400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол,балабақшам!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1
ҚОШ БОЛ,БАЛАБАҚШАМ!

Музыкалық номерлер:

Кейіпкерлер:
1. Карлсон
2. Тазша бала
3. Жалмауыз кемпір

Екі кішкентай жүргізуші шығады.

Аслан: - Айым, сен қалай ойлайсың, бізді мектепке қабылдар ма екен?
Назлы: - Әрине, қабылдайды, оның себептері көп, айтып берейін бе?
Аслан: - Қане, айтшы?!
Назлы: - Біріншіден: біздің жасымыз келіп қалды, енді кешіксек, кәртейіп
кетеміз.
Екіншіден: Өз бетімізбен өмір сүруіміз керек. Мектепке өзің
барасың, өзің келесің... Рахатизм!

Үшіншіден: біз осы балабақшада 2 жыл болғанымызда сүт, ет,
кәмпит,банан,алма, ботқалар жеппіз. Өстік деген осы ғой.
Аслан: - Ой, Назлы әсіресе сұлы, тары, манна ботқасы туралы айта көрмеші,
жүрегім айниды.
Назлы: - Аслан, екеуіміз қайда келіп қалғанбыз?
Аслан: -Назлы, менің тарс есімнен шығып кетіпті ғой, «вот память дырявая»,
бүгін бізде балабақшамызбен қоштасу мерекесі емес пе?
Назлы: - Иә,Аслан! Назира апай мен Айнур апай бірдемені айтып жүр емес
пе еді? Жүр балаларға барайық, оларды алып келейік.
Аслан: - жүр кеттік.

Музыка әуені. Балалар залға кіреді. Вальс билейді.

Аслан: Балалар, апай? Біздің апай қайда кеткен? Сіз көрдіңіз
бе?
Балалар: жоқ, көрген жоқпыз.
Айнур: - Білмеймін, балалар. Енді қайттік. апайларыңсыз ертеңгілікті қайтіп
өткіземіз?
Осы кезде залға Тазша бала келіп кіреді. (астында ат, қолында қамшы,
арқасында портфель).
Тазша бала: - ассалаумагалейкум, ағатай! Халдеріңіз қалай? Қора қопсы,
мал-жан, бала-шаға бәрі орында ма? Жеңгейдің қалі қалай? Тәте, сіздің
денсаулығыңыз қалай?
Аслан: - Назлы, бұл кім?
Назлы: - білмеймін, тазша балаға ұқсайды. Балалар, бұл кім екен, расында.
Балалар: Тазша бала, тазша бала.


Page 2

2
Тазша бала: - не үрпейіп тұрсыңдар, бірдеңе болып қалды ма?
Назлы: апайымызды жоғалтып алдық.
Аслан: білмейміз қайда кеткенін.
Айнур: Тазша бала, тұра тұршы сұрақтарды зеңбіректің оғындай жаудырмай.
Өзіміз не істейтінімізді білмей тұрмыз.
Тазша бала: Не болды сонша, қайғырып! Назира апай,Назира апай деп
қалды ғой. Онсыз не таңдарың атып, тауықтарың шақырмай ма? Қой өзім
асығып кетіп барамын. Так, так....картама қарап алайын.Глубокое кенті,
Попович көшесі, «Ақбота» балабақшасы «Болашақ» тобы. (саусағымен
былай
2
шұқып көрсетеді, өзі атымен неше түрлі қимылдарды көрсетеді) Түй!
Мына картадан түк ұқсам бұйырмасын. Мыналардан сұрасам, бұлар маған не
айтар дейсің?
Айнур: Не деп өзіңмен өзің сөйлеп тұрсың? Балалар сұраңдаршы, Тазшаға
бізден көмек керек шығар.
Назлы: тазша бала, сен нені ұқпай тұрсың?
Тазша бала: Мен сонау алыс ауылдан келе жатырмын. Ол жерде балабақша
жоқ. Жасым келіп қалды, мектепке баруым керек. Бірақ мен дайын емеспін.
Содан Глубокое кентінде «Ақбота» балабақшасы бар екенін, сондағы
«Болашақ» тобының балалары мектепке дайындалып жатқанын бір сауысқан
алдыңғы күні келіп айтып кетті. Содан жолға шықтым. Соларды іздеп
келемін. Сіздер білесіңдер ме, ағай?! (залға қарап)
Балалар: Олар бізбіз. Біз мектепке барамыз.
Тазша бала: Әй, сеніңкіремей тұрғанымды қарашы. (барып атын байлайды)
Айнур: Тазша бала, сен балаларды тексеріп көр, тапсырма бар. Мүмкін сонда
сенерсің?!
Тазша бала: Дұрыс, дұрыс. Онда менің бірінші тапсырмам: Мектепке
баратын балалар өнерлі болу керек. Кәнеки, өнерлеріңізді көрсетіңдерші.

Ән. («Біздің балабақшада» )
Балалар жарты шеңберге тұрып, «Біздің балабақшада»әнін
орындайды. (балабақша есігін 3 ке тола ашқан)
Алимжан, Әбілмансұр. Айдын, Али, Расул, Айым, Арслан,
Мадияр, Руфат, Нурай, Аслан. Қарақат,Дильназ, Алихан С,

Тазша бала:Ой,қандай әдемісіңдер,есейіп кетіпсіңдер,құлағымның құрышын
қандырдыңдар!Көңілденіп,бір демалып қалдым ғой!
Айнур: Тазша бала біз жыл бойы көп нәрсе үйрендік.
Достар, біз өзіміздің жыл бойғы үйренген өнерімізді көрсетейік пе?
Айнур:Көптеген әндер,тақпақтар,билеріміз бар емес пе балалар? Ал,қанекей
балалар жаттаған өлеңдеріңді айтып беріңдер.
(13-бала тақпағын айтады)

Айнур:Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшаға деген махаббатын «Қош бол
балабақша» әнімен білдіргілері келіп тұр. Қарсы алыңыздар.


Page 3

3
ӘН «Қош бол балабақша» (Құшағыңда жарқылдап)
Томирис, Алихан, Нурислам, Нұралы, Нұрсая, Нурназар,
Айшат, Дияс, Алишер,Әли Т, Даниял, Назлы, Алихан С.

Тазша бала: Не деген ақылды,өнерлі балалар! Ке-ре-мет дауыс. Рахмет
сендерге. Керемет, керемет емес пе? Екінші тапсырмам: (сөмкесінен жазу
жазылған қағаздарды шығарады: Мына сөздерге сөйлемдер құрастырып
беріңдерші! (мектеп,кітап,ақылды жатыр),(Шебер,көктем,ұя,құс)
Балалар сөйлем құрастырады.
Тазша бала басын сипап, таң қалып сөйлеп жүреді. Мен мұғалім болсам бес
қояр едім сендерге, балалар керемет! Енді сендім, сендерге. Маған сендердің
көмектерің керек. Мені өздеріңмен бірге мектепке апарыңдаршы. Мен де
сендер сияқты оқу оқығым келеді.
Айнур: не істейміз, балалар?
Балалар: жарайды, апарайық!
Назлы: Тазша бала, сен біздің Назира апайымызды көрген жоқсың ба?
Тазша бала: бағана мен осы кентке жете бергенімде жалмауыз кемпір
Тайота Каролла машинасымен алдымнан шыққан, сонда байқап қалғанымда
алдында бір әдемі апай отырды, бірақ аузына шүберек тығылған екен,
байланып тасталған. Сол болып жүрмесін.
Балалар:
1) Көзі қандай?
2) Шашы қандай?
3) Үстінде қандай киім бар екен? Деген сұрақтар қояды.
Тазша бала: жауап береді. Жүріңдер апайларыңды құтқарайық.
(шымылдық жабылады)
Сахнада варениясын жалап Карлсон жүр. Көңілді ән айтып қояды.
Тазша бала: Сәлем,Карлсон! Жағдай қалай?
Карлсон: Сәлем, Тазша, сәлем! Сен қайдан жүрсің? Мыналар кім?
Айнур: Балалар мынау біздің балабақшамыздың төбесінде тұратын Карлсон
қой иә?!
Тазша бала: Бұлар менің жаңа достарым. Кәне олармен амандас (Карлсон
балалармен қол алысып амадасады)
Айнур: Карлсон, сен біздің ең сүйікті кейіпкерімізсің, балалар сені жақсы
көреді.
Тазша бала: Сенің көмегің керек болып тұр. Жалмауыз кемпір мына
балалардың тәрбиешілерін ұрлап кетті. Сен көрмедің бе?
Карлсон: көрдім, варениямды жеп жүргенде жалмауыз кемпірдің
машинасында бір апай бар жанымнан зу етіп өте шықты.
Айнур:Рахмет, қай жаққа кетті, тезірек барып құтқарып алайық, иә, балалар?
Балалар: Иә, тезірек барайық!
Карлсон: Мен өзім жалғыз ішім пысып кетті, менімен ойнаңдаршы. Сонда
мен көмектесемін. Жалмауыз кемпір балаларды жақсы көреді. Мен оны
өтірік алдап шақырайын. Мүмкін апайларыңды ала келеді. Қазір телефон
соғайын. (телефон әңгімесі)


Page 4

4
Тазша бала: Бұл да болмайды екен өзі. Кәне, мына балалар өте ақылды,
өнерлі балалар, не тапсырмаң бар?
Карлсон: маған мұғалімім үй тапсырмасын берген. Соны орындай алмай
қойдым. Соған көмектесесіңдер ме? Айнур апай сіз тапсырманы балаларға
оқып беріңізші!
Математикадан ( Ал,енді логикалық есептер шешіп көріңдер?
1. Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы
неше кітап?
2. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
 Айналамен таныстыру «Табиғат әсемдігі» Төрт мезілдің бейнесінен
қандай әдемілікті байқайсың? Көктем бейнесінің әсемдігі неде? Қыс
мезгілінің әсемдігі неде деп ойлайсыңдар?

Карлсон, Тазша бала: Қуаныштымын. Менің білімім толығып, жаным,
семіріп қалды. Рақмет балалар, қазір жалмауыз кемпір өзі де келіп қалар.
(осы кезде машина музыкасымен жалмауыз кемпір келіп кіреді)Залды бір
айналып өтіп, тоқтайды. Осы кезге сай киінген, бірақ арқасы бұртиған,
тісі ақсиған)
Жалмауыз кемпір:
Ой, ой менің тәттілерім, күндерім (жан-жаққа қарап, ернін
жалап қояды) Өздері қандай тамақ көрініп тұр ботқа,
котлет, тоқаш жегендері. Пісіріп жесем, қадай дәмді болар
екен а? (тағы да ернін жалап)
Ал балақайлар не іздеп, не істеп жүрсіңдер? Карлсон,
сәлем! Тазша бала сен де қалмайды екенсің, осындай
жиындардан. Міне, 300 жыл болды!Карлсон, кәне тойға кел
деп едің ғой, тойың көрібейді ғой!
Карлсон: неге? Той болады, бірақ соның бәріне өзің кінәлі болып тұрсың
ғой!
Жалмауыз кемпір: (ұялып) мен бе? Қалай?
Тазша бала: сен неге балалардың апайын ұрлап кеткенсің, бұлардың тойы
апайларынсыз өтпейді ғой.
Жалмауыз кемпір: Білемін. Бірақ мен де мектепке барғым келеді. Білім
алғым келеді. Сондықтан, апайларын ұрлап алдым. Ол маған санауды, оқуды
үйретті. Балалар, мені тексеріңдерші. (ойын шатастыру)
Мынау қыс мезгілі. Қыста жылы жаңбыр жауады. Күн ыстық болады.
(Жаз мезгілінің суреттерін дайындау)
Балалар:Дұрыс емес. Жауабы былай болады. Қыста.....
Ал мынау ше? 13>20,19>10 15=16
Айнур: Жалмауыз апа, сен бізге Назира апайымызды қайтарып бер де, сонда
бізбен мектепке баратын боласың? Солай емес пе балалар?
Балалар: иә, солай.


Page 5

5
Жалмауыз кемпір: Алақай, алақай!(балалардың бетінен сүйе бастайды. Бір
қолын алып секіреді)
Карлсон: Жалмауыз кемпір, бол тойды бастайық!
Жалмауыз кемпір: қазір, қазір! Мен оны ағаштың көлеңесіне отырғызып
кеткенмін. (кетіп қалады)
Айнур: Жақсы болды ғой, балалар. Апайларыңды алып келеді.
Жалмауыз кемпір, Назира апайлары залға кіреді (шапалақ)
Назира апай: туу, балаларымды сағынып кеттім ғой. Назира апай, балалар
тойды бастайық.Тазша бала, Жалмауыз кемпір, Карлсон сендер де біздің
мерекеміздің қонағы болыңдар.
Жалмауыз кемпір: Рақмет, мен де сендермен мектепке барғым келеді,
жарай ма балалар (ұялып)
Айнур: Ендеше «Балабақшам менің» (өстік біздер мінекей) әнін қабыл
алыңыздар.
Томирис, Алихан, Нурислам, Нұралы, Нұрсая, Нурназар,
Айшат, Дияс, Алишер,Әли Т, Даниял, Назлы, Алихан С.

(Әннен кейін шығыс биіне Томирис, Алихан, Айшат,Дияс,
Алишер,Назлы, Нұрсая,Алихан С киіндіруге шығару)

Тазша бала: Түлектер қандай өнерлерің бар? Не істей аласыңдар?
Назира апай: Біздің өнеріміз көп.Саған не керек? Біз тағы да тақпақта айта
аламыз.
Тазша бала: Мен өлең оқығанды сүйемін.
Айнур: Жарайды ендеше өлең тыңда.
Қане-қане жандандырып жіберіңдерші.
(13-бала тақпақтарын айтады)
(Балалар киініп келгенше ата-аналармен ойын ойнау)

Тазша бала: Жарайсыңдар.Тағы немен таң қалдырасыңдар?
(Музыка қосылады БИ «Шығыс биі»
Айшат,Назлы,Нұрсая,Томирис
Алишер,Диас,Алихан Б, Алихан С)
Тазша бала: О,жақсылап тұрып,бой сергітіп алдық қой.Рахмет сендерге
балалар.
Карлсон: Тазша бала, біздің түлектеріміз сізге бір нәрсе айтамыз
дейді.Рұқсат бересіз бе?
Тазша бала: Айтсын.Рұқсат,рұқсат.
(тәрбиешілерге арналған құттықтау тақпақтары)
Нұрсая
Орын берген бақшадан
Фатима апай жақсы адам.
Сондықтан да біздерге
Артықсыз сіз қашанда
Бәрі үшін алдымен
Е. Али
Үйренгенбіз өнер біз,
шетімізден шеберміз.
Бізбен өтті әр күніңіз,
бізге үміт артасыз.
Шығар деп әнші күйшілер
С. Алихан:
Тәтті тағам пісірген,
айран-сүтін ішкізген.
бізге арнап пісірген,
Нургул апай мен Ғалия
апайға мың алғыс.


Page 6

6
Сізге алғыс айтамыз.

үмітпен бізге қарайтын,
Айгуль апайға мың алғыс.

Алишер:
Есеп-қисап жүргізетін,
бақшаға кіріс кіргізетін.
Айгуль апайға
Біз айтамыз мың алғыс.
Әбілмансұр
Төсек орнын тап-таза,
аппақ жуған сүлгісі.
Гаухар апай сізге де,
Балалардан мың алғыс.

Мадияр:
Денсаулыққа болаттай,
ауруларды жолатпай.
Қайнаған су әкеліп,
іш деп дәрі береді.
Күнде болған әбігер,
қамқоршымыз дәрігер.
Эла апайға мың алғыс.
Нұрай
Ақ төсекке жатқызған,
тәтті-тамақ жасаған.
Бала болып ойнаған,
күтуші Айнаш апайға
мың алғыс.
Томирис
Қиял-ойды жүгіртіп,
Қызық ойын ойнатқан.
Алғысымыз көп біздің,
Айгуль апай сізгедағы мың
алғыс.

Назлы
Ылғи бізбен жүреді,
тақпақтарды үйретіп.
Ойнатады күледі,
Қызық-қызық ертектер
Бізге оқып береді.
Баулап баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.
Әлпештеп бізді баптаған,
ардақтап бізді баптаған.
тәрбиешілерімізге мың
алғыс!

Дияс:
Жайдары жүз,ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Топтардағы заттарды
Тексереді жиі кеп.
Шаршамайтын күлетін,
Зыр жүгіріп жүретін
Гулмира апайға мың
алғыс!

Арслан:
Құжаттарды реттеген,
Компьютерді меңгерген.
Әдемі апай ол біздің
Қабыл алыңыз гүлімізді
Сізгедағы мың алғыс!
Алихан Б:
Наталья апай тігеді,
Түрлі киім үлгісін.
Шебердің хас шебері,
Өз маманның иесі.
Сахнанның төріне,
Өнердің нақ өріне.
Киіп шықтық талай біз,
Жақсы жақтан көріне.
Рахмет сізге әрдайым,
Болмасын сізде еш уайым.
Оңды болсын ісіңіз,
Осылай тілек арнаймын.
Айшат:
Біз жүретін бақшаның,
Едені ешқашан кір емес.
Күні бойы тазалап,
жылтыратқан еденді.
Гүлзия апай,
Сізге де мың алғыс.
Айдын
Апай ыдыс жуады,
мінезі оңды биязы.
Ол барында тұрады,
жайнап асхана ыдысы.


Нурислам:
Ағайлардың арқасы,
ауламыздың тазасы.
Үстел орындық жөндеген,
қолдарынан шеге түспеген.
Ағайларға мың алғыс.
Расул
Шыныға да аламыз,
балабақша төрінде.
Шамшырақ боп жанамыз,
ағалардай атақты.
біз спортшы боламыз
Жаттығуды жасатқызып,
денсаулықты нығайтқан
Тілек ағай сізге де
алғысымыз көп біздің.
Аслан:
Ұстаздарға әдістеме
үйреткен,
Жұлдыз апай аса үлкен
құрметпен.
Сізге шексіз алғыс айтамыз.
Мың қайтара сәби бала
жүректен.
Нурназар
Көп заттардың атауын,
Шет тілінен білеміз.
Ағылшынша сөздерді
Есте сақтап жүреміз.
Гаухар апай сізге де,
Ізетпен бас иеміз.
Тазша бала:Сендер кереметсіңдер!Қандай жылы лебіздер тіледіңдер
тәрбиешілеріңе.Мен олардың жүздерінен қуаныш көріп тұрмын.


Page 7

7
Назира апай: Бүгін біздің қоштасу кешімізге құрметті де,сүйікті ата-
аналарымыз келіпті.
Айнур: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Назира апай: Ата-аналар сөз алса қалай қарайсыздар?
Тазша бала:А,жарайды,жарайды.
Тазша бала: М....өте ризамын.
Айнур: Осы білім ұясының ұстазы Фатима Кадыровнаға сөз берейік. (Ф.К.
сөз сөйлейді,диплом,алғыс хат таратады)


Назира апай:Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Айнур:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың,
Қуанышқа ортақпыз .
Құтты болсын тойларың!
Ән хормен «Біз мектепке барамыз» әнін орындайды.
Аслан,Назлы: Қош сау болыңыздар!











Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі