400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, балабақшам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабқшамен қоштасу сценриі
Материалдың қысқаша нұсқасы

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

МКҚК «Еркемай» балабақшасы

Бекітілді: _________________

Әдіскер: Н. Темірова



«Қош бол, балабақшам»









Орындаған:Отегенова.К.К

Тұрахова.А.Б







Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал - жабдықтары.
Жүргізуші: Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Шәкірттермен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
Құрметті, ата - аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеген балабақша бүлдіршіндерін ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз, қуаныштарыңыз құтты болсын!

«Қош бол балабақшам!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Балдырған бүлдіршін түлектерді,- деп

«Аққу» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.

Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін Балабақша меңгерушісі:Изжанова Мөлдір ханымға сөз береміз. Келесі сөз кезегі балабақшаның әдіскері Темірова Назерке ханымға береміз.

Ән: Балабақша

Жүргізуші: Оқып, білім алатын,
Болашақ жолын салатын.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге баратын
Кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Нұрзия:

Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Мөлдір апайға мың алғыс!


Ердәулет:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді қарайлап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын,
Назерке апайға мың алғыс!


Медина:
Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Дәрігер апайға мың алғыс!


Серік:
Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Айгерім апайға мың алғыс!

Көрініс: Ана мен бала

Балармен ойын

Жүргізуші:

Күллі әлемді шарлаңдар.
Ғарышқа да самғаңдар.
О,жарандар,жарандар!
Кәне мұнда қараңдар - деп ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Би: «Радуга»

Ортаға музыка әуенімен Білгішбек келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметсіңдер ме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп,сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендер барлықтарыңда ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді «Даналық» әлеміне шақырамын,менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр. Келісесіңдер ме?

Жалқаубекмузыка әуенімен келеді
Жалқаубек: Ой, мұнда не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар,далада қызық болып жатыр, кеттік. Міне-асық, әлде
фишка ойнайық па?

Жүргізуші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой. Қарашы, мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?

Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Жүргізуші: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір,бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, қане отыршы,көресің.

Білгішбек:Апай,мен балалармен бірге саяхатқа шығайын. Көрейінші, балалар мектепке дайын ба екен.

Жүргізуші:

Жалқаубек,мүмкін сен көмектесерсің.Қане,аралдың атын оқып жіберші.

Жалқаубек ежіктеп оқи алмай ,Білгішбектен көмек сұрайды.

Жалқаубек пен Білгішбек балалармен ойын ойнайды

Ұлдар биі

Жүргізуші:

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады,сол әріптен басталатын сөз айтады.

Тақпақтар:

Әдемі:

Қызық сабақ тренингтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог  Гүлзада апай жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.

Әбдірахымбек:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған.
Айгерім апайға мың рахмет!

Гауһар.Д:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған, 
Қате болсақ кешірген
Ақатай ,Күміс апайларға мың рахмет!

Клоун кіріп балалрмен амандасып, танысып, ойын ойнатады, балалармен би.

Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Ата-аналармен ойын

Шарты:ата-аналар (5-6 адам) шеңбер жасап тұрады. Бастаушы шеңбер бойымен допты

кезегімен лақтыра отырып, түрлі сұрақтар қояды.Сұраққа көп жауап берген адам жеңімпаз атанады.

(сұрақтарды Білгішбек қояды)

1.Балаңызға әрқашан тірексізбе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксізбе?
3. Тамағын уақтылы бересіз бе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Қиындыққа сіз әр уақытта төзесіз бе?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген керітартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін басқа балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады


Ән:Жеке дауыста Әбдірахымбек,Ұлжан - Аяулы анашым

- Күллі әлемді шарлаңдар.
Ғарышқа да самғаңдар.
О,жарандар,жарандар!
Кәне мұнда қараңдар - деп ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Би: «Үнді»

Тақпақтар

Ән: Атамекен

Ата анамен слайд бойынша ойын

Жалқаубек:

Балалар ,мен де жуынып,киініп мектепке барамын деп шешім қабылдадым. Ендеше, мектепте кездескенше қош болыңдар!

Жүргізуші:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі бізідң бишілер

Көрінген көштің басынан



Би: «Ұлытау» биі



Ән: «Біз бақытты баламыз!»

Жүргізуші:
Құрметті ата- аналар, бой жазып, көңіл көтеріп, ойын ойнайық?!
« Сөз ойла, көп ойла!» ойыны.

Ойын шарты: Ортаға 4 ата-ана шақырылады. Көздерін байлап, конверт таңдап алады. Конверт ішінде әріп беріледі. «А, Б, Е, Қ». Әрбір ата- анаға тапсырма беріледі сол таңдаған әрпінен басталатын адам атын, тағам атын, қаланың атын, киімнің атын атап берулері керек
.



Слайд көрсету:

Ата-аналар флешмобы

Диплом табыстау:

Ән: «Оқуда озат боламын»

Жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.-деп  «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ата-аналарға сөз беру.

Винетка тапсыру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі