Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«Қош, сүйікті
Әліппем!»
Әліппемен қоштасу
ертеңгілігі. Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға
салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі
басқаруға үйрету. Көрнекіліктер:Слайдтар, әліппе, ана
тілі.
Барысы:
Көрініс:Атасы немересін жетектеп
келеді. Автор: Жеті жасар
баласын, Жетпісте шал
жетектеп. Келе жатыр
көшеде, «Қайда әлгі
мектеп»-деп. Жетпіс келед
жүгіріп.
Ата:
Әли Балам,балам,
жақсы бол, Міне,сенің
мектебің. Сабағыңа зейін
сал Ақылды бол
тентегім.
Немере:
Дамир Қыркүйекте
келдім де Сыныпқа кірдім
қуанып, Қарсы алды
ұстаз мейіріммен Қадамымды құп
алып.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар!
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы
«Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – «Әліппені»
бітіру кешіне хош келіпсіздер.Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім
өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен
«Ракмет, саған Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері 1 «А»
сынып оқушыларына қол соғып, қошемет
көрсетейік.
Мұғалім:Балалар, мен сендерге бір
сұрақ қояйын....
Іші толған
әріпке,
Білімдегі жарық
не?
Оқушылар:Ол сүйікті
Әліппе!
Мұғалім:Олай болса, бәрімізге ең
қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
1-жүргізуші:Айбол
Армысыз «Әліппе» ортаға салар
білім-өнеріміз жетерлік, олай болса жақсылап жайғасып, келесі өлең
шумақтарын қабыл алыңыздар.
Әліппеге арналған
тақпақтар:
Бекмурат:
Әліппем менің
Әліппем, Сені қолға алып
мен. Есігін аштым
мектептің, Ертеңгі сәуле
жарықпен.
Нұрасыл:
Бар кітапқа бас
болған Әліппе - ғылым
анасы. Әліппеден
басталған Даналықтың
данасы.
Қаракөз:
Келгенде алғаш
мектепке, Білмеуші едік
әріпте, Оқимыз қазір
ертекте, Үйреткен оны
Әліппе!
Мирас:
Ең алғаш алғанымда
Әліппені
Қызығып қарай бердім
әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып
қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып
берді.
Айсұлтан:
Таныстырған 42
әріппен
Қош бол, менің қасиетті
әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза
аламын.
Сауатты адам санатына
кіргенім.
Кәмшат:
Білім
деген-ғажаптың
Әліппесін
меңгерген.
Келешегі
қазақтың
Басталады
біздерден.
Аружан:
«Әліппе» даңғыл жол
ашты,
Жаңадан пәндер
жалғасты.
«Әліппе» сырын
ұқтырған,
Рақмет, ұстаз
алғашқы.
2-жүргізуші:Сапаралы
Каусар
Әліппеге арналған бұл өлең
шумақтары керемет екен. Бірақ, біз бүгін тек біліміміз бен
өнерімізді ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар ойын ойнап көңіл
көтереміз!
1-жүргізуші:Айбол
Иә, дұрыс айтасың _______________________,
біз бүгін түрлі ойын дайындаған едік. Олай болса, сол
ойындарымыздың бірін
ойнайық?!
Вордвелл:
2-жүргізуші:Сапаралы
Каусар
Ойын ойнап біраз сергіп қалсақ, сыныбымыздың
дайындаған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:Айбол
Қане бері
қарайық, Зейін қойып
тыңдайық Әріптермен
танысу Тақпақтардан
бастайық.
Ендігі кезекті осы әріптерге
берейік.
2-жүргізуші:Сапаралы
Каусар Енді ортаға әріптерді
шақырайық. «ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері
шығатындай ( О,Т,А,Н, Ә,Л,І,П,П,Е әріптер таққан
оқушылар шығып тақпақ
оқиды.)
Сатыбалды
Алдияр: Оспан да өлең
жаттады, Олжас та өлең
жаттады. Мына менен
басталған Екеуінің
аттары.
Ерубай
Әмина: Торғай, торғай,
торғайсың Таяу келіп
қонғайсың. Жем шашайын тойып
ал, Сонда аязға
тоңбайсың.
Біз бүгін шексіз
қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені
бітірдік.
1-жүргізуші:Айбол
Иә, біз бүгін бір белестен
астық. Белестен асуға көмектескен ұстаздарымызға өлең жолдарын
арнаған, достарымызды тамашаласақ?!
Мамай
Әлинұр:
Келгенімде
алдыңа,
Қызыл арай гүл
алып.
Жақын тарттың
өзіңе
Шәкіртім деп
қуанып.
Алтынай:
Сипадың да
басымнан,
Әліппені
ұсындың.
Бақытымның
осыдан
басталғанын
түсіндім.
2-жүргізуші:Сапаралы
Каусар
Мен енді өзім оқып, өзім жаза
аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін
ұстазыма көп рахмет!
1-жүргізуші:Айбол
Біз көп нәрсені – кітап оқуды,
өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма
көп рахмет!
Әліппе:Жанторе
Менің сендермен
қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар!
Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын.
Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі
кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында
келші!
Ана
тілі:Абдулазиз
Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Балалар,енді бұрынғыдан да көп
оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге
үйренесіңдер.
Әліппе:Жанторе
Әр сөзімді
жаттаған,
Балалар үшін
мақтанам.
Рахмет айтып,
шаттанам,
Риза болып
аттанам.
Оқумен өсіп
толыңдар,
Аман есен
болыңдар!
2-жүргізуші:Сапаралы
Каусар
Ән:«Рахмет саған, Әліппе!»
Тамерлан
https://youtu.be/_RhN_r7KJh0
Мұғалім:
Ой ұшқырлығына құрылған
есептер: 1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы
2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта
отырмайды және
ұшпайды.) 2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында
одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?
(Үйеңкіде алма
өспейді) 3. Тақта алдында 3 бала
тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай
қалай шетке тұрғызуға
болады? 4. Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы
бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1
қыз) 6. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың
аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (
1 тауық, 2 бұзау) 7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5
ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2
адам)
Мұғалім:
250 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз