбиеші: Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын.

Би: Қоштасу вальсі

( Орындарына отырады.)

Жүргізуші: Балабақша бесігім

Тәрбиеші өз анам

Үйретіпті сан тақпақ

Қайсысын айтып берейін.

Бақдаулет: Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер – білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз.

Мектепке ертең барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болса арамыз

Сіздерге келіп тұрамыз.

Әмина: Құшағыңда жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Би биледім, ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Нұрасыл: Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Даярлыққа барамыз.

Ақерке: Өзіңнен көп дос таптым.

Бауыр баса бастаппын.

Тәрбиешілермен мейірбан

Келмей тұр енді қоштасқам

Мейрамбек: Бірге ойнап бірге жүрген

Күндерді біз қимаймыз.

Ұмытпау үшін сіздерді

Есімізге жиі аламыз.

Дана: Қош бол, ойыншақтарым

Жасырып кейде тыққаным

Кеткендей кеште қоштасып,

Келгенде алдан шыққаным.

Тәрбие берген бақшамыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Алда үлкен белес бар

Сүрінбей өтіп барамыз.

Ержан: Балабақша есігін

«Ғарышкердей» бақшаны

Мәңгі есте сақтаймыз.

Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана.

Жүргізуші: Қоштасып балабақшамен

Бізге мектепке барамыз

Ән «Біз мектепке барамыз»

Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз

Шырқатып әнге саламыз

Тойымызға сән берер

Би де билеп аламыз.

Би: « Ча – ча – ча »

Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар

Қызықты ойын бастаңдар

Аналардың көңілін

Көтеріп бір тастаңдар.

Ендеше балалар «Иә, Иә», «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайықшы. ( Аналарға да ойналады)

Жүргізуші: 1. Біз мектепке барамыз ба?

2. Кілең бестік аламызба?

3. Нан жейміз деп жылаймыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Ертеңгісін ерте тұрамыз ба?

6. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?

7. Екі алғанда жылаймыз ба?

8. Ойыншықпен ойнаймыз ба?

9. Айтқан тілді аламыз ба?

10. Жақсы оқушы боламыз ба?

Аналармен

Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

Сабақ оқытып, есепке сіз жүйіріксіз бе?

Тамағын уақытылы бересіз бе?

Сериал көріп жатасыз ба?

Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

Төзімділікке әруақытта төзесіз бе?

«Оқыту мұғалімнің жұмысы»,- деп керітартпа сөзді айтасыз ба?

Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға барасыз ба?

Балаңыз үшін балаларды ұрып соғасыз ба?

Бала үшін асулардан асасыз ба?

Мұғалім келеді.

Сәлеметсіздер ме, балалар? Байқаймын, сендерде бүгін үлкен мереке болып жатқан сияқты.

Жүргізуші: Ия, мұғалім апай бізде бүгін үлкен мереке. Біз мектепке баратын болып балабақшамызбен қоштасып жатырмыз.

Маша мен аю келеді. Маша аюдың қолындағы папкілерге жармасады.

Мұғалім: Мектепке бару үшін санауды, оқуды, жазуды білу керек. Маша, сен соның бәрін білесің бе? Балалар ал сендер ше?

Балалар: Ия, білеміз.

Мұғалім: Қане, онда сендерге бірнеше тапсырма берейін.

1 Тапсырма. 1- ден 10- ға дейін тура және кері санау.

2 Тапсырма. Апта күндерін сұрау.

3 Тапсырма. Жыл мезгілін қайталау.

4 Тапсырма. Геометриялық пішіндерді қайталау.

5 Тапсырма. Республиканы, елбасын сұрау.

6 Тапсырма. Мерекелерді сұрау.

7 Тапсырма. Ал енді қандай ертегілерді білеміз? ( слайдтан қарау:«Бауырсақ», «Шалқан», «Қызыл телпек», «Қасқыр мен түлкі», «Маша мен аю»)

Жүргізуші: Мұғалім апай, біздің балаларға бір ойын ойнатып жіберіңізші.

Мұғалім: Әрине ойнатайын.

Ойын: «Шар жару» (шардың ішінде мамандық атаулары жазылған)

Мақсаты: бала шарды жарып, ішінде қай мамандық атауы жазылса, сол туралы тақпақ айтып береді.

Мұхаммад: Мен заңгермін, заңгермін.

Әділетті қолдаймын.

Халықпенен біргемін

Адам құқын қорғаймын.

Әмина: Шаштарыңды қиямын

Қастарыңды қиямын.

Үздік шебер атанған

Шаштараз деген мен боламын.

Аида: Тігіншімін мен өзім,

Тігіншінің ішінде,

Бас бармақтай бірінші

Жұрттан алғыс аламын.

Мамандығым ең сыйлы.

Ақерке: Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін.

Адамдарды емдеймін

Дәрігермін мен деймін.

Ал балалар, қане қазір балабақшам «Ғарышкер» әнін орындап берейік.

Ән: балабақшам «Ғарышкер»

Маша: Сендердің ән айтқандарыңа қарап,менің би билегім келіп кетті. Қане, менің ертегідегі қуыршақтарым би билеп берсін.

Жүргізуші: Қуыршақтар көңілді

Шығады қазір ортаға

Мың бұрала би билеп

Тамсантады баршаны.

Би «Қуыршақтар»

Аю: Мұғалім апай, мына бүлдіршіндер мектепке баруға дайын сияқты. Ендеше мен папкаларды тәрбиеші апайына беріп кетейін, мереке соңында балаларға үлестіріп берсін. Ал біз балалар сендермен қоштасамыз. Сау болыңдар балалар. Аю, Маша, Мұғалім шыңып кетеді.

Жүргізуші: Әнші баламыз Айдынның әнін тамашалайық.

Жүргізуші: Бүлдіршіндер көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Шырқап әнге саламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі