400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті әріптестер бұл ертеңгілік .Мектепалды даярлық сыныптарында көбінесе ата-анамен байланыс тығыз жасалып,ашық ата-ана жиналысы, балалардың білімі мен тәрбиесінің көрінісі ретінде мерекелерде ертеңгіліктер өтіп отырады. Балалар өз өнерлерін алған білімдерін ортаға салып көрсетеді . менің бұл жарияланып отырған іс-шара жас мамандарға ,тәрбиешілерге көмегі тиер деген үміттемін
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қош бол, даярлық»

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді даярлықпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Қыркүйекте алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

1 Жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп даярлықпен қоштасқалы отыр. Олай болса 0д тобының «қош бол,даярлық»атты қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

0 д даярлық тобын ортамызға.

1Ұлан :

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.

Бүгін біз даярлықпен қоштасып,

үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызда.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Даярлықпен қоштасу тойымызға.


2Марғұлан :

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне даярлықпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.


Ұлан :

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Марғұлан:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

1 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.


ХОР . «Біз мектепке барамыз»

Алдарыңыздағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден,
тобын қимай барады — дей отырып ортаға балаларды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз


1бала

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Дайындық топты қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін


Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам


2 бала

Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
Ол біздің апайымыз


Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам


3 бала:

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біз мектепке барамыз


Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам


4бала :

Біз балауса баламыз
Жетілді ой - санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.


Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам


5бала

Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.


Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам



Барлығы;

Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам.


:Ән «Жақсы көрем»

Би КӨБЕЛЕК

: «Портфель» көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс «Портфель»
Портфелдің суреті салынған үйшік тұрады…..
Тәрбиеші:

Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа.

Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Тук,тук,тук
Кіруіме бола ма?
Әлде біреу тұра ма,
Әрине, ешкім тұрмайды,
Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды…
Іңкәр: (пенал:

Пай,пай,пай
Түсім бе,әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын

Тук,тук,тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұра
тының білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(ішіне кіріп кетеді)

Тәрбиеші:

Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.

Іңкәр.Е (әліппе):

Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Тәрбиеші:

Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды


ІІңкәр.Т:(пенал):

Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.

Тәрбиеші:

Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды ол да телміре

Ельнура(дәптер):

Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

Сая апай:

Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты

Іңкәр.Е (әліппе):

Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз

Тәрбиеші:

Түрлендірген бір- бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі- түсті қаламдар.

Пайда болды «4»- ік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.


Алдияр (5-тік):

Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.

Альдаир (4-тік)

Жақсы оқитын балалар
«4»- пен «5»-ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.

Ерхан: (қызыл қалам):
Әрине,әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз

Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын

Тәрбиеші:

Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»-лікте келіп жетті

Нұрхан(2-лік):

Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіңе

Тәрбиеші:

Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «2»-ні
Жерге тықты

Іңкәр(пенал):

Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деппедің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз-ақ күн көретін.

Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен «5»
Кетіңдер, бізге жолама!

Тәрбиеші:

Кіргізбей екіні
Сарт етіп есік жабылды.
Оқушы екен иесі,
Міне, өзі табылды.
(оқушы қыз жүгіріп шығады)

Айару(оқушы қыз):
Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін,уәде айтып.

Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматшасы боламын
Тәрбиеші:

Оқушы қарап түсінді,
Портфелінің мән жайын.
Кішірейіп бала қолыңды,
Жүгіруге тұр дап дайын.


Осы кезде «Әріптер ханшайымы» кіреді
Ханшайым:- Сәлеметсіздер ме? балалар, мен әріптер ханшайымымын . Мектепте мен сендердің достарың боламын.
Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.
1- тапсырма. Кім жақсы санамақ айтып бере алады?

2-ші тапсырма: Ал, енді маған кім қандай мақал-мәтел  айтып бере алады?.


3-тапсырма:  Ал, сендер маған жұмбақтар жасырыңыздаршы, мен шешуін тауып көрейін.
              
 
4- тапсырма?  Енді мен сендерге бір есеп – жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер.
             
 
        Мұз айдында жеті бала,
                 Асыр сап жүр сырғанап.
                Сырғанамай екі бала,
                Жағалауда тұр қарап,
                Енді осы барлық баланың
                Санын айтсаңдар жарадыңдар.

Балалар:  Тоғыз
Тақтаға 1 бала шығып есеп құрастырады           7+2=9

Енді маған кім кері және тура санап береді?
ә.х: Өте жақсы балалар,енді « Кім білгір» ойыны арқылы сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр.        
 ә.х:Алдымен ойынның шартын түсіндірейін. Балаларға  сұрақ   қою  арқылы жылдам  толық  жауап  алу.
1.Сөйлем дегеніміз не?2.Дауысты дыбыс дегенімізне?дауыссыз дыбыс?

Ә.х:: Балалар сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.Мен сендердің келешектегі достарыңмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға шақырайық.(Математика, әліппе,  дәптер, күнделік кіреді).

Әліппе:        Менің атым әліппе,
           Мені анаңдай дәріпте.
                    Мені оқып, ержеткен,
                    Бауыржан да, Мәлік те.



Математика:
 
    Біздің келер шамамыз,
                    Бестен үшті аламыз.
                    Төртті бөліп екіге,
                    Жауабын тез табамыз.


Дәптер:       Ел құрметтеп бағалар,
      Досың бар ол тазалық.
                     Кел, дәптерге балалар,
                     Тап-таза етіп жазалық.



Күнделік:    Жазулы менде әр күнің,
     Бар мінезің, тәртібің.
                    Дос болайық, жарқыным,
                    Жолдасымсың сен менің.
 

Би. «Нәзіктік»орындайтын бишілер тобы

 

Жүргізуші:Біздіңде ата-аналарымызға алғысымыз шексіз
ән «мектебім»

би «ойыншықтар»

Тәрбиеші: Біздің  балалардың  апайларына  арналған   алғыс,  ақ  тілектері  бар:.
Жүргізуші :    Тәрбие берген ұямыз,
                  Тәртіпті бала боламыз,
                  Қоштасып әдіскер апаймен,
                  Біріншіге барамыз.
                  Айнагүл апайға мың алғыс..!

 Жүргізуші:  :  Ән салдырып билеткен,
                 Ылғи бізбен жүреді.
                 Тақпақтарды үйретіп,
                 Ойнатады, күледі.

Әсем апайға мың алғыс!

Жүргізуші: Бізді зерттеп әркезде,

Түрлі сұрақ қояды.
                Жалқаулар да тентек те,
                 Сол апайға көнеді.
                 Мақпал апайға мың алғыс

Марғұлан: Қош  даярлық ,  сәт  сапар,
                  Бақытты  бәрің  болыңдар.
                  Жақсы  оқып  сабақты,
                  Кілең  бестік  алыңдар.


  Ұлан :Бірге  ойнап, бірге  жүрген
                  Күндерімізді  қимаймыз.
                  Естелік  болсын  біздерден,
                 Қоштасу биін билейміз.


     Тәрбиешілермен қоштасу биі           


Бәріміздің ақылшымыз,панамыз.
Ақыл сұрап,тірек болар саямыз
Айнагүл апай шағын орталық тірегі
Қошеметтеп,қол соғып,қарсы аламыз
Ендігі сөз кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін шағын орталық әдіскері сөз береміз.
(грамота балаларға, ата аналарға, медаль тарту етіледі)


Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата аналарға береміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі