Материалдар / Қош бол сүйікті әліппем
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қош бол сүйікті әліппем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу . Ана тілі оқулығымен таныстыру , өзін-өзі басқаруға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2024
82
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар. Бүгінгі қуанышты күн «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді: Қош келдіңіздер.

Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз сол белестің бірінен астық. Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да, қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!


Оқушы: Құттықтау сөзін жатқа айтады

Мұғалім: Мерекеміз болып жатыр, ал құрметті қонағымыз көрінбейді

-Кім екен?

- Әліппе

Ал, қанеки, балалар, әліппені ортаға шақырайық

Бәрі: Әліппе, әліппе,біз сені күтіп тұрмыз

  • Әліппе

Әліппе:

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

- Армысыңдар жасдостар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққажолбастар,
Әліппең келдіортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Балалар, сендер мені оқып тауыстындар. Енді менімен қоштасып, мына «Ана тілі»оқулығымен достасасыңдар.Оны да жақсы оқыңдар. Сабақтарынды жақсы оқып, ата аталарыңды, ұстаздарынды қуанышқа бөлей беріңдер.


Әліппе:

Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?




  1. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әріптермен.


2 Құрметті стаздар мен ата аналар

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл қыздарын көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар,


3 Қош бол, құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің


4 : Ең алғаш қолға алған Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді


5 : Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем,

Сеніңарқан оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім


6 Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе


7 : Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.


8 Таныстырар әріппен

Мынау кітап Әліппен

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?


9 А ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.


10 Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші


11 Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде ? Түсінші


12 А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты

Б- деген ол- балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.


13 Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


14 : Іші толы әріпке

Мынау-әйбат Әліппе

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?


15 Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


16 Жақсы кітап -Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық


17 : Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де

Атың, затың, түрінде.


18 : Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

19 : Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз,

Ата ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп міне шықты балаңыз.


20 Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды


Мұғалім : Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен дей келесі кезекте

Хор «Әліппе».


Мұғалім : Жақсы кітап -Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық-дей келе келесі кезекті әнге береміз Ильяс Аяулым қызымыздың орындауында Үйретеді әні


II-бөлім

Мұғалім : Балалар, міне төрт айдай оқып, үйреніп білім алып келеміз. Бүгін сол не үйрендіңдер, не білетіндеріңді ортаға саламыз, яғни білім шыңына саяхат жасаймыз. Біз әліппеден әріп тани ғана қоймай, санауды да білеміз. Ендеше балалар қазір«Кім жүйрік»ойынын ойнайық ,Алдымызда сиқырлы сандық тұр соның ішінен бір сұрақты алып есепті шығара қоямыз

1есеп: Табақта 6 алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?(8)`

2 есеп: Көлден ұшты . қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді? (5)


3 есеп: 42 жауынгер

Сапын түзеп тұрады

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терен ұғады

Бұл не? (Алфавит)


  1. Біздің елбасымыз кім?(Қасым Жомарт Тоқаев)
    2. Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді) 
    3. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан) 
    5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран) 
    6.
    Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды? (1 қыркүйек) 
    7. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
    8. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42) 

9. Қазып жүр құмды 5 мысық 
3-і жатыр күн ыстық 
2-і жүр шомылып 
Барлығы қанша санап шық?(
10)

13.Біраптаданешекүн бар? Ата (7 күнДүйсенбі, Сейсенбі,

Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі) 

14.Адамның дене мүшелерін ата.(бас,мойын,қол,кеуде,іш,арқа,аяқ)

Мұғалім

-Жарайсындар, балалар, сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындадық. Әр бала өзінің алғырлығымен, білімдерімен алтын кілтті тауып алды,енді сиқырлы сандықты ашайық(Сандық ішінен кітап шықты.)

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы

Дегендей білім арқылы биік шыңға шығамыз.

-Балалар,әліппеден алған білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін,өз тілімізді сүюге,қадірлеуге үйрететін кітап – «Ана тілін» ортаға шақырайық.

Ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі оқулығы болады.



Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің – арың бұл –

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек мені таза ұстап,ынта қойып оқыңдар.Менің бір ерекшелігім – қазақ тілінменімен қатар оқитын боласыңдар.

Мұғалім : Төрлетіңіз Ана тілі


Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе-дей келе келесі кезегіміз әнге береміз Қалмұханбет Айарудың орындауында Оқып біліп үйренеміз әні қабыл алыңыздар



Әліппе:

Бүлдіршіндер,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Енді сендермен қоштасатын да уақыт келіп жетті.Көп рақмет,сендерге.

Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарыңестеболсын,

Күнделіктеріңбескетолсын!

«Анатілі» оқулығын таза ұстап,жақсыоқыңдар.Сауболыңдар!



Барлығы:

«Қош бол сүйікті әліппе »


Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі:

Рахмет саған ата-ана!

Мұғалім: Ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр екенсіздер . Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты.

Енді,мен сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер. 



-Балаңыздың аты кім? 
-Балаңыздың досы кім?
 
-Балаңыз қандай?
 
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
 
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
 


Ата-аналарға қойылатын сұрақтар: (жүрекшелердің артына жасырылған сұрақтар. Ата -аналар таңдап алады.)


1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 


2. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)


3.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
 


4. Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?(Қырықаяқ)
5. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарайжүріп жатыр?(Электровоздың түтіні болмайды)

6.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?(Сіздің есіміңіз)

7. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?( 1)

8. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш



Мұғалім.

Рахмет құрметті ата аналар.

Балаларыңыз, әліппеден алған білімдерін болашақта толықтырып, армандарына жетсін.


Жиналған қауым таң қалсын,

Ән- бимен шашу шашылсын.

Мың бұралған бишілер.

Әнімен,биіменен кешті жалғасын.

Айарудың орындауында Ән « Бала тілегі»





Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
 
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
 
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!