жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қош бол, сүйікті балабақшам! атты балабқшамен қоштасуға арналған іс-шара
«Қош бол, сүйікті балабақшам!»
Ешжанова Маржангул Калдыбековна
Жүргізуші:Толқимыз,толқып тұрсыз,баршаңыз да,
Мұндай күй болған,сірә,қаншаңызда?!
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық,
Бүлдіршін түлектерді ортамызға!
Балалар ортаға саппен кіреді.
Армысыздар,қымбатты ата-аналар,аяулы ұстаздар және «.....балабақшаның» бітіруші балғындары.Келесі оқу жылынан бастап сендер мектеп табалдырығын аттайсындар,онда көптеген жаңа достар табасыңдар,көптеген жаңа кітаптармен танысып,білімдеріңді шыңдайсыңдар.Балалар сендерді бүгінгі мерекелік ертеңгіліктеріңмен құттықтау үшін «..... Балабақшасының» меңгерушісі ................сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:Балалар, бугін сендердің мерекелеріңе аналарың мен әкелерің келіп отыр.Сондықтан,балабақшадан алған тәлім-тәрбиемізді жоғары деңгейде көрсетейік.
«Жалқаубек» әнімен Білгішпек пен Жалқаубек кіреді.
Білгішбек:Сәлем, менің достарым!Сендер мектепке барғалы жатырсыңдар ма?
Мен де сендер секілді әріптерді танып,сандарды жаттап алғым келеді.Ал менің жалқау досым Жалқаубек олай жасағысы келмейді.
Жалқаубек:Достар кітап оқп отырғанша далада доп тепкен жақсы емес пе?Ой,барлығы сен секілді білімді ,тәртіпті екен гой?Мен сендермен дос болайыншы?
Бірінші бала:Жалқаубек мен мсаған өзімнің кітаптарымды сыйға берейін,оқып, біліміңді арттыр.
Жалқаубек: Білгішбек досым,жүр,маған керемет сыйлық берілді,барып,бірге уйренейік.Рахмет!!!
Жургізуші:Өлең жаттап келеміз,
Биде билеп береміз.
Гүл сыйлаймыз бәріміз
Айтқаныңа көнеміз.
Бақшағада барамыз
Кітап сатып аламыз
Қосылып ән саламыз.
1-ші,2-ші,3-ші бала
1 бала: «А»-деген-ол аналар ғой ардақты,
2бала: «Ә»-деген-ол әкелкер ғой салмақты
3бала: «Б» -деген –ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де келеді.
Барлық бала
Жақсылыққа кұмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза,сәби жүрекпен
Қабылдаңыз мың алғыс.
Жүргізуші:Балалардың бақшасында бүгін той
Балаларда қуанышты күн бүгін
Тақпақ айтып,кезектесіп бір-бірлеп,
Кел,Қосылып ән шырқайық би-билеп.
4-ші,5-ші,6-ші бала
4-ші бала: Балабақша,балабақша,
Шаңырағы қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
5-ші бала:Үшке тола ашқанбыз,
Болдық әппақ нәресте.
Көп-көп бөбек көргенде,
Жұбанғаным есімде.
6-ші бала: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұгарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
Жургізуші:Ойна-ойна бөбегім,
Асыр салып алаңда,
Өлеңдетіп келемін,
Мен бөлініп қалам ба?!
Қызым,ұлым-қызығым,
Қызығыңа тоймаймын,
Жырдың киіп жүзігін,
Өздеріңмен ойнаймын.
Қылықты қызымыз........................ның «Оқуда озат боламын» әнін қабыл алыңыздыр.
Жүргізуші:Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің.
7-ші,8-ші,9-ші бала
7-ші бала:Ботақаным,бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне,бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз!
8-ші бала.Балабақша-базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар,шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
9-ші бала.Оқимыз,білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Балабақшамен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Жүргізуші:Жақсылыққа,бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен,дос,бауыр,
Болмасын еш тосқауыл
Ақпыз,Қара,Сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Жургізуші:............... тобының ән шашуын қабыл алыңыздар. «Тәрбиеші ән ұраны» хор.
Жүргізуші:Ғажайып түс көрдім
Таң ата мен бүгін
Ертегі әлемінің
Қызығында жүрдім
Нұрына шомылдым
Жұлдыз айы көркем
Әдемі еді неткен.
Бітіруші түлектердің музыкалық Бейне баяны.
Жүргізуші:Үлкеннен өнеге алып,кішіге үлгі бола білген бүгінгі бітірушілеріміздің ізбасарлары «Қошақан» тобының ару қыздарының «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Жаһандану заманына сай балабақшамыздың балалары өздерірің ана тілдері Қазақ тілімен қоса,орыс,ағылшын тілдерін де танып уйренді.Балалардың ең сүйікті ісінің бірі ертегі тыңдау болса, сондай суйікті ертегілердің бірі- «Уйшік» ертегісін сіздерге рольге бөліп сомдап бермекші Тамашалайык!
Осындай керемет көріністен кейін «Қошақан» тобының «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Қастерлейді өзіңді халқым домбыра
Арта берсін әрдайым даңқың домбыра
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра
Тоғыз перне қос ішек алтын домбыра.
Балабақшамыздағы «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі ????? апаймен бірге «Құлыншақ» тобының ұл- қыздарын «Еркем-ай» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:Балабақшаға келсе балалар
Тәрбиеші қуанар.
Аспаз бар тамақ істейтін,
Бала жоқ оны ішпейтін.
Түшкіре қалса кейде кім,
Дәрігер келер емдейтін.
Орындаушы бала «Тәрбиеші» әнін қабыл алыңыздар.
«Құлыншақ» тобының балабақша қызметкерлеріне арналған алғыс өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
10-ші,11-ші,12-ші,13-ші,14-ші бала
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан!
Айнұр Бакыткызына мың алғыс!
10-ші бала:
Денсаулыққа болатай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер.
11-ші,12-ші бала:
Шетімізден шеберміз,
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді.
Үйретті бізге өнерді
Айнұр Нұргүл апайлар!
13-ші бала:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсаң қуанған,
Қате болса кешірген
Тәрбиеші апайлар
..................... апайлар сіздерге мың алғыс!
Жүргізуші:Биім сондай әдемі
Өнерім бар әуенмен
Мың бұралып билеймін.
«Вальс» биі.
Жургізуші:Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал жақсылық
Қайтарады саған да.
Тәрбиешілер апайлардың балаларға ізгі тілектерін қабыл алыңыздар.
Мың бұралып билеген,
Аяғы жерге тимеген
Аруды кім сүймеген?!
Бітіруші аруларымыздың биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Балалар мен ата-аналар балабақшамыздағы әр-бір күндеріңіз шаттық пен қуанышқа толы болды деген сенімдеміз.Балаларыңыздың үлгілі тәртібімен,әр ертеңгілікте көрсеткен өнерлері үшін сіздерге арналған «Алғыс» хатты тапсыру мақсатында ортаға Балабақшамыздың меңгерушісі ...................шақырамыз.
Жүргізушу:Балалар алдағы үлкен өмірге басқан қадамдарың құтты болсын!Талай белестерден көрініңдер,әрдайым сендердің тілекшілеріңбіз.Құрметті ата-аналар сіздерді балаларыңыздың 1 жасқа өсіп мектеп табалдырығын аттауымен құттықтаймыз.Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің тұлға болып қалыптасуына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз.Сапарларыңыз сәтті болсын!Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз өз срңына келіп жетті РАХМЕТ!
«Құлыншақ» тобы «Балабақша» әні.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген