400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Балалаық шағың-патшалық тақ»

Жүргізуші: Төрежан

Толқимыз, толқып тұрсыздар баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Жүргізуші:Айару

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Балдырған бүлдіршін түлектерді- деп мектепалды даярлық тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.( Осы кезде балалар музыка әуенімен келіп, жарты шеңберге тұрады.

«Вальс»

Сәлемдесу «Үш тілде»

Ортаға Төрежанмен Айару шығады. Төрежанның көңіл күйі жоқ.)

Айару: - Диас неге бүгін сенің көңіл күйің жоқ?

Төрежан :- Сен білесіңбе Айару ? Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. Балабақшаны және де апайларымды қимай тұрмын.

Айару:- Ия шынымен. Сенің есіңдеме балабақшаға алғаш рет келгеніміз? Қандай болып едік? Мен білсем сен алғаш келгенде сенде памперс болған.

Төрежан:- Қойшы, шынба? Ал менің есімде сен алғаш балабақша табалдырығын аттаған кезде сенің аузыңда емізік болатын.

Айару:- Тыныш ешкім естіп қоймасын.

Төрежан қарашы бүгін біздің күніміз емеспе. Қонақтарымыз жиналып қалыпты. Қанекей ертеңгілігімізді бастайық.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! Тәрбиеші апайлар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған біздің топтың түлектері.

Айару :- Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене сәби болып келген балаларыңыз алдарыңызда. Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. «Балалық шағың-патшалық тағың » атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Төрежан

Алты жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз- енді сөз кезегін ауыл әкімі Қожахмет ағайға береміз.













Құрметті қонақтар, армысыздар

Бәріңізде есен- сау бармысыздар,

Таусылмастай ағытып ой –арманның,

Ал достарым қысылмастан сөйлегін.

Диас:-

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайың

Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

-Енді тобымыздың балабақшаға арналған өлең, жырларын тыңдаңыздар.

Муслим:

Өтті қызық, көп күндер

Алты жасқа жеттік біз

Барамыз біз мектепке

Бір белестен өттік біз

Өсті ақыл ойымыз

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

Аңсаған:

Балабақшам- байтағым

Күліп –ойнап қайтамын.

Ән саламын, би- билеп

Тақпақтыда айтамын.

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық , көп білдік

Ел мен отан жайында.

Ерасыл:

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғыңдар,

Ер жетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын

Хор: «Тәрбиеші-Мұғалім»

(Осыдан кейін Бүлдірген кіреді. Ататынын атып, шарларды жарып, гүлдерді шашып бәрін бүлдіреді.)

Тәрбиеші:- Сенің есімің кім?

Бүлдірген:- Бүлдіргенмін

Тәрбиеші:- А, Бүлдірген, сен қайдан тап болдың, бізге. Ту шырқымызды бұздың- ау. Мына балаларға сен жаман әдеттеріңді көрсетуге келдің бе? Бұл балалар өте тәртіпті, өйткені бұлар балабақшада өте жақсы тәрбиеленген. Сондықтан бұлар мектепке барады. Бүлдірген:- -А, мектепке барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Кім сендерді мектепке жібереді екен. Мен оған қарсымын. Мынау не?

Тәрбиеші:- Бұл қоңырау. Былай сыңғырлап сабаққа шақырады, сабақ біткен кезде тағы сыңғырлайды үзіліс болады!

Бүлдірген:- Алақай, үзіліс кезінде күліп- ойнап, жүріп бұзық болуға болады.

Менің атым Бүлдірген.

Айналамды бүлдіргем

Ата менен әжемді

Қыран –топан күлдіргем

Сендерді де бүлдіріп,

Қыран- топан күлдірем

Тәрбиеші:- бұл Бүлдірген сендерді де бұзық болуға шақырып тұрғо. Қой олай болмайды.

Әсем: -Апай, қорықпаңыз, біздің өміріміз әлі алда. Мектепке барамыз, жақсы оқимыз, бір- бір мандықтың иесі боламыз. Бүлдірген, сіз ондай үгіт жүргізгенше, біздің өнерлерімізді тамашалаңыз.

Әсем:

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

Райхан:

Балабақшам бесігім

Тағы бір той жасайық!

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық!

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны ерекше

Балабақшамен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше.

Мерейім:

Үлкендердей тап- таза,

Жазамыз бор мен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Бақша біздің панамыз.

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан.

Оқып білім аламыз.

Мәнсүр:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жазып,

Оқып жазып үйрендік,

Сүйген өз қыз, өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Балабақшам өз үйім

Апай болды анамдай.

Хор: «Бақытты балалық»

Диас:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі бала боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғаймыз.



Бақдәулет:

Күллі әлемді шарлаймыз

Ғарышқа да самғаймыз

О, жараңдар, жараңдар

Қане мұнда қараңдар- деп ортаға бишілерді шақырамыз.

Би: «Жалқаубек»

Бүлдірген:- Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Енді мен сендерге сыйлық берейін. Сыйлықты жақсы көресіңдер ме? Тәрбиеші апайы мына орындыққа отырыңыз. Орындығыңызға әдемі гүл жабыстырып қойдым.

Тәрбиеші:- а-а-а-ай. Мынау не?

Бүлдірген:- Скотч! Әдемі жабыстыма, ха-ха-ха. Балалар қызық болды ма? Сендерге де берейін бе? Мектепке мұғалім апайларының орындығына қойыңдар. Ұнайма. Онда тағы сыйлығым бар. (қалтасынан үлкен рогатка алып шығады) Атып жіберсең терезе тас –талқан болады, біреудің көзін дәлдеп кеп атсаң, көзі көрмей қалады.

- Әй ішегім, қандай қызық болады, ха-ха-ха.

Тәрбиеші:-Бүлдірген, қойыңыз енді, біз балаларды сыпайы, мейірімді, ұқыпты бол, ата- анаңды тыңда, үлкенге көмек көрсетіп, кішіге қамқоршы бол деп үйретіп, тәрбиелеп отырсақ, сен не деп тұрсың. Көзін ағыз, апайыңа скотч жабыстыр дегенің не сөз, ұят емеспе?

Бүлдірген:- Мен оған қуанамын, рахаттанамын.

Тәрбиеші:- балалар, мына Бүлдіргеннен тездетіп құтылуымыз керек. Ол үшін біз сиқырлы ойын ойнауымыз тура келіп тұр. Ойынның аты: Сиқырлы жауап «ия, ия», «жоқ, жоқ» деген. Мен сұрақтар қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер. Әр сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, Бүлдіргеннен тез құтыламыз.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Жеке ән: «Ана тілі» (Аңсаған, Муслим, Мансүр, Гүлназ, Мерейім)

Тәрбиеші: -балалар бізге мектептен «Бастауыш- сыныбының ұстазы келіп отыр.

  • Ұстаз, біздің балабақшадан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің сыныбыңа өткелі отырған бүлдіршіндерім, бүгін міне ақыл- ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болуға дайын.

«Бастауыш- сыныбының ұстазы:- е-е , уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Осы балабақшадан менің сыныбыма өтетін балғындарға өте ризамын. Десек те, сен білесің, менің сыныбыма өту оңай емес. Менің сыныбыма өнерлі, білімді, шығармашыл балаларды қабылдаймын.

Тәрбиеші:- Балалар қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

«Бастауыш- сыныбының ұстазы: - Олай болса балалар, мен сендердің балабақшадан алған білімдеріңді тексеріп көрейін солайма? Қызықты математика оқу іс- әрекеті бойынша түрлі есептер берейін.

  1. Атам, әжем, аға мен інім және мен, анам және енесі, енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп, жеңешем кірді майысып. Неше адам болдық? (10 адам)

  2. Дүкеннен анам төртбұрышты екі доп әкелді. Біреуін ініме бердім, нешеуі қалды? (Төртбұрышты доп болмайды)

  3. –Енді 1-ден 20 ға дейін тура және кері санап беріңдер?

Сауат ашу оқу іс –әрекеті бойынша сұрақтар:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Мына сөздерді оқып беріңдер?

Хор: «Біз мектепке барамыз»

Ислам:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз,

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз.

Гүлназ:

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып

Біз мектепке барамыз.

Мейірлан:

Өтті міне, қызық шағым,

Балабақшам- балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Бекзат:

Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді

Енді ертіп келмеймін.

Би: «Испан биі» (Бақдәулет, Райхан, Мерейім, Муслим)

«Бастауыш» сыныбының ұстазы: ортаға шығады. Бұйрық оқиды:-2015 жыл. №12 балабақшасының мектепалды даярлық тобының балғындары бастауыш сыныбына қабылдансын! Қабылданбас бұрын ант берілсін!

Ант:

Райхан:- Балабақшадағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға!

Аңсаған:-Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға!

Мерейім:-Бастауыш сыныпта оқитын басқа пәндерден қорықпауға!

Әсем:- балабақша атынан кір келтірмеуге!

Хормен: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

«Бастауыш» сыныбының ұстазы:- Ант қабылданды.

Жеке ән: «Үйренеміз» (Диас, Әсем, Бақдәулет, Райхан)

Тәрбиеші:- құрметті тәрбиеші апайлар балғын бүлдіршіндер, өздерін тәрбиелеп, мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір- бір шумақ өлең жолдарымен білдіргілері келіп тұрған сияқты.

Аңсаған:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Бала жаны бағбаны,

Меңгеруші апайға,

Риза ата-анада,

Көп әйгілі атағы,

Ұмытпаймыз апайды.

Гүлсім Тілеулесқызына

Айтамыз біз мың алғыс.

Бекзат:

Біздің апай Света

Маманы оның әдіскер.

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Мақтан етем әрдайым,

Аман болшы апатай.

Ерасыл:

Психолог Сания апайға

Алғыс айтып барамыз

Қабыл алып гүлімізді,

Әдемі болып жүріңіз

.Әсем:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз,

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді.

Ақтоты, Ардақ апайларға

Қарыздармыз бәріміз.

Гүлназ:

Еңбек еткен еңселі

Сырты менен ішіне.

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген Сұңқар дүкеннен.

Қоймашы Райхан апайға мың алғыс!

Муслим:

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай,

Күнде болған әбігер,

Қамқоршымыз дәрігер

Раушан апайға мың алғыс.

Мерейім:

Томпиған тәтті бауырсақ.

Самса, палау, бешбармақ

Бізге арнап пісірген

Люда, Гуля, Көркем

Апайларға мың алғыс.

Бақдәулет:

Аппақ қылған төсекті

Қыртысы мен жыртығын

Үтіктеп, әрдайым тіккен

Баян, Бақыт апайларға

Айтамыз біз мың алғыс.

Диас:

Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,

Үлкен болып қиындықты жеңеміз.

Сіздердің біздер үшін сіңірген

«Еңбектеріңіз еш болмайды» деп сенеміз.

Салима, Ғайни,Жарқынай , Тәттігүл апайларға мың алғыс!

Райхан:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қате бассақ кешірген,

Райса,Сәнімгүл,

Халима апайларға

Айтамыз біз мың алғыс.

Би: «Вальс»

Диас:

Күндіз түні ойладыңыз бала қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын

Басқарып басшы болып осы ұжымды

Баршаның аялаған алақының-дей келе, балабақшаның меңгерушісі Гүлсім Тілеулесқызына және де осы балабақшаның әдіскері Света Жайшылыққызына сөз берейік.

Бақдәулет: -Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------)


Диас:- Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршіндер сіздерге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз. Енді бізге өзіміздің апайларымыз жақсы тілектер айтса, жылы лебіздерін білдірсе дейміз.

Тәрбиеші:

Алуға терең білімді,

Мектепке енді кеттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Сәтті болсын жолдарың

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім,

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып бір жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған.

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік.

Ата – аналар!
Балаларыңыздың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.


Хор: «Қош бол, балабақшамКері қайту




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі