Қош, бол бастауыш!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош, бол бастауыш!

Материал туралы қысқаша түсінік
: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Әдістемелік бөлмесіне

















«Қош бол, бастауыш мектебім!»



/бастауышпен қоштасу ертеңгілігі/

















Хуатай Сайрагуль









Көктас ауылы

4 орта мектеп



«Қош бол, бастауыш мектебім!» Мақсаты:
Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
«Бастауышың – бастамаң,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам», «Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!
Үн қосып қиядан асыра.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Сыңғырла қоңырау асыға,
Сыңғырла қоңырау тағы да деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер, «Алғашқы ұстаз» фотостенд.
Кіріспе сөз:

Ұстаз: - Қымбатты ата - аналар, ұстаздар бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкірттерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан оқушыларым бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 – «Ә» сыныпты ортамызға!
дей отырып, бастауыш сыныпты бітіруші шәкірттерімді ортаға шақырамын. /Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады./

Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған мына оқушылар осыдан 4 - жыл бұрын 6 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса, бүгін міне ес біліп етек жиған шәкірт. Біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз. Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз. Осы жолда менің алдыма қойған міндетім еліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын, итерсең құламайтын, құласа жыламайтын, тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін, әділ сөйлейтін, жақсылыққа да, жамандыққа да жақсылықпен жауап беретін азаматтар тәрбиелеу. Алдымнан ұшқалы отырған шәкірттеріме: «Бірінші байлық - денсаулық»- демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл, қыз болыңдар дегім келеді Ал шәкірттерім қадамдарыңа гүл бітсін.
Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген мына сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бірдейсіңдер қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың!
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қонақтар! 2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!  Екеуі: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!  1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты! 
2- жүргізуші: Армысыздар, әкелер мен аналар, 
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар

Іңкәр: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Заңғар: Армысыздар әкелер мен аналар!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
  Фархат: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.  Жансая: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсе үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстаздарымызға мың алғыс айтамыз. Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс мына отты жүректерден! Фархат О, ұстаз неткен мықты төзімдісің, Қол бастаған батырдың дәл өзісің. Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің, Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің. Аягөз Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Нариман Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Айзада Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Әли Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар. Қарлығаш Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Арғын Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Алуа Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

№1
Хор: «Мұғалімім»
Ерсұлтан Мектеп үйім, ұстаздарым ата- анам,  Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, 
Тамырланып сан тарапқа тараған.  Алуа Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,  Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт басын саған иеді. 
Арғын Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Айым Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған. Ерген
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл

№2 Хор: «Мектебім» Жансая: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Ендеше ата-аналарымызға өз жылы лебізімізді білдірейік. Ерген Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Әкетай сеніміңді ақтау үшін!
Айым Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. Фархат Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Алуа: Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Айзада: Иә, дұрыс айтасың . Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ата-ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Олай болса келесі әніміз ата- аналарымызға арналады. Ән: :« Менің қос бәйтерегім» Орындайтын Ерсұлтан, Іңкәр Аягөз: 4 жыл бойы біз: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, өзін-өзі тану , музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік. Келесі өлең жолдарымыз пән мұғалімдеріне арналады. Даярлықта оқытқан Ойға білім тоқытқан Айша, Самалхан апайларға Алғысымыз көп біздің Айзада Орыс тілін құрметтеп, Сүйеміз шын жүректен. Айман мұғалім анамыздай, Орыс тілін үйреткен . Айым Күлшат апай саналады жеке дара
Мектепте онсыз өтпес онсыз шара
Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз
Әніңізді жаттаған әрбір бала
  Алуа Өзінтануды үйреткен Жұлдыз апай ақылшым. Рахмет ұстазыма дәріс берген Үйреткен ғылымдарды өнерімен. Жансая Дене тәрбиесі сабақтың сабағы Ашылса екен Самат мұғалімнің қабағы. Киініңдер! дегенін асыға күтеміз, Арманымызға осылай біз жетеміз. Аягөз Монитор, пернетақта сөздің басы
Өрмелейді компьютермен өрге тасың
Бүгінде жаҺандану заманында
Құралай апайымның зор ғой бізге «бәсі» Қарлығаш
Бізге еккен еңбегіңді жеткізер, 
Аузымызға сөз түспейді ұстазым! 
Сөз де тіпті, қажет емес атыңды 
Шығарамыз мына біздер, 
Еңбегіңнің жемісін. 
Хормен: Білім берген біздерге 
Рахмет ұстаздарым сіздерге!
(гүл ұсыну)  №3 Хор: «Ұстазға мың тағзым»
Қарлығаш : Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Аягөз: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Ерсұлтан: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Жансая Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз, 
Жақсылық пен адалдыққа құштармыз. 
Еңбекпенен тіршілікке сән берсін, 
Достық туын әркез биік ұстармыз. 
Заңғар Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім. 
Бойым өсіп, ойым толып, түледім. 
Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін, 
Боламыз енді жоғары сынып түлегі. 
Нариман Енді міне, сағымдай өте шықты, 
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті? 
Ұстаз- ана жасады мына бізден, 
Ел танитын азамат бір- бір мықты. 
Ерген Қағылды міне, әуенге бөлеп 
Қағылды соңғы қоңырау. 
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен, 
Шындық па осы, япыр- ау! 
Ерсұлтан: Расында да 4 жыл 4 күндей өте шықты. Алғашқы ұстазымызбен қоштасу бізге қиынға соғып тұр. 
Анашымдай аялаған, 
Нұрланған шуағымсыз саялаған. 
Айналдық мейірімді жүрегіңізден, 
Шәкірттен өз бақытын аямаған. 
Іңкәр Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін, 
Есіміңізді әнге бөлеп жүреміз. 
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді, 
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет! 1-сынып оқушысы ер бала: Сіз кімсіз, ал сіз кімсіз? Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді. 1-жүргізуші: Інішек, ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік. 2-жүргізуші: Бұл кілт аркылы сендер ұмтылған нәрселерінін барлығына қол жеткізесіндер! 1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА, 1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!! /Білім кілтін тапсырады./

Фархат: Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ
Жансая:
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендер мен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.
Ән: «Ең соңғы қоңырау» Іңкәр, Ерсұлтан II бөлім Оқушылардың өнерлерін тамашалаңыздар! 1- жүргізуші: Қоштасу тойын бастайық, 
Ән мен биге басайық. 
Өнерімізді көрсетіп, 
Құрметіне бұл тойдың. 
Ән мен шашу шашайық – дей келе Айым, Аягөз, Алуаның орындауындағы 1.«Бастауышым-ай» әнін қабыл алыңыздар!
2- жүргізуші: Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, 
Нағыз қазақ, қазақ емес , 
Нағыз қазақ домбыра , - деп жырлағандай сіздердің алдарыңызда Заңғардың орындауында
Домбырам әні қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші: Әсем ән көк аспанда шарықтасын, 
Тыңдаңыз таңдай қағып жалықпастан. 
Ұлдарыңыз алуан түрлі ән салғанда, 
Дауысы мектебімізде қалықтасын – дей келе ұлдардың орындауында
Қарқаралы вальсі қабыл алыңыздар! 2- жүргізуші: Күнде осындай 
Ән мен күйге келейік 
Ал ендігі кезекті 
Мың бұралған бишімізге берейік . Қыздардың орындауында
«Нәзік» биі қабыл алыңыздар! 1-жүргізуші: О, ұстаз неткен мықты төзімдісің, Қол бастаған батырдың дәл өзісің. Шаршасан да сездірмей күлімдейсің Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің. Айым, Аягөз, Жансаяның орындауында «Ардақты менің ұстазым» әнін қабыл алыңыздар ! 2-жүргізуші: Мектеп деген білім кені жыр кені Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. дей келе Іңкәрдің орындауында «Мектебім» әні. 1-жүргізуші: Ақылшы асыл ұстазым Өзіңе мен де ұқсармын. Жеткенше қайрат күш-әлім Биікке самғап ұшармын. Келесі тамашалайтындарыңыз біздің сыныптың оқушыларының орындауында «Оқушылар » биі қарсы алыңыздар! 2-жүргізуші: Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты - дей келе
Айзада мен Іңкәрдің орындауында «Ұстазым менің" әнін қабыл алыңыздар! 1-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Біз мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етеміз! РАХМЕТ СІЗДЕРГЕ, ҰСТАЗДАР!!! ХОРМЕН БӘРІ: Қош бол, балғын балалық, Қош бол, сүйікті бастауышым!

III бөлім Марапаттау кезеңі. 1- жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз! Мұғалім: Бастауыш сыныппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4-сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғарғы сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамдарын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер деп тілек білдіремін. /Оқушыларға куәліктерін тапсыру, ата-аналарға Алғыс хат тапсыру/ Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар-деп, келесі сөздіқонақтарымызға береміз. 1- жүргізуші: Бүгінгі мереке қарсаңында «Мектеп теңізінде, білімнің кәусар бұлағының тұнық бастауы тәлім- тәрбиенің алтын тұтқасы болып, балғын жүректерге сәулелі нұр құйып» алға тартып келе жатқан мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оралбаев Қанатбек Амантайұлына сөз береміз.
2- жүргізуші: Ата- анам, тілеуімді тілеп жүрген, 
Аумайсың жарығы мол ашық күннен. 
Шаршайсыңдар жұмыс істеп біздер үшін,  Ақылды балаларың оны білген,- дей келе ендігі сөз кезегін ата- аналарға берміз.
 

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін, Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.  Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен Жолдарыңыз болсын, түлектер!

















































.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
742
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі