400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, сүйікті Әліппем!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге де мұғалімге де керекті материал.Оқушылардың жалпы әріпті меңгеріп болған соң сол білімдерін бақылау мақсатында олар арасында ашық тәрбиелік сағат өткеріліп, жыл бойы алған білімдері сыналады.Әліппемен қоштасу мерекесі 3 бөлімнен тұрады,бірінші балалар оқулықтан алған білімдерін жатқа айтады.Екінші балалар өз өнерлерін ортада көрсетеді.Үшінші бөлімде ата аналармен біргелікті түрлі тақырыпта ойын өткеріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тіл ашар» мерекесінің бағдарламасы:

0-сынып оқушылары

Сынып жетекші-Қанатова Бағила

1-бастаушы-Медет.

Ассалаумағалейкүм қымбатты ата-аналар,ұстаздар бүгінгі мерекенің басты себепшілері менің сыныптас достарым ,мереке қатысушылары.

2-бастаушы-Ақгүл

Армысыздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті-Әліппем!» мерекесіне –хош келдіңіздер!

1-бастаушы-Медет.

Альфавиттің А-тұрады басында,

Әрқашанда Ә-тұрады қасында.

Байқадыңба?Б-тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде? Түсінші.

2-бастаушы-Ақгүл ия білемін

«А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә»деген ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

1-бастаушы-Медет.

Ал ,балалар бүгінгі мерекенің басты кейіпкері –«Әліппе» досымызды ортаға шақырайық.

Хормен: «Әліппе»

«Әліппе»-Қалнұр

Армысыздар жас достар, Таудай болса талабың

Армысыздар ата-ана. Айтары көп әріптің

Болашаққа жол бастап, Қуанышы баланың,

«Әліппең» келді ортаға. Қуанышы халықтың.

Білім деген ғажаптың, Жақсы білім көрімдік,

Әліппесін меңгерген Болсын сізге халайық

Келешегі қазақтың Не үйреніп, не білдік,

Басталады сендерден. Қане ортаға салайық.

-Сәлеметсіңдерме менің сүйікті достарым, барлығыңды «Әліппемен қоштасу» мерекесімен құттықтаймын.Сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер,енді сендердің алған білімдеріңді сынап көретінде уақыт жетті.Қане, ықылас қоя тыңдаңдар мен жекелеген сөздерді айтамын, сендер құрастырыңдар!

Ана, Отан, Мектеп, Бала.

-Дұрыс балалар, бұл тек жазып қана қоятын емес әрқашан құрмет тұтатын сөздерің.



2-бастаушы-Ақгүл

-ия Әліппе сенен достарың көп нәрсе үйренгенге ұқсайды.

1-бастаушы-Медет.

-Ендеше әріптерді түгелдеп алайықшы.

Дауыстылар қайдасыңда Хормен- мұндамыз

2-бастаушы-Ақгүл

Дауыстылар қайдасыңдар...

Ақгүл- Дауыссыздар қайдасыңдар...

Медет-Айыру белгісі мен жеңішкелік белгісі қайда

Ақгүл – Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар

Медет- Сөздер сырын ашайық

Ал сонымен әріптер

Шежірені бастайық

«А»-ға сөзді тастайық

«А»- Айғаным.

Аялаймын анамды,

Ардақтаймын апамдя.

Асыл тұтып атамды,

Алайын мен батамды.

Ертең - ақ өсіп кетермін,

Арманыма асыққан

Адаспай-ақ жетермін

«О»-Асхат

Оңдаймын деп орындықты, Жұмыртқа бұл өтімді,

Олжас қолға балға алды. Балапан болып жетілді.

Шегелерді қағып, мықты, Көздің нұрын жаулайды,

Өз ісіне ырза болды «О» әрпінен аумайды.

«Ы»- Айгерім

Ынтымақ пен ырысты,

Үй жинамақ тындырып.

Сөредегі ыдысты,

Алды байқамай сындырып.

«У»-Мейіржан

Уықтарды алдырып, Орманда қалар жұтап тал,

Шаңырақты түсіріп. Қурайды кейбір алаңы.

Керегені жайдырып, Жапырақсыз бұтақтар,

Уәли көшті жайлауға. «У»ға ұқсап қалады.

«Ұ»- Аружан.

Ұя салып Құр, Құтан,

Жалғастырмақ ұрпағын.

Ұялмастан тұр көкек,

Бояп жаман тырнағын.

«М»-Медет.

Мойынына моншақ іліп ап,

Мысық жатыр пырылдап.

Маңына маса келіп қап,

Мазасын алды ызылдап.

«Н»- Әмина.

Найзасын алып қолына,

Назар батыр қатулы.

Намыстан бермей жауына,

Найзағайдай атылды.

«Ә»-Рамазан.

Әлди-әлди шырағым,

Қасымдағы құрағым.

Әжең айтқан тілекті,

Естіп өссін құлағың.

«Қ»-Жібек.

Қоян ерте оянып,

Тұрғызбақ болды шаянды.

Екеуі бірге қосылып,

Үйренбек тартып баянды.

«Ц»- Асхат.

Цирк келіп ауылға,

Балаларды қуантып.

Билет сатып алуға,

Жібердім менде Қуатты.

«Ү»- Ақниет.

Үйімде бар үйректер,

Ауламды күндіз шарлайтын.

Орманда бар үкілер,

Жемін түнде аулайтын.

«Э»-Мұхтар.

Экскаватор жүргізіп,

Жерді қаздың жаңалап.

Элеватор қосқызып,

Өңдедік бидай тазалап.

«Ю»-Ақниет.

Юбкасын сатып алынған,

Аюға қоян қимапты.

Оюлап өрнек салынған,

Кілем әкеп сыйлапты.

«Т»-Еркебұлан.

Тауық теріп тезекті,

Тасбақаны көрмепті.

Тышқан өткен жерлерді,

Бұл не қылған із депті.

«С»-Фариза.

Сағат пенен сөмкені,

Сауысқанға сыйласын.

Ерте тұрсын ерінбей,

Сабағынан қалмасын.

«Ү»-Абылайхан.

Үйімде бар үйректер,

Ауламды күндіз шарлайтын.

Орманда бар үкілер,

Жемін түнде аулайтын .

«Ф»-Гүлниса.

Футбол ойнап балалар,

Тебісіп допты қуалап.

Үлгілі болып басқаға,

Кіргізді допты қақпаға.

«Х»-Асхат.

Хат жазуды балапан,

Үйреніпті жаңадан.

Хабар алып, қуанды,

Дос таптым,- деп қаладан.

«Г»-Айгерім.

Гүл өсірсең бағыңда,

Тұрсын көздің жауын ап.

Бүршік жарған шағында,

Үзе көрме жұлып ап.

«Ө»-Мұхтар.

Өлең айтып балалар,

Өзен бойын шарлады.

Өрмекшіні көріп қап,

Өрнегіне таң қалды.

«Р»-Ақгүл.

Радионың құлағын,

Ерте тұрып бұрағын.

Хабарын ал , құлақ тос,

Содан кейін жолың бос.

«Л»-Фариза.

Лашын шықса биікке,

Лағыл тастай түйіліп.

Лағын ерткен киікке,

Лезде ұмтылар шүйіліп.

«Ң»-Мейіржан.

Қоңыр күзде мұңайып,

Қаңбақ ұшып домалар.

Қыс келді деп қуанып,

Шаңғы тепті балалар.

«К»-Жібек.

Көрінеді көп көбелек,

Көл бетінде көлбеңдеп .

Кестеленген қанатын,

Кербез қағады көргін деп.

«П»-Еркебұлан.

Партада жатқан кітапты,

Піл парақтап қарапты.

Кітаптан алған білімі,

Пайдасына жарапты.

«Ш»-Мейірімхан.


Шегіртке түнде шырылдап,

Шыбын күндіз ызылдап.

Шаршамайды екен деп,

Шырмауық жатыр тың-тыңдап.

«З»-Әмина.

Зауза қоңыз зырылдап,

Тобын жиды ызыңдап.

Зебір көріп оларды,

Зәре-құты қалмады..

«Щ»-Рамазан.

Щётка деген ғажап-ақ,

Щётканы әжем мақтайды.

Щёткамен тіс тазалап,

Щёткамен үй ақтайды.

«И»-Гүлниса.

Инесінен айрылып,

Инелік отыр қайғырып.

Ит иіскелеп, тауып ап,

Иесіне берді қайтарып.

«Ғ»-Мейрімхан

Ғылымда із қалдырар,

Ғибраты ғажайып.

Ғаламдағы ғаламдар,

Кетпесе екен азайып.

«Ж»-Аружан.

Жаз келді жадырап,

Орман қайта жаңарды.

Жидек теріп жапалақ,

Көңіл күйі оңалды.

«Д»-Абылайхан.

Дос қадірін білмеген,

Доссыз жалғыз қалады.

Досы үшін күймеген,

Дұшпанынан налады.

«Б»- Айғаным.

Бізге оқу үйреткен,

Бар уақыты бірге өткен.

Әліппе досқа рахмет,

Қош бол, құтты - Әліппем.

Қалнұр рахмет «Әліппе»

Медет- Ал балалар бүгінгі мерекемізге «Балдырған» деген досымыз келіп отыр екен.

Ақгүл-Ендеше балалар «Балдырғанды» шақырайық.(Хормен Балдырған)

Балдырған- Мейіржан.

Рахмет балалар мені таниды екенсіңдер ғой. Сендердің мерекелеріңді есітіп асығып келдім.Өздеріңе журналымды ала келдім.

Оқи жаза алатын балалар барма?

(хормен ия оқи аламыз, жазамыз).

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

«Біз жақсы оқимыз»

«Біз Отанымызды сүйеміз!»

деген үш сөзді қане кімдер жазады.

2-бастаушы-Ақгүл

Енді мына сссөздерді оқып берген оқушы өз ата-анасына тарту етеді.

-Ата-анамызға рахмет

Сізге денсаулық тілеймін.

Бақытты болыңыз!

Балдырған- Мейіржан.

Рахмет балалар!Әліппенің арқасында жақсы оқып үйреніпсіңдер!

Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Дөңгелекке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (О)

Жер өлшейтін саржан

Белін буып алған (А)

Екі тіреу басқыш біреу

Бұл қай әріп? (Н)

Дөңгелек пе, шеңбер ме

Мұны соққан ұста ма ,әлде зергер ме? (О)

Бір қарасаң егіншінің орағы

Жарты айға да ұқсап кейде қалады ( С )

Орындыққа қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (h)

2-бастаушы-Ақгүл

Қане , балалар біз жұмбақты шешіп алдық .Енді мақал-мәтел айтатын балалар бар ма?

Мұхтар, Ақниет, Асхат, Қалнұр.

1-бастаушы-Медет.

Енді достар математиканы ортаға шақырып алған білімдерімізді сынап көрейік.

Хормен: Математика-Асхат

Үш алма сал табаққа,

Біреуін бер Талапқа ,

Біреуін бер Таңатқа ,

Нешеуі қалды табақта? Ж:1

Үш аю , бір арыстан

Бір қоян , бір мәлім бар,

Бір қасқыр мен бір түлкі

Таба алмасаң бол күлкі! Ж:9

Бір-бірімен жарысқан ,

Үш аю, бір арыстан.

Үш қоян ,бір түлкі бар,

Бәрі нешеу табыңдар! Ж; 8

Дұрыс балалар жақсы шеше білдіңдер.

Балдырған- Мейіржан.

Балалар Әліппемен, математикадан басқа тағы қандай пән өттіңдер?

Айналамыздағы әлем.

-Бұл пән нені үйретеді?

Туған жерді ,ауыл, ауданды, өлкемізді үйретеді?

1-бастаушы-Медет.

Біздің мекен- жайымыз:

Өзбекстан Республикасы

Науайы уәлаяты

Тамды ауданы,

Жаңа-шаруа ауылы

Мектебіміз: 7 жалпы орта білім беретін мектеп.

Балдырған- Мейіржан.

Тағы да қандай пән оқыдыңдар?

Әдеп

-Бұл пән нені үйретеді?

2-бастаушы-Ақгүл

Әдептілікті, сәлемдесуді, ізет-құрметті, Отанды сүюді, туған жерді қорғауға үйретеді.

1-бастаушы-Медет.

-Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйреткен кім?

-Мектеп, мұғалім, Әліппе, ата-ана .

2-бастаушы-Ақгүл

-Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

«Әліппе»-Қалнұр

Сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер, енді сендерге әрі қарай білім беретін мына Ана тілі мен қазақ тілі болады.

Хормен: Хош келдің -Ана тілі, Хош келдің- Қазақ тілі!

Ана тілі-Айғаным

-Балалар енді мені де оқитын боласыңдар. Мен сендерге қызықты әңгімелер айтып беремін.Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер!

Хормен; Жақсы оқимыз-Анатілі.

Қазақ тілі-Амина

-Ал мен сендерді сауатты жазуға үйретемін, мені де ынталы оқыңдар.

Жақсы оқимыз-Қазақ тілі.

Хор: Мұғалім ол-біздің

Мұғалім:Балалар сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық:(хормен)

Бізге ақылшы данаға ,

Рахмет ата-анаға!

Жібек.

Қош бол, құтты Әліппе

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

1-бастаушы-Медет.

-Балалар келер жылғы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған Қызғалдаққа Әліппе оқулығын құрметпен тапсырайық.

«Әліппе»-Қалнұр

-Ал мен енді кетейін, рахмет балалар «Қош сау» болыңдар!

Қош бол- Әліппе!


Қанатты сөздер:

«Қош бол, сүйікті -Әліппем!»


«Қош бол, құтты -Әліппем!»


«Әліппеге-көп рахмет»


«Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы»


Қанатова Бағила Елсуерқызы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі