Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош бол жайдарлы жаз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош бол жайдарлы жаз!"
Материалдың қысқаша нұсқасы


32 «Ботақан» балабақшасы













«Қош бол жайдарлы жаз!»



(Ересек және ортаңғы топ)











Музыка жетекшісі: Үсенова Ж


Мерзімі: 19.08.2016ж.

Тақырыбы: «Қош бол жайдарлы жаз!»
Мақсаты: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту 
Сурет бойынша жаз айының мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:
Білімділік: Жаз мезгілі,жазғы ойындар,жазғы табиғат,жазғы еңбек жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Балалардың қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертеңгілік. 
Қолданылған әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік, әңгіме құрау. 
Көрнекіліктері: «Таңғажайып алаңы» ойыны,,суреттер,мұз, бояу,стек,сүлгі.
карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.
Шаттық шеңбер:
Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай? 
Дала қандай?
-
Ал ағаштар ше?
-
Ауа қандай?
-
Терезеге не түсіп тұр бар?
Жаз қандай болады? (ыстық, Демалады .Шомылады ,Күнге күйеді)
көңілді,т.б
Жазда бау-бақшада не өседі? 
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы
Жылдың төрт мезгілібар: …, …, …, … . 
Бір жылда … ай бар.
Жаз айлары: …, …, … .
Ең ыстық жыл мезгілі: … .
Қазір жаздың алғашқы айы
Иә білемін айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді.
Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз.Саябаққа ,орманға саяхаттаймыз. 
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Бұл жылдың қай мезгілі?
Жазда қандай өзгерістер болады?
Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?
Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жаз айлары жайлы біз не білеміз?.
Ойын тапсырмалар
Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді
Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар!
1.Тіл дамыту опталығы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Ойын «Таңғажайып алаңы» 
Жаз 
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді.Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді.. 
Жаз- мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сулу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір-түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады.
Жазда (жайқалады)
Шыбық:
– Таңы-нәрлі, күні-жайлы, кеші-жылы.
– Гүл жарып таңда да, күнде де, түнде де «күледі».
– Күзден күдік алмай, қыста өлім құшарын «білмейді».
– Бойы «бір қарысқа» өседі…
Жазда не ексең-күзде соны орасың 

Маусым мағыналы болсын,
Шілденің шырайы кірсін,
Тамыз тамылжып тұрсын

Күн де ысып,шөп пісіп, 
Ел пішенін орады. 
Бұл қай кезде болады?(жаз) 
Жайқалып жапырақ, 
Құлпырып қызғалдақ. 
Тұратын көз тартып, 
Жаз келді күн шуақты.
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді.

Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ойын шартын түсіндіру.
. Төрт ойыншыға сегіз тапсырма

Тапсырма бойынша әңгінің жоспарын құру.
1-тапсырма: «Жыл мезгілі мен ауа-райы»
Суретте қандай жыл мезгілі берілген?
Сен оны қайдан білдің?
2
-тапсырма: «Жазға табиғат көрінісі»
Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің.
3
-тапсырма: «Жаз айлары» 

4
-тапсырма: «Жазғы еңбек, демалыс» 
Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?
«Жаздың шуақты күні.
.1. «Қызықты тапсырма.»
2 «Ойланып көр.»
3 «Жұмбақ шеш» 

4 «Тақпақ айт»
жаз туралы тақпақ оқу.
Бұл қай мезгіл?
Білім беру саласы: қоршаған орта.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру
Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Ағаштарды зерттеу.
Өнер орталығы:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері
Мақсаты: Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша жаз мезгілін суреттейді.
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді. 
Сергіту сәті 
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады. 
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік? 
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!
Жаз мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Жазғы демалыс қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)

Ән: «Көңілді күн»





















32 «Ботақан» балабақшасы













«Жаз аруы»





(Ересек және ортаңғы топ)










Музыка жетекшісі: Майлағанова А.Қ.




Тараз қаласы 2016

Мерзімі: 28.07.2016ж.

Тақырыбы: «Жаз аруы»

Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Жаз аруы!» атты мерекемізге қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Мамыр айы – үлкен мерекелер айы. Жаздың шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісіне беріледі.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығып таныстырады.
1 - аруымыз: Құсайын Гүлназ – Ерсайын Айдар.
2 - аруымыз:
3 - аруымыз:
4 - аруымыз:
5 - аруымыз: 
6 - аруымыз: 
Вальс: Ару қыздарымыздың орындауында.
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші:
Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
оны қазың бағалар – деп,
әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.
1. Өздерінің реттік санын алу.
2. Өздерін таныстыру.
3. Сұрақ - жауап.
4. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
5. «Анамның сүйікті асы».
6. Сән үлгісін көрсету.
Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата - салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І кезең. Реттік сандарын алу.
Ән: «Үкілі кәмшат»
ІІ кезең.
Бүлдіршін арулар келді танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Ән: «Қуыршақ»

ІІІ кезең.
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.

1. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?
2. Ана - туралы тақпақ білесіңдер ме?
3. Анаң сені үйде не деп еркелетеді?
4. Қандай мақал - мәтелдерді білесің?
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
6. Төрт түлік малды ата?

Би: «Жігіттер»

ІҮ кезең.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:
1 - аруымыз: ән: «Балалық шақ»
2 - аруымыз: «Үнді халқының биі»
3 - аруымыз: Көркем сөз: «Отан»
4 - аруымыз: Ән: «Анашым»
5 - аруымыз: би: «Қамажай»
6 - аруымыз: – «Өзбек биі»

Би: «Көңілді күн»
V. кезең. «Анамның сүйікті асы».
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?

(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).


VІ. кезең. Сән үлгісін көрсету.
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)
Жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

3. Қорытынды сөз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Мақтап, мадақтап, сыйлық беру.




































32 «Ботақан» балабақшасы








«Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»




(Ересек және ортаңғы топ)










Музыка жетекшісі: Майлағанова А.Қ





Тараз қаласы 2016




Мерзімі: 30.08.2016ж.

Тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»

Мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.

Білімділік: Балаларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті,СД-диск

І. Ой қозғау. Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады)

ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні) 1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні) Конституция туралы не білесіңдер?

ІV. Түсінік беру: «Санаға сапар» Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9бөлімнен, 98баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру 1 – бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 – бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.

27 – бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы балалар білімін саралау)

VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Би: «Қасиетті домбыра»

Ән: «Қазақстан - Отаным»
























32 «Ботақан» балабақшасы













Shape1


(Ересек, ортаңғы топтар)











Музыка жетекшісі: Майлаганова А.К.








Тараз 2016

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2018
3255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12