Материалдар / «Қош бол, бастауыш» ертеңгілігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош бол, бастауыш» ертеңгілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған "Қош бол, бастауыш" атты мереке
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош бол, бастауыш» ертеңгілігі.

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған "Қош бол, бастауыш" атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.  «Қош бол, бастауыш» Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Бұл салтанат қуаныш баршамызға

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «А» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)

Абдырбаев Нұрболат-Аңсаған Таңсұлу

Абылқаиров Қайрат-Абишева Дарина

Кокина Дарина-Қожан Рәзия

Дауенов Ғалымжан-Аубакирова Арайлым

Апушев Бахтияр-Амренова Гүлстан

Баисова Дарина-Шаймарданова Әмина

Мұғалім:  Шашу, шашу, шашайық,

                                Ақ сандықты ашайық.

                                Бұл мереке, бұл тойдың

                                Бастаңғысын жасайық.

                                (шашу шашылады)

Құттықтау сөз өзіңізге әже беріледі.

Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Вальс «Ұстазым»

Гүлстан: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.

Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Бақтияр:

Гүлстан, бүгін біз 4 жыл оқып, әріпті танып, жазу-сызуды үйреткен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Осы сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

Гүлстан - Қалай сонда?

Бақтияр:

- Мінекей қара Гүлстан. Мен саған талдап беремін. Қанекей, балалар Гүлстанға түсіндіріп берейік.


Б - Балалық шақта

А - алдағы

С - сан

Т - түрлі

А - армандарға

У - уайымсыз адымдайтын

Ы - ынталы

Ш - шақ.


- Түсіндің бе, Гүлстан?

Гүлстан:

- Бақтияр, сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?

Бақтияр:

- Жоқ білмейді екенмін.

Гүлстан:

- Ал, қанеки балалар, маған көмектесіп жіберіңдер.


М - мұнтаздай

Ұ - ұқыпты

Ғ - ғұлама

А - адал

Л - лағылдай

І - інжу

М - маржандай

кісілер екенін біле жүріңіздер.Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.



Таңсұлу: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Арайлым: Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

А.Дарина: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Әмина: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

Қайрат: Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

Гүлстан: Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

Ғалымжан: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

К.Дарина: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Гүлстан: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

Арайлым: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Нұрболат: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Ғалымжан: Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

Бахтияр: Құрбыласпыз.

Дарина: Тұрғыласпыз.

Рәзия: 12-міз.

Арайлым: Күлімдейміз.

Ғалымжан: Бір бақшаның гүліндейміз.

Әмина: Барлығымыз сыныптаспыз.

Қайрат: Таланттымыз.

Дарина: Талаптымыз.

Нұрболат: Қанаттымыз.

Гүлстан: Жақсы оқимыз, сабақты біз.



А.Дарина: Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар. Амренова Гүлстан: «Ардақты ұстазым»

Ғалымжан:

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің керемет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Қамажай» биімен шақырайық.

Әмина: Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едіңдер?

Рәзия: Ұстаз – дана

К.Дарина: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

Әмина: «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Арайлым: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

Таңсұлу: Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Б.Дарина: Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Қайрат: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Таңсұлу: Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

К.Дарина: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

Арайлым: Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Сыныбымыздың әншісі Нұрболаттың орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Нұрболат: Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

А.Дарина:

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

Рәзия: Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Келесі әніміз аналарға арналады. Хор: «Мама»

Бахтияр: Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.

Мұғалім: Көпшілікке өнерді,

Көрсетейік керемет. («Флеш-моб»)

Гүлстан: Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге: Қош қымбатты ұстазым, Қош бастауыш мектебім!

Ең соңында сынып жетекшісі оқушыларына арнап тілек айтады. 















Бастауыш –білім бесігі

Мұғалім:Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын. Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр. Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.

( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)

1.Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайтын ойланбастан тыныпта

Бақтияр біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.

2.Мен дәрігер боламын.

Үлкеннің де баланың

Деп, жүр біздің Карина

«Өзім емдеп жазамын!»

3.Математиканы ұнатады.

Қыздарды кейде жылатады.

Анвар біздің әрқашан

Таза жүруді ұнатады.

4.Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Біздің Дильназ күлімдейді жарқылдап.

Математика сабағында

Есептерді шығарады сартылдап

5.Мен үлкейіп толамын.

Сіздей ұстаз боламын.

Деп жүр біздің Аида

Үлгісі кіші баланың.

6.Сынып намысын ақтаған,

Жүрекке сыр жаттаған.

Арман мектеп ұясын.

Жан тәнімен сақтаған.

7. Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Жаннұр біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

8. Сыйлап сәлем береді.

Үлкендерді көргенде,

Әлімжанды сыныпта

Ізетті деп біледі.

9. Қай кезде де ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Айым біздің қуанып,

Қызарады біз үшін.

10. Мінезі сондай салмақты.

Бәрімізге ардақты

Суретші болу арманы.

Кім білмейді Ғибратты.

11. Жыр оқып, тарихын ол танытқан.

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Торғын сыныбымыздың озаты.

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

12. Ерке, бірақ ақылды

Сыйлап жүрер жақынды

Тілекжан біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды.

13.Әзілді жаны сүйеді.

Армансыз ол күледі.

Ақжол біздің әрқашан

Жып-жинақы жүреді.

14. Өзі сондай салмақты,

Ұқыпты да, тиянақты,

Темірлан біздің әрқашан

Таза ұстайды, сыныпты

15. Би билейді талмайды

Әсем әнін арнайды.

Сыныпта біздің Балғынайды

Барлық бала тыңдайды.

16. Әдепті ол сақтайды.

Әділетті жақтайды.

Сабинаны біздің апайлар

Тәртіпті деп мақтайды.

17. Бастауыштың түлегі.

Ел деп соққан жүрегі.

«МАЙ» қызметкері болам деп

Жалғас біздің жүреді.

18. Күні бойы тынбайтын,

Үлкендерді сыйлайтын.

Елгезек біздің Шерхан.

Жалқаулықты білмейтін.

19.Білімді алғыр жан-жақты.

Қыздарымыз сымбатты.

Жасмин біздің әрқашан

Досымыз болар қымбатты.

20. Өнер қуған жасынан.

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Ақжан

Табылар дос қасынан.

21. Келеді сонау қашықтан.

Мектепке әркез асыққан.

Еркебұлан біздің ақкөңіл

Көңілі дария тасыған.



1-жүргізуші:Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2- жүргізуші:Қош келіпсіз, құрметті ата- аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бақтияр:

Гүлстан, бүгін біз 4 жыл оқып, әріпті танып, жазу-сызуды үйреткен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Осы сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

Гүлстан - Қалай сонда?

Бақтияр:

- Мінекей қара Гүлстан. Мен саған талдап беремін. Қанекей, балалар Гүлстанға түсіндіріп берейік.


Б - Балалық шақта

А - алдағы

С - сан

Т - түрлі

А - армандарға

У - уайымсыз адымдайтын

Ы - ынталы

Ш - шақ.


- Түсіндің бе, Гүлстан?

Гүлстан:

- Бақтияр, сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?

Бақтияр:

- Жоқ білмейді екенмін.

Гүлстан:

- Ал, қанеки балалар, маған көмектесіп жіберіңдер.


