жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош бол, балабақшам!
«Ай-Сана» бөбекжай балабақшасы
Қош бол, балабақшам!
Тәрбиешілер:
Г.Сманова А.Бальдяева
Музыка жетекшісі:
Т.Рахимова
Сарыөзек ауылы
2018-2019 оқу жылы
1.Жүргізуші:- Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымызда тәп-тәтті, сүйкімді қылықтары мен үйренген әндерін, тақпақтарын, билерін әрі қарай шыңдай түсіп, балабақшамен қоштасқалы отыр
2.Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер.
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер!
1.Жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсың тойларың.
Айналайын балалар
Алда Мектеп –ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар.
2.Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздеріңде көркемшаттық арайы
Өтсің солай әрбір күнің,әр айың.
1.Жүргізуші:
Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол қошеметпен шақырайы
Балдырған бүлдіршін түлектерді
Бүгінгі кешіміздің түлектерін ортаға шақырайық!
2.Жүргізуші:
1.Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Амирханды
Барлық досы қолдайды
1.Жүргізуші:
2.Білімді қыз Айзере
Болар бізге қолқанат
Жақсылықты арқалап
Топта біздің бар талант
2.Жүргізуші:
3.Елнар деген бала бар
Бойында түрлі сала бар
Көпшілікті қуантып
Үлкен үмітпен қаратар
1.Жүргізуші:
4.Кіп-кішкентай болсада
Ел аузына қаратар
Сүйкімді қыз Айару
Көркі оның көз тартар.
2.Жүргізуші:
5.Аңсар деген ұлда бар
Қыздар оны мақтаған
Жарыс десе жайнайтын
Топ намысын қорғайтын
1.Жүргізуші:
6.Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Аружан жан-жақты.
2.Жүргізуші:
7.Ойы ұшқыр Думанның
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді
1.Жүргізуші:
8.Сабырлы жайсан мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Сезімді
2.Жүргізуші:
9. Арқасында талпыныстың
Көп оқыды жалықпай
Күлім қағып келеді
Ортаға біздің Диана
1.Жүргізуші:
10. Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Мұхаммед топтың жүрегі
2.Жүргізуші:
11. Ортамыздың ажары
Талшын деген ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз
1.Жүргізуші:
12.Жігер болса кішкентай
Баяулап ұшқан күйкентай
Өнеріне қарасаң
Самғап ұшқан қырандай
2.Жүргізуші:
13.Қандай болса игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Мансураны
Жауқазын гүлге теңейміз
1.Жүргізуші:
14.Еңбек етіп ерекше
Келді ортаға өзгеше
Аягөз деген сән қыз бар
Кіп-кішкентай болсада
Елді ауызына қаратар
2.Жүргізуші:
15. Асқан биші болатын
\Жақсы мақтау алатын
Бақшамыздың бишісі
Ернат оның есімі
1.Жүргізуші:
16. Инабатты сұлу қыз
Әдемі де түзу қыз
Сезім топтың аруы
Еркелетіп жүреміз
2.Жүргізуші:
17.Әрі сұлу, әрі игі
Келші Кәусар қылықты
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты
1.Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап ән салады дей отырып, балалардың орындауында ән.
«Біз мектепке барамыз»
2.Жүргізуші:
Мектеп –ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақта балабақша сенімен
Санамызда өзің берген өнегең- деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің леіздерін тыңдалық.
1.Талшын
2.Думан
3.Аружан
4.Айару
5.Аңсар
6.Жігер
7.Амирхан
8.Ернат
9.Елнар
10.Кәусар
11.Б.Сезім
12.Мансура
13.Айзере
14.Диана
15.А.Сезім
16.Аягөз
1.Жүргізуші:
Ұлдардың орындауында «Батырлар» биін қабыл алыңыздар!
2.Жүргізуші:
Диана қызымыздың орындауында ән қабыл алыңыздар!
1.Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер. Аққайын тобының бітіруші түлектері өздерінің білім кілтін артынан еріп келе жатқан бүлдіршіндерге аманат етіп тапсырады. Ересек топ бүлдіршіндері осы аманатын биіктерден көрсетеді деп сенеміз.
2.Жүргізуші:
Естен кетпес есімің
Қош балдырған бақшамыз
Алғаш ашқан есігім
Еткен еңбек жемісі
Аяқталды деп санаңыз
Қанат қағып ұшады
1.Мұхаммед
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз
2.Інжу
Біз ғой әлі бүлдіршін
Мектепке әлі бармаймыз
Ақ жол тілеп сендерге
Жақсы оқып мектепте
Тәртіпті болып жүріңдер
Жаман қылық көрсетпей
Ден қойындар білімге
1.Мұхаммед
Тобымның білім кілтің
Ұстап өзім қолыма
Тапсырамынаманат қылып
Ересектер тобына
2.Інжу
Қабыл алам аманатын
Аққайынның тапсырған
Жақсы оқуға ант етеміз
Алақан тобының атынан
2.Жүргізуші:
Мың бұралған қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін қуанта
Қыздардың орындауында «Локо-локо» биін қабыл алыңыздар
1.Жүргізуші:
Балалар бүгінгі біздің қоштасу кешімізге Айша деген қыз қонаққа келіпті
2.Жүргізуші:
Жақсылыққа тірейтің
қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейтін деп «Ай-сана» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Жанагүл Абдолдақызына сөз кезегін берейік ( мадақтама, сыйлықтарын тапсыру рәсімі)
1.Жүргізуші:
Балалардың орындауында ән «Әліппе»
2.Жүргізуші:
Жаңа өмір басталсың
Үміт сенім ақталсың
Ұмытылмайтың балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсың,- деп бітіруші бүлдіршіндердің вальсің қабыл алыңыздар.
1.Жүргізуші:
Міне тарыдай болып кіріп, аналары қолынан жетектеп кірген сәбилер, бүгінде ер жетіп таудай болып балабақшамен қоштасқалы отыр. Осы кеште ата-аналары балаларының қалай өскендеріне тамсана қарауда. Әрбір басқан қадамына, былдырлаған сөзіне, күлімдеген күлкісіне қуанған ана жүрегі бүгінде ерекше лүпілдеп тұр. Баласы үшін барлық әлемді қиятын аналарға сөз кезегін берейік.
Ата-аналардың құттықтау сөзі.
2.Жүргізуші:
Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілейміз бөбектер ! Сапарларың оң болсың бүлдіршіндер,- деп тілей отырып бүгінгі «Аққайын» тобының ұйымдастырған «Қош бол, балабақшам» атты ертеңгілігі өзмәресіне жетті. Барлықтарыңызға үлкен рахмееет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген