Қош бол,
бастауышым!
(Бастауыш сыныппен қоштасу
кешінің, сценарийі)
Жүргізушілер:
Фархат
Айдана
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта
басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз
жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы
ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып,
сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы
мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты
әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз
үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп
табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді.
Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан
орта буынға ұшқалы
отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір
мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір
мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты
күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз
алдыңа келеді. Өйткені, биік
асуға беттеген аяулы
ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер
өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен
қоштасып, бір жылға тағы
да есейгелі отыр. Ендеше
қызықты да, ғаламат
өзгерістер
сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан,
өмірде өз жолдарын
табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге
дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп
«Қош бол,
бастауышым!» атты
ертеңгілігімізді ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар,
ата-аналар!
2-жүргізуші: Бүгінгі
«Қош бол,
бастауышым!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік,
табыс тілей отырып тойымызды
бастауға рұқсат
етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз
жандар
Білім іздеп инемен құдық
қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді
Би билеп, ән де бүгін
шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен
әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр
төгілер
Бүгін міне, бастауышпен
қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің
түлектер!
1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді
оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған
бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.Білім нәрімен сусындап келе
жатқан мектебіміздің директоры Иманбаев Қанат Ғаріпжанұлына және
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабажаева Анар
Ахатқызына сөз
беріледі.
2 жүргізуші:
- Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін
қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып,
оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы
отырмыз.Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
)
Айару:
Қоштасу тойын
бастайық,
Ән мен биге
басайық.
Өнерімізді
көрсетіп,
Құрметіне бұл
тойдың.
Ән мен шашу
шашайық.
Айдана:
Армысың сен алтын ұя
мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп
менің.
Жүректерге жаққан білім
шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі
мектебім.
Фархат
Мектеп деген білім кені, жыр
кені,
Мектеп деген ғылымның ең
үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші
адамға
Мектеп деген даналардың
мекені.
Нұрмұхамед:
Мектебім – білім берер алтын
ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты
санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата
–анамдай,
Әрқашан қасиетті атың
маған.
Асылгүл
Арада өтсе дағы дүркіреп
жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек
бұл,
Өзіңе борыштармын өмір
бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп
біл.
Сезім:
Өтті оқу, сан
сабақ,
Бүгін үлкен
салтанат.
Оқулықпен
достасып,
Бастауышпен
қоштаспақ
Қош бол, құтты
Бастауыш!
Алғыстарым көп
менің.
Ерасыл:
Ақыл - білім,
тәрбиең,
Ой-санама
еккенің.
Есігіңді ашқан
балаңа,
Құшақ жайдың
мектебім
Бақдаулет
Мектебім – мәңгі
бапкерім
Қарызбыз саған
бәріміз
Өзіңе деген
парызды,
Ақтаймыз талай әлі
біз.
1 жүргізуші :
Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап ән
шырқайық!
2 жүргізуші:
әнімен қарсы алайық
Ән:
Слайд: «Мектептегі мерекелер».
І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз.
Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға
қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші: Дұрыс
айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы
еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын
Абайдың:
Ақырын жүріп анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой
жатыр.
1-жүргізуші: Айдында аққудай
сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр
арнаған
2-жүргізуші: Шықсын енді ортаға биші
қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың
бұралған.
Би:
1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап
бақ,
Бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда
деп,
Айтпа ғылым
сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар
өнегелерін бойымызға
сіңірдік.
2 жүргізуші:
Келесі
кезекті сөз 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға
беріледі.(оқушыларға дипломдар
тапсырылады)
1
жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен
алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп
отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол -
Сіздер.
2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз
алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі
әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ
болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең
жақын қадірлі адамдар.Ендеше ата- аналарымызға сөз кезегін
берелік.
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі
...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық
лебіздері)
2
жүргізуші:
Достар, осы бізді болашаққа не
бастайды?
1
жүргізуші: Ата- ананың
ақылы
Болашаққа деген
сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
2
жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама
мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған.
Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен
бас иеді.
Хор: Оқушылардың қоштасу
әні
1
жүргізуші: Достар, біз бастауышпен
қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен
қоштастық.
2
жүргізуші: Иә, бізді болашақта не күтіп
тұр екен? Қандай асулар бар алда?
1 жүргізуші:
Оқу білім, ізденіс жолдары.
Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
2
жүргізуші: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
І1
жүргізуші: Өтті сенде қызық
шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол
бұлғаймын
Мұғалім: Жаңбыр тамшысы
әдісі.Оқушылармен жұмыс.
Оқушылар ортаға шығып
түрлі- түсті допты таңдап
алады.Таңдаған түстері бойынша оқушыларға шляпа таратылады.Шляпаның
түсімен мұғалімге жақындап өз түсімен лента таңдап алып, тиесілі
тәттіні алады.
1 жүргізуші: Алдарыңызда
Қоштасу вальсі
2
жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей
отырып, орта буынға шығарып саламыз.
Мұғалімнің
марапаттауы
Мұғалімнің ән
шашуы
І
жүргізуші: Осымен «Қош бол, бастауышым!»
атты ертеңгілігіміз аяқталды.
2
жүргізуші: Көріп тамашалағандарыңызға
көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!