Материалдар / Қош бол сүйікті балабақшам!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол сүйікті балабақшам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен қоштасу кеші. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мейірімді өнерлі болуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Тамыз 2022
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұлдыз болып жанамыз»

балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Кейіпкерлер: Фиксиктер Нолик.Симка

Бала дауысы: Тыңдаңыздар- тыңдаңыздар !

Жанады жұлдыздар,

Аспан әлемінде жұлдыздар жарқырайды

Бұл жұлдыздар көздің жауын алады.

Жүргізуші: Әрине әр жарқырап тұрған жұлдыз ерекше болып көрінеді.

Жұлдыз бұл- сәттіліктің белгісі,

Жұлдыз бұл-білім мен өнердің белгісі,

Жұлдыз бұл-қуаныш, шаттықтың белгісі,

Жұлдыздай жарқыраңдар жайнаңдар көкке қалықтап ұша беріңдер. Бұл балапан жұлдыз біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз 2021 жылдың түлектері.

(Балалар билеп ортаға шығады)

Барлығы:                                  

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Жұлдыз болып жанамыз .

Жүргізуші:

Бүгін, міне, қоштасады бақша менен балбұлақ, Әні менен жырына тыңдарманым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ,

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Ұядан ұшпақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің әкелер мен аналарым.

Құрметті  ата-аналар, қонақтар, ұстаздар.

Бүгін  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына тшығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан   4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Әрине, бұл да  үлкен  той,  тойларыңыз  құтты  болсын!

Балаларға  «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын» -дей отырып, «Әр бала  бір  жұлдыз»  атты  ертеңгілігіміздер. «Балбұлақ» бала-

бақшасының 2022 жылғы түлектерін қарсалыңыздар!

Түлектерді хабарлау

1-Ақылды да айбарлы ұлымыз----------------------------------------

мен Ақжарқын ашық мінез қызымыз ------------------------------

2-Сымбатты да байсалды ұлымыз------------------------------------

мен Инабатты да ибалы қызымыз------------------------------------

3-Салмақты да сабырлы ұлымыз---------------------------------------

мен ақкөңіл ашық жүзді қызымыз------------------------------------

4-Басқан ізін аңдап басатын сабырлы ұлымыз-----------------------

мен көрікті де көркем қызымыз ----------------------------------------

5- Ақылмен іс тындырған, нағыз нар жігіт---------------------------

мен өте нәзік салмақты қызымыз-------------------------------------

6-Салмақты сабырлы ұлымыз-------------------------------------------

әрбір сөзі саламқты биязы қызымыз ----------------------------------

7- Өте зерек, өте жылдам ұлымыз ------------------------------------

пен биязы мейірімді қызымыз -----------------------------------------

8-Әрбір сөзі салмақты ұлымыз-----------------------------------------

мен , ақыл толы сөзіне, анші қызымыз ------------------------------

9- Үлгі етеміз әлі біз, жақсы оқушы болады-------------------------

пен салмақты сабырлы қызымыз--------------------------------------

10- Белсенді ақылды қызымыз -----------------------------------------

Жүргізуші:

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.


Ән: «Біз мектепке барамыз»

Жүргізуші:

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!


Балалар тақпақтарын айтады:

1- бала:

Ботақаным бөбегім деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз

2-бала:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз

3-бала:

Қоштасуға арналады

Бүгінгі жыр әніміз,

Біз оқушы боламыз,

Оқып білім аламыз.


Ұл мен Қыз ортаға шығады:

Ұл: …………….сен білесің бе біздің алғашқы балабақшаға келген уақытымызды?

Қыз : Иә, …………. білемін кіп кішкентай едік қой

Ұл: Сол кезді есіме алғым келіп тұр

Сәбилер кіреді.

Тақпақтарын айтады

1- бүлдіршін:

Бір бақшада бірге өстік,

Көп жақсыны үйрендік.

Шығарып сап мектепке

Құттықтауға біз келдік.

2- бүлдіршін

Амал қанша бұл анық

Қоштасатын кез келді

Ойыншықтар мұңайып

Іздейтін болды-ау сіздерді.

3- бүлдіршін

Сабақты тек 5 ке оқыңыздар!

4 - бүлдіршін

Балабақшамызды ұмытпаңыздар!

Ән: «Балабақша»

Бала:

Балабақшам, бесігім

Бөбектерге берейін

Қабыл алшы ойыншықты                                               

Сіздерге сыйлап кетейін

Сылық сыйлап балалардың қолдарынан ұстап шығарып салады.


...……….: Сонда біз бүгіннен кейін балабақшаға келмейміз бе?

…………: Бала бақшамызды, бір-бірімізді сағынамыз ғой!

...……….: Қалайша қоштасамыз?


Тәрбиеші:

Әр біріңді бөле-жармай сүюші ек,

Өздеріңді біз де сағынып жүреміз.

Енді сіздерге сәтті сапар тілейміз.

………………: Мұнда талай қызықты күндер өткіздік. Ойнадық, биледік, ән салдық...

……………: Қоштасу қандай қиын?! Бір-бірімізді ұмытпау үшін не істесек екен?

Тәрбиеші: Мекен-жайларыңды жаттап алып хат жазысып тұруға болады ғой?

……………: Бірақ біз әлі тез жаза алмаймыз. Хат жазуды үйренгенше сағынысып қаламыз ғой!?

Тәрбиеші: Онда ұялы телефонмен хабарласып тұрыңдар...

………….: Ұялы телефон жоғалып немесе номері ауысып кетуі мүмкін ғой?

Тәрбиеші: Шынымды айтсам, тағы қандай ақыл қосарымды білмей тұрмын?

………….: Тапты! Интернет желісінде сайт ашайық!

Бәрі: Ол қалай сонда?

………….: Үлкендерде «Одноклассники» деген сайт бар ғой! Сол сияқты біз де «Бүлдіршін» нүкте –kz деген сайт ашып қойсақ бәріміз бір уақытта интернет бойынша кездесіп, тіпті жүздесе аламыз. Балабақшадағы бал күндерімізді еске түсіреміз, бір-біріміздің жаңалығымызды біліп отырамыз.

………….: Табылған ақыл! Онда алдымен сүйікті балабақшамызға

ән арнайық!

Ән: “Балабақшам менің” вокал тобы

Ойын: «Тез ойла,сөз ойла» ұлдармен

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка

тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз

айтады. Және сонымен қатар сандарда болады , сандардың

екінші бетіндегі тапсырмаларды орындайды.

(қыздар шығып кету)

Жүргізуші:

Қыздарымыз өнерлі,

Шақырамыз  ортаға

Тамсандырып  көп  елді,

Би билесін баршаға

Ортаға тобымыздың биші қызарын шақырамыз.

Би: “Әсем ару»

Бала:

Талай-талай баспалдықты аттармыз 

Ата-ананын үмітін де ақтармыз 

Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды 

Есімізде өмір бойы сақтаймыз 

ән: “Тәрбиеші”

(Музыка қосылып фиксикитер Нолик и Симка жүгіріп кіреді.)

Нолик: Сәлеметсіздер ме балалар?

Симка: Балалар біз қайда келдік?

Балалар: -балабақшаға

Нолик: Сендер не тойлап жатырсыңдар?

Балалар:-бізде бүгін қоштасу кеші болып жатыр.

Симка: Сонда сендер мектепке кетейін деп жатырсыңдарма?

Балалар:-ия

Нолик: Балалар енді біз сендерді қатты сағынатын болдық

Симка:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!