Материалдар / Қош бол балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшамен қоштасу, балаларға мектеп жайлы түсінік беру алдағы өміріне сәттілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті ата-аналар бал бақша қызметкерлері ,қонақтар! Бүгін біз мәпелеп,күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Толқимыз,толқып тұрмыз баршаңызда мұңдай күй болған сірә қаншаңызда, қол соғып,Қошеметпен қарсы алайық,Ен конілді жігерлі керемет сәнқой жігіттер мен қыздарды.

Балалар жугіріп шыгады.Билейді .

Райана.Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Мектепке біз барамыз

Нұрәділ.Ерекшемін бүгін мен

Көйлек кидім сәнімен

Бүгінгі кешті көнілді

Өткізейік әнімен.

Алсу. Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам болып шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс



Санжар.Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық арайлы.

Болсын солай әрбір күнің, әр айың



Ән:Мен елімнің ертеңі

Джамиля.Біз басқаларға ұқсамаймыз!

Неге?

Біз әдемілікті ғана сүйеміз!

Көңілді болып жүреміз

Бүгінгі қоштасу кешінде

Тамаша билер билейміз!



Би: Рокн-ролл!





Ерасыл.Ей, сәнқойлар тыңдаңдар!

Маған құлақ салыңдар.

Балабақша туралы

Кино фильм түсірсек

Қалай қарар едіңдер?

Керей.-Кино?

Мирас.Иә,шынымен расында

Кино түсірсек қайтеді.

Райана.-Біздің балабақшадағы әр күніміз көңілді,

Есте қаларлық сәттер өте көп ғой.

Элина.-Әрине түсірсек түсірейік.

Алия.-Алақай,кино!

Керей.-Онда бастайық мотор!

Нұрәділ-Біз бұл фильмді шын жүректен түсірдік

Зейін қойып көріңіздер.

Нұрәділ.1-Бөлім Аңсау-сағыныш бөлімі.

Айсана.Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсірді біздерді.



Керей.Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты

Өз үйіміз сияқты.



Слаид-шоу: Енді барлығымыз экранға қарайық кішкентай кездеріміздегі күндерімізді еске алайық.

Би:Аминаның қыздарының биі.



София.Ой біреулер келе жатқан сияқты мен барып көріп келе қояйын

-өзі кішкентай топтың балалары

2-сәбилер «Бал-бала».тобы

Тақпақтары

Ән:Қуыршақ

Айсана.-Бізде сендер сияқты кішкентай бөбек болдық,

Керей.Сендерді көріп аналар,бізді еске алып отырған болар

Алсу.-Өнерлерлеріңе рахмет, сендер арналған сыйымызды қабыл алыңыздар!

Алсу.

Тәрбиеші апайым

Болдың бізге анамдай

Ақ жүзіңнен шуақ шашып

Мейірім төгіп тұрғандай.

Күлімдеген күн нұрындай

Тәрбиеші анамыздай

Білім менен тәрбиенің

Ордасына айналғандай.



Ән «Тәрбиеші»



Нұрәділ.

2-бөлім.Ойын-сауық бөлімі.

Джамиля

Алда не болатынын

Білгіңіз келе ме?

Онда ары қарай көріңіз!

Айя.

Біз кішкентай бүлдіршінбіз

Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз.

Қуанышты көңіл сыйлар

Мерекеге қош келдіңіз.

Сұлтан

Бақшамыз бар таң қалдырар

Өнерімен тамсандырар.

Бүлдіршінбіз жан шуақты.

Ән мен жырдан нәр алдырар.



Ән:Ағылшынша



Дария.-Біз балабақшада тек сабақ оқып қана қоймай,ойын ойнап,көңілді көтереміз.

Райана:Балалар келіңдер жарыс биін билейік.

Жүргізуші:Олай болса қай команда ұтқаның көрейік.

Сонымен достық жеңді.

Ән «Тілашар»Райана

Нұрәділ.3-көрініс.Қызықты бөлім.

Бір бала фотоппаратпен және микрафонмен шығады.Бірнеше бала шығып,бір қатарға тұрады.

Керей:

Мен көңілді тілшімін.

Сендерге қояр сұрағым бар?

Айтыңдаршы балалар?

Өскенде кім болғың келеді?( Бір қызға жақындайды)

Алсу

Әлемге ән боп жалғандар,

Әйгілі не бір тарландар

Әуелей ұшқан аққудың

Әсерлі үнін ұшқандай дәл

Роза мен Күләштай болсам не арман!

Алия

Ақ халатты абзал жан

Дәрігерге бәрі таң

Менде соған қызығам.

Болашақта армандаймын.

Болсам екен сондай жан.



Санжар

Келешекте ел қорғайтын

Еліне бақыт сыйлайтын

Жамандыққа елін қимайтын.

Әскерей мен боламын.

Нұрәділ

Мен инженер боламын.

Жерден алтын табамын.

Жолын қуған әйгілі

Академик ағаның.

Айсана

Ал мен ақын боламын.

Суылдаған қаламын.

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын.

Сұлтан

Ел деп соққан жүрегі

Ұлы Отанның түлегі

Полиция қорғаным.

Тыным таппай жүреді.

Мен полиция боламын.









Мирас

Кәсіпкер болсам егерде,

Бар әлемде кезем де,

Бар пайданы ойламай

Барымды берем мен елге.



Керей:

Мен көңілді тілшімін.

Микрофонды өшірдім.

Сұхбат берген балаларды.

Суретке түсіріп аламын.


Алсу.Сіздерге көрсетер, тағы қойылымыз бар.Ден қойып біздеге қараңыздар.

Көрініс-қойылым «Мектепке мен барамын» Бір күні сәнқой бала мектепке баратын болды.Әдемі жейдесін киіп,таранып,галстугін тағып мектепке бет алды.Келсе алдынан мұғалім шығып;

Мұғалім:Райана

-Сағат неше болды?

Сабаққа кешіктің гой.

Қолыңда сөмкең қайда?

Бұл түріңмен қалай оқымақсың?

Сұлтан:

Біз сәнқой баламыз.

Билеп-билеп аламыз.

Көңілденіп әр қашан.

Жүреміз біз таранып.балаларға қарап солай емес пе?

Балалар: ия.

Сұлтан: Онда кеттік.

Би:Али Окапов .биден кейін бәрі отырады,мұғалім шығады.

Мұғалім: Би деген әрине жақсы ғой.Бірақ бұл мектеп!

Мектепте білім алу керек!

Сұлтан:мен оқымасамда бәрін білем. Оқып керегі не?

Мұғалім:Райана Онда мына сөзді оқышы.

Бала: басын қасып оқи алмай тұрады.Бұл сөзді мен оқи алмайды екенмін.

Мұғалім:Райана Көрдің бе,оқу оқымай,қызық қуып жүре берсең,білімсіз боласың. «Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ»

Оқу білім бұлағы

Білім –өмір шырағы.


Ән:Чему учат в школе.

.4-бөлім.Алғыс айту.

Дария

Қуанамыз сыйлаймыз.

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

София

Қош бол ойыншықтарым

Жасырып кейде тыққаным.

Кеткендей кеше қоштасып

Келгенде алдан шыққаным.

Элина

Баптап баулап өсірген.

Бұзықтық етсек кешірген

Ұмытпаймыз өзіңізді.

Ұмытпаймыз сөзіңізді.

Мирас

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып.

Біріншіге барамыз.

Джамиля

Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерім!

Би биледім, ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Ерасыл

Гүлге толы жан-жағым

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап талғамым.

Көп нәрсені ұғындым.

Рахмет саған-БАЛАБАҚШАМ.

Ән:Қоштасу.

Жүргізуші.Міне біздің фильмізде аяқталды. Балаларыңыздың балабақшада өткізген қызықты сәттеінен көріністі тамашаладыңыздар.

Ал,бірінші қырқүйектен бастап ,балалар жаңа фильмін түсіруге болады.Біз балаларға әрқашан осындай мейірімді сүйікімді және бақытты болып қалуларына тілектеспіз.

Би: Вальс.

  1. Тәрбиешінің сөзі

  2. Блалардың кіруі

  3. Тақпақтар:Райана,Нұрәділ,Алсу ,Санжар

  4. Ән: Мен елімнің ертеңі.Алсу,Элина

  5. Джамиля сөзі

  6. Би: Рокн-ролл!

  7. Ерасыл,Керей,Мирас,Райана,Элина, Алия,Нұрәділ сөздері

  8. 1 бөлім.Аңсау-сағыныш бөлімі.

  9. Айсана керей тақпақ

  10. Слаид-шоу

  11. Би:Аминаның қыздары Алсу ,Алия,Айя,София,Дария,

  12. София сөзі

  13. Бала бала тобының орындауында қуыршақ әні

  14. Айсана Алсу сөзі сыйлық тарату

  15. Алсу тақпақ: Тәрбиеші

  16. Ән:Тәрбиеші.шашырап тұрады

  17. 2-бөлім Ойын-сауық бөлімі

  18. Джамииля,Айя,Сұлтан

  19. Ән:Ағылшынша

  20. Дария,Райана сөзі

  21. Би:Жарыс биі

  22. Ән;Тілашар

  23. 3-бөлім Қызықты бөлім

  24. Керей шығады тілші болып.Алсу,Алия,Санжар,Нұрәділ,Айсана,Сұлтан,Мирас.

  25. Тәрбиешінің сөзі

  26. Көрніс:Мен метепке барамын.Райана,Сұлтан

  27. Би: Али Окаповтың әніне билейді

  28. Көрніс жалғасады

  29. Ән чему учат в школе

  30. 4- бөлім Алғыс айту .Дария,София,Элина, Мирас, Джамиля, Ерасыл.

  31. Ән қоштасу

  32. Вальс

  33. Сөз беру.

  34. Мантия кигізу керек



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!