400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Қош бол, балабақша!" Мерекелік іс-шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош бол, балабақша!" Мерекелік іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркеншілік «Еркетай»

бөбекжай бақшасы МКҚК









«Қош бол,балабақша!»

(мерекелік іс-шара)







Тәрбиешілер: Оспанова Ж.А.













2016 жыл

1 жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Кішкентай бүлдіршіндерге сәт-сапар тілей отырып, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл-ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың- деп, ортаға түлектерімізді шақырайық.

Түлектер шығады.

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып, биде билеп жан салады.

Балалар мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап, қарсы алады.

«Достық» әні.

2 жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізбен ұшып,қанат қағып есейдіңдер.

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізбен ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!



Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздеріңнен көркем шаттық арайы

Өтсін солай әр бір күнің, әр айың.

1 жүргізуші:

Өткізіп қызық күндерді

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып тамсанып,

Қимай кетіп барады-деп, кезекті балалардың тақпақтарына берейік.



Біз бақытты балалмыз

Жетіліп ой-санамыз.

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз.

Бұл күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі-ақ біз.



Біз сабақты бастаймыз

Қайталаудан аспаймыз.

Есептен де қашпаймыз

Жазуды енді бастаймыз.



Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз.



Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.



Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимаймыз

Қоштасатын күн бүгін.



Меңгеруші бақшада

Қамымызды ойлаған

Еңбегіңіз ерен-ақ

Балаларға арнаған

Бақшамыздан ерен-ақ

Бәрі-бәрі дап-дайын

Бізден сізге мың алғыс.



Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс

Әдіскер Айнұр апай

Сізге мың алғыс.



Бізге тәртіп үйреткен

Тәтті тағам ұсынып

Ақ төсекке жатқызған

Жайымызды жасаған

Күтуші Гүлнар апайға мың алғыс.



Бәріміз сүйіп өскен

Ақыл бізге үйреткен

Тәрбиеші апайларға

Бас иеміз құрметпен.



Шыныққанбыз, шымырмыз

Ауырмаймыз ешқашан

Медбикесі бақшаның

Есте қалар әрқашан

Нәсіп апайға мың алғыс.

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып, билеткен .

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен, суретпен

Доппен тату ойнауды

Мерекені тойлауды

Бойымызға сіңірген

Тәрбиеші Жанар, Мартгүл апайларға мың алғыс.

1 жүргізуші:

Көктем жаздың кереметі көп екен

Көбелектер әсем гүлдің сәні екен

Шақырайық олай болса дәл қазір

«Балдырған» топ балаларын құрметпен.

Сәбилер тобы.

2 жүргізуші:Түлектеріміздің дайындаған көрінісін қабыл алыңыздар.

Көрініс.

1 жүргізуші:

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Қоштасуға арналған

Әнімізді қабыл алыңыз-деп, аға-әпкелерінің кішкентай бауырларына ақ тілекпен арнаған әнін қарсы алайық.

«Балапан» әні.

2 жүргізуші:Ал, енді бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын.

Мектепке енді барыңдар,

Үлгілі бала болыңдар.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар.

Көк жүзінде самғаңдар.

О жараңдар, жараңдар

Қане, мұнда қараңдар- деп, ортаға бишілерімізді шақырайық.

«Саңырауқұлақтар» биі.

1 жүргізуші:

Жаңа өмір басталсын

Үміт сенімі ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын.

Вальс биі.

2 жүргізуші:Түлектерді ақ жолмен жүргізіп ортаға шақырайық.

«Сұлулық» жұлдызы-Х.Адия

«Білімділік» жұлдызы-Х.Владислав

«Бишілік» жұлдызы-Ю.Тамара

«Тапқырлық» жұлдызы-Х.Мирас

«Өнерпаздық» жұлдызы-М.Ансар

«Алғырлық» жұлдызы-Ж.Әбілмансұр

«Мейірімділік» жұлдызы-Н.Кәусар

«Инабаттылық» жұлдызы-М.Тұрсынай

«Шымырлық» жұлдызы-Х.Иманжүсіп

«Еркелік» жұлдызы-А.Анастасия

«Әзіл-ысқақ» жұлдызы-С.Эльдар

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз- дей келе,құттықтау сөзін «Еркетай» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Омарова А.Х.-ға беріледі.

Марапаттау.

2 жүргізуші:

Алуға терең білімді

Мектепке енді кеттіңдер.

Өсті міне бойларың

Өсті міне, ойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың.

Сәтті болсын жолдарың.

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім,

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі