"Қош бол,балабақша" ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош бол,балабақша" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілінде бөбекжайға деген,қызметкерлерге деген құрметін тақпақтар арқылы жеткізуі.Өздерінің үйренгендеріін әнін,биін көрсетулері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар, ұжымдастар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз. Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің шағын ғана мерекелік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар-дей келе «Аққайың» тобының

бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

1. Жұмсай қалсаң жүгіретін қуанып,

Нұрдәулет бізде  тау  көтерер бір алып.

2. Сап-салмақты тап-таза боп жүреді,  

Қуанғанда Надиріміз тек жымиып күледі.

3. Тақылдап тұрып,тақпақ айтатын жаңылмай,

Сұлу да сарбаз Жасмина атты ару бар.

4. Сүп-сүйкімді  боп костюм-шалабар киеді,

Б.Амир біздің  өзімен-өзі жүреді.

5. Шырқап айтар әсем әнмен  жырыңды,

Айшамыз бар талантты әрі білімді.

6. Зерек,бірақ ашуланса қайтпайды,

Абылайханды жаман деп ешкім айтпайды.

7. Жыбырлақтық тентектігі бар бойында,

Білімді де жан-жақты Замир біздің мойында .

8. Сұлу әрі сыпайы боп танылар,

Айшабибі атты ұяң қызымыз тағы бар.

9. Әнші  әрі бишіміз, қол соғайық бәріміз,

Нұралы атты тобымыздың,сері жігітін таныңыз.

10. Әдеп пенен инабатты тал бойына жинаған,

Калимадай сұлу қыз бар көзқарасы өзге жан.

11. Білімді  сұлу, жүлдегер болған  сайыста,

Амина біздің  жаралған тек жарысқа

12. Бір  бойынан бар қасиет  табылған,

 Марлен біздің озып шығар бар  ұлдан.

13. Бірбеткейлеу, бірақ сұлулықты сүйеді,

Әдемі  қыз Айзерені бәрі жақсы көреді.

14. Қой аузынан  шөп алмайтын момақан,

Тап-таза боп жүреді Нұрислам деген балақан

15. Инабатты бишіміз  бар майысқан,

Алинаны  танимыз біз  алыстан.

16. Кішкентай болсада келмейді кейде шамамыз,

Сүйкімді,пысық М.Амиргеде қараңыз.

17. Тау қозғалса    қозғалмайтын  байсалды,  

Көрдіңізбе  Ержігіттей жайсаңды.

18. Сұңғақ бойлы,терең ойлы Бақтияр

Ата ананың ең кішісі,еркесі де ықтимал.

Жүргізуші:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз!

Ән: «Біз бақытты баламыз»Хор
Нұрдәулет:

Қоштасып мен бүгін балалықпен, 

Қоштасамын сиқырлы бала бақпен.

Танысып мектеп деген әлемменен,

Достасамын біліммен даналықпен.

Жасмина:

Санк ю май тичэ 

Фотичин ту би

Бигэ, стронэ, файтэ

Академикали.

Нұрислам:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай Асылханқызы Айшаның орындауында
«Балабақша арайлым» әнін қабылалыңыздар!
Марлен:

Детский сад наш, до свидания! 

Мы уходим в первый класс

И хоть грустно расставанье.

Не волнуйся ты за нас.

Айзере:

Ты нас принял малышами. 

Детский сад наш дом родной

Мы теперь большими стали

И прощаемся с тобой!



Ержігіт:

Метепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Жүргізуші:
Көк жүзінде самғаңдар,
Тауды бұзып,тас жарып.
Мұхиттарды жалғаңдар.
Күллі әлемді шарлаңдар.
Ғарышқа да самғаңдар.
О,жарандар,жарандар!
Кәне мұнда қараңдар – деп ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.
Би: «Калинка моя» Айша,Амина,Жасмина

Калима:
Бақшабіздіңпанамыз,
Мектепбіздіңанамыз.
Ұлағаттыұстаздан,
Оқыпбілімаламыз.
Абылайхан:

Біздералтыжастамыз,
Сәбиліктенасқанбыз.
Мектепбіздішақырды,
Қошбол,әсембақшамыз.
БАмир:

Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазудыендібастаймыз.

Жүргізуші:

Біз балдырған баламыз

Әсем әнге саламыз

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» орындайтын Қанатұлы Нұралы

Бақтияр:

Наступает минута прощания. 

Но не будем грустить мы друзья.

Навсегда в вашей жизни останется

Детский сад как родная семья.

Амина:

Зискиндэгэдансиа 

Хэзкам ту эн энд

Сэй гуд бай ту ич

Тичэ энд френд


Айшабибі:
Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Жүргізуші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер –деп ортаға қазақ биімен жігіттерімізді шақырамыз.

Би: «Батырлар биі»

Жүргізуші:
Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың!

Ән: «Тәрбиеші апай» Есенгелді Аминаның орындауында

Айша:

Ойыншықтыжинаймыз,
Бөбектергесыйлаймыз.
Оқубілімүйреткен,
Өзіңіздіқимаймыз.
Жетіжасқатоламыз,
Қуантыпата-ананы,
Мектепкекетіпбарамыз!

Нұралы:

Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндердіқиялдап,
Сағынамызәлі-ақбіз.
Надир:

Қош балалар бақшасы

Естен кетпес есімім

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есімім

Ән: «Туған жер» Серік Нұрдәулет орындауында




Замир:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз
М.Амир:

Ойыншықтарды жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер білім үйреткен

Бақшамызды қимаймыз

Жүргізуші:

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау

Қоңыраудың шақырған

Тәтті әуені ән думан

Шақырады мектепке.

Сыңғырлаған қоңырау – деп өлең жолдарында айтқандай қоңырау соғуға ортаға Марлен мен Аминаны шақырамыз.
Би: «Қоштасу вальсі»

Жүргізуші:
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Ән: «Біз мектепке барамыз» Хор

Жүргізуші:

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін

Өздеріңді сағынып біз жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік-дей келе бүгінгі мерекелік шарамызда бөбекжайдан ұшқалы тұрған түлектеріне өзінің жүрекжарды лебізін білдіруге бөбекжай меңгерушісі Гүлфира Бауыржанқызын ортаға шақырамыз.

Келесі сөз кезегі ата аналар комитетінің мүшелеріне беріледі.

Балаларымызға СӘТ САПАР тілей отыра бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2021
387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі