400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол, бастауыш"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол, бастауыш


Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер!

4 сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 сыныпты ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Вальс

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 – сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.

Слайд (Экранға назар аударыңыздар). Оқушылардың жетістігі.

Мұғалім: Міне, қанша қыс пен жазды бір өткізіп, ыстық пен суыққа бірге төзген ұстаздарға «тағзым» етейік. Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

Азиза:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Қ. Әли:

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сылап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Азиза:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Қ. Әли:

Дұрыс айтасын Азиза! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Азиза:

Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Темірлан:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Ералы:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған жыл бойы ата-анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

М. Әли:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Хор: «Ұстазым»

Азиза:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім-мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Қ. Әли:

Дұрыс айтасың Азиза, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Азиза:

Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Қ. Әли:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Қарақат:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Ерсұлтан:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап,

Шәкірттерін жиі еске алатын.

Ержан:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Нұрдаулет:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Амина:

Бастауышым –бал бұлағым,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Т. Азиза:

Бастауышым – бал бұлғым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Азиза:

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік. Сондықтан ұстаздарымызға тілек айтайық.

***

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін,

Лаззат апай әнге бөлеп жүреміз.

Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді

Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

***

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Салтанат апай неткен мықты төзімдісің,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

***

Музыка атты пәніміз,

Айтылар онда әніміз.

Толқын апай үйретсе,

Шырқатамыз бәріміз.

***

Орыс тілі әр кезде керек ертең,

Айнұр апайымыздың көңілі өте керемет.

Ашық жарқын жанары қашан көрсең

Барлық жандар осындай болса екен.

***

Жүрегімде Гауһар апай берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын

Мәңгі бақи есімізде қалады.

***

Мектебімде Ғилым ағай спортшы,

Бізді ол секіртеді, үйретеді.

Жаттығудың неше түрін жасатып,

Әрқашан денең шымыр болсын дейді.


Ән: Ж. Азиза


Қ. Әли: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің апайымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегімізідің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Апайымызға сөз береміз.

Мұғалім:

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен – деп өзімнің 4 жыл бойы бірге білім шыңына жетелеп келе жатқан сыныбыма азғантай сыйлығымды табыс етемін.

Флешмоб

Еркін микрафон

Ата-аналарға сөз беру.






















Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін,

Лаззат апай әнге бөлеп жүреміз.

Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді

Әлемдегі әсем гүлге теңедік.


Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Салтанат апай неткен мықты төзімдісің,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.


Музыка атты пәніміз,

Айтылар онда әніміз.

Толқын апай үйретсе,

Шырқатамыз бәріміз.


Орыс тілі әр кезде керек ертең,

Айнұр апайымыздың көңілі өте керемет.

Ашық жарқын жанары қашан көрсең

Барлық жандар осындай болса екен.


Жүрегімде Гауһар апай берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын

Мәңгі бақи есімізде қалады.


Мектебімде Ғилым ағай спортшы,

Бізді ол секіртеді, үйретеді.

Жаттығудың неше түрін жасатып,

Әрқашан денең шымыр болсын дейді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі