жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қош бол, даярлығым, өзіңмен өтті қызықты күнім!»
– Құрметті ата-аналар, ұстаздар,
қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық
тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен
сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы
отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу
ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге
сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым, өзіңмен өтті қызықты
күнім!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Мектепалды даярлықты бітіруші
түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық. Қарсы
алыңыздар:
Тәрбиеші:
Құрметті менің
түлектерім!
Әрқайсысың өзгешесің,
дарасың
Бүгінен бастап алыстап менен
барасың.
Білім деген теңіздің шығып
бетіне
Өріне жүзіп, тұнығына
қанасың!
Еркелікті бәрінде енді
қоясың,
Білімнің шәрбәт сусынына
тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп
талпынсаң,
Өмірде мынау толық адам
боласың
Барлығы:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)
-
Ән: Мектебім хор
1-жүргізуші: Мансур М
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман
бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз
бастағын
2-жүргізуші: Мөлдір Ақ тілекті бір ағытып тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Мектепалды даярлық тобы балаларының қоштасу кешіне қош келдіңіздер!
Ал келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік
1 -
Айша
Айтып шаттық өлеңін, Алақай дер күн
бүгін!
Басамыз алға бір қадам, Арқалап ұстаз
сенімін.
Даярлықпен қоштасып, Оқулықпен
достасып.
Үлгілі шәкірт боламыз, Дәл осылай
топтасып.
2 -
Айбар.
Қаламды ұстап
жазуды,
Сандарды қосып,
алуды
Үйретті бізге
ұстазым,
Әдепті бала
болуды.
3 -
Інжу
Үлкендердей тап -
таза,
Жазамыз бормен
тақтаға.
Үлгілі бала
боламыз,
Жүретіндей
мақтана.
4- Мансур
М
Оқимыз білім
аламыз,
Болашақ жолын
саламыз
Бір жасқа өсіп
жасымыз,
Біріншіге
барамыз
Жақсылыққа
құмармыз,
Жақсы адам боп
шығамыз
Біздер үшін
шаршаған,
Ұстазым сізге мың
алғыс!
5-Аружан
Анамыз деп сізді еркелеп біз
келдік
Қателік жасадық, көрсеттік
тентектік.
Бәрінде кешірдің, жыласақ
жұбаттың,
Бір күліп, бір жүріп біздерді
қуанттың.
Арналсын әніміз, өзіңе қымбаттым
ұстазым!
2-Ән: Ұстаз
-Ана (Альмара, Нурислам, Мөлдір,Алинур,Балнұр,
Дарын)
Тәрбиеші:
Ұлдарымыз
өнерлі
Ән де айтып
береді
Бойға жиып
жақсылық
Азамат боп
келеді.
Би: Жігіттер
(Санжар, Мансур О,Нұрбек
,Ерасыл)
Тәрбиеші:
Баланы өмірге әкеліп, бағып - қағып, өсіріп,
тәрбиелеп, жақсылығына сүйініп, жаманына күйінетін, баласы үшін
отқа да, суға да түсуге даяр тұратын әрине, ардақты ата - аналар.
Олар ең алғаш мектепке өз бөбектерін жетелеп келіп олардың
болашағына үлкен үміт күтеді. Ендеше келесі бөлімімізді ата -
аналарымызға
арнайық!
6.
Айша
Бізді осындай шаттықты күнге жеткізген ата -
анамыз. Олар біз үшін аспандағы айды әперуге даяр! Олар біз үшін
қымбатты да, аяулы жандар! Бұл ардақты жандар біздің әр қадамымызға
шаттана қарайды, әр жетістігімізге жүректері жарылардай қуанады.
Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз және де үміттерін ақтауға
бар күшімізді
саламыз.
7-Алинур
Құрметтейміз әкелерді,
ананы,
Біздер үшін қымбат ана
жанары.
Мақтанады ата - анасы
әрдайым,
Әдепті боп, жақсы оқыса
баласы
8-Ерасыл
Әке шуақ күніміз, ана жұпар
гүліміз,
Аман - есен әрдайым қасымызды
жүріңіз
Мақтанатын боласыз «менің балам
қандай»деп,
Біріншіге барғанда, озат болса
ұлыңыз.
9-Нұрай
Қос бәйтерек - әке, ана, қамқорымыз
өздерің,
Жанымызға қуат берер жылы - жылы
сөздерің.
Біздің әрбір қадамымыз жалын құйып
жаныңа,
Көп болсыншы қуанышты
кездерің.
10-
Балнұр
Өсті ой мен
санамыз,
Біздер алғыр
баламыз.
Әке, ана деп біз
енді,
Өзіміз жаза
аламыз.
3.Ән: Ата-ананы
тыңдаймыз ( Арман, Аружан, Мансур М, Нұрай,Санжар,
Ерасыл)
Тәрбиеші:
Біздерде бар
бишілер,
Көрсең жаның
сүйсінер.
Ортамызға
шықсыншы
әсем биімен бишілерімізді
шақырамыз
Би:
Жалқаубек (Мөлдір- Айбар, Інжу-Дарын,Сезім – Акежан,
Балнұр-Алинур)
Тақпақтар.
Мансур
О
Тәрбие берген
ұямыз,
Тәртіпті бала
боламыз
Қоштасып
даярлықпенен
Мектепке кетіп
барамыз
Арман.
Қуантып әрі
қинайды
Даярлықтан
кеткенім
Қажет қой бірақ
білімнің
Теңізінен
өткенім
Достарыммен бірге
боп,
Биік шыңға
жеткенім
Адам болу үшін
де
Ащы терді
төккенім.
Акежан.
Қош бол,
даярлық
Басайық алдыға қадам
нық
Есейтіп бір жасқа
өсірдің,
Біздерді мінеки адам
ғып.
Сезім.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Дайындық топты қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам
Дарын
Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
Нурислам:
Топта жүрген күндерді
Есімізге сақтаймыз,
Айжан апай еңбегін,
Бәрімізде ақтаймыз
4. Ән : Оқуда озат
боламын ( Айша,
Айбар,Сезім,Акежан,Інжу)
Тәрбиеші: Балалар, сендердің даярлықпен
қоштасып бірінші сыныпқа баратындықтарыңды естіп ортамызға білім
елінің ханшасы келіпті. Ол сендердің бірінші сыныпқа баруға
қаншалықты дайын екендіктеріңді білгісі келеді екен. (Ортаға білім
ханшайымы кіреді)
Білім
ханшайымы:
Армысыңдар, балдырғандар! Мен білім ханшайымы
боламын. Мен сендердің 1 - сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді
білгім келеді. Мен білімге құштар балаларды жақсы көремін,
жалқауларды ұнатпаймын. Түрлеріңе қарасам бәрің де білімді, ақылды,
алғыр сияқтысыңдар! Олай болса, сендердің қаншалықты білімді
екендіктеріңді сынап көргім келеді, қалай келісесіңдер
ме?
Тәрбиеші: Балалар, сендер өздеріңнің 1 - сыныпқа дайын екендіктеріңді көрсеттіңдер, олай болса бәріміз Білім қаншайымына көрініс саханалап берейік
Көрініс Портфель
сахналау.
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда
бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.
Пенал: Мансур М
Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)
Жүргізуші: Енді
әліппе келеді
Портфельді олда
көреді.
Әліппе: Альмара
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір
сүрейін
Жүргізуші:
Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға
шақырды
Пенал: Мансур.М
Кір әліппе бас
қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Жүргізуші: Жүгіріп
дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда
телміре
Дәптер:
Жазу жазар болса кім
Ерасыл Онда менде
керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық
демекпін
Жүргізуші: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел
қосты
Әліппе:
Кел дәптерім келіңіз
Альмара Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп
жүріңіз
Жүргізуші: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті
қаламдар.
Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын
естірте.
«5»-
тік: Оқушының бәрі
де
Мөлдір Мені жақсы
көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Жақсы оқитын
балалар
Нұрбек «4»-пен «5»-
ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі
болады.
Қызыл
қалам: Әрине, әрине
Нұрай
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да
ұямыз
Көк
қалам: Тәртібінен сабақтан
Інжу «4»,
«5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар
танысын
Жүргізуші: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «1» де
жетті
«2»-
лік: Портфелім мені қалдырмай
Айша
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын
үшіне
«1»-лік:
Жалқауларды жалдап алам
Санжар Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам
Жүргізуші: Сұрланып
босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1» мен «2»-
ні
Жерге
тықты
Пенал:
Сөздеріңді
жөн көретін
Мансұр М Бізді аңқау деп
едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге
жолама!
Жүргізуші: Кіргізбей «1» мен «2»-
ні
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Енлік
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін , уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі , үлгілі
Қазақстан азаматы
боламын
Ал енді оқушы бізге ағылшын тілінде ән айтып берсін
Ән: Ертегілер
Би: Қош даярлық: (Альмара, Айша,Ерасыл,Мансұр,Арман, Акежан)
Ойын
Білім ханшайымы Алғашқы сабақ
«Әйбат әліппе» деп аталады. Ал балалар мұқият тыңдап
алыңдар.
Ал сөздерді
құрайын
Алуан-алуан
әріптер
Міне ,осындай әйбәт
сөз
Қайсы әріпте көп
екен?
Кел соларды жинап
тез,
Танысайық
әріппен.
Балалар кезек-кезек
әріптерді көрсетіп ,өздерін
таныстырды. М, Е, К, Т, Е, П , А, Т, А
,Б, Л, О, Н, Ә, Ұ, Ғ, І, М.
Сөздер
құрастыру Мектеп,ата,бала,отан, әке,
мұғалім
Алтын ұя(мектеп),Балаға
әкесінің әкесі кім болады(ата),былдырлаған тілі тәтті (бала),оттан
ыстық ол (отан),мектепте баланы кім оқытады
(мұғалім)
Білім
патшайымы : -Жарайсыңдар,
балалар!өте білімді екенсіңдер
Есеп.......
Білім қаншайымы:-Жарайсыңдар ,балалар!Сендер мектепке дайын екенсіңдер.Мектепте тек 4 пен 5 ке оқыңдар.
Ән: «Біз мектепке барамыз» хор
Жалқаулықты доғарып
Енді сабақ оқыңдар
Оқу-білім ,өнерді
Сана мен ойға тоқыңдар
Білім қаншайымы-Ал балалар мен сендерге ақ жол ,сәт сапар тілеймін.
-Сау болыңдар!
Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке
біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз
ба?
Тәрбиеші: Енді ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға
әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа
сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға
дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз
ба?
Би Ойыншықтар
Ата - аналарды
құттықтау/
Ата - аналарға сөз кезегін
беру.
Мектепалды даярлық сыныбын
бітірушілерге дипломдарын беру.
Барлық бала
бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген