Материалдар / Қош бол шағын орталық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дүниетанымын кеңейту, ақыл ойын дамыту, оқу, білімге деген қызығушылығын арттыру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
617
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Қош бол, шағын орталығым»
Мақсаты: Балалардың дүниетанымын кеңейту, ақыл ойын дамыту, оқу, білімге деген қызығушылығын арттыру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Түрі :  Ертеңгілік
Қатысушы балалар : орта топ балалары
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ   БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!
   Құрметті ата-аналар , ұстаздар бүгінгі біздің «Қош бол, шағын орталығым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Залға балалар шармен,  музыка әуенімен кіреді.
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
                 Жақсы адам боп шығамыз.
                 Таза сәби жүректен ,
                  Қабылдаңыз мың алғыс!
ІІ. Негізгі кезең:
1.Меңтәй : Құрметті қонақтар армысыздар 
                   Бәріңізде есен- аман бармысыздар?
                   Таусылмайтын ағытып ой арманың 
                   Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын .
2.Жасұлан:    Ақ тілекті ағытып бір тастайық
                  Қоштасатын кешімізді біз тастайық 
                  Жүздерінен көркем шаттық арайлы 
                  Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                  Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
                  Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
                  Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
                  Бір ата , бір ананың тірегіміз,
                  Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
                  Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.
                  Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құттықтау сөз мектеп директорының орынбасары  Тоққожина Айнұрға беріледі. 
       Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, 
                  Алты жасқа жеттіңдер.
                  Барасыңдар мектепке, 
                  Бір белестен өттіңдер.
                  Өсті ақыл ойларың ,
                  Қуанышы бүгінгі ,
                  Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар ,  шағын орталық  қызметкерлері, қонақтар! Бүгінгі біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Қанекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп қол соғайық.
 Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып, би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 
Ән: « Ел қорғауға әзірміз» Орындайтындар:Іңкәр , Томирис
Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар ,
                  Мектепке кетіп барады.
                  Тақпақ айтып бір-бірден ,
                  Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.
3.Әлібек : Балабақша, балабақша,
                       Шаңырағы шаттықтың .
                       Балабақша қорғанышы,
                       Балғын сәби жастықтың. 
                       Қуанамыз сыйлаймыз,
                       Қуаныштың мың гүлін .
                       Бақшамызбен қимай біз, 
                       Қоштасатын күн бүгін.
4. Б. Аружан: Балабақша есігін
                       Үшке тола ашқанбыз
                        Едік аппақ нәресте 
                        Көп-көп бөбек көргенде 
                        Жұбанғаным есімде
5.Аружан : Ботақаным бөбек деп 
                Еркелеткен ұл қызын 
                Анамызды ерекше 
                Қуантатын күн бүгін..
7.Нұрсұлтан: Оқимыз білім аламыз
                          Болашақ жолын саламыз
                          Бақшаменен қоштасып
                          Біріншіге барамыз
Көрініс. Ортаға Білгішбек келеді. 
Білгішбек: Балалар сәлеметпе! Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын , менің достарым боласыңдар. Бізді алда көп биік асулар күтіп тұр,келісесіңдерме?
Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді. 
Жалқаубек: Ой мұнда не болып жатыр, кеттік  балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр. 
Тәрбиеші: Ау,Жалқаубек, сенің бұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой, қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?
Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,апаларымыз,әжелеріміз оқиды.Басымызды ауыртпаймыз.
Тәрбиеші: Қой ,Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін  шағын орталықпен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап шағын орталыққа  келмей жүргенде, біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Қане отыршы көресің.
Олай болса менде ойын жалғастырғым келіп тұр. «Иә,иә», «Жоқ,жоқ,» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең бестік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылда бала боламыз ба?
5.Нан жимін деп жылаймызб а?
6.Ертеңгісін тұрамызб а?
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.Екі алғанда жылаймыз ба?
10.Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек: Ой балалар апаларың да , мамаларың да шаршайды ғой, бармаңдар мектепке. Не керек?
Тәрбиеші: Олай болса ата-аналармен де «Иә,иә», «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3.Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.Сен оқыт, мен оқыт  шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.Бала үшін асулардан асасыз ба?
Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан,фишкамнан,добымнан да қызық ойын екен ғой. Менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар! Күзде мектепте кездесейік!
Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет. Жалқаубекті дұрыс жолға салдың.
Рахмет көп-көп
Балаларымызды көңілді 
Шақырамыз ортаға 
Тойымызға сән беріп 
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік.
Би «Қара жорға». 
Тәрбиеші: Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
                  1. Оқып білім алу үшін.
                  2. Еліме еңбек ету үшін.
                  3. Білімді азамат болу үшін.
                  4. Ер жетіп отанымды қорғау үшін.
      Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек » деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған. Мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар. 
Тәрбиеші: Бүгін қызық бүгін той.
                  Біздер үшін біліп қой
                  Ән де салып би билеп
                  Жалғастырсын ойды ой- деп кезекті әнге береміз. 
Ән «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Бірге болсын ойымыз
                  Құтты болсын тойымыз
                  Балдырғандар тамаша
                  Би билейді тамаша.
Би «Калинка». 
Тәрбиеші:Бүгін міне қоштасады бал бұлақ
                  Әні менен жырына тыңдармандар сал құлақ
                  Кеше сәби , міне бүгін жас ұлан.
                  Лаулап жансын болашағың шамшырақ-дей келе кезекті балалардың «Балабақша» әніне береміз.
ІІІ. Қорытынды:
    Сыйлықтар беру, марапаттау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!