400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол, Бастауышым!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныптарға бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий. 4 сынып ұстаздарына таптырмас көмекші сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол, бастауышым!


1 – жүргізуші:

Армысыздар, жиналған ата – ана, ұстаз,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қанат қақты,

Төрт жылда оң мен солын таныған жас.

2 – жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ міне,

Келген қауым, қол соғып қолдаңыздар!


1 – жүргізуші:

Құрметті, ата-аналар, аяулы ұстаздар, қадірлі жас түлектер! Бүгін міне, қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас қызыққа толы болған бастауышымызбен қоштасқалы отырмыз!

2 – жүргізуші:

«Қош, бастауыш!» атты кешімізге қош келдіңіздер!


1 – жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.

2 – жүргізуші:

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстар бір топ болып ұшқалы тұр!


1-оқушы:

Ғұлама, білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден, батырдан,

Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас кәріден,

Оқушының бәрінен

Барлығы: Ұстаздарға мың алғыс!


2-оқушы:

Түзеттіріп шалалықты,

Есейіттіңіз балалықты.

Ойламайтын ертеңін,

Ойсыз кейбір еркені.

Түзеп жөнге салдыңыз,

Ел алғысын алдыңыз.

Сабырыңыз құрыштай,

Жөн айттыңыз ұрыспай.

Түзедіңіз тентекті,

Тұрғызбай-ақ бұрышқа.





Бәрі:

Сізден ізгі кішілікті,

Үйренеміз кісілікті.

Еркін білім аламыз,

Ертең де біз маманбыз!

  • Мен ғарышкер боламын!

  • Мен жер шарын шоламын!

  • Мен болашақ шахтермін!

  • Мен қазір-ақ актермін!

  • Егін егіп баптаймын!

  • Елді жаудан сақтаймын!

  • Берген білім ерен күш

Барлығы: ұстаздарға мың алғыс!


3-оқушы:

Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім!

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің өмір көктемім.

Көзге ыстық партасы,

Оқулығы картасы.

Оқу қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

Барлығы: Ұстаздарға мың алғыс!


4-оқушы:

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім.

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық.

Текті мінез,даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық


5-оқушы:

Бақ орданың жүрегі,

Ертеңімнің тірегі.

Ұрпақтардың өмірі,

Нұрлы болсын тілегі.

Тек ізгілік тілегі,

Әсем жүзі, гүл өңі.

Ұлағатты ұстаздар,

Мәңгі ғұмыр сүреді.

Ұлық тұлға – өр екен,

Таси түссін берекең,

Келген осы айтулы

Барлығы: құтты болсын мерекең!


1 – жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып ән салады,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.


ӘН:



6-оқушы:

О, ұстаз, неткен мықты төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да күлімдей, сездірмейсің,

Шәкіртім білім алсын, білім дейсің.


7-оқушы:

Ұстаз деген – сырлас данам, арлы шың,

Шәкіртінен аямаған бар күшін.

Бұл өмірде адам болып қалуың,

Ұлы адамға шексіз-шексіз алғысым.


8-оқушы:

Ұстазым – екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Күнде ерте құшақ жая шығады алдан.


ХОР:


2 – жүргізуші:

Ұлылықтың ұлылығы ағашынан,

Қымыздың күштілігі сабасынан.

Бишінің биші болып атануы,

Үйреткен тәлім берген ұстазынан.


БИ:


Енді кезекті ата-аналармен ойынға берсек. Көңілді кешіміздің көңілді де күле білетін ата-аналарын ортаға шақырамыз.

1.

2.

3.


9-оқушы:

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, мәңгі саған басымды ием!


10-оқушы:

Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет, саған бастауыш мектебім!


1 – жүргізуші:

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз әнмен бірге жолданған,

Шәкірттердің сый-құрметін қабыл ал.





ӘН:


2 – жүргізуші:

Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау.

Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен

Шындық па осы япыр – ау!


ХОР: Қоңырау


11-оқушы:


Ұстаздарға, мектебіме, ұяма,

Бір сөз айтпау адамдыққа сыя ма?

Өзіңде алғаш ұстап едім қаламды,

Ұмытпассың сен де мендей балаңды.

Кешірерсің тентек болсақ кезінде,

Дәл осы сәт ұққандаймын бағаңды.


12-оқушы:

Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсің,

Осы сөзім шындықтардан бетер шын.

Соңғы қоңырау сезімімен айтайын

Өкпелеткен кездер болса кешерсің

Жалықпастан үйреттіңдер біздерге

Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге

Армандарың біздер аман болса деп

Әлі тілек тілеп тұрсың біздерге.


13-оқушы:

Алдында тұрып тақтаның,

Дәріс бердің сақтадым.

Білімді шыққан сөзіңнен,

Әр ісіңді мақтадым.

Лүпілдеген жүректі,

Жақындаттың еліммен.

Жақсы ісімнің барлығын,

Ұстаз берді деждім мен.


14-оқушы:

Жақсы менен жаманның

Айырмасын танытқан.

Пайдасы мен залалын

Санамызға дарытқан.

Жан ұстазым, жақыным

Аямаған ақылын!


15-оқушы:

Жақсы ұстазы болмаған

Көп нәрседен мақұрым.

Шу-шу етіп жан-жақтан,

Шаршатқан да болармыз.

Жанға тыныш жаз айын,

Аңсатқан да болармыз.

Жиналғанда қайта біз

Қош келдіңіз айтамыз.

Мектеп ұстаз, қош ана,

Әлдилейміз қайтамыз.


16-оқушы:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.


17-оқушы:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.


18-оқушы:
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.


1 – жүргізуші:

Сағынармыз біз қияға ұшсақ та,

Қияларға қандай алыс ұшсақ та.

Аман болшы, ұстаздарым, мектебім,

Түлектерің қанат қақты жан-жаққа.


2 – жүргізуші:

Ерекше қадірі де, бағасы да,

Ұқсайтын алтын тонның жағасына.

Тілегін жүрекжарды айту үшін,

Берейік сөз кезегін ұстаздарға.


1.

2.

3.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар,

Білім жолы – сара жол,

Ізденіңдер, талмаңдар.


Хор: «Қоштасу вальсі»


1 – жүргізуші:

Сөз кезегі ата – аналарда.


1 – жүргізуші:

Қош бол, балғын балалық, Қош бол, сүйікті бастауышым!

2 – жүргізуші:

Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі