Қош бол, сүйікті балабақшам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош бол, сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балалардың балабақшада болған кездегі қызықты күндерін еске салу арқылы, осы жылдар ішінде жиған тәрбиесін, үйренген білімін ашып көрсету. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.



1-тәрбиеші: Армысыздар, қонақтар, ата – ана, ұстаз!

Оқусыз өмірдің еш мәні болмас.

Бақшамыздан талпынып қақты қанат,

Бес жаста тәрбие алған әдепті жас.

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Түлектерім жақсы оқушы болғалы тұр.

Мектеп - өмір есігін ашпақ, міне,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

2 тәр:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Балдырған, бүлдіршіндерді ортамызға.


Таныстыру:

  1. Топтың ол беделі

Сөзге шешен, шебері

Шақырамыз ортаға

Орлов Евгенийді

  1. Ақылы мен әдемі

Үнемі көңілді жүреді

Алдарыңызға шақырамын

Галимзиянова Жасминді

  1. Сызылған мінезі

Жай басып жүреді.

Шығады ортаға

Рустамқызы Камила

  1. Ерткетайы бақшаның

Көкке қанат самғаған

Келеді бермен ортаға

Артем дейтін балапан

  1. Көп сөзді ол білмейді

Жаймен ғана сөйлейді.

Алдыңызға кеп қалды

Райхан атты қызымыз.

  1. Балапаным, бөбегім

Былдырлаған тілдерің

Алдарыңа келіп тұр

Жанерке, Назеркедей өренің

  1. Балдай тәтті тіліңнен

Сыңғырлаған үніңнен

Міне, келді алдыңа

Сабина атты бөбегің.

  1. Аз сөйлеп, көп білген

Міне, келді ортаға

Арлан дайын балаңыз.

  1. Биікке ұш, шарықта

Қарап қалма, жасыма,

Келді міне, алдыңа

Тамерлан атты балаң да.

  1. Екі тілді меңгерген

Бәрін біліп үйренген

Балабақша түлегі

Яна шығып келеді.

  1. Би де билеп, ән де салып беретін

Каролина қызымыз

Міне, ортаға келіп тұр.

  1. Суретті де салатын

Әнде айтып беретін

Руслан шықты ортаға.

  1. Қайсарлы күшті қуатты

Жігіттердің сұлтаны

Қол соғып қарсы алайық

Ғариполла Ерсұлтанды

  1. Әріп танып, санап үйреткен

Бақшасына мың рахмет

Айтқалы отыр балаңыз

Каткариев Альберт

  1. Келіп отыр, мінекей

Бақшаменен қоштасуға

Көп сөйлеуді білмейтін

Шишкова Ярослава.

1 –тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі бүлдіршін ертеңгі елдің тірегі. Ертеңіміз сәулелі болсын десек – осы бүлдіршіндерімізге ақ жол, сәт – сапар тілейік.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін ортаға «Приурал мектеп-балабақша кешенінің» директоры Канатбаева Гүлнар Кенжеалыевнаны шақырамыз.

2 – тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

Міне балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Балабақша қабырғасында өткізген қызықты күндеріңіз туралы не айтасыңдар?

Ән: «Достық»

Жасмин:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мен мектепке барамын,

Балабақшам, қош енді.

Би де билеп ән салып,

Серуенге де біз барып,

Аң – таң болып тамсанып

Ертегілер тыңдадық.

Женя:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып – жазып үйрендік.

Дәріні ойлап тапқан кім?

Ап – ащы екен мұны ұқтық,

Қорықпайтын сырқаттан

Шымыр болып шынықтық.


Тамерлан: Тәрбие берген ұямен

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Мектепке енді барамыз

Яна

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында.

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында.


Ән: «Қазақ елі» Бурова Каролина мен Иконникова Анжелика


Арлан:

Үлкендердей тап –таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана


Камила:

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегің

Туған Отан қуансын


Ерсұлтан:

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Альберт:

Балабақшам қош енді ,

Әркез аман бол деймін

Әкем менене шешемді

Ертіп енді келмеймін


Каролина:

Помните, как раньше мы – крошки и малышки,

Не умели, натянуть на себя штанишки.

По утрам без пап и мам – палакали рыдали

И промокшие носы вы нам вытерали

Дни за днями прходили

Было трудно и легко

Вы всему нас научили

И теперь мы О – ГО – ГО!


Хор: «Балабақша үйретеді»

Жанерке:

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Би биледім,ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толып жан-жағым

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап талғамым,

Көп нәрсені ұғындым.

С Артем:

Добрый сад наш скоро знаем,

Мы шагнем за твой порог

Счастья радости желаем

Всем кто нам рости помог.

Назерке:Бақшадағы күндерді

              Есімізде сақтаймыз.

              Тәрбиеші еңбегін

               Есімізде сақтаймыз

              Бақшамызды ұмытпай,

              Келіп-кетіп тұрайық.

               Сондай кезде апайлар,

               Қалады ғой қуанып.

Руслан:

Я сегодня проснулся раньше,

Глажу рубашку, чищу батинки..

Я сегодня гораздо старше

И уже не играю в машинки

Раздаю я шары и букеты

Воспитателям, лучим друзям

Для девченок припас я конфеты

А стишок подарю всем гостям.


Сабина        Сүйген өз қыз,өз ұлын

                     Бөбегім деп аянбай

                     Балабақшам өз үйім,

                     Апай болды анамдай.

Райхан:

Бес жасқада толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-анамды,

Мектепке кетіп барамыз.


Ән: «Ардақты мұғалім»

1–тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Зерек бала» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсындар.

Ойын: «Сандар әлемі»

Ән: «Сәлем, мектеп»

2- тәр:

Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сиқырлы балалықпен

Танысып мектеп деген әлемменен

Достасамын білім мен даналықпен дей отырып, «Еркетай» кіші тобы бүлдіршіндерінің өздеріңізге деген лебізін қабыл алыңыздар.


1-тәрбиеші:

Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын.

«Қоштасу вальсімен»


2-тәр:

Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

Баршаңызға рахмет айтар балалар

Балабақша көркі болсын әрқашан

Кейінгі бүлдіршін балалар.

Назерке:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Тәрбиеші апайға

Ырза шеше, әке де

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі-бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Гүлнара Кенжыалиевнаға мың алғыс!


Евгений:

Чтобы деток верно воспитать,

Необходимо много знать.

Знать нужно психологию и знать физиологию.

Быть такой в педагогике,

Но главное, чтоб методистом быть,

Детишек надобно любить!

Сандуғаш Сапиоллиевна спасибо вам!

Жанерке:

Жазу жазып үйреткен

Әріпті де оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен,

Жақсы болсақ қуанған

Тентек болсақ кешірген.

Аягүл Ерғалиқызы

Сандуғаш Сапиоллақызы

Сіздерге мың алғыс!


Евгений:

Спасибо нежно говорим

Мы воспитателям своим,

Еще признаемся мы вам

Похожы вы на наших мам.

Аягүл Асуовна

Аягоз Нурлановна спасибо вам!


Ән:«Біз мектепке барамыз»


Яна:

Им снадобий тайны открыты

Отваров сложейниши секрет

От грипа искуство защиты

Надежней которого нет

Ушиб или ранку любую

Сумеют они излечить

Прививку поставят такую

Чтобы детям здоровыми быть

Лариса Ивановна, Наталя Сергеевна спасибо вам!


Женя:

Кто пришел детсад с утра

Это наши повора

Каша к зватраку готова, каше сварена ура!

Кто сворил душистый суп, и гарнир из разных круп

Кто нам булочки испек или яблочный пирок

Трудятся с шести утра дорогие повора

Взрослые и детвора вам спасибо говорят

От души блогодарят.

За борьщи, котлеты, кашу

Ценим мы работу вашу.


Жасмин:

Хорошее слово помощник

Игрушки поможет собрать

Поможет ребятам раздется

Тихонько уложит в кровать

С зорки ясной до темна, в нашем садике она.

Кто обед нам принесет и посуду приберет.

Нашей группы нету краше чисто и светло вокруг

Наши няни спасибо вам!


Камила:

Балабақша ішінде

Тазалықты сақтаған

Анамыздай екінші

Еркелеткен баптаған

Валентина Николаевна спасибо вам.


Арлан:

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақтөсекке жатқызған

Нина Владимировнаға мың алғыс!


1-тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

1 – бала: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Барлығы: Бақшамызға мың алғыс!

2 – бала: Бабын тауып сәбидің,

Еркетайын әр үйдің

Өсірген ұл – қыздарын

Барлығы: Тәрбиешіге мың алғыс!

2-тәрбиеші:

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Қоштасуға арналған

Әнімізді қабыл алыңыз.

Ән: «Прощай детский сад.»



Балалар балабақша ұжымына гүл тапсырады. Құттықтау сөз кезегі балабақша әдіскері Жумаева Сандуғаш Сапиоллақызына беріледі.



2-Тәрбиеші:

Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!


1-тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, қонақтар! Осымен балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!

















«Приурал мектеп – балабақша кешені» КММ











Shape1


Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті балабақшам!»












Өткізген: «Жасөркен» ортаңғы

тобының тәрбиешілері













2015-2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі