Қош бол балабақша!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол балабақша!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Жүргізуші:   Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері,  балалар,  бүгінгі біздің  мерекеміз  ерекше болмақ, себебібүгін  бірнеше жыл мәпелеп өсірген,  тәрбиеленген   бүлдіршіндерімізді  ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Қош бол, сүйікті балабақша!»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер

Тәрбиеші : Гулназ

Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.

Тәрбиеші : Ақнұр

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
 Қоштасатын кешімізді біз бастайық
 Жүздерінен көркем шаттық арайлы
 Болсын солай әрбір күнің , әр айың -дей келе, бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Вальс:

1.Барыс Ақбаян:

Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін





2.Арынбек Көзайым: 

Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.


3.Эсенбек Алияр:

Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Ата-анам қуансын.
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.


4.Еркін Айсара.

Бір-бірімен сыйласты

Татумыз біз баршамыз

Бал достықтың ұясы

Біздің балабақшамыз

Айтып ертек, әңгіме

Үйретеді әнді де

Беріп кәмпит, тамақта

Оқытады сабақты

«Жайнагүл» балабақшада.


5.Темірхан Бекбол:

Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Балабақшам қош енді,
Әркез аман бол дейді.
Әкем менен анаммді,
Ертіп енді келмеймін.


«Қарлығаш» тобының «Балабақша» биін қабыл алыңыздар.

7.Бекназар:

Бұл екін шіүйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
8.Абзал:

Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Бақшамызды қимаймыз.

9.Мансұр:

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақта,

Өз үйіміз сияқты.

Мектепке енді барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

10.Айым:

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.



11.Ұлмерей:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мен мектепкебарамын,

Балабақшам қош енді.

Ал енді жігіттеріміздің «Біздің жігіттер» биін қабыл алыңыздар.

12.Ұлдана:

Тәтті  тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайлар
Сіздерге де мыңалғыс!

13.Нұрмұханммед:

Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз.

Қуантып, әрі қинайды,

Бақшамнан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім.



14.Бекбол:

Кітаптарда қалам да,
Көп болатын ағамда
Менде бұрын жоқ еді,
Әкелді апам маған да,
Тазалап жуып басымды,
Тарап қойдым кекілді.
Болақалдымлезде,
Сұңқарағамсекілді.




15.Раяна:

Балабақшаесігін
Үшке тола ашқанбыз
Едікаппақнәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде.


Мың бұралған қыздарымыздың «Шығыс » биін қабыл алыңыздар.


16.Дарын:

Бақшамыздың тірегі

Ұлы-қызы сүйеді

Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Сара Бабашқызына мың алғыс!



17.Іңкар:

 Ұстаздардың ұстазы

Маманы оның әдіскер

Апайларға қарасақ

Ақылына көркі сай

Мақтан етем әр дайым

Салтанат апайға амың алғыс!


18.Балауса:

Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Еркетаң апайға мың рахмет!





19. Нұрбол:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Нұрсұлу апайғ амыңалғыс!


Адина:

Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гулназ, Ақнұр апайларға  
Айтамыз біз мыңалғыс


Сұлуда сымбатты біздің биші қыздарымыздың «Өзбек » биін қабыл алыңыздар.


Ересек «Қарлығаш» тобының Марат Мирастың орындауында «Қош бол балабаша» әнін қабыл алаңыздар.


Ақылды да сүйкімді қызымыз Рысбек Айшаның орындауында Әліппе әнін тамашалаңыздар.

Гулназ тәрбиеші:

-Мінекей, ата-аналар  біздің кішкентай бөбектеріміз үлкен азамат болып, мектеп табалдырығын аттауға кеткелі тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті.

Ақнұр тәрбиеші:Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Балабақшада өткізген қызығы мен шыжығы мол, алаңсыз тәтті күндерінен естелік болсын деп дайындаған фото-сурет топтамасын әзірлеген болатынбыз. Сол естелігімізді балаларымызға тапсырайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі