Материалдар / "Қош бол, балабақша!" ертеңгілік сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош бол, балабақша!" ертеңгілік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
765
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдәурен» шағын орталығы










Тақырыбы:

«Қош бол,балабақша!»

/қоштасу ертеңгілігі/










Тәрбиеші:Г.К.Шалова


2018 жыл










Тәрбиеші:   Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

 Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке.  Яғни, бұл  мереке-қуанышы  мен  қызығы  мол  балалардың «Қош бол балабақша» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз.  Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де  болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.

Садуова Адема Сәрсембай Алидар

Әшім Аяжан Кузьменко Никита

Тлеубек Дария Батхаш Санжар

Төлеген Жанерке Әмірхан Айсұлтан

Кеңес Мөлдір Жаналы Айдос

Конкабаева Нармин

Балалар музыка әуенімен кіреді,қолдарында шар ұстаған,билейді болған соң шарларын ұшырады.Қатарға тұрады.

Тәрбиеші:             Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың

 Балалар тақпақтар айтады.Екі тілде. 

   Ән «Біз мектепке барамыз» 

(Музыкамен ертегі кейіпкерлері кіреді)

...............: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мерекелерің құтты болсын ...............: Осында мектепке баратын балалар бар деп естіген соң сендерге ертегілер елінен қонаққа келдік. Мектепке дайынсыңдар ма? Ойын

ойнайсыңдар ма?Алдымен сендерді құттықтауға ата аналарда келіпті кәне қарсы алайық.

Ертегі кейіпкерлері киімін киген ата аналар кіреді амандасады,би билейді , «Шалқан» ертегісін сахналайды.

Тәрбиеші: Сендерді құттықтауға кішкентай бөбектерде келіпті, сендер алғаш балабақшаға келгенде дәл осы бөбектердей болғансыңдар.

Би «Карапузы» .Тақпақтар Айлана,Расул,Айзере.

Ертегі кейіпкерлері ойын жүргізеді.

Ойын: «Портфель»

Шарты: Екі бала шығып мектепке қажетті заттарды сөмкеге салады.

Ойын:«Күннің көзі»

Шарты: Шуақтардың артында жазылған сұрақтарға жауап беру, күннің сәулесін жапсыру.

1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? 2.Қазақстан президенті кім?

3.Үй құстарын ата.

4.Өскенде кім боласың?

5.Үй жануарларын ата.

6.Қандай ертегілерді білесің?

7.Бір аптада неше күн бар,олар қалай аталады?

8.Мамандық иелерін ата.

9.Жыл мезгілдерін ата.

10.Дала құстарын ата.

11. 10 дейін тура және кері сана.

Би «Түймедақтар» қыздардың орындауында.

Ертегі кейіпкерлері ойын жүргізеді.

Ойын: «Иә,жоқ»

 1.Мектепке біз барамыз ба?

                       2.Кілең 5-тік аламыз ба?

                       3.Айтқан тілді аламыз ба?

                       4.Ақылды бала боламыз ба?

                       5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

                       6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

                       7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

                       8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

                       9.2 алғанда жылаймыз ба?

                      10.Оқушы біз боламыз ба?


 Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән.«Тәрбиеші»

«Шұбар ала тауық» ертегісі балалардың орындауында. Тантамареска.

«Қоштасу вальсі»

Тәрбиеші: Сөз кезегі ауыл әкімі Амина Малікқызына беріледі,келесі сөз кезегі және түлектерді марапаттау рәсімі шағын орталық меңгерушісі Мадина Тлеубекқызына беріледі.Ата аналарға сөз беру.Түлектердің атынан және ата аналардың атынан «Балдәурен» ш.о қызметкерлерін жыл бойы атқарылған еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында өткізілген «Алғыс - 2018» сайыс жеңімпаздарын марапаттаймыз. Марапаттау рәсімі.

Тәрбиеші:Балалардың білімі құтты болсын,

                     Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

                     Білімдерін ары қарай дамытатын

                     Ерінбейтін еңбекқор күшті  болсын!

Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз  мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.

                      





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!