400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, балабақша!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы ересек топ балабақшамен қоштасқан кезінде тәрбиешіге таптырмайтын құрал,яғни дайын ертенгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол, балабақша!



Жүргізуші: Құрметті қонақтар,армысыздар,

Бәріңізде есен-сау бармысыздар?

Таусылмастан ағыты,ай-арманы

Кәне енді тойымызды бастайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда.

Мұндай күй болған, сірә, баршаңызда.

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық.

Балдырған бүлдіршін түлектерді.- дей отыра

«Тұлпар» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.

«Қоштасу вальсі» - би арқылы безендірілген сахнаға шығады.



Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастық пен қуанышты мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты мерекелеріңмен құттықтауға «Ботақан» тобының балалары келіп тұр. Барлығымыз ду қол шапалақтап балаларды қарсы алайық. Ортада: Алпамыс, Мариям, Айша, Досжан, Каусар.



Алпамыс: Сендермен бірге өстік біз.

Көп жақсы нәрсе үйрендік.

Шығарып сап мектепке

Құттықтауға біз келдік.

Өздеріңді бізде.

Сағынамыз біліңдер.

Бізбен бірге ойнауға,

Келіп – кетіп жүріңдер.




Мариям: Амал қанша бұл анық,

Қоштасатын кез келді,

Ойыншықтар мұңайып.

Іздейді – ау енді сендерді.



Айша: Ерте тұр ерінбе

Төсекте жатып керілме.

Мектеп сені күтеді.

Таңғы сағат 8 – де.



Досжан: Ойын қуып ұзақ күн

Бостан босқа жүрме сен.

Ойынқұмар баланың

Кім білмейді білімсіз.

Уақыты босқа өткенін.



Каусар: Әліппе деген алтын жол.

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес алыс жол.

Тырысып бақ намысқа.



Мұстафа: Бірге ойнап, бір жүрген.

Күндеріңді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден.

Ойыншықтарды сыйлаймыз.- деп

сыйлықтарын береді. «Ботақан» тобы ризашылығын білдіріп «Татар » биін ұсынады.



Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке.

Бір белестен өттіңдер,

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышы бүгінгі,

Құтты болсын тойларың!


Мерекеге сызылып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан-салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

«Тұлпар » тобының орындауында. Хор : «Мен мектепке барамын.»

Жүргізуші: Алдындағы балалар.

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір – бірден,

Қимай кетіп барады.

Ортада: Д.Амина , Зере, Қ.Амина, Ж.Ажар, Б.Ажар, Нұрмұхаммед, Ахметали.


Жүргізуші: Олай болса ата- аналармен де ойын ойнап балалар?


Ойын: Олай болса ойланбастан тез жауап беруге тырысайық «Иә , иә » , «Жоқ, жоқ».

  1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

  2. Сабақ оқытып, есепке жүйріксіз бе?

  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

  4. Төзімді боласыз ба?

  5. Сериал көріп жатасыз ба?

  6. Ұрып, нұқып үйретесіз бе?

  7. Мен шаршадым деп ұрсуға дайынсыз ба?

  8. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

  9. Бала үшін асулардан асасыз ба?

  10. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері таратпа сөзді айтасыз ба?


Жүргізуші: Балалар ойынды жалғастырамыз ба? «Иә , иә » , «Жоқ, жоқ».


  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең 5 – тік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ертеңгісін тұрамыз ба?

  5. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

  6. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

  7. Екі алғанда жылаймыз ба?

  8. Біз оқушы боламыз ба?


Жүргізуші: «Тұлпар» тобының түлектері солист :

Абдықасым Алиасқар мен Халықберген Кәусардың орындауында

«Қуантуға елімді» әнін қарсы алыңыздар.


Жүргізуші: Көктем, жаздың кереметі көп екен.

Көбелектер әсем гүлдің сәні екен.

Шақырайық олай болса ортаға,

Биші топты «Аққу» биімен.


Жүргізуші: «Тұлпар» тобының түлектері солист :

Умирзакова Анель , Қосайұлы Нұрмұхаммед, Даниял Азель, Заманбек Жұлдызбек орындауында

«Из чего наш мир состоит » әнін қарсы алыңыздар.



Жүргізуші: «Үш - тұғырлы тіл уақыт талабы » сондықтан да «Дәстүр» балабақшасының балалары үш тілді қолданады. Ортада: Омар, Нұрмұхаммед,Жұлдызбек, Анель, Азель, Қ. Амина , Б. Ажар, Кәусар. Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Ағылшын және орыс тілдері бойынша марапаттау кезеңі.


Жүргізуші: «Тұлпар » тобының орындауында. Хор : «Сәлем саған мектебім »


Жүргізуші: Сахналық қойылым: «Білгішбек пен Жалқаубек»

(Әуенмен сахнаға кіреді.)

Басты рольдерде : Қосаұлы Нұрмұхаммед, Абдықасым Алиасқар.

Жалқаубек сахнаға жүгіріп кіреді.


Білгішбек: - Жетер енді Жалқаубек сен енді қаша берме , қарашы мына балалар балабақшамен қоштасып, мектепке кетіп бара жатыр.


Жалқаубек : - Ой , мен бәрін білемін , мектепке бармай – ақ.


Білгішбек: - Онда біз сенің біліміңді тексеріп, қаншалықты білетініңді көрейік.


Мұстафа: Мектепке алғаш барып көр

Бір кітап бар алып көр.

Ә әріпінен басталады.

Атын оның тауып көр.

Жауабы : Әліпби


Анель: Бір алманы 4- бөлдім.

Бір бөлігін жепте көрдім.

Қалған үлкен 3 –бөлігін.

Қасымдағы үш досыма бердім.

Қолымда менің не қалды?

Жауабы: 0


Білгішбек: - Көрдіңбе білмейсің , білмейсің .


Жалқаубек: - Ой қойшы Білгішбек , балалар оданда менімен ойнауға жүріңдер. Жүгіреміз, бұзық боламыз.Менің сендерге дайындаған сыйлығым бар екен ғой. Қараңдар бұл кнопка деп аталады. Мұны мектепке барғанда апайларыңның орындығына қоясыңдар. Орындыққы кнопка қойып Білгішбекті орындыққа отырғызады. Тағы да бір сыйлығы бар бұл сендерге ұнауға тиісті. Қараңдар мұнымен терезені тас- талқан етуге болады. Жалқаубек күледі: ха- ха-ха.


Білгішбек: Қой енді Жалқаубек , біз балаларға сыпайы , мейірімді, ұқыпты бол. Ата –анаңды тыңда деп үйретсек. Ал сенің бұл айтып тұрғаның не? Апайыңа кнопка қой,терезені сындыр дегенің ұят емеспе? Балалар барін білемін деген Жалқаубекке не айтамыз?

Білем деме балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білетін адам дүниеде жоқ шығар.


Жалқаубек: - Иә , сіздердікі дұрыс екен. Менің білім алғым келеді.Менің мектепке барғаным дұрыс шығар... Солайма балалар? - Рахмет сендерге балалар!


Білгішбек: Жалқаубек сені онда мектепке шығарып салайын. Жүре ғой.


Жүргізуші: Тамсандырып билеген.

Бишіні кім сүймеген?

Қараңдаршы жігіттерге

Қандай әсем билеген.

Би : «Әй , Жалқаубек»


Жүргізуші: Бізде қарап тұрмайық.

Би билейік,жырлайық.

Ата – анамыз қуансын.

Қолын соғып аямай.

«Тұлпар » тобының орындауында. Хор : « Қоштасу»








Жүргізуші: Бөбек еді ол рас

Кіп – кішкентай кешегі.

Бүгін міне, азамат.

Болды рас деседі.

Әріп танып, сурет салып

Жаттықтырды қолдарын.

Мектебіне шығарып сап,

Тілесін ақ жолдарын.

Ортада: Малика, Жұлдызбек,Алиасқар, Б. Ажар, Азель , Қ.Амина, Д.Амина, Кәусар.


Балалар көптен күткен марапаттау кезеңіне де келіп жеттік

Марапаттау кезеңі:

  1. Ең сабырлы да ақылды баламыз – Абдықасым Алиасқар марапатталады.

  2. Ең биязы мінезді қызымыз – Бақтияр Ажар марапатталады.

  3. Инабатты да сезімтал қызымыз – Бақытжан Зере марапатталады.

  4. Ең алғыр және салмақты қызымыз – Даниял Азель марапатталады.

  5. Ең сүйкімді қызымыз – Дүйсенбиева Амина марапатталады.

  6. Ең қайсарда шыншыл баламыз – Даулетұлы Мұстафа марапатталады.

  7. Ұшқыр ойлы қызымыз –Жанат Ажар марапатталады.

  8. Ең білімді спортышы баламыз – Заманбек Жұлдызбек марапатталады.

  9. Ең алғырда ынталы баламыз – Заманбек Алпамыс марапатталады.

  10. Ұяң мінезді ерке қызымыз – Құрбан Хажар марапатталады.

  11. Салмақты да ибалы қызымыз – Қалидолда Амина марапатталады.

  12. Ең талантты «Тұлпар» тобының актері – Қосайұлы Нұрмұхаммед марапатталады.

  13. Ең ынталы қабілетті қызымыз – Көбек Мариям марапатталады.

  14. Белсенді де өнерлы қызымыз – Халықберген Кәусар марапатталады.

  15. Еңбек сүйгіш ұлымыз – Мәдениет Азамат марапатталады.

  16. Шыншылда батыл ұлымыз – Сабыржанұлы Абдулахад марапатталады.

  17. Әдепті де білімді баламыз – Сакенұлы Омар марапатталады.

  18. «Тұлпар » тобының мың бұралған биші қызымыз – Умирзакова Анель марапатталады.

  19. «Дастүр» балабақшасының күміс көмей әншісі – Хумарбек Малика марапатталады.

  20. Таудай биік талантты – Жанат Алихан марапатталады.

  21. Жан –жақты зейінді баламыз –Ахметали марапатталады.


Жүргізуші: Жылы лебізін білдіруге «Дәстүр » балабақшасының

меңгерушісі – Қуаныш Ерзаянқызын шақыруға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші: Сәтті болсын жолдарың

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің.

Естен кетпес үндерің.

Сүйкімді балғын балашақ.

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар!! (шар ұшыру)

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ата- аналар жиналған қауым осымен «Тұлпар» тобының «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігі аяқталды.Сау саламат болыңыздар.Жақсы күндерде жолығайық.


Жүргізуші: Ата –аналар жылы лебіздеріңізді білдіруге рұқсат.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі