Материалдар / "Қош бол, балабақша"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош бол, балабақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобы тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы «Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Арзыкулова Роза Ширенбаевна


« Қош бол, балабақша!»

балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарий

Зал әртүрлі шарларман безендірілген.

Кейіпкерлер:

Буратино

Мальвина

Түлкі Алиса

Мысық Базилио

Сиқыршы


Жалпы би: Вальс

Жания, Ермұрат

Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманын
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастадым

Шахислам, Айдана

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
 Қоштасатын кешімізді біз бастайық
 Жүздерінен көрем шаттық арайды
достарымнан алтын шапақ тарайды
    
Жания, Ермұрат: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан Роза Шырынбайқызын ортаға шақырамыз    

Жүр: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, әріптестерім, бүлдіршіндер.

Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толып, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол балабақшам» мерекесін ашық деп жариялаймын.


Осы кезде Сиқыршы кіреді.
Сиқыршы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме. Мен қай жерге келдім?
Жүргізуші: Бұл «Асем ай » балабақшасы шағын орталығының «Бәйтерек» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал өзіңіз, қайдан келдіңіз?
Сиқыршы: Мен ертегі патшалығынан келген атағы жеті жаханға жайылған Сиқыршымын.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Сиқыршы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін. Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті сыйқырлы гүл. Әр бір гүлтешесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады.

Жүргізуші: Қандай ерекше гүл? Кәне гүлшесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындала ма екен. Олай болса балалар, бірінші гүлшесін балабақша медбикесіне жұлдырып көрейік.

1.Медбике жұлып тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.

Бекасыл

Тәрбие алған баламыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз

Өздеріңді үмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпас деп ұясын

Тамаша ән саламыз

Нұрай

Аялар бізді, қамқоршы ізгі

Сүйікті Отан анамыз

Отанды мақтап, айтамыз тақпақ

Шырқатып әнге саламыз

Жалықпай оқып, көңілге тоқып

Білімді адам боламыз

Мағди

Өсті міне бойымыз

Өсті ақыл ойымыз

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойымыз


2.Екінші гүлшені орыс тілі мұғалімі жұлып тілегін оқиды.

Мен орыс тілінде, тақпақ және ән тыңдағым келіп тұр

Райымбек, Дидар, Малика, Ералы

Ән : «До свидания детский сад»
3.Үшінші гүлшені ағылшын мұғалімі жұлып.

Мен ағылшын тілінде тақпақ тыңдағым келеді
Ағылшынша тақпақтар

Нұраят, Айқын, Кәусар,Нұрасыл


4.Төртінші гүлшені ата - аналарға жұлдыртуға береміз.

Мен ұлдардың әсем биін тамашалағым келеді

Би: «Ұлдар»
5.Бесінші дене шынықтыру маманы жұлады.

Мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: «Эстафета»

6.Алтыншы гүлшені музыка маманы жұлады.

Мен мектеп өмірі жайлы көрініс көргім келіп тұр

Көрініс:

Көрініс: «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші:   Ақзере

Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа

Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

 Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.

Пенал:          Пай, пай, пай Алимансұр
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана 
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын

Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
 (Ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші:  Енді әліппе  келеді
      Портфельді олда көреді.

Әліппе:              

Ашық екен есігі Айханым
         Ішіне жайлап кірейін
         Кімдер барын білейін
         Жақсы достар болса егер
         Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші:    

Есікті ашып осы сәт
        Пенал шықты ақылды
        Әліппені өзімен 
        Бірге тұруға шақырды

  Пенал:            

Кір әліппе бас қосайық
      Бірге тұрып достасайық.

Жүргізуші:      

Жүгіріп дәптер келді де Еркеназ
       Кіргісі келіп ішіне
       Қарайды олда телміре

Дәптер:          Жазу жазар болса кім
                          Онда менде керекпін
                          Кіргізіңдер мені де
                          Бірге тұрайық демекпін

Жүргізуші:       Әліппеде жөн көрген
                          Адал досты
                          Қатарына дәптерді 
                          Жедел қосты

Әліппе:             Кел дәптерім келіңіз
                         Портфельіме кіріңіз  
                          Оқушы үшін әрқашан
                         Керекпін деп жүріңіз

Жүргізуші:     Түрлендірген  бір - бірін  
                        Достарды күтіп алыңдар
                         Келіп жетті жүгіріп
                        Түрлі – түсті қаламдар.

                      Пайда болды «4»-ік те
                      Көп ұзамай «5»- тік те
                       Айтып жатты жарысып
                        Өз ойларын естірте.

«5»- тік:             Оқушының бәрі де  Малика
                         Мені жақсы көреді
                        Портфельдің дәл төрінен
                        Маған орын береді.
«4»- тік:            Жақсы оқитын балалар Әлім
                       «4»-пен  «5»- ті алады
                       Ұқыпты, өзі ынталы
                       Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам:   Әрине, әрине Райхан
                           Керексіңдер бәріңде
                            Көңіл сиса сиямыз
                          Тар болса да ұямыз

Көк қалам:      Тәртібінен, сабақтан Махамбет
                          «4», «5» алып  жарыссын
                            Кіріңдер жақсы бағалар
                            Оқушылар таныссын

Жүргізуші:      
                            Cыйқырланып портфель
                            Пішіндерін өзгертіп
                            Иесін енді іздеді
                            Оқушы екен иесі
                           Міне өзі де келеді
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз:   Мен іздеген портфель Аиша
                          Іздеп жүрсем алыстан
                         Шыға келдім  алдымнан
                          Ант беремін , уәде айтып
                         Жақсы оқушы боламын
                          Кілең бестік аламын
                          Тәрбиелі , үлгілі
                         Қазақстан азаматы боламын

Барлығы бірге: Оқимыз білім аламыз
                        Болашақ жолын саламыз
                        Бақшаменен қоштасып
                          Біріншіге барамыз

7.Жетінші гүлшені тәрбиеші жұлып тілек тілейді.
- Тәрбиеші туралы ән естігім келіп тұр.
Ән: «Тәрбиеші» әні.


Жүргізуші: қандай керемет. Арманым орындалып, көңіліміз марқайып қалды ғой, сыйыңызға рахмет

Сиқыршы: Ал балалар, олай болса мен жүрейін. Сендерге сабақты жақсы оқып, ата-аналарыңның мақтанышы болуларыңа тілектеспін. Сау болыңдар

Сиқыршы кетеді.


Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша


Би: «ханшайымдар »


( Буратино мен мальвина екеуі салғыласып кіреді)

Буратино мені тыңда, солай болады. Жоқ, олай емес

Мальвина: - сонда сен осыны да білмейсің бе? сені кім тәрбиелеген өзі?

Буратино: - әкем Карло

Мальвина: - Енді сенің тәрбиеңді мен қолға аламын. Мысалы: Сенің қалтаңда 3 алма болды

Буратино:- өтірік айтасың менде жоқ ( қалталарын ұстайды)

Мальвина: - Оның біреуін досыңа бересің, сонда сенде нешеу қалады?

Буратино: 3-еу

Мальвина: Неге сен 1-уін бердің ғой

Буратино: мен өйткені ешкімге алма бермеймін

Жүр: Сәлеметсіңдерме? Балалар мына балалар кімдер, сендер таныдыңдар ма?

Б-р жауабы:

-Буратино, Мальвина сендер не істеп жүрсіңдер?

Буратино: мен ақшама киім сатып аламын да мектепке барайын деп жүрмін( ақшасын көрсетеді)

Мальвина: Мектепке барамын дейді , бірақ өзі ештеңе білмейді. Есептіде шығара алмайды. Бақшаға да бармапты

Жүр: Жоқ Буратино ол дұрыс емес біздің балалар да мектепке барғалы тұр, бірақ олар бәрін біледі, сенбесең казір көрсетеміз.

Логикалық есептер

Оң қолымда 3 алма

Сол қолымда 3 алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?


Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді?


Шығармақ боп кеше есеп

Жиналыпты 5 есек

2-і ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек?

Жүргізуші: әне көрдің бе Буратино, біздің балалар есепті шығара алады

Буратино: Қандай тамаша

Жүр: Есеп шығарумен бірге біздің балалар ән де биде билей алады.

Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой. Деп келесі кезекті әдемі бір биге берсек.

Би: «Қуыршақтар »

Мысық Базилио мен Түлкі Алиса кіреді ( қайыр тілеп қолдарын жайып ақша сұрап келеді)


Ұлы мысық Базилио мен Сұлу Түлкі Алисаның мақтаншақтар, жалқаулар, ақымақтар жайлы әні:

Лап то бу ди дубудай, лап то бу ди дубудай...

лап то бу ди дубуда дай, лай лай лай лалалалалала.

Лап то бу ди дубудай, лап то бу ди дубудай

лай лай лай лалалалалала

Өмірде мақтаншақтар барда

Міндеттіміз тағдырды мадақтауға


Аспан қандай көгілдір

Біз жақтамаймыз бұзақыны

Мақтаншаққа күш қажет емес

Мақтап ән салсаң болғаны

Кейін алдасаң да болады


Лап то бу ди дубудай, лап то бу ди дубудай...

лап то бу ди дубуда дай, лай лай лай лалалалалала.

Өмірде сараңдар барда

Міндеттіміз тағдырды мадақтауға


Аспан қандай көгілдір

Біз жақтамаймыз бұзақыны

Сараңға күш қажет емес

Мақтап ән салсаң болғаны

Кейін алдасаң да болады

__________________________________

лай лай лай лалалалалала

Ақымақтар аман тұрғанда

Сәттілікті жібермейміз қашанда


Аспан қандай көгілдір

Біз жақтамаймыз бұзақыны

Ақымаққа күш қажет емес

Мақтап ән салсаң болғаны

Кейін алдасаң да болады

Алиса : Біз өте ашпыз (қарнын ұстап)

Базилио: Ашпыз біз аяшы бізді,қолыңдағы ақшаңды берші, тамақ алып жейік

Буратино: жоқ, мен ақшама киім аламын

Алиса: ой, тентегім ай, ақшасының көбін-ай,бірақ сенің ақшаң ештеңеге жетпейді. Оны көбейтуге болады.

Базилио: ия,ия болады көбейтуге

Буратино: Қалай?

Алиса: Мына ақшаны жерге көміп су құйса, одан үлкен ақша ағашы өсіп шығады.

Буратино : Балалар ақшаны егуге бола ма ?

Балалар жауабы:

1.Жоқ, Буратино ақша ағашта өспейді

2.Ақша табу үшін жұмыс істеу керек.

3.Жұмыс істеу үшін білім керек.

4.Білімсіз адам еш жерде жұмыс жасай алмайды.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар ол үшін жұмыс істеу керек, мамандық иесі атануымыз керек. Ал мамандықты алу үшін оқу білім алуымыз керек. Біздің балалар білім алуға мектепке аттанғалы тұр,олай болса оқу жайлы ән тыңдаңдар

Ән: Оқуда озат боламын

Мысық Базилио: мен түсіндім, біз неге баи алмаймыз десем оқып білім алмаппыз, сондықтан біздің ешкандай мамандығымыз да жоқ. Мамандығымыз болмағансын жұмыс істеп ақша таба алмайды екенбіз. Сосын көрінгеннен ақша сұрап жүргеніміз. Менің оқу оқып, мамандық алғым келеді. Маман болып көп ақша тапқым келеді. Сосын менің қарным үнемі тоқ болады. Мен шештім, Алиса мен мектепке барамын.

Түлкі Алиса: менде байығым келеді. Менде барамын. Оқып білімді боламын. ақша санап отыратын, банк қызметкері боламын.

-Мен зәулім ғимараттар салатын құрылысшы боламын

-Мен дәрігер болам

-мен жүргізуші болсам ба екен?

-Мұғалім болсамба екен, қой олардың жұмыстары ауыр. Дұрысы ақша санап отыратын есепші боламын

Екеуі армандарын айтып шығып кетеді.

Қайта кіріп мектепке дайындаламыз деп Мальвина мен Буратиноны алып балалармен қоштасып шығып кетеді

Жүргізуші:

Ал ендігі кезекті біздің бүлдіршіндерімізге жыл бойы оқытып, ақылы мен тәрбиесін аямаған мұғалімдеріне алғыстарын білдіруге балаларды ортаға шақырайық.

Тақпақтар: 

Жания

Гүлдендірген бақшаны
Әдіскер апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Румхан Балғабайқызына мың алғыс

Айханым

Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Қалия Есіркепқызына көп рахмет

Малика

Денемізді шынықтырып

Секіреміз ойнаймыз

Күнде сабақ болса да

Қызығына тоймаймыз

Ақбаян Жарлықанқызына мың алғыс

Нұрасыл

Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Қалия Сыдыққызына  мың рахмет

Шах

Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Ақмарал Мұқанқызына мың алғыс

Махамбет

Ағылшынша сөйлеткен

Орыс тілін меңгерткен
Айымгүл, Сәуле апайлар
Сіздерге де мың алғыс
Нұраят

Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Басымыздан сипаған
Айгүл тәтеге көп рахмет

Ақзере

Қолға қалам ұстатып

Әліппені үйреткен

Таныстырып ең алғаш

Әріптерді суретпен

Доспен тату ойнауды

Мерекені тойлауды

Бойымызға сіңірген

Роза Шырынбайқызына мың алғыс

Ән: «Біз кішкентай жұлдыздар»

Жүргізуші:

Бәріміздің ақылшымыз,панамыз.
Ақыл сұрап, тірек болар саямыз
Румхан апай балабақша тірегі
Қошеметтеп,қане ,қарсы аламыз
Ендігі сөз кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін «Асем ай балалабақшасы, шағын орталықтың
әдіскері Румхан Балғабайқызына сөз кезегін берсек


Диплом сыйлықтар беріледі

Жүргізуші:

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
мектепке барар қадамдарың құтты болсын!

Осымен біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз ұйымдастырған «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін үлкен рахмет.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!