М - мұнтаздай

Ұ - ұқыпты

Ғ - ғұлама

А - адал

Л - лағылдай

І - інжу

М - маржандай

кісілер екенін біле жүріңіздер.Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

1-оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

2-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ән: Ұстазым -хор

3-оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

4-оқушы: Есімде ерен ұстазым

Шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің

5-оқушы: Балғын шақта келіп едім

Бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігін де

Сеніп сізге беріп едім

6-оқушы: Ақылшым,асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп қанша сен

Қамқор боп қалам ұштадың

7-оқушы: Үйретіп өмір «уставын»

Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл,іскер қашанда

Ақылшым менің,ұстазым

8-оқушы: Өткенде бізден ағаттық

Байсалдылықпен тағат қып

Балалық болса кешірген

Байыппен баурап өсірген

Үлгілі әр кез ұстамды

Сабырлы,ізгі ұстазды

Анадай көріп сыйлаймыз

Айрылар кезде қимаймыз

9-оқушы: Арманым болып аңсаған

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем деп

Ән:

10-оқушы: Құрметті ,ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап, зер салып оқып, үйреніп жүрміз.Әрбір пән мұғаліміне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

11-оқушы: Анашымдай сыр шерткен

Ақыл- білім үйреткен

Ана тілін оқимын

Ерекше зор құрметпен

12-оқушы: Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамын

13-оқушы: Ой жіберсем мәніне

Дүниетану пәні де

Өмір сырын үйреткен

Пәннің жақсы бәрі де

14-оқушы: Әлемде бар талай тіл

Үйренуге құмармын

Орыс тілі-қажет тіл

Тез үйреніп алармын

15-оқушы: Жазуларымызды қаттаған

Жақсыны көріп мақтаған

Ардақты ұстаз – жақсы адам

Айтқанын ұғып,жаттағам

Жетелеп әр сыныпта

Жеткізген бізді мұратқа

Ұлағат ісін сүйеміз

Басымызды иеміз

16-оқушы: Жүрегімді ұстаз берген сабағы

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылы

Барлығы хормен: Мәңгі, мәңгі мәңгі есімде қалады.

Ән:

1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқндай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан ұстаз екені баршамызға мәлім.Әлгінде біздің оқушылар да ұстазға деген сезімдерін,жүректерінен шыққан алғыстарын айтып жатыр. Ал,енді ұстаз туралы өзің не айтар едің?

2-жүргізуші: « Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті- тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адам- мұғалім», «Ол-ұстаз» - деп бекер айтпаса керек.

1-жүргізуші: Өте орынды айтасың,ендеше, оқушылардың мұғалімдеріне

деген өлең жолдарына кезек берейік.

Ақыл,сана, берген білім тереңін

Алғысы көп мектебіне өреннің

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін

Ұрпақтары көрсетеді өнерін

( Ары қарай әрбір пән ұстаздарына, ата-аналарға арнау өлең оқылады.)

2-жүргізуші: Сынып жетекшісіне арнау

Оқушы: Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты

Ойламайтын ертеңін

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз

Ел алғысын алдыңыз

Сабырлысыз құрыштай

Жөн айттыңыз ұрыспай

Түзедіңіз тентекті

Тұрғызбай – ақ бұрышқа

Сізден ізгі кішілікті

Үйренеміз кісілікті

1-жүргізуші: Пән мұғалімдеріне арнау

1-оқушы: Талаптанып білім шыңға самғауға

Мен мектепке алғаш рет барғанда

Сауле апай қарсы алып ең біздерді

Мерейіңіз биік болсын әрқайда

2-оқушы: Жетілдіріп жеткіншектер білімін

Сырын ашқан ағылшынның тілінің

Оксана апай еңбегіңді бағалап

Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым

3-оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым

Білмеуші едік көп нәрсенің анығын

Тілі менен әдебиетін орыстың

Маншук апай өзіңізден таныдым

Ән:

2-жүргізуші: Әкелерге арнау

1-оқушы: Әкелерді құрметтеп

Сүйеміз шын жүректен

Әке-асқар тауымыз

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы

Тура жолға салады

Әкелерге мың алғыс

Әлпештеген баланы

Би:



1-жүргізуші: Аналарға арнау

1-оқушы: Ойында мейірім,ақ тілек

Бойында ақ сүт, тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрғанбақ тілеп

Арадай балын жиятын

Ақылы дария құятын

Ана – көңілі кеңістік

Бүкіл әлем сиятын

Ән:

1-жүргізуші: Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер- білім-бәрі де

Оқуменен табылған, - деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Осыған сендерқандай пікір қосар едіңдер?

2-жүргізуші: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген де ой жетелейді.

1-жүргізуші: Олай болса балалардың да пікірін тыңдап көрейік.

1-оқушы: -Білім артық, өйткені ол- Пайғамбардан қалған мирас. Байлық-бақылдардан қалған мұра.

2-оқушы: - Білім артық , өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

3-оқушы: - Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды,байлық жұмсасаң азаяды.

4-оқушы: -Білім артық , оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрыдан күнде қорғау керек.

5-оқушы: -Білім артық , өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.

6-оқушы: -Білімді адам орнымен сөйлейді,мәдениеті артады,байлығы көп адам оған мас балып мақтанады, астамшылық көрсетеді.Сондықтан да әрқашанда білім артық.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекті сіздерге бергелі отырмыз.Мұғалімдердің сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, соны сіздермен бірге шешсек дейміз.

Сұрақ: «Ата-ана балаға сыншы» деген. Өмірде баланың жақсы да, жаман да қылықтары кездесіп жатады.Сіздер өз балаңыздың бойынан қандай жақсы қылықтарды байқай аласыздар?

Сұрақ: Бала тәрбиесіне , сабағына қандай талап қояр едіңіз?

Мысалы,қазіргі кезде кейбір ата-аналар баланың бағасын ақшалай болса да сый-сияпат көрсетіп жатады.Осыған сіздің ой- пікіріңіз.


Көрініс: Өтірік айтпаймын

Ән: Қос бәйтерек

1-жүргізуші: Осы біздің кітап деген сөз қайдан шыққанын және қандай мағына беретінін кім айтады?

1-оқушы: Кітап арабтың «жазу» деген сөзін білдіреді.

1-жүргізуші: Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік,балалар

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты

-Балалар біз кітаптан нені үйрендік?

1-оқушы: Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып, би билеуді.

2-оқушы: Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды.

3-оқушы: Жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік

4-оқушы: Әйтекенің жарып айтқан

Қазыбектің қазып айтқан

Төле бидің тауып айтқан

Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

1-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, оң мен солымызды танытқан, білім әлеміне жол ашқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші: Дегенмен біз мектебімізбен қоштасқалы отырғанымыз жоқ қой. Демек,біз сүйікті ұстаздарымызбен біргеміз.

1-жүргізуші: Келесі биімізді мектептің бүкіл ұстаздарына және ата-аналарымызға арнаймыз.

2-жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Бастауыштың шырқатып соңғы әнін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

(Бітірушілер вальсі)

(Оқушылар хорға тұрады, «Әнші балапанның әнінің сазына салып төмендегідей әнді орындайды)


Өтті бізден балалық

Өкінішті шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Текті мінез-даналық

Қ-сы:

Қош бол,қош бол бастауыш сынып

Өсті біздің ой мен санамыз

Шам-шырағың болып жанамыз

Өрге самғап біздер барамыз


Ұсынғаны адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт,табыс,амандық

Бақыт,табыс.амандық

Қ-сы

Сыныптың оқу озаты:

Бар білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған

Мың рахмет ұстаздарға

Қамқор әкем, аяулы анам

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Бәрі хормен: Серт береміз шын жүректен


1-жүргізуші: Осымен « Бастауыш білім бесігі» атты ертеңгілігіміз жабық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Мұғалім:

Өздеріңмен адымдап аспандаймын

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын

Бастауышты бітірген сендер

Ал Мен тағы да бір белестен асқандаймын

Мен үшін бәрі бірдей қарақтарым

Орындалсын арман,тілек талаптарың

Самғаңдар биіктерге

Қайырылмасын енді ғана қатайған қанаттарың

Иә,иә, қатайды қанаттарың

Тағы бір өтсем бе екен санап бәрің

Мен келгенде 22 –ең, 21- ің қалды

21-іңді түрлі мінезбен парақтадым





































   «Қош бол, бастауыш!» 
Мақсаты:
 Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепті, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт - сапар тілеп табыстау.
Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «ә» сыныбының
 «Қош бол, бастауыш! » атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «ә» сыныбын 11-сыныпты бітіргелі отырған аға-апаларының қолпаштауымен ортаға!
(Оқушылар музыка әуенімен ортаға  шығады)

Айдос: Ассалаумағалейкум ағайын!
Аружан: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Айдос: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Аружан: Иә бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той.
Айдос: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер сырын ұғындырған алғашқы ұстазбен қоштаспақпыз.

Айдос:

Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 
Аружан:
Армысыздар, әжелер мен аналар, 
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 


Айдос: 
Армысыздар, өр тұлғалы аталар мен  әкелер, 
Қыран құстай балапанын мәпелер. 
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады, 
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер. 
Аружан:
Армысың сен, алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл жырым. 
Айдос: 
 - Дұрыс айтасың, Аружан! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші!  Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да мектептен тәлім алған, енді мен де мектепте тәлім алудамын. Мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Меруерт:
Мектебім – білім берер алтын ұям, 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай, 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

Баянғали:
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, 
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. 
Өзіңе борыштармын өмір бойы, 
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. 
Ақбота:
Мектебім , алтын ұям, нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 

Зере: 
Мектеп-үйім, ұстазым менің ата –анам, 
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, 
Тамырланып, сан тарапқа тараған. 

Аружан: Олай болса,  «Мектебім» әнін шырқайық. 
Ән: Мектебім (Слайд мектептегі мерекелер). 
Аружан: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің? 


Айдос: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. 
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстазымызға арнаймыз. 

Альнадир:  
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай, 
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай. 
Мейірлене қарап қойып біздерге. 
Күн астында сабақ беріп тұрғандай. 

Айнел:  
Ұстазым өзің едің асқақ әнім, 
Басталған ақ батаңнан жас талабым. 
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың, 
Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 
Алмас: 
Жарық күннен жылы жүзің елестеп, 
Құлағымда өзің берген кеңестер. 
Жанарымда алыс тартқан қара жол, 
Көз жұмсам да көре тұрған белестер. 

Мәди:  
Әлі есімде отырғаным партада, 
Таңданып кеп үңілгенім тақтаға. 
Жайдары, ашық ұстазымның сондағы 
Түзу отыр деп қаққаны арқаға. 

Аружан: Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, ұстаз орны ерекше.

Ендеше, «Ұстазым» әнін орындайық.

Ән: «Ұстазым». Орындайтын хор. 
Айдос: Бізге 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген, санамызға құйған әр пән ұстаздарымыз да бар. Осы ұстаздарға неге алғыс айтпасқа. 

Айдос: 

Мектепті ойлап өткен айы, жыл – күні,

Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.

Эльмира Майданқызы - басшымыз

Тәртіп пен мәдениеттің символы.

Меруерт:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Сәуле Сәбікенқызы, Гүлнар Ұзаққызы,

Дәмегүл Мұхамедрақымқызы,
Өздеріңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

 

 

Альнадир:

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі
Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі
Дайындық сыныптан бастап шәкіртін

Қарлығаш  апай білімменен сусындатып жүреді.

Сәбит: 

Өзін-өзі тануды үйреткен

Бақшагүл апай ақылшым.

Рахмет ұстазыма дәріс берген

Үйреткен ғылымдарды өнермен.

Аружан: 

Дене тәрбиесі сабақтың сабағы

Ашылса екен Мұрат мұғалімнің қабағы.

Киініңдер! дегенін асыға күтеміз,

Арманымызға осылай жетеміз.

Естай: Орыс тілін құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Гүлнар мұғалім анамыздай,

Орыс тілін үйреткен .

Айдос: Ұсынғаны

Бәрі: адалдық,

Айдос: Үйреткені

Бәрі: адамдық.

Айдос: Бар ұстазға тілейміз,

бәрі: Бақыт, табыс, амандық!

Аружан: Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, ұстаз орны ерекше. Біздің ата-аналарымыз да кезінде шәкірт болып, ұстаздарына арнап ән шырқаған шығар. Ендеше ата-аналарымыз «Ұстазым» әнін орындап берсін, сахна төріне ду қол шапалақтап шақырайық.

Ән: «Ұстазым». Орындайтын ата-аналар хоры.  


Айдос: Иә, балалар, мектебімізге арнап, мұғалімдерімізге арнап жыр-жырладық, енді би де билей білетін әдемі қыздарымыз бар екен. Біздің сыныпта 5 қыз бар. Әрқайсысы қайталанбас бір-бір тұлға,  бір-бір қасиетке ие.

Алмас:   Зере - әдемі, өнерлі, ұқыпты,  көптеген ән конкурсының жеңімпазы. Біз Зерені «Ең өнерлі қыз» дейміз.

Сәбит:    Ақбота – сабырлы, салмақты, инабатты, ақылына көркі сай. Біз Ақботаны «Ең инабатты қыз» дейміз.

Баянғали:   Меруерт – ақылды, алғыр, зерек,  көңілді, көркем сөз оқудың шебері, мың бұрала билейді. Біз Меруертті «Ең ақылды қыз» дейміз.

Альнадир: Айнел –  ақжарқын, әнші, адамгершілігі мол, елгезек. Біз Айнелді «Ең дарынды  қыз» дейміз.

Мәди:  Аружан – көпшіл, алғыр, әдепті, білімді, еңбексүйгіш, ержүрек. Біз Аружанды «Ең алғыр қыз» дейміз.
Айдос: Ендеше,
Мың бұрала билейтін, 
Биді жақсы көретін. 
Қыздарымыз бар біздің 
Жастар биін билейтін – деп, қыздардың орындауында
 «Жастар» биі. 

Аружан:

- Біздің сыныпта 7 ұл. Олардың әрқайсысы ерекше, сенбейсіздер ме, қазір оны дәлелдейміз.

Айнел: Айдос – сегіз қырлы, бір сырлы, білімді, спортшы, барлық қыздар «Айдос» десе ішкен астарын жерге қояды. Айдосты біз  «Ең сұлу жігіт » дейміз.

Аружан: Альнадир – нағыз жігіт, сыныптың топ басшысы,  спортшы,  қыздарға ешкімді жолатпайды.Альнадирді біз  «Ең күшті жігіт» дейміз.

Ақбота: Алмас – салмақты, әр айтқан сөзіне есеп бере алады. Алмасты біз

 «Ең сабырлы жігіт» дейміз.

Зере: Баянғали – көңілді, білімді, математик, шахматшы. Баянғалиды біз  «Ең вундеркинд жігіт» дейміз.

Аружан: Сәбит – суретші, шахматшы,  фантазияны жақсы көреді. Сәбитті біз «Ең фантазер жігіт» дейміз.

Меруерт: Естай – көп сөйлемейді, ақжарқын, доптың қыр-сырын жан-жақты меңгерген. Біз Естайды «Ең салмақты жігіт» дейміз.

Зере: Мәди - әрқашан көңілді жүреді, мейірімді. Біз Мәдиді «Ең көңілді жігіт» дейміз.

Аружан: Ал, келесі кезекте, сіздердің назарларыңызға, сынып ұлдарының өнерлерін ұсынамыз.

(Ұлдар спорттан өз өнерлерін көрсетеді).

Айнел: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Зере : Иә, дұрыс айтасың, Айнел. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Меруерт:Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ақбота: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Аружан: Құрметті әжелер мен аналар! Айнел мен Зеренің орындауында «Ана» әні өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар!

(Зере мен Айнелдің орындауында ән).

 

 

Айдос:

 - Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Альнадир: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек- ау.
Алмас: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Аружан: Ұлдардың орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар. Құрметті аталар мен әкелер! Осы бір әдемі ән өздеріңізге арналады.

Аружан: Қарап отырсақ, біздің сынып оқушылары әнші де, биші де, спортшы да екен.

Айдос: Ал енді айтыс жағына қалай екенбіз, сынап көріңіздер!

(Екі оқушының айтысы).

Айтыс

1-оқушы:

Айтып қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың?

Жайын біліп қояйын,

Сендей сері баланың.

2-оқушы:

Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың.

Сабақтан мен алдамын,

Өнерден де қалмадым.

Бүгінгі қоштасу тойыңда,

Шырқатып ән саламын.

1-оқушы:                          Таудай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

                                             Ертең өсіп толамын,

                                             Мен дәрігер боламын.

2-оқушы:                            Ал мен, 21 ғасырдың –

                                             Президенті боламын!

                                             Халық қамын ойлайтын,

                                             Мен азамат боламын.

Екеуі бірігіп:               Қарамаңыз кішкентай бойымызға,

Биіктейді жыл сайын ойымыз да.

    Біліммен де  достасып, еңбекпен де,

Ел алғысын алармыз ержеткенде.

 

 

Айдос:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

Аружан: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып,  сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Гүлнұр

апайға береміз!


Ұстаз тілегі:

 Қанаттарың қатайды

 Биікке енді самғаңдар.

 Білім жолы – сара жол

 Ізденіңдер, талмаңдар.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
(
Оқушыларға 1-сыныпта жазған дәптерлері мен естелік кітапша тапсыру).


Аружан:  Келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Халелова Эльмира Майданқызына береміз.


Айдос: Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.

 

Аружан:

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалсын ойыңыз,

Сіздердің ақ жолдарыңызды бізге берсін.

Құттықтау сөз 11-сынып түлегі  Сейдахметова Нұргүлге беріледі.

 

 

 

 

 

Нұргүл:

Сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп тілек айтқым келеді.

 - Құрметті бастауыш түлектері, келешекте білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді, мәдениетті сақтауға, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға , мектебіміздің даңқын көтеруге ант етіңдер.

Оқушылар: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!

 

Аружан:

Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

 

Айдос:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Осымен «Қош бол, бастауыш» атты мерекеміз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Кездескенше күн жақсы!

 

(Қоштасу вальсы орындалады

1- бастаушы:

«Мектеп – білім»  кемесін

Басқарып бүгін  келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ  жарқын  сәлем  етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін  береміз.

ортаға мектеп директоры: Нұрмира Өміржанқызын шақырамыз

(Құттықтау  сөз  мектеп  басшыларына  жолданады)


2-бастаушы:

Қонақ деген ырысың мен мерейің

Енді аяңдап қонақтарға келейін

Сол кісілерге сөз кезегін берейін.

ата-аналар балаларыңызды құттықтап жіберсеңіздер

2- бастаушы:  Біз 4 «к» сынып ұлдары мен қыздары  ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айта

2- бастаушы:  Біз 4 «к» сынып ұлдары мен қыздары  ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айта


ахат: Бастауышым -Балбұлағым, 

Аружан:
 Лаулап жансын шамшырағың. 

Диас:
 Өзің берген біліміңнен, 

Дильназ:
 Самғап ұшты тау қыраның. 

Рахат:
 Өтті қызықшағым, 

Аружан:
 Бастауышым -Балбұлағым 

Диас:
 Қоштасар күн жетті міне, 

Хормен:
 Қимастықпен қол бұлғаймыз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!