Материалдар / "Қош бол, Бастауыш!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош бол, Бастауыш!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышпен қоштасу мерекесі

«Қош бол, бастауыш» Мақсаты:

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Бейнеролктер, қабырға газеттері, макеттер, т.б

Аяжан:-Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді қонақтар мен ата-аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін 4 жыл бойы білім беріп, ой сананы дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «Ә» сыныбының «ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ» атты бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!

Мұғалім: Олай болса, ортаға қошеметпен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырған менің үшінші шәкірттерім 4 «Ә» сыныбымды қарсы алайық!

Атыңнан айналайын Шерзод деген,

Сенің жақсы ісіңе баға берем.

Жеңіс туын тігесің болашақта,

Үміті зор осы сыныптың саған деген.



Білімімен талайларды тамсандырған,

Дана қыз білімді серік еткен

Сыныбына бұл қашанда ардақты,

Ақ жолынан тайма осындай салмақты.



Сабыр берген салмақты,

Ақыл берген ардақты.

Азизбек біздің білімді және жан-жақты.



Барлық істе алда жүретін,

Ән айтып, биде билейтін.

Сыныптың белсенді аруы,

Улбосын біздің гүліміз.



Ақылымен тамсандырған,

Нұртастай ұлымыз,

Ізетпенен қашанда,

Әркез алға ұмтылған.



Айару деген қызымыз

Қатысқан талай сайысқа.

Тамылжытып, ән салып,

Жеткен талай табысқа.



Математика елінде жан салмайтын,

Жауабын табар талай сұрақтың.

Сыныбымның ардақты оқушысы

Давладбек келді арамызға тайсалмайтын.



Ақ көңілді Әдеміай,

Шыншылдықты ұнатқан.

Ерке мінез қазақтың

Еркесі ол бір үйдің.









Мықты, күшті біздің Мейрамбек,

Әлсіздерді шиырған.

Бала мінез иманды

Өзі сондай мейірбан



Түрлі-түсті бояумен,

Өрнектейтін әр істі.

Осы біздің Гулсанам,

Суретшінің нақ өзі.



Білімді, әрі ақылды,

Талай қиын есептерді құрақтады.

Юсуфхужаның алдында талай істің

Болашақта жандырар үміт отын.



Үндемей бәрін тындырған,

Сыныптың салмақты қызысың.

Жымиған күлкісі-ай Сабинаның,

Томпиған міне мінезіай.



Мың салсаңда бір баспайтын,

Еш уақытты саспайтын.

Нұрәділ біздің әрдайым,

Сыныпты алға бастайтын.



Іс келгенде алдына жан салмайтын

Ару мінез көрікті қызымыз

Озода біздің гүліміз

Мұғалім: Аяжан білесің бе, осыдан 8 жыл алдын сендер де мектеп табалдырығын алғаш аттаған едіңдер. Бірақ, әліппемен қоштасу және бастауыш сыныппен қоштасу кешін өткізу бұйырмаған еді. Себебі, карантин кезі еді. Сабақтарды онлайн режимде оқыдыңдар. Ал қазір сен өте бақытты сәтте тұрсың. Себебі,.....

АЯЖАН: Ия дұрыс айтасыз. Өйткені бізге ондай мүмкіндік тумаса да, бүгін маған сіздей ұстазыммен бірге кешті жүргізу сәті бұйырған екен. Ия балалар сендер өте бақытты кезеңде тұрсыңдар. Бұл сәт ардайым естеріңде жүрсін.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Ә» сынып оқушылары осыдан 4жыл бұрын 6 жасар болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап әртүрлі іс-шараларға, сайыстарға, олимпиада, тәрбие сағаттарына, спорттық жарыстарға, ашық сабақтар, мектептен тыс шаралары балалардың есінде ұзақ сақталғаны сөзсіз.

Аяжан: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар мен қонақтар, Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдейсіңдер қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

АЯЖАН:- Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын. Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын. Басқарып директор боп осы ұжымды Баршаны аялаған алақанын

Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе білім ордамыздың басшысы Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызына сөз беріледі. 





Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, 
Кеуделерге намыс отын жаға алатын. 
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, 
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Ергешова Рабиға Беспайқызына беріледі.

АЯЖАН:    Ия,  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан, оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едіңдер.

Юсуфхужа:  Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы бүлдіршін едік,  сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.
Дана:  Енді міне,  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш  сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Айару:  Иә, міне, сағымдай боп өте шыққан  4 жыл ішінде біздің  ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Нұртас:  Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

1-оқушы: 4 сыныпты  15 оқушы бітіргелі отыр  (Әдеміай)
2-оқушы: Сыныптың орта жасы – 9 жас (Азизбек)
3-оқушы: Бойлары – 130 см, 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті  (Шерзод)
4-оқушы: Салмақтары — 30  кг, 4 жылда әр бала 4 кг-нан салмақ қосты. (Нұрәділ)
5-оқушы: Сынып оқушылары мейірімді, ақкөңіл, алғыр (Озода) 6-оқушы: Сыныпта 4 оқу озаты мен 5екпінді бар  (Мейрамбек) 7-оқушы: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.(Сабина)
8-оқушы:  — 100 деген дәптер жазып тастаппыз(Улбосын)
9-оқушы:  — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.  4 жыл еңбектендік. Ал  ол  дегеніміз  — 2 904 сабақ.(Гулсанам)
10-оқушы:  —50 сынып сағаты.(Давладбек)
(
Оқушылар хормен:  Бұған тек  әлділер  ғана  шыдайды.

Мейрамбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер. Гулсанам:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы, Есейген шәкірттердің серті деп біл.

Улбосын: Ұстаз деген қасиетті адам бар, Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер, Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Ән: «Ұстазға арнау». Орындайтын: Исмаилов Юсуфхужа

АЯЖАН:Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда.

ӘН: «Хор»

АЯЖАН: Мектебіміздің әнші қызы Сабинаның орындауында «Ұстазға арнау» әнін қабыл алыңыздар.

Би: Орындайтындар: «Біздің жігіттер» тобы

Аяжан: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Озода:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Әдебиетті оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Шерзод: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

Давладбек: ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінен, Білім алды балалар. Сөйлемді, сөз таптарын,Етістіктің шақтарын, Жалғаулар мен жұрнақтар.Ережесін жаттадым 5-шіге барған соң, Мұғалімдер бағалар.

Әдеміай: Ой жіберсең бәріне, ДҮНИЕТАНУ пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жақсы бірі де. Жер байлығы көп екен,Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген, ДҮНИЕТАНУ сабағы.



Аяжан: -Әр шәкіртің өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 

Мұғалім: -Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! 

(Алғыс хаттарын ұстап ортаға шығады)

  1. Ағылшын: Жүрегімде Айғаным апай берген сабағы,
    Өн бойыма тамырланып тарады.
    Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын Мәңгі бақи есімізде қалады.
    Үйренеміз жалықпай,АҒЫЛШЫН ТІЛІН шарықтай. Тіл сындырып, ән айтып,Шаттанамыз қалықтай, Айғаным апай тәлімі,Сәулесін шашқан жарықтай. – Айару



2. АКТ: МОНИТОР, пернетақта сөздің басы Өрмелейді компьютермен өрге тасың Бүгінде жаһандау заманында Айсара апай зор ғой бізге «қашанда» - Сабина

3. Дене:Мектебімде Оразғали ағай бар
Бізді секіртеді, жүгіртеді. Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашанда денең шымыр болсын дейді.

Кім білмейді мектепте Оразғали ағайды Спорт десе жоқтан ол бар жасайды Қашанда спорт залдан табылатын Сыйлаймыз біз шынықтырушы Оразғали ағайды. - Нұрәділ

4. Орыс тілі:Орысшаны жаттаймыз, Орыс тілінен қалмаймыз.
ПЕРИЗАТ ШАРАПОВАның арқасында
Орысша біз сайраймыз.

Ұнатады ол енді
Орысшаны білгенді, Қысылмаймыз біз енді - Нұртас

5.Музыка:Ән салғызып, билетіп,Нотаны да үйретіп
Жаулап алат жүректі,Ән мен күйге бөлетіп
Хорға да бізді дайындап,Әрбір іске қарайлап,

САПАРБЕК АҒАЙ тұрады, Көзінен күнде нұр ойнап. – Азизбек



АЯЖАН:   Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамыз  білім кілтін үздігіне

Мұғалім: Сыныптағы үздік оқушылардың бірі Исмаилов Юсуфхужа бастауыштың білім кілтін тапсырады. Соңымыздан еріп келе жатқан  мектеп алды даярлық тобының  бүлдіршініне  бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!