Әліппемен
қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін
тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы
икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін
ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақ
әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының
мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік,
шарлар.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар! Күні кеше ғана қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттап, әліппені қолға алып едік. Бүгін міне хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені де бітірдік.
Мұғалім: Әрине, бұл сіздер үшін де, біздер үшін де үлкен қуаныш. Олай болса «Қош бол, Әліппе» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
Тайырхан: Хош келіпсіз қонақтар,
Келдік біздер алдыңа.
Ізетімен кішінің
Сәлем бердік қабыл ал.
Арайлым: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым – білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Тайырхан: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Әліппемен қоштаспақ
Арайлым: Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
-
Балалар Әліппенің атасы кім? ЖИ Бейне баян
Ернұр: Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жаза аламыз.
Шыңдәулет: Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз-ақ оқи аламыз.
Айсезім: Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсеге үйрендік. Сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, би билеуге, еңбек етуге.
Мұғалім: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті - Әліппе.
Хор: Әліппе әні:
Жасұлан: Әліппе ортаға шығады.
Армысыздар, жас достар
Армысыздар, ата-ана
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Інжу: Ең алғаш алғанымды әліппені,
Қызығын қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалармеді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Айлин: Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпын.
Абылай: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Бағжан: Ана, әке атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бәрін нағыз жақсының,
Сенен білдік Әліппе.
Алинұр: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл берді Әліппе,
Ақылшы сен мұғалім.
Расина: Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Аяла: Бар кітапқа бас
болған,
Әліппе ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған,
Даналықтың
данасы
Әліппе: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы, кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.
Әліппе: Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы, кім жейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз.
Әліппе: Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы, кім дейміз.
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз.
Әліппе: Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз.
Мерей: Байқап қарасақ, биылғы біздің мектеп табалдырығын аттауымызбен қатар Тәуелсіздіктің 34 жылдығы және Желтоқсан оқиғасы дәлме-дәл келуде. Бұл да жақсылықтың нышаны шығар.
Медина: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, Шәмші, Халел, Қайраттар,
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.
Бағдәулет: Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Жарқылдаған ұл қызының жанары.
Мәншүк, Әлия қорған берген алтын күн,
Сәбира, Ләззат жалғастырды қатарын.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Отан әні : Аяла
Аймедина: Ата-баба жерінің
Қасиетін мен білдім
Әжеміз ғой үйреткен
Әліппесін өмірдің.
Әбдінұр:Оқитын әрі
жазатын,
Білімге қол
созатын.
Оқушы болдық
сауатты,
Білімді тегін
қазатын.
Шерхан:Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Хормен:- Рахмет, ұстаз алғашқы!
Бекжан:Әліппем менің,
әліппем,
Өшпейтін нұрлі
әріптен.
Есігін аштым
білімнің,
Өзіңнен кілт алып
мен.
Сабира:Үйреттің бізге
Әліппе,
42 дербес
әріпті.
Сөз , сөйлем құрап
әріптен,
Жаздырдың бізге
Әліппе.
Бақберген: Әріптердің
тойында,
Әркім құмар ойынға.
Әріптер сыр ашады,
Әсем биге басады.
Тайырхан:Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші?
Адиля: А деген ол – аналар хой ардақты,
Ә деген ол – әкелер хой салмақты .
Б деген ол- балалар хой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында ,
Тұрады олар , алфавиттің басында.
А-а Тайырхан Ә-ә Арайлым
А дегенім атаң, Ә дегенім әжең ,
Ақ тілекті батаң, Әлдилеген анаң,
Ақыл сөзін тыңдап, Әлпештеген әкең,
Ардақтай біл, ботам! Әспеттей біл, балам!
Б-б Арсен В-в Бағдәулет
Б дегенім білім, В дегенім вокзал,
Білім- жарық күнің, Кісі толған көп зал,
Ашып берер саған, Келіп қалса пойыз,
Бар әлемнің сырын! Вокзалдан тез қозғал!
Г-г Бағжан Ғ-ғ Айкөркем
Г дегенім гүлім, Ғ дегенім ғарыш,
Көрдің неше түрін, Болса дағы алыс,
Гүлмен бірге сенің Қазақ ұшып барған,
Күлімдейді күнің! Ғарыш бізге таныс!
Е-е Абылай
Е дегенім есеп,
Есеп қиын десек,
Неше болар екен,
Екі ешкі мен есек?
Ж-ж Нұржан З-з Шыңдәулет
Ж дегенім жолда , З дегенім зебр,
Жаңғалақтау болма, Тұяғы оның темір,
Жасыл жанса, жүгір , Шөп іздесе шөлде,
Қарап сол мен оңға! Кірмейді оған шөгір!
И-и Талшын Й -й Інжу
И дегенім ине, Й дегенім қайда?
Кіріп кетер, тиме, Бар ғой қаймақ ,майда,
Қадайды ғой әжең Сайда жүрген ойнап,
Инеменен түйме! Тайынша мен тайда!
К-к Расина Қ-қ Аяла
К дегенім кітап, Қ дегенім қала
Көп оқыған ұтад, Жан-жағыңа қара,
Күшті болсаң, кәне, Қатар,қатар үйдің,
Кітаптан тез К тап! Қабаттарын сана!
Л-л Елнұр М-м Алинұр
Л дегенім лағым, М дегенім мектеп,
Кезіп ауыл маңын, Кітабымды беттеп,
Маңыраған кезде, Мен өсемін оқып,
Бір тынбайды жағың! Мектебімде көктеп!
Н-н Аймедина Ң-ң Мерей
Н дегенім наным, Ң дегенім аңдар,
Нанмен бірге әнім, Аңдар інді таңдар,
Наным менің нәрім, Қарға түскен ізден,
Әнім менің сәнім! Аңның жолын аңғар!
О-о Раяна Ө-ө Бақберген
О дегенім орман, Ө дегенім өзен,
Жан-жануар толған, Өзен бойын кезем,
Жеміс,жидек теріп, Өзенде бар балық,
Орман кезу- арман! Өзім бірден сезем!
П-п Нұрмаханбет Р-р Айкерім
П дегенім пілім, Р дегенде ретте,
Көрсеңдер де түрін, Рет-ретімен бетте,
Қане, көрген кім бар, Дәптер, кітап, бәрін,
Таудай пілдің тілін!? Ретсіз шашып кетпе!
С-с Парасат Т-т
С дегенім сурет, Т дегенім талап,
Көрдің бе сен бір рет, Көңіліңмен қалап,
Сонша неге тәтті, Талапты бол сен де,
Суреттегі сүр ет?! Оқып жақсы сабақ!
У-у Медина Ұ-ұ Сабира
У дегенім уыз , Ұ дегенім ұлан,
Уыз жейді ауыз, Ауызында ұран,
Уызына тойған Ту көтеріп тұрған
Қозы болар нығыз! Ұлан нағыз қыран!
Ү-ү Жасұлан Ф-ф Әбдінұр
Ү дегенім үкі, Ф дегенім файл,
Үлпілдейді түлкі, Поштамыз е майл,
Үп дегенде үкі, Алыстан хат келсе,
Түлкі болды күлкі Жылдам жауап қайыр!
Х-х Айсезім Һ-һ Адиля
Х дегенім халық, Һ дегенім жаһан,
Оқып, білім алып, Жаһанда бар наһан,
Халық үшін іс қыл, Наһан - үлкен балық,
Бар күшіңді салып! Деп айтатын атам!
Ч-ч Бекжан
Ч дегенде Чен бар,
Чукот деген жер бар
Чита деген қала,
Чили деген ел бар!
Хор: Кел,балалар оқылық.
Мұғалім: Міне, балалар Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Ендеше осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен, «Әліппемізбен»қоштасатын уақыт болды. Олай болса Әліппені шығарып салайық.
Әліппе: Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдыр.
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам
Риза боп аттанам.
Аттанатын жолым бар.
Оқумен өсіп толыңдар
Аман – есен болыңдар.
Парасат: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Рахмет саған, Әліппе!
Талшын: Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріппе ең.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппем.
Бізге білім салып берген
Хормен:- Қош бол, құтты Әліппем!
Мұғалім: Әліппемен қам айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа артық бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Мұғалім: Балалар енді біздің алдымызда және бір сүйіп оқитын кітабымыз Ана тілі тұр. Енді Ана тілін қарсы алайық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын,
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кеңдігім.
- Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты әңгімелер, ертегілер айтып беремін. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.
Оқушылар: Оқимыз, Ана тілі!
Нұржан: Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашаққа бастаған дана тілім.
Айкерім: Ана тілі арың бұл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Арсен: Жүздерінен көрем шаттық арайын
Болсын солай, әр бір күнін, әр айын.
Тойларыңыз құтты болсын ағайын
Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым.
Келесі кезекті ән- биге кезек берейік:
-
«Ұстаз ана» (Исбек Айлин)
-
«Көк Әліппе» (Жасұлан)
-
«Әліппе биі» (қыздар биі)
-
«Көңілді күн» (Айкөркем)
-
«Қамажай» (қыздар)
-
«Оқуда озат боламыз» ( Нұрмаханбет)
-
«Үйретеді»(Медина)
-
«Батырлар» ұраны» (ұлдар би).
-
«Біз бақытты баламыз»(Арайлым)
10.«РУХ» биі (ұлдар биі)
11. «Отан» (Аяла)
Сабира: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі, әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.
Мұғалім: Алайық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп.
Қол жайып періштенің ниетімен
Бәріміз бір ауыздан «әумин» дейік.
Ата бата береді.( Жасұлан)
Жүргізуші: Осымен «Қош бол, Әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі сөз кезегіміздегі ұстазымызға берейік.
Жүргізуші: Ал енді әліппені ерінбей жанымызды отырып үйреткен жандарға асыр да жолдап, сол кісілердің лебізін тыңдайық.
Нұрмаханбет: Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсаң анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Аналарға арнап бір ән саламыз.
Ата-аналардың құттықтау сөзі.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қош бол,Әліппе!
Қош бол,Әліппе!
Әліппемен
қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін
тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы
икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін
ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақ
әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының
мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік,
шарлар.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар! Күні кеше ғана қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттап, әліппені қолға алып едік. Бүгін міне хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені де бітірдік.
Мұғалім: Әрине, бұл сіздер үшін де, біздер үшін де үлкен қуаныш. Олай болса «Қош бол, Әліппе» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
Тайырхан: Хош келіпсіз қонақтар,
Келдік біздер алдыңа.
Ізетімен кішінің
Сәлем бердік қабыл ал.
Арайлым: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым – білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Тайырхан: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Әліппемен қоштаспақ
Арайлым: Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
-
Балалар Әліппенің атасы кім? ЖИ Бейне баян
Ернұр: Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жаза аламыз.
Шыңдәулет: Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз-ақ оқи аламыз.
Айсезім: Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсеге үйрендік. Сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, би билеуге, еңбек етуге.
Мұғалім: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті - Әліппе.
Хор: Әліппе әні:
Жасұлан: Әліппе ортаға шығады.
Армысыздар, жас достар
Армысыздар, ата-ана
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Інжу: Ең алғаш алғанымды әліппені,
Қызығын қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалармеді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Айлин: Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпын.
Абылай: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Бағжан: Ана, әке атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бәрін нағыз жақсының,
Сенен білдік Әліппе.
Алинұр: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл берді Әліппе,
Ақылшы сен мұғалім.
Расина: Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Аяла: Бар кітапқа бас
болған,
Әліппе ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған,
Даналықтың
данасы
Әліппе: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы, кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.
Әліппе: Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы, кім жейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз.
Әліппе: Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы, кім дейміз.
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз.
Әліппе: Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз.
Мерей: Байқап қарасақ, биылғы біздің мектеп табалдырығын аттауымызбен қатар Тәуелсіздіктің 34 жылдығы және Желтоқсан оқиғасы дәлме-дәл келуде. Бұл да жақсылықтың нышаны шығар.
Медина: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, Шәмші, Халел, Қайраттар,
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.
Бағдәулет: Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Жарқылдаған ұл қызының жанары.
Мәншүк, Әлия қорған берген алтын күн,
Сәбира, Ләззат жалғастырды қатарын.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Отан әні : Аяла
Аймедина: Ата-баба жерінің
Қасиетін мен білдім
Әжеміз ғой үйреткен
Әліппесін өмірдің.
Әбдінұр:Оқитын әрі
жазатын,
Білімге қол
созатын.
Оқушы болдық
сауатты,
Білімді тегін
қазатын.
Шерхан:Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Хормен:- Рахмет, ұстаз алғашқы!
Бекжан:Әліппем менің,
әліппем,
Өшпейтін нұрлі
әріптен.
Есігін аштым
білімнің,
Өзіңнен кілт алып
мен.
Сабира:Үйреттің бізге
Әліппе,
42 дербес
әріпті.
Сөз , сөйлем құрап
әріптен,
Жаздырдың бізге
Әліппе.
Бақберген: Әріптердің
тойында,
Әркім құмар ойынға.
Әріптер сыр ашады,
Әсем биге басады.
Тайырхан:Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші?
Адиля: А деген ол – аналар хой ардақты,
Ә деген ол – әкелер хой салмақты .
Б деген ол- балалар хой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында ,
Тұрады олар , алфавиттің басында.
А-а Тайырхан Ә-ә Арайлым
А дегенім атаң, Ә дегенім әжең ,
Ақ тілекті батаң, Әлдилеген анаң,
Ақыл сөзін тыңдап, Әлпештеген әкең,
Ардақтай біл, ботам! Әспеттей біл, балам!
Б-б Арсен В-в Бағдәулет
Б дегенім білім, В дегенім вокзал,
Білім- жарық күнің, Кісі толған көп зал,
Ашып берер саған, Келіп қалса пойыз,
Бар әлемнің сырын! Вокзалдан тез қозғал!
Г-г Бағжан Ғ-ғ Айкөркем
Г дегенім гүлім, Ғ дегенім ғарыш,
Көрдің неше түрін, Болса дағы алыс,
Гүлмен бірге сенің Қазақ ұшып барған,
Күлімдейді күнің! Ғарыш бізге таныс!
Е-е Абылай
Е дегенім есеп,
Есеп қиын десек,
Неше болар екен,
Екі ешкі мен есек?
Ж-ж Нұржан З-з Шыңдәулет
Ж дегенім жолда , З дегенім зебр,
Жаңғалақтау болма, Тұяғы оның темір,
Жасыл жанса, жүгір , Шөп іздесе шөлде,
Қарап сол мен оңға! Кірмейді оған шөгір!
И-и Талшын Й -й Інжу
И дегенім ине, Й дегенім қайда?
Кіріп кетер, тиме, Бар ғой қаймақ ,майда,
Қадайды ғой әжең Сайда жүрген ойнап,
Инеменен түйме! Тайынша мен тайда!
К-к Расина Қ-қ Аяла
К дегенім кітап, Қ дегенім қала
Көп оқыған ұтад, Жан-жағыңа қара,
Күшті болсаң, кәне, Қатар,қатар үйдің,
Кітаптан тез К тап! Қабаттарын сана!
Л-л Елнұр М-м Алинұр
Л дегенім лағым, М дегенім мектеп,
Кезіп ауыл маңын, Кітабымды беттеп,
Маңыраған кезде, Мен өсемін оқып,
Бір тынбайды жағың! Мектебімде көктеп!
Н-н Аймедина Ң-ң Мерей
Н дегенім наным, Ң дегенім аңдар,
Нанмен бірге әнім, Аңдар інді таңдар,
Наным менің нәрім, Қарға түскен ізден,
Әнім менің сәнім! Аңның жолын аңғар!
О-о Раяна Ө-ө Бақберген
О дегенім орман, Ө дегенім өзен,
Жан-жануар толған, Өзен бойын кезем,
Жеміс,жидек теріп, Өзенде бар балық,
Орман кезу- арман! Өзім бірден сезем!
П-п Нұрмаханбет Р-р Айкерім
П дегенім пілім, Р дегенде ретте,
Көрсеңдер де түрін, Рет-ретімен бетте,
Қане, көрген кім бар, Дәптер, кітап, бәрін,
Таудай пілдің тілін!? Ретсіз шашып кетпе!
С-с Парасат Т-т
С дегенім сурет, Т дегенім талап,
Көрдің бе сен бір рет, Көңіліңмен қалап,
Сонша неге тәтті, Талапты бол сен де,
Суреттегі сүр ет?! Оқып жақсы сабақ!
У-у Медина Ұ-ұ Сабира
У дегенім уыз , Ұ дегенім ұлан,
Уыз жейді ауыз, Ауызында ұран,
Уызына тойған Ту көтеріп тұрған
Қозы болар нығыз! Ұлан нағыз қыран!
Ү-ү Жасұлан Ф-ф Әбдінұр
Ү дегенім үкі, Ф дегенім файл,
Үлпілдейді түлкі, Поштамыз е майл,
Үп дегенде үкі, Алыстан хат келсе,
Түлкі болды күлкі Жылдам жауап қайыр!
Х-х Айсезім Һ-һ Адиля
Х дегенім халық, Һ дегенім жаһан,
Оқып, білім алып, Жаһанда бар наһан,
Халық үшін іс қыл, Наһан - үлкен балық,
Бар күшіңді салып! Деп айтатын атам!
Ч-ч Бекжан
Ч дегенде Чен бар,
Чукот деген жер бар
Чита деген қала,
Чили деген ел бар!
Хор: Кел,балалар оқылық.
Мұғалім: Міне, балалар Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Ендеше осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен, «Әліппемізбен»қоштасатын уақыт болды. Олай болса Әліппені шығарып салайық.
Әліппе: Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдыр.
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам
Риза боп аттанам.
Аттанатын жолым бар.
Оқумен өсіп толыңдар
Аман – есен болыңдар.
Парасат: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Рахмет саған, Әліппе!
Талшын: Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріппе ең.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппем.
Бізге білім салып берген
Хормен:- Қош бол, құтты Әліппем!
Мұғалім: Әліппемен қам айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа артық бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Мұғалім: Балалар енді біздің алдымызда және бір сүйіп оқитын кітабымыз Ана тілі тұр. Енді Ана тілін қарсы алайық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын,
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кеңдігім.
- Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты әңгімелер, ертегілер айтып беремін. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.
Оқушылар: Оқимыз, Ана тілі!
Нұржан: Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашаққа бастаған дана тілім.
Айкерім: Ана тілі арың бұл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Арсен: Жүздерінен көрем шаттық арайын
Болсын солай, әр бір күнін, әр айын.
Тойларыңыз құтты болсын ағайын
Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым.
Келесі кезекті ән- биге кезек берейік:
-
«Ұстаз ана» (Исбек Айлин)
-
«Көк Әліппе» (Жасұлан)
-
«Әліппе биі» (қыздар биі)
-
«Көңілді күн» (Айкөркем)
-
«Қамажай» (қыздар)
-
«Оқуда озат боламыз» ( Нұрмаханбет)
-
«Үйретеді»(Медина)
-
«Батырлар» ұраны» (ұлдар би).
-
«Біз бақытты баламыз»(Арайлым)
10.«РУХ» биі (ұлдар биі)
11. «Отан» (Аяла)
Сабира: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі, әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.
Мұғалім: Алайық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп.
Қол жайып періштенің ниетімен
Бәріміз бір ауыздан «әумин» дейік.
Ата бата береді.( Жасұлан)
Жүргізуші: Осымен «Қош бол, Әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі сөз кезегіміздегі ұстазымызға берейік.
Жүргізуші: Ал енді әліппені ерінбей жанымызды отырып үйреткен жандарға асыр да жолдап, сол кісілердің лебізін тыңдайық.
Нұрмаханбет: Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсаң анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Аналарға арнап бір ән саламыз.
Ата-аналардың құттықтау сөзі.

шағым қалдыра аласыз













