400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, балабақшам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Міне, кішкентай сәби кезімізден бастап осы «Ақбота» балабақшасында тәрбиеленіп, жылдар мен күндерді бірге өткізіп, осында өсіп ер жетіп, бүгін өмірге үлкен жолдама алып, мектепке барғалы жатырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қош бол, балабақшам!



Аяулым: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Міне, кішкентай сәби кезімізден бастап осы «Ақбота» балабақшасында тәрбиеленіп, жылдар мен күндерді бірге өткізіп, осында өсіп ер жетіп, бүгін өмірге үлкен жолдама алып, мектепке барғалы жатырмыз.

Алемгер: Әріптерді танып, қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап, осы балабақшамызда тәлім -тәрбие алып, өмірлеріміз шат күлкіге толып, неше ертеңгіліктер мен мерекелерді өткердік.
Инара: Бүлдіршіндер еді, балдай тәтті тілдері
Енді міне, мың құлпырып түледі,
Күлген кезде жүздерінен күн көрдік
Азамат болып өскенін біз тіледік.


Әділ: Балғын шақта бізге келген балалар, 
Жетті міне табандарын тағалар
Қоштасу сәт жақын қалып бақшамызда
Көңілде мұң, толар бүгін көздер жасқа


Бірге: - Ортаға «Ақбота» балабақшасының түлектерін шақырамыз!

Қарсы алыңыздар! 
Музыка естіледі. Балалар залға кіріп жартылай шеңберге тұрады.

Ортаға 4 бала шығады.

Әділ: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Ақындардан арыдан
Сиқырлы сөз дарыған 
Даярлық топ балаларын 
Балабақша таныған


Әдия: Келіңіздер! Көріңіздер!
“Қоштасу” балабақша кешінде 
Өнер қарлығаштары 
Қалқып ұшып барады
Мектеп ұя ішіне 
Қимастықпен қарайды 
Тәрбиеші түсіне

2
Алемгер: Армысыздар, құрметті біздің қонақтар!
Инара: Армысыздар, аяулы біздің апайлар!

Әділ: Құшақ жая алады сіздерді қарлығаштар.

Әдия: Өлең, ақыл, әндер бүгін айтылар!

Алемгер: - Ендеше “Қош бол, балабақшам!” атты соңғы тойымызды дәстүрлі вальспен бастауға рұқсат етіңіздер!

Инара: - Қабыл алыңыздар!


Би “Вальс”.

Балалар 4 - қатарға тұрады.
Мухаммеджан: Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.


Аяулым: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше 
Бақшамызбен қоштасатын 
Бүгінгі той ерекше


Саттар: Бүгін қызық, бүгін той, 
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып би- билеп,
Жалғастырсын ойды – да.

Ән “ Ай – хой, тамаша!”


Амир: Бақшам менің айтар әнім, 
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.


Жания: Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен, 
Өткіземіз өмірді.


Санжар: Бағында құстай сайрадым, 3
Қырында гүлдей жайнадым.
Қымбатты бақша бесігім, 
Тербеттің мені сонша күн.

Айғаным: Үйренеміз жақсы ән біз, 
Үйренеміз биді де. 
Біздің балабақшамыз,
Осындай шат үй міне.

ӘН “ Балабақша бағында”.

Балалар отырады. Ортаға бір бала шығады.


Санжар: Бал достықтың ұясы 
Біздің балабақшамыз 
Бір – бірімен ойласқан
Татумыз біз баршамыз!


Мадина: Дұрыс айтасың, Амир.
Біз балалар бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен
Өткіземіз өмірді.

Диас: Амир, Мадина.
Тәрбиеші апайларымыз қайда?
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен.


Арайлым: Дұрыс айтасың, Диас. 
Тәрбиеші апайымыз
Көп нәрсені үйреткен,
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірді,
Көптің қамын ойлауды.


Әділ: Мен білемін, балалар! Тәрбиеші апай бізді қимай жүр. Барып өзіміз тәрбиеші апайымызды ерітіп келейік.

Музыка естіледі. Балалар тәрбиеші апайын ерітіп кіреді, гүл ұсынады. Балалар 4 – қатарға тұрады

Абылай: Балғын шақта келіп едім, 4
Бал қызыққа еніп едім. 
Тағдырымның билігінде 
Сеніп сізге беріп едім.


Әділхан: Жақсылыққа құмармыз 
Жақсы адам боп шығамыз 
Таза сәби жүректен 
Қабылдаңыз мың алғыс


Алишер: Біз балдырған баламыз,
Оттай лаулап жанамыз.
Бейбіт таңда бас қосып,
“ Тәрбиеші” әнін саламыз.

Ән “ Тәрбиеші”


Күмісай апай: Татулық – шаңырақ шаттығы, 
Ынтымақ – көңілдің пәктігі. 
Әндерің қандай әсерлі,
Рахмет, балалар сендерге.


Айгүл: Айналайын, балалар!
Алдарыңда мектеп – ана бар.
Өздеріңнен өседі, 
Өнерлілер, даналар.


Күмісай апай: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың


Айгүл: Қуанышқа ортақпын, 
Құтты болсын тойларың.


Алибек: Мектепке ертен барамыз, 
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.


Аружан: Қуантып әрі қинайды, 
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажетті ғой бірақ білімнің,
Теңізі мен өткенім.

Жақсылық: Үлкендердей тап – таза, 
Жазамыз бормен тақтаға 
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана. 

Арсен: Тәрбие берген ұямыз, 
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз. 

Ән “Біз мектепке барамыз”.

Балалар отырады.

Тәрбиеші: Баяғы заманда хан мен ханшайым өмір сүріпті. 

Музыка естіледі «залға» Хан мен Ханшайым кіреді.

Альмухамбет: Құлыным менің, неге жылап тұрсың? Әкеңе айтшы не болды?

Аима: Үйде жай отырып жалықтым,айнаға қарап киім ауыстырғаннан шаршадым... Жұмыс істегім келеді! 

Альмухамбет: Қайтадан бастадың ба?Ханшайымдар жұмыс істегенін қайдан көрдің? Басқа хандар күледі ғой.

Аима: Ішім пысты!Бәрібір жұмыс істегім келеді.

Альмухамбет: Ай, ерке қызым менің! Сен жұмыс істеп көрген жоқсың ғой,қолыннан қандай жұмыс келеді?

Аима: Бәрібір осылай қалап тұрмын.

Альмухамбет: Жарайды, жарайды саған оңай болатын қандай жұмыс берейін?

Аима: Мен балабақшаға барып жұмыс істеймін.

Альмухамбет: Қызым жақсылап ойланшы,мүмкін істемейсің? Қолыңнан келмесе ше?Ал кім боласың ол жақта?

Аима: Бәрібір емес пе? Көмекші боламын! Не қиындығы бар дейсің? Еденді жудың, балаларға тамақ бердің, жатқыздың.

Альмухамбет: Менің қызымның еден жуғанын кім көріпті?! Бұл сұмдық қой!!!

Аима: Ааа! Көмекші болғым келеді.

Альмухамбет: Жарайды, бірақ алдын ала істеп көрейік! Күзет, бері кел! Менің ханшайымым дайындалмақшы, керекті заттарды тез
әкеліңдер! (үстел,швабра,горшок,слюнявчик,тарелка,қасық ) Сендер бүгін кішкентай бала боласыңдар!
Түсіндіңдер ме? Қызым дайынсың ба? Бастаймыз.

Аима: Әкешім, бәрі дайын! Жұмысымды қабылда! 

Альмухамбет: Қызым-ау, жаман емес сияқты!

Айгүл: Ұлы мәртебелім, бұл не дегеніңіз? Біздің көмекшілер солай жұмыс жасай ма? Олар дастархан жаяды, жинайды, ыдыс жуады, тіпті тәрбиешілерге де көмектеседі. Біздің балалар да олардан бәрін үйреніп алған, көмекшілерге көмектесе алады. Көргіңіз келе ме?

Ойын «Үстел даярлау»

Альмухамбет: Бәрін түсіндік! Көрдің бе қызым? Мұндай қиын жұмысты істей алмайды екенсің.

Аима: Бәрібір балабақшаға барғым келеді! Барамын! Барамын! Олай болса тәрбиеші болып барамын, не қиындығы бар дейсің, сабақ өткізесің, балаларды тәрбиелейсің...Тәрбиеші болғым келеді! Күзет керек заттарды әкеліңдер! Мен жаттығып көрейін.
(Күзетшілер үстел, орындық, тақта әкеледі,х-ш кітаппен укасканы қолына алады)

Аима: Қазір ана тілі сабағы болады, мен жаңылтпаш айтуды үйретемін!

Алемгер: Лағыл тасын көрдің бе?
Ломбардқа оны бердің бе?

Мухамеджан: Лама жайлы білдің бе?
Лана гүлін тердің бе? 

Аима: Бәрі түсінікті болды, сіз түк білмейді екенсіз. Олай болса сізбен сурет сабағын өткізейік. Бүгін сендерге әкемнің суретін салуды үйретемін, қарап, еске сақтаңдар!

Тәрбиеші: Бұл қандай сабақ өзі? Кім бұлай өткізеді сабақты?

Аима: Мен де соны айтам. Мыналарға қараңызшы, түкте істей алмайды ғой.
Айгүл: Сабақты қызықты да, пайдалы өткізу үшін, тәрбиеші өзі көп білу керек. Сол кезде ғана бірдеңе үйрете аласың! Мысалы, біздің балалар көп біледі, есеп шығаруды да біледі, қараңыз!

Жүргізуші: Ал, кәнекей, қараңдар!
Неше алма санаңдар
Табақта екі алма,
Қолымда үш алам
Қосқанда барлығы неше алма?
5 
------


Алшаға кеп күнара
Қонушы еді үш ара
Бүгін төрт туысың
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды неше ара?
7
-----
Бір алманы бөлдім
Бір бөлігін жеп те көрдім
Қалған үш бөлігін
Қасымдағы үш досыма бердім
Қолымда менің неше қалды?
0
-------
Көлшіктегі бір бақа
Құрғақтағы бір бақа
Сұрша құмда бір бақа
Аузын ашты бір бақа
Арық емес көк бақа
Топ-толық бір тоқ бақа
Тарбандаған тасбақа
Бақылдайды бақ-бақ деп
Бақа санын «тап-тап» деп!
6


Тәрбиеші: - 2 таяқ, 2 таяқ болады бәрі неше таяқ?
Балалар - 4 таяқ! Бәлеміз оны айтпаяқ.

Би «2*2=4»

Аима: Бәрібір балабақшаға барамын!

Альмухамбет: Қызым-ау! Қойсаңшы, қолыннан келмей жатыр ғой! Мен сияқты қарт кісіні ұятқа қалдырмасайшы!

Аима: Жарайды! Тәрбиеші болған қиын екен,онда мен ән жетекшісі боламын.Не қиындығы бар.Отырып бір саусақпен пианинода ойнап,өлең айт,ал мен ән салғанды жақсы көремін.

Альмухамбет: Қарағым менің ,сен үшін шет елден әншілерді әкелдім.Соларды тыңдашы,олар дайын отыр. 
Ағылшын тілінде ән

Аима: Сонда да ән жетекшісі боламын бірақ әнді махаббат жайлы айтамын! Күзет керек заттарды тез әкеліңдер! Мен жаттатқызып көрейін.


Адина: Ал, махаббат туралы ән білесіңдер ме? Онда ән салындар, мен сендерді басқарып тұрайын! 
(Күзетшілер айғайлап ән сала бастайды.)

Алемгер: Атамның иті бар еді
Ол оны жақсы көрді.
Игигай-игагай 
Ол оны жақсы көрді.

Аима: Сендер не айтып тұрсындар? Махаббат жайлы ән дедім ғой, түсінікті ме? Бастайық кәне!.....
Мухаммеджан:


Аима: Неге түсінбейсіңдер? Сендерге ештеңе үйретуге болмайды!

Айгүл: Несіне таң қаласыз? Өзің істей алмасаң,басқаларды қалай үйретесің? Ал біздің балалар ән сабағында өлеңде айтып,би де билеп үйренеді.

оркестр

Ән «Кораблик детства»


Альмухамбет: Қызым, айттым ғой саған болмайды деп.

Аима: Бәрі бір жұмыс істеймін! Мен білемін қайда баратынымды! Асханаға барамын.

Альмухамбет: Қайтадан ба? Енді аспазшы боласын ба? Саусақтарын кірлеп, қолдарын қараядығой.

Аима: Асханаға барғым келеді! Не картоп аршып, сорпа пісіре де алмайды дейсіндер ма? Тым болмаса сэндгвич пен хотдог жеймізбе балалар?

Балалар: Ияяя!

Аима: Сен мен пісірген тамақты жеп көресің. Бастайық, кәнекей дәмін татып көр. Кәнекей бері кел! Әкешім олар мені неге тыңдамайды? Мен әзірлегенді неге жегісі келмейді?

Альмухамбет: Менің ойымша олар ұзақ өмір сүргісі келеді.


Тәрбиеші: Сіздердің қолдарыңыздан түк келмей жатыр. Егер біздің балаларды осылай тамақтандырғанда, олардың түрлері қандай болатынын айтуға қорқамын. Сіз қараңызшы біздің балалар қандай әдемі, көрікті, күшті, сұлу, тамақты да жақсы жейді. 
Ритмика

Аима: Қолымнан келмей қалыпты. Асханада шынында қиын екен. Мен медбике болып істеп көрейін. Балаларды бинтпен орап, зеленка жағып, дәрі ішкізіп укол салып тастаймын! Ешқандай қиындығы жоқ, жаттығудың да қажеті жоқ.

Альмухамбет::+ жүргізуші: Қатаң түрде болмайды! Бұл жерде білімің жоқ болса өте қауіпті. Саған да, балаларға да.

Аима: Олай болса мен меңгеруші болып жұмыс істеймін, одан басқа қолымнан түк келмейтін сияқты.

Альмухамбет: Мен келісемін! Мына мінезіңмен ешкімге тыныштық бермейсің. Сонда да байқап көрейік! А?

Аима: Алақай, меңгеруші боламын! Күзет керекті құралдарды алып кел!Дайындаламын.(Калькулятор, көзілдірік, қалам, ремень, пряник)
Қазір сіздер бала емес тәрбиеші боласыздар. Дайындалыңыздар.(Бастаймыз)
Музыкамен ханшайым қол шапалақтап, ал күзетшілер қолдарын артына қойып айнала жүреді.

Аима: Тезірек, көңілдірек, тартымдылықпен жүреміз!
Айгүл: Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар! Бұл сіздерге цирк емес қой. Меңгерушінің жұмысы жауапкершілігі мол жұмыс. Барлық іске жауап береді, сондықтан көп біліп, көп істеу керек.

Альмухамбет: Мен өз қызыма керемет ұстаздарды әкеле алмаймын ба? Тек үйренсе болды! Ақылды болса болды! Ал сіздерге алғысым шексіз, қызыма сонша нәрсе үйреттініздер.

Тәрбиеші: Міне балалар сендердің білімдерінді тексере отырып, мектепке дайын екендеріне көзім жетті.

Алемгер: Мектеп-кеме,білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Әліппе бар біздің қолда.


Мадина: Бала-бақша ойнатты
Ойнатты да,ойлатты
Мектептің бар сырына
Тереңірек бойлатты


Жания: Тойлай тұғын келді күн
Өлең айтам мен бүгін
Қателессем күлменде
Мазақ етіп жүрмендер


Амир: Мақтай тұғын болыңдар
Қолды қатты соғындар
«Сәлем саған мектебім»

Хормен айтып беремін

Ән «Сәлем саған мектебім»

Аяулым: Аяулы, түлектер! Бүгін ең соңғы мерей тойымыз.Сендерге 5 жыл бойы қамқорлығын көрсетіп, жақсылыққа үйретіп, тәрбие берген балабақша ұжымы келіп отыр. Сол кісілерге жақсы лебіздерімізді білдірейік.

Әдия: Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Балабақша анасы
Барлығы оның баласы
Анар Долдабекқызы құдай сізді қолдасын 
Қыдыр баба бақыт сізге жолдасын 
Ал мен сізге гүлімді сыйлаймын 
Және биімді арнаймын.

Аделя: Бара қалсан алдына дұрыс жолды сілтеген
Жүзіне қарасаң-деп тұрады гүлдетем
Гүлдемесе қалай бар күндер
Әдіскер апайлар үндеген.

Диас: Топты жинап жүреді
Балалармен күледі
Ауыстырып төсекті
Тазалықты сүйеді
Гүлназ апайды 
Барлық бала біледі.


« Гүл» би.



Әділ: Еңбекпенен,талаппен
Әрбір күнін ән еткенБалаларға Роза апай
Ән айтуды,би билеуді үйреткен.

Инара: Келгенде алғаш бақшаға
Билеуді бізге үйреткен.
Өзің жайлы тақпағым
Өзім жайлы әнім де
Данагүл апай арнаймын сізге бәрін де.

« Вальс» би.

Айтуар: Жанымызды жайнатып
Өсірген біздің бақшамыз
Достар қияға талай шығармыз
Ал,енді бала-бақша ұжымына
Бәрімізден мың алғыс


Арайлым: Иә, келгенде алғаш бақшаға
Білмеуші едік әріп те
Енді біз оқи білеміз
Әріпті қосып әріпке
Ал,балалар тұрмайық
Бала-бақша ұжымын
Би – шашумен сыйлайық

« NOSSA » би.


Жүргізуші: Міне, балабақшадағы сендердің ең соңғы ертеңгіліктерің аяқталуға айналды. Қоштасатын сәт келді.

Аяулым: Біздер жеті жастамыз
Сәбиліктен асқанбыз
Мектеп бізді шақырды
Қош бол әлем бақшамыз!


Айтуар: Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Бала-бақшам сенен алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз

Бәрі: Ризамыз саған біз!
Ән « Қош бол,бала-бақша!»

Ризамыз саған біз!
Аяулы біздің бақшамыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі