жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қош бол, балбұлақ бақшамыз" ертеңгілігі
Пән: Биология Сынып: 7 «А» Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Қосмекенділердің
табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Мақсаттары: Қосмекенділердің көптүрлілігі туралы мәлімет беру. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер туралы
түсіндіру. Өз ойларын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер туралы білетін болады. Құйрықты және құйрықсыз
қосмекенділерді қорғауды үйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады.
Негізгі идеялар: Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер (саламандра, тритон) негізінде дамиды.
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау).
Бағалау: Топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, слайдтар, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер,
бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: Суреттер сөйлейді, Жигсо, Ойлан бірік бөліс
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, электрондық оқулық, слайдтар, флипчарт, маркер, стикер, алма ағағы.
|
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Білім
Қызығушылықтарын ояту |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Топқа бөлу
Суреттермен жұмыс Суреттер арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауап «Алтын сандық» ойыны Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауаптар. |
Оқушыларды түгелдеу. Назарларын сабаққа қарату. «Сыныптың жақсы қасиеттері» интербелсенді тақтаға оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін күн сәулесіне жазу арқылы көңіл күйлерін реттейді. «Жұбыңды тап» ойыны арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Бұл ойында қимақағаздарға қосмекенділердің үш отряды бейнеленеді сурет араластырылып оқушыларға таралылады. Оқушылар өздерінің жұптарын табу арқылы топтарға бөлінеді. 1 топ Құйрықсыз қосмекенділер 2 топ Құйрықты қосмекенділер 3 топ Аяқсыз қосмекенділер Тақтаға ілінген суреттер бойынша әр топқа тапсырма беріледі, олар сурет арқылы не білетіндерін не үйренгендерін ортаға салып бөліседі 1.Класс неліктен қосмекенділер деп аталады? ( Суда да, құрлықта да тіршілік ете алғандықтан) 2. Алғаш құрлыққа шыққан жануарлар (қосмекенділер) 3. Қанайналым жүйесі қандай? (тұйық) 4. Қосмекенділердің дернәсілі мен ересек түрлері қалай тыныс алады? (дернәсілі желбезек, ересек түрі өкпе мен тері) 5. Бақаның алдынғы аяқтарының бөліктерін атаңдар (қары, білек, алақан) 6. Бақаның мойын омыртқа саны (Біреу) 7. Бақа қаңқасының бұлшықеттерінің саны (350) 8. . Бақаның артқы аяғындағы саусақ саны (бесеу) 9. Қосмекенділердің арғы тегі (Саусаққанатты балықтар) |
Оқушылар интербелсенді тақтаға сыныптың жақсы қасиеттерін өздері жеке-жеке шығып жазып шығады. Оқушылар таратылып берілген қима қағаздарының келесі жұбын табу арқылы топтарға бөлінеді. Оқушы берген тапсырманы орындау Әр топ суреттермен жұмыс істейді, өткен тақырыптан не білгендерін айтады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Түсіну |
Жигсо әдіс бойынша тақырыптың мәнін ашу |
Электронды оқулықпен жұмыс
Жигсо әдісі пайдалану Әр топ өзінің атауларын қорғап постер жасайды. 1 топ Құйрықсыз қосмекенділер 2 топ Құйрықты қосмекенділер 3 топ Аяқсыз қосмекенділер |
Электрондық оқулық бойынша түсіндіріледі Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу Топпен жұмыс жасау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолдану |
«Лездеме сұрақтар» Топтар жарысы |
Әр топқа жеке-жеке алдын ала дайындалған 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтар қарсы топтың тапсырмаларынан алынады. Әр топ өздерінің сұрақтарына жылдам әрі ұтымды жауап беру керек. Құйрықты қосмекенділер тобы: 1.Қосмекенділер класының неше отрядқа жіктеледі? (3) 2.Құйрықсыз қосмекенділердің қанша түрі бар, Қазақстанда қанша түрі кездеседі? (жалпы 3500, ал Қазақстанда 9 түр) 3.Қазақстанда құйрықсыз қосмекенділердің қандай тұқымдастары кездеседі? (тарбақа, бақа, құрбақа) 4.Жалпақ жапырақты және аралас орманда, бау-бақшада, шалғындар мен далада ін қазып, тіршілік ететін қйрықсыз қосмекенділер тұқымдасын атаңдар (сарымсақты бақа) 5.Балқаш көлінің оңтүстігінде сирек кездесетін құрбақа тұқымдасының өкілі? (данаталық құрбақа) Аяқсыз қосмекенділер тобы: 1.Денесінде балық құрылысының кейбір белгілері сақталған, аяқтары қысқа, құйрығы ұзын болып келетін қосмекенділер (құйрықты қосмекенділер) 2.Жайық өзенінің алқабы мен Арал өңірінің солтүстігіндегі шағын суқоймаларда тіршілік ететін құйрықты қосмекенді жануар (кәдімгі тритон) 3.Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құйрықты қосмекенді жануар (жетісулық бақатіс) 4.Құйрықсыз қосмекенділердің қанша түрі бар? (350) 5.Қазақстанның солтүстік аймағындағы батпақты, көлді және шалғынды жерлерде тіршілік ететін құйрықсыз қосмекенді жануар (сібірлік бұрыштіс) Құйрықсыз қосмекенділер тобы: 1.Тропиктік аймақтарда ін қазып тіршілік ететін қосмекенділер (аяқсыз қосмекенділер) 2.Аяқсыз қосмекенділердің өкілі (сақиналы құртамыш) 3.Аяқсыз қосмекенділердің қанша түрі бар? (170) 4.Тіршілігі жер астында көздері кішкене немесе көзсіз тіршілік ететін қосмекенділер (аяқсыз қосмекенділер) 5.Қосмекенділердің даму жолы (шала түрленіп даму) |
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Қай топтың тапсырмасы мен сұрақтары дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сергіту сәті |
«Бақалар биі» видиоролик көру |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау |
Интербелсеңді тақтадағы бейнероик көрсетіледі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Талдау |
«Ойлан бірік.бөліс» арқылы тақырыпты талдау |
І топқа 1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма? (Аяғының, терісінің, тыныс алу мүшелерінің құрылысы қосмекенділердің суда да, құрлықта да тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Бірақ көбею үшін міндетті түрде су қоймалар керек. Қосмекенділер кездесетін құрлықта да ылғал болу керек. Сондықтан да қосмекенділер суға жақынырақ болады.) ІІ топқа 2. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды? (Терісімен тыныс алудың нәтижесінде) ІІІ топқа 3. Қосмекенділер неліктен секіріп қозғалады және жарық пен дыбысты жақсы сезеді? (Себебі қосмекенділердің секіріп қозғалуы мишығы нашар жетілген, ал жарық пен дыбысты жақсы сезетіні ортанғы миы жақсы жетілген) |
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен талалдайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жинақтау |
Шығармашылық тапсырма Тақырып пен сабақты жинақтау үшін «Қосмекенділер» тақырыбы бойынша кесте тапсырмалары |
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты кесте тапсырмаларын үлестіреді.
|
Оқушылардың мақсаты берілген кесте тапсырмаларын орындайды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау (2 мин) бағалау парақшалары Үйге тапсырма беру: |
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
|
Өзін өзі топпен бағалайды
Күнделіктеріне жазып алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия |
Стикерлермен жүргізіледі. |
Оқушыларға көк және жасыл түсті стикерлер беріледі. |
Оқушылар стикерлер арқылы сабақтың ұнағанын немесе ұнамағанын түсті стикерлерді көтеріп өздерінің ойларын білдіреді. |




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген