Қош бол,балабақшам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош бол,балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобының жыл бойы алған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам»

Мақсаты: Ересек тобының жыл бойы алған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Жіргізуші 1: Қадірлі ата-аналар,құрметті қонақтар!Бүгін біз мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз. Құрметті қонақтар! Бүгін міне, «Ботақан» ересек тобының бөбекжаймен қоштасу мерейтойына қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2: Бүгін міне осы мерейтойымыздың тізгінін ұстап жүргізгелі отырған асабалар біз боламыз! Сол себепті құрметті қонақтар барлықтарыңыз осы қуанышты күні көңілді отыруларыңызға тілектеспіз!

Өтті қызық көп күндер, Бес жасқа да жеттіңдер. Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл-ойларың, Өсті міне бойларың,

Жіргізуші 1: Сонымен, қадірменді қонақтар, бүгінгі тойымыздың иелері «Ботақан» тобының түлектерін қол соғып қарсы алайық!

Залға « Қоштасу вальсімен» балалар кіреді

Олай болса тойымызды жалғастырайық! Біздің балалар недеген өнерлі? Балалардың мүгінгі мерейтойға арнап түрлі өнерлерін дайындап қойған сияқты

Солай ма, балалар?

Жүргізуші 2: Ән «Балалабақша бал ұя»

Сендердің естеріңде ме, алғаш осы ересек тобына келгенде кішкентай бүлдіршін едіңдер. Ал қазір ән айтып, би билеп көп нәрсені үйрендіңдер.Олай болса менің сендерге қояр сұрағым бар?
Алғаш сендерге қолдарыңа қалам ұстауды үйреткен
кім?

-Ол әрине ұстаз «тәрбиеші»

Осы ұстазға арналған тақпақтарға кезек берейік.


Қуанамыз, сыйлаймыз (Саят)

Қуаныштың мың гүлін

Балабақшаны қимай біз

Қоштасатын күн бүгін


Жерде қар жатса да (Сания)

Асыр салып ақпанда

Күнде ертемен балабақшаға

Келетінбіз ақ таңда






Біз балауса баламыз, (Жания)

Жетелеп ой санамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке енді барамыз.


Бұл қуаныш себебін (Дәнекер)

Бізге қарап ұғарсың

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын


Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Музыкамен билеп Сауат ашу шығады.Балалар амандасып қарсы алады)

Сауат ашу сөзі: Армысыңдар, жас достар

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Сауат ашу келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліппесін меңгерер

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер балабақшамен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

Балалар мен сендерге бір қызық ойын ойнатып, білімдеріңді тексеріп алайын.

«Сөз құра, тез құра» ойыны

Шарты: Ортаға екі баладан шығады, балалар оздеріне таныс әріптерден сөз құрап жарысады.

Сауат ашу: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке дайын ақ екенсіңдер!


Сүйген өз ұл-қызын (Нұрдана)

Бөбегім деп аянбай

Балабақша өз үйім

Тәрбиешім болды анамдай


Жіргізуші 1: Құрметті қонақтар, тойымыз тойға ұлассын дей отырып, біздің өнерлі балаларымыздың орындауында «Тәрбиеші» әнін тыңдаңыздар!

Ән: «Тәрбиеші»



Жүргізуші 2: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде, «Аққу биін»

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Қыздарымыз орындауында «Аққу биі»

Би: «Аққу»

Жіргізуші 1: Сандар шатысы:

Музыка әуені қосылып тұрады Сандар араласып билеп жүреді, музыка әуені тоқтатылғанда ретімен тұра қалады.


1.Саят 6.Жандарбек

2.Алинұр 7.Жания

3.Ерасыл 8. Жансерік

4.Дәнекер 9.Нұрдана

5.Раяна 10.Нәби

Ой, балалар мына сандар қайдан келген?

Осы сәтте музыкамен билеп «Математика» келеді.

Математика: Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде қандай той болып жатыр?

Жіргізуші 1: Балабақшамен қоштасу тойы өтіп жатыр! Қош келдіңіз, төрлетіңіз!

Математика: Еее мен өзімнің сандарымды жоғалтып алып едім, мұнда екенсіңдер ғой. Олай болса балабақшаның түлектерінің білімдерін тексеріп, бір ойын ойнытайын.

Балалар, ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Сандар елі» Ол үшін тақтада берілген сандарды кім санап береді? (1-5-ке дейін тура және кері санау, үш тілде санату).

Ал, енді балалардың ата-аналарымен бірге, мектепке қалай жылдам дайындалатындарын, «Мектепке дайындық» ойыны арқылы байқап көрейік.

Бала сумка жинайды. Анасы гүл шоғын дайындап, шар үрлейді.

Бірнеше бала мен анасын ортаға шығарып ойнату.

ӘН: Біз балдырған баламыз

Жүргізуші 2: Құрметті тойға жиналған қауым келесі кезекті тілектерге берейік!

Орын берген бақшадан, (Ерасыл)

Меңгеруші жақсы адам.

Біз айтамыз мың алғыс,

Меңгеруші апайға

Тост кезегін бөбекжайымыздың меңгерушісі Калкузова Салтанат Рахимовнаға береміз.


Ботақандай бөбек деп (Жансерік)

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

Жіргізуші 1:

Бір ата,бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата аналарға береміз.

Келесі тост кезегін осында отырған балаларымыздың аналарына береміз, ортаға билеп шығуларыңызды сұраймыз!

Жүргізуші 2:

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын

Дендеріңіз сау аман – есен мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып өстіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бәріңді де сәбиім деп сүйеміз,

Өздеріңді сағынып біз жүреміз.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапарды тілейміз-дей отырып. балаларды марапаттап, сыйлықтарын тарту етеміз.

Балалардың орындауында ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Балалардың барлығы хормен:

Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!(Қолдарындағы шарларын аспанға ұшырады.)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2021
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі