400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол. балабақшам!" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зеренді ауданы

Ақкөл ауылы

«Бөбек» сәбилер бақшасы




Shape1

Picture 12


Өткізген тәрбиеші:

Аристанова Д.С.







«Қош бол, балабақшам!»

Артем: Балалардың бақшасында бүгін той,

Балалықпен қоштасу күн біліп қой.

Алақай-ау, алақай,

Той тойлаймыз, балақай

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай.

Анель: Сегодня мы прощаемся,

С любимым детским садом.

Мы выросли, мы выросли,

Идти нам в школу надо.

Аделя: ағылшынша

Алдияр: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бақшамен қоштасу тойымызға.


1-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар,

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Тұр алаңсыз балғын шақты балалар!

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгінгі күн бақшаменен қоштасар,

Азамат боп кешегі сәби – еркелер!

Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар!

Бүгін біз мәпелеп, күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Той бәрімізге құтты болсын!

Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып, ортаға шақырайық.


1.Биязы мінезімен 
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Әнелді 
Барлық досы қолдайды.
2.Парасатты ер жігіт,
Ақылменен біледі.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Яромир күліп келеді.

3.Ойы ұшқыр Аделя,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.
4.Айбек болса кішкентай,
Баяулап ұшқан күйкентай.
Өнеріне қарасаң,
Самғап ұшқан қырандай.


5.Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Нұрайымды
Жауқазын гүлге теңейді.
6.Әнші болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Айша жан-жақты.
7.Ортамыздың ажары,
Ризада біздің ерке қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.

8. Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
Дина ортамызда сұлу қыз,
Сұлулығымен бағындырар ғаламды.
9.Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау  оның ойында.
Қуанамыз кіші топтан келгеніне,
Алдиярдай  асыл жігіт тобымызда.

10.Кіп-кішкентай болса да 
Елді аузына қаратар.
Сүйкімді қыз  Лияның 
Көркі оның көз тартар.
11.Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Артем

12.Сабырлы,  жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Ясминді.
13.Дінмұхаммед деген ұл да бар,
Қыздар оны мақтаған.
Жарыс десе жайнайтын,
Топ намысын қорғайтын.

14.Қане, Сезім тобымның,
Гүлі болып шыға ғой.
Сені көрген адамның 
Қуанбауы күнә ғой.

15.Ерсін деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.

16.Ксенья біздің сұлу қыз.
Әдемі де ару қыз.
Біздің топтың аруы,
Еркелетіп жүреміз.
17.Қуанам мен тобымның нұрларына,
Балалардың туған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын Арғындай ұлдарыма. 
«Балдырған» тобының бітіруші түлектеріне тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық. (балалар шарларын жібереді)

Ата-аналар балабақша түлектеріне төс белгілерін табыстайды!

2 - жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Бірге: Құтты болсын тойларың.

Бүгінгі, «Қош бол, балабақша!» -атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: -Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі Кушанова С.Ж. беріледі.

Балалар тақпақтарын айтады.

Ризада: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын табамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Ясмин: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Біз мектепке барамыз.

Ксюша: Сегодня день особенный,

И грустный и веселый.

Мы выросли, мы выросли,

Идем учится в школу.

Нұрайым: До свидания, до свидания!

Детский сад любимый мой!

Настает пора прощанья,

В этот праздник выпускной!

Яромир: Здесь дружили мы играли,

Цифры первые узнали.

Незаметно подрастали,

И совсем большими стали.

Дина: Куклы мишки и петрушки,

Грусно смотрят на ребят.

До свиданья игрушки,

До свиданья детский сад.

Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда, Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Бала тілегі» (орындайтын Әнел, Ризада, Аделя)

Ертегі: «Портфель» 

Автор: Бір күні Әліппе келе жатып жолда портфельді көреді, әрі қарап бері қарап былай дейді: 
Әліппе (Ризада): Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой. Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте жақсы болар еді. Бұның атын мен «Портфель» деп қояйын. Балалар менсіз мектепке бара алмайды ғой , олар мен арқылы әріптерді таниды, білім алады. /портфельдің ішіне кіріп, отырады/.

(Дәптер келеді). 
Сурет дәптері:(Димаш): -Қандай әсем үй? Бұл үйде кім тұрады? 
Әліппе: Мен әліппемін. Тұрып жатқан үйім портфель. Балалар мектепке барғанда мені осы портфельдің ішіне салып алады ғой. Ал сен кімсің? 
Сурет дәптері: Мен сурет дәптерімін. Мен де балаларға керекпін ғой. Балалар әріп, сандарды жазу үшін дәптер қажет қой. Мен де осында тұрайыншы. 
Әліппе: Жарайды бірге тұрайық. 
(Қалам келеді). 
Қалам(Айбек):  -Қандай әсем үй, бұл үйде кім тұрады? 
-Мен әліппемін. 
-Мен дәптермін. Ал сен кімсің? 
Қалам: Мен қаламмын, балаларға өте қажетпін. Дәптерге әріп, сандарды жазу үшін қалам керек қой. Менсіз балалар мектепке бара алмайды. Мен де осында тұрайыншы. 
Жарайды кел тұр. 
Автор: Сөйтіп портфельдің ішінде әліппе, дәптер, қалам тұрып жатады. Бір мезгілде қарындаш келеді. 
Қарындаш(Айша): - Мынау қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады? 
(Әліппе, дәптер, қалам осындай тұратынын айтады) 
Қалам: Ал сен кімсің? 

Дәптер : - Мен дәптермін.

-Мен қарындашпын. Ертең балалар мектепке барғанда сурет салу үшін мен қажетпін. Сондықтан менде сендермен бірге портфельде тұрайыншы. (жарайды, тұр)

Бір мезгілде күнделік келеді: 
- Қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады? 
(әрқайсысы өзін таныстырады).
-Ал сен кімсің? 
Күнделік(Арғын,): Мен күнделікпін. Мен де өте қажет затпын. Ертең балалар мектепке барғанда алған бағаларын мұғалім маған қояды ғой. Сондықтан мен де сендермен бірге тұрайыншы. 
Дәптер: Жарайды кел бізбен бірге тұр. 
Бала(Аделя): - Мынау қандай керемет портфель. Бала портфельдің ішін ашып, құралдарын көрсетіп, атап-атап үстелге қояды . Маған керек қой. Мен мектепке барғанда, бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын, ренжітпеймін.

(Автор сөзі) 

Міне, балалар, мектепке барарда осындай құрал - жабдықтар керек екен. Оларды ұқыптап ұстауымыз керек. 

Ата-аналармен ойын.

Шарты: Шеңбердің ішінде қатысушы билеп тұрады, тәрбиешінің атаған санына байланысты, шеңберге бала жинау. М: «Үш» - дегенде, қатысушы үш бала жинау т.б. қайталана береді.

Би: «Раз ладошка, два ладошка»

Жүргізуші: - Балалар үшін еңбек еткен ерінбей,

Баршаңызға алғыс айтар балалар.

Арғын: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Риза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі - бәрі дап - дайын.
Қамымызды ойлаған
Сұлушаш Жантасқызына мың алғыс!
Сезім: Балабақша қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен.
Қарлығаш апайға мың алғыс!

Ризада: Сурет салып үйреткен

Ән салдырып, билеткен
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гүлнұр Көкенқызына,

Динара Серікжанқызына
Айтамыз біз мың алғыс.
Лия: Знать английский и казахский,
Русский тоже надо знать.
Чтоб прочесть простую сказку
Или что-то написать.
Алме Қайроллаевне, Мариям Кайсаровне

Хотим спасибо мы сказать.
Аделя: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.

Ойымызды дамытқан

Жанымызды жылытқан

Ақтоты Алданқызына

Балалардан мың алғыс.

Нұрайым: Жаттығулар жасатып 
Шынықтырар біздерді 
Денемізді тік ұстап 
Сұлу болып өстік біз 
Серік Нұрғалиұлына
Айтамыз біздер мың алғыс

Әнел: Мұнтаздай ғып бөлмені
Жайнатып-ақ қояды.
Бар жақсыны сыйлаған
Ұмытпаймыз апайды
Біздің топта екінші
Жақын болар көмекші
Ас береді дайындап
Зарина апайға мың алғыс!

Айша: Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Шахида, Наташа
апайларға рахмет!
Ерсін: Төсек орын тап-таза 
Аппақ жуған сүлгісі 
Тәттігүл апай сізге де

Балалардан мың алғыс! 

Ясмин: Біз үйімізде жүргенде,

Ұйқыға әбден кеткенде.

Түні бойы көз ілмей,

Бақшамызды күзеткен

Аманжол, Мұхтар, Асылбек

ағайларға мың алғыс.

Айбек: Еденді күнде жуатын,

Жолатпай шаңды қуатын

Бибігүл, Жаннұр, Надежда

апайларға да мың алғыс.

Димаш: Балабақша қызметін

Иығына көтерген.

Бақша алдын тазартып,

Жиһаздарды жөндеген.

Қонысбай ағайға мың рахмет.

Ән: «Қош бол, балабақшам!»

Сергіту сәті: «Если нравится тебе, то делай так»

Көрініс: «Қазіргі заман отбасы». (Арғын-әке, Ясмин-ана, Әнел-қызы)

Ән: «Балапан» (орындайтындар: Адина, Рамазан, Даниал).

Би: Сарбаздар

Ата-аналардан балаларға арналған тосын сый. Флешмоб.

Ортаға тәрбиешілер шығады  «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым       2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын

Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым           2 рет

Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,

Үміт сенім ақталсын.

Ұмытылмай балабақша вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын.

Вальс:

Жүргізуші: Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата- ана емес пе?

Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.....

Жүргізушіші: Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан ата-аналарға марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі. (Алғыс хатпен марапаттау).

Тәрбиешілер түлектерді марапаттайды.


Слайд тамашалау


Тәрбиеші: Сіздерге бүгінгі, қуанышты көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршіндерге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.


Далаға шығып, аспанға шар ұшыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі