Материалдар / Қош бол, балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол, балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош бол, балабақша" шағын орталыққа арналған сценарий, жас мамандарға арналған таптырмас көмек. Сенарий барысында тәрбиеленушілердің білімдерін шыңдауға, тілдерін жаттықтыруға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2022
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Frame1


(«Ересек »тобының балабақшамен

қоштасуға арналған мерекелік ертеңгілігі)








Дайындаған: Идрисова Д.М

Абдрешова А.К
















2022жыл

Мақсаты:

Балалардың балабқшада болған кездегі қызықты күндерін еске салу арқылы, осы жылдар ішінде жиған тәрбиесін, үйренген білімін ашып көрсету. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.


Армысыздар, қонақтар, ата – ана, ұстаз!

Оқусыз еш өмірдің мәні болмас.

Бақшамыздан талпынып қанат қақты,

Бес жас тәрбие алған әдепті жас.


Алдарыңда сан тарау, жолдары тұр,

Түлектерің жақсы оқушы болғалы тұр,

Мектеп – өмір есігін ашпақ, міне.

Келген қауым қол соғып қолда бүгін


1. Алғыр көрікті, сымбатты,тақпақ жаттаудан алдына жан салмайтын пысық қызымыз. Айнараны ортаға шақырамыз


2.Ұқыпты,ақылды айтқанды тез ұғып алатын тобымыздағы нәзік қызымыздың бірі. Інжу кызымызды қарсы аламыз .


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!


Қымбатты ата – аналар,қонақтар, балабақша қызметкерлері қонақтар.Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, ылдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды, ал енді оларды шығарып салайық

Осы балалар Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.

Әрине бұл да үлкен той,


Екеуі бірге:Тойларыңыз құтты болсын!



Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені,

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Мектеп ана шақырады бізді алдан

Алдымызда әлі талай сан арман

Қоштассақта балабақшам сенімен

Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдалық.

Тақпақтар:

Айнара

Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

Баршаңызға рахмет апайлар

Балабақша көркі болсын әрқашан

Кейінгі біздің бүлдіршін балғын балалар


Інжу:

Балабақша есігін бөбек болып ашқанбыз

Достарыммен бірге күліп шаттандым

Өтті талай қызық бал күндер

Ержетіп міне қоштасып сенен аттандым


Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын, тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Менімше бір арманымыз орындауға жақын сияқты... 
(Әуен естіледі, залға Білім Ханшайымы кіреді) 

Ханшайым: Мен бәрібір мектепке барамын. Мына алтын керек жоқ маған, мен оқығым келеді. (Айналасына таңырқай қарап)Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар! 


  • Ханшайым сен бізге қайдан келдің?

Ханшайым:Ертегілер әлемінен.


- Сен кіммен келдің?

Ханшайым:Ханмен

Музыка әуенімен Хан кіреді.

Хан:Мектепте білім алу қиын жұмыс.


Хан тақсыр мектепте бәрін үйретеді.


Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң, жауабы дайын. Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал, сіз балалардың жауабын  тыңдаңыз.

Жұмбақтар


1.Төрт баланың нешеқолы бар?

2.Көгалда 5қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?

3.Қақпаның арғыжағында 4 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?

4.2 аюдың неше аяғы бар?

5.1қоянның құлағы нешеу?


-Хан тақсыр көрдіңіз бе? Біздің балалар қандай ақылды.

Хан:Сонда менің қызым қазынамдағы ақшамды санай алады ғой?

  • Әрине.

Хан: Балалар айтыңдаршы менде 5қап алтын бар. Ал қызымда 5 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады?

Хан:Тамаша, бәрікелді осылай менің қызым қазынамды санап отырса, онда қандай  керемет болареді!


-Сонымен қызыңды мектепке беретін болдыңыз ба?

Хан: Иә,әрине берем.


Ханшайым:

-Жарайсыздар, сіздерге көп – көп рахмет балалар!Мектепке баруға көмек көрсеткендеріңз үшін.Ендеше, сіздер мектепке не үшін барасыздар?

Балалар
- Оқып білім алу үшін
- Еліме еңбек ету үшін
- Білімді азамат болу үшін
- Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Ханшайым: Дұрыс айтасыңдар, сендер мектепке оқуға барасыңдар, сабақтарыңды жақсы оқып, тек қана 5 деген бағамен біздерді қуанта беріңіздер.



Балаларымыздың біліміне тәнті бол, қане кел, жайғасыңыздар Ханшайым.

Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Сендер осы балабақшада тек ойнап қана қойған жоқсындар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Ал, балалар, нені үйрендіңдер, нені білдіңдер? Қане, білімімізді Білім Ханшайымына көрсетейік

«Шығыс биі»


Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір – бірден,

Қимай кетіп барады – балаларымыздың тақпақтарың тындайық

Айнара:

Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.


Інжу:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Даярлыққа барамыз.


Ханшайымы:

-Балалар қандай өнерлісіңдер!Ендеше, сендердің әнді де, тақпақты да жақсы айтатындарыңа көзім жетті. Енді мен сендерге ойын алып келдім.

Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты:
Жерде шашырап жатады 1-ден 5 –ке дейінгі сандар сол сандарды ретімен қойып шығуы керек .

Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп

 Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғастырып, биге кезек берейік

Би: «Флешмоб»

Ханшайым:

-Жарайсыздар, сіздерге риза болып отырмын. Әрқашан балаларыңызды қолдап жүріңіздер.


Айнара:
Томпиған дәмді бауырсақ

Бізге арнап пісірген

Тәтті тамақ пісіретін, 
Айран сүтін ішкізетін, 

Шебер қолды аспазшы

Айнур тәтеге

Айтамыз біз мың алғыс

Інжу:

Төсек орын тап таза

Әппақ жуған сүлгісі

Кір жуатын апай

Тазалықтың үлгісі!

Таттыгүл тәтеге мың алғыс!


Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды ой - деп келесі кезекті әдемі бір биге берсек.

Ханшайым:

-Балабақша түлектері мен сіздерге риза болдым, өнерлеріңізді көрдік. Сендерді осындай қылып тәрбиелеген ата-аналарынмен тәрбиешілеріңе алғысым шексіз.

Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар!
Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып.
Мұхиттарды жалғаңдар!
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар
О, жараңдар, жараңдар,
Қане мұнда қараңдар!


Олай болса, балалар, тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер!

Бәрі бірге: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!


Хан:Ендеше мына білім кілтін қабыл алыңыздар. (Қорапшаның ішін ашып, кілтті алып, балалардың мойындарына тағады)

Мен енді Ханшайымды сендер секілді мектепке дайындайын, қош сау болыңыздар. (Хан мен Ханшайым қоштасып шығып кетеді)


Балабақшам – бесік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың,

Қуанышты, жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз педагогтар, баршаңды!

Ал казір мен  ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,есепке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?



Құрметті, біздің ересек тобының ата – аналары, балабақша өміріне белсене қатысып, барлық күш – жігерлеріңізді балалармен бірге жұмсауға бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет! Салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттауға рұқсат етіңіздер.Ата-аналарға Алғыс хат табысталады


Ата –ана тілектері


Екеуі: Біз сендерге сәтті сапар тілейік! 

Міне, балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерің аяқталды. Біздің сенімдерімізді ақтайды, мектепте үлгілі де, тәртіпті бала болатындарыңа сенемін.

Сүйкімді біздің балаларымыз, жарқын жүзді ата-аналарымыз! Сіздермен қоштасатын сәт те келді.


Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын! Түлектер сіздерге ақ жол тілейміз




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!