жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош бол, бастауышым!
«Ең үздік сынып жетекшісі - 2018»
ЖББ КММ М.П. Русаков атындағы
№ 2 мектеп - интернаты
Тәрбие сағаты
«Бастауышпен қоштасу»
Тулегенова Анар Бимаханбетқызы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сәтбаев көшесі. 5
Сынып тәрбиешісі
E-mail: tulegenova.anar@bk.ru
Қош бол,бастауышым
Мақсаты:
Тәрбиешінің,ұстаздың еңбегін бағалай білуге,жан-жақты білім алуға,саналы азамат болуға тәрбиелеу.Оқушыларға бастауыш сынып өмірінің қызықты да мәнді екенін түсіндіру.Балаларға өз мектебіне, ата-анасына, ұстазына, достарына жауапкершілік сезімін дамытуға жағдай жасау.
Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Сынып өмірінен», «Өнерлерінен слайдттар», «Біздің жетістіктер», көрмелер суреттер,шарлар, нақыл сөздермен безендірілген зал, музыка.
Мұғалім сөзі:
Сахнаға балалар бимен ортаға шығады.
Балалар орындарына отырады.
Құралай -Бала шаққа болашаққа жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрыдай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
-Армысыздар, ата-аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай,Ыбырай даналарымыз.
Сабира: Дороие ребята! Дорогие гости! Дорогие родители!
Как быстро летит время.... Кажется,только вчера входили они, маленькие, немного испуганные, в двери школы, впервые переступая порог своего класса. Он стал домом для нас на целых четыре годы. Они-это немного шумные, немного задиристые, непоедливые, любопытные ученики 4-х классов
Ағылшын:Балнұр
Құралай:Батыр Бауыржан атамыз «Болашақтың бас Ашысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі әнімізді ұстаздарымызға арнаймыз.
Хор: «Ұстазыма»
Балнұр:Армысыздар,ардақты ұстаздар,қадірлі қонақтар,оқушылар.
Бүгін біз бастауышпен қоштасып,үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға.
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымыз.
Абылай: Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп,сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да,жақсыға да пана болған.
Аружан Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сезім,артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы.
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
Айбар:Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп,кешегі сәби-еркелер.
Мадина:Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
Құралай: Міне,бүгін біздің өмірімізге өшпес із қалдрған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отырмыз.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарымызға, ата-аналарымызға өз өнерлерімізді көрсетуге дайынбыз.
Сабира: -Жизнь каждого школьника делится на три периода: начальный, среднийй и старший.Сегодня завершается первый,самый важный период. Мы шли к этому долгих четыри года.
Құралай: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымыздға қалам ұстап,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім.Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын,ұстаз туралы не айтар едің?
Сабира: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім-мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған
Құалай:Ендеше сыныптастарымыздың ұстаздарымызға арнаған жырлары тыңдайық.
Сабира: Дорогие учителя, примите слова блогодарности и поздравление от ваших ученикАлихан:Мектеп-кеме,білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Батырхан:Учитель! Какое высокое слова!
Его повтораем мы снова иснова.
Наш старший товарищ, наш искренний друг.
Он-ключ,открывающий кладезь наук!
Хадиша:
Жаннұр: Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне,бүгін.
Бойларыңда от бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!»
Зарина: Звуит званок веселый,
Уходим в 5 класс.
Спасибо вам,начальные,
Мы не забудем вас!
В 5 класс,в 5 класс
Приглашает школы нас.
Обищаем мы всех вас не повести
И достойно себя вбудеем вести.
Ах, какжаль,что прадник наш кончается
Мы на лето целое прощаемся,
С пользою отдохнуть каждый надеется,
Встретимся в сентебре-знаем наперед!!!
Асылжан: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің,мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
Алмира: Учитель! Какое прикрасное слова.
Она нашей жизни исвет иснова.
Сияет для нас путеводной звездой
И в мир новых знаний ведет за собой.
Ағылшын:Заура
Балнұр
Гулназ: Ұстазым бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген
Жүргізуші:Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!- дегендей
Ән: «Мектебім» орындайтын Нұрланқызы Балнұр,Мейрамқұл Құралай
Сабира:Сейчас Қабылдина Мадина исполнит куй «Айжан»
Құралай: Сыныбымыздың ең үздік,ең әзілқой, « Жайдарманшы» «Бұзықтар тобы» өнерлерін көрсетеді
Құралай: Осы мектепке тарыдай болып кіріп,ақыл ойымыз толысып, оңымызбен солымызды танып,жақсы мен жаманымызды айыра білуді үйреткен ұстаздар мына сіздерге көр-көп рахмет дей отырып,келесі ән сіздерге арналады.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын Нұрланқызы Балнұр
Құралай:Мектеп табылдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштастық»
Сонымен қатар осы төрт жылда ұстаздарымызбен өткен сынып сағатымыз,тәрбие сағатымыздан көпген тәрбие алдық.Есімізде ұзақ сақталар деп ойлаймын.Армандасаң да,қиялалдасаң да балалық шағың көз алдыңда болары шексіз!Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалалық шақтан басталады.
Балнұр: Ағылшын
Біздер өстік есейдік.
Қанаттандық,қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып.
Би: Чик-Чирик
Сабира: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар-деп алдарыңызда Ұлдар тобы орындауында «Алтын ана» әні
Құралай:Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы- енді кезекті поэзия берсек сыныбымыздың бетке ұстарлары,мектебіміздің мақтаныштары,көркем сөздің шеберлері қаламыздың мектептер арасындағы сайыстардың жүлдегерлері Шалқарұлы Дастан,Нұрланқызы Балнұр, Мейрамхұл Құралай.
Сабира: Биыл Қазақстанымыздың бас шақары Астанамызға 20 жыл толуына байланысты «Астана» өлеңімен Мейірхұл Құралай
Құралай: Балқаш қаласының 80 жылдық мерей тойына арнап
Шалқарұлы Дастан «Бүгінгі Балқаш» өлеңімен ортаға шығады.
Құралай: Асыл сөзді іздесең Абайды тыңда,- демекші Абай атамыздың өлеңі
«Сегіз аяз» өлеңмен Балнұрды ортаға шақырамыз.
Құралай: Бүгін міне,соның айғағы ретінде,бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
Енді кезекті сыныбымыздың мың бұралған бишілері, ортада өнерлерін көрсетеді.
Папури- билері
Сабира:Сегодня в этом праздничном зале
Какие только слова не звучали:
Мы блогодарим и поздравляем
Смеялись,пели и вспоминали
Вес сегодня взволнованы очень,
Так бывает в минуты разлук.
Не печальтесь,сейчас вас поздравит
Наш директор, учитель и друг!
Слова предоставляется директору школы Рахимберлина Замзагул Нарымбековна
Құралай: Хор: «Қош бол, мектебім»
Сабира: Воспитателю досталось,
Поработала не зря
Многому мы научились.
За день показать нельзя
За вашу дружбу, за роботу,
За вашу преданность друзьям,
За вечную души работу-
За все,за все
Спосибо вам!
Тәрбиеші сөзі:
Құралай: Бесіктен баланың,Күлгенін көрген-бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,Жүргенін көрген-бір мұрат,-деп ата-ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян.Олай болса,бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған-барша көрермендеріміздің ыстық ықыласын тыңдайтын уақыт жеткен сияқты.

Дариға: -Біз бүгін көзімізде ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебемізбен қоштасқалы отырмыз. Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстанымыз, тәрбиешілеріміз Құралай Абдикадировна, Анар Бимаханбетқызымен қоштасқалы отырмыз.
Жанарыс:-Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз бізді біліктілікке, білімділікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа, әділдікке баулыды.
Дариға: Павлик Олжастың орындауында «Алғашқы ұстаз»
Ақжол: Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып,
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.
Диана П.: Ыстық мекен, алтын ұя-мектебім,
Сен арқылы білім алып көктедім.
Достарыммен бірге жүріп, бір күліп,
Қарсы алдым жастық шақтың көктемін.
Диана Р.:
Жаныма шуақ құйдыңыз,
Құлпырып өстім өркендеп.
Армандап келем Абайша,
«Өмірге кірпіш болсам»-деп
Гүлзинат:- Мұғалімдей дананың,
Жаттап өстік сабағын.
Қанша есейіп кетсек те,
Мәңгі есте қаламыз.

Аңсар:-Бақытқа қолды серметтің,
Құдіретін сездім жер-көктің.
Қиналдым қанша тер төктім,
Қадірін сездім еңбектің.ы»
Дидар:
-Ақыл- сана берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің .
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Ұрпақтары көрсетеді өнерін.
Гүлден:Ата-ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата-ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата-ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата-ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
Жанарыс: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!
Рахат:Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағың күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой, Абай, Ыбырай бабалар.
Ахат: Армысың сен, алтын ұя мектебім.
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім-деп
Дариға: Хор «Мектебім»
.
. 
Айжан: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
«Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұқсату мүмкін емес.
Дариға: Құттықтау сөз өзін-өз тану мұғаліміне беріледі.
-Ұстазым, алтын ұстазым,
Естідім, сізден құс сазын.
Көзімен көру бақыт қой,
Қыранның түлеп ұшөанын.
-Бейнелеу пәні мұғалімі Айбарша Ахмадияровнаға
-Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шаң бақытын тапса адам.
Денешынықтыру мұғалімі Ерболға
Білеміз ертең бізден де,
Білеміз ертең сізден де,
Өмірдің талап сұрарын.
Сондықтан ардақты ағамыз,
Сізден біз үлгі аламыз.
Орыс тілі мұғалімі Жанбибі Еримбековнаға
Кәусарын білімнің
Құлшына сімірдім.
Ойыма жинадым
Бойыма сіңірдім.
Сол үшін өзіне
Алғысым көп менің.
Жанарыс: Қыздар тобы
Дариға: Омарова Айсулу дың орындауында сыбызғымен»Қазақ вальсі»
Жанарыс: Міне осындай кең байтақ республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтар мына біздерге өсиет болып қалды.
Дариға: Мамашев Дулаттың орындауында «Қазақстан – қасиетті Отаным» өлеңі.
Дулат:
Қазақстан – қасиетті Отаным
Ғасырлар өткен сиреген халықпыз,
Қиянат дертінен сиреген халықпыз,
Тағдыры еңсесін имеген халықпыз,
Тамұқтың отына күймеген халықпыз.
Ерлікпен елдер тарихы сөнбес,
Ауызбен теңдес, дәстүрі өлмес.
Намысын бермес, елдігі дербес,
Ежелгі қазақ – ертеңгі ғажап.
Жан-жақтан жау қаптап
Қатер бұлт торлаған,
Жаратқан жар болып, аруақ қолдаған.
Тас қорған қалмаған салмаған алашты,
Жалаңаш төсімен ерлері қорғаған.
Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.
Дариға: Квартет «Сүйікті Отаным»
Жанарыс: «Қара жорға» биі
Дариға: «Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді». Олай болса, ана өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық. Жанарыс «Туған тілім».
Жанарыс:
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Туған тілім – тірлігімің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілі, мен де бірге өшемін.
Дариға:.Қойшыбаева Гүлден «Біздің ауыл» әнімен ортаға шақырамыз.
Жанарыс: Көңілді Тапқырлар Клубы. Ерсұлтан.Диас Қазақшаң қалай?
Дариға: Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйкені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.
Міне, бүгін бастауышпен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отырмыз.
Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолымызды табуға жол сілтеген ұстаздармызға, ата-аналарға өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз.
Жанарыс:
1. Үнді әні
2. Ән «Бастауышым»
3 Би»Жентлмен»
Дариға:Барлығымыздың данамыз
Барлығымыздың панамыз
Мектебіміздің басшысы
Мектеп директоры: Рахимберлина Замзагуль Нарынбекқызына сөз беріледі
Жанарыс:
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсын.
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Ақылдық пен парасаттан жаралғансын.
Сөз сынып жетекшісі: Иманбекова Құралай Абдикаримовнаға беріледі
Жанарыс:
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс, көмей, сөзі алтын
Сөз сынып тәрбиешісі: Тулегенова Анар Бимаханбетқызына сөз беріледі
Дариға: Сауатты боп шықты міне балаңыз – дей келе, кешке қатысып отырған ата-аналарымыздың жылы лебізін тыңдасақ (Ата-аналар құттықтауы) Жүргіуші.: Осымен «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген