400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол,балғын балабақшам!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегім тиер.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!!!
Ақылды,білімді,жарқыраған,танымал 2018-жылдың балабақша
түлектерін қарсы алыңыздар.

(Барлық балалар аттары атталып жарты шеңберге тұрады)

Жүргізушілер ортаға шығады (Нұрәлі, Дінмұхамет,Інжу)
Нұрәлі: Балабақша есігін
үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.
Дінмұхамет: Өстік біздер мінекей
Жаттап талай тақпақты
Бала күнім бал дәурен
Ұмытылмас шақ тәтті.
Інжу: Қуаныш пен бақыттан арылмайық,
Әрқашан жақсылықта жолығайық,
Балдырған балаларға ақ жол тілеп,
Қоштасу кешімізді бастайық.

Ән: «Біздің балабақшада» (Балабақша есігін,үшке тола ашқанбыз)
(Әннен кейін Анель,Шырай,Шырайлым,Тамирис,Айгерім,Дильназ
қыздарды биге киінуге алып кетеді)
Нұрәлі:жарайсыңдар достар!
Інжу: достар балабақшаға алғаш келген кезіміз естеріңде ме?
Дінмұхамбет,Нұрәлі: (Ойланады.)
Дінмұхамет:Онда еске түсірсек қайтеді.
(Слайд қосылады,үш жүргізуші шетке қарай қарай тұрады)
Жүргізушілер: Қандай кішкентай болғанбыз.
Інжу: Олай болса бізді өсіріп тәрбие берген тәрбиеші апайларымызды ортаға
шақырамыз.
(Дінмұхамет, Нұрәлі тәрбиешілерді музыкамен ортаға әкеледі де
Дінмұхамет кетіп қалады)

Тәрбиеші Айнұр: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар бүгін біз үшін өте
маңызды күн. Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана балабақша
табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді бойлары
да,ойлары да өсіп, даярлықты аяқтап, биыл күзде бірінші сынып
табалдырығын аттағалы тұр.Ендеше,мерекені ғажап көңіл – күймен
тамашалап, балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыңыздар.
Інжу: Нұрәлі,Дінмұхаметті көрмедің бе қайда кеткен.
Дінмұхамет: Құлағында наушник бар билеп келеді (естімей тұрады)
Інжу: Дінмұхамет
2
Мынауың не бүгінгі кешті өзіміз жүргіземіз деп едік ғой.
Дінмұхамет: Иә, иә, достар.Жақсы бір әуенмен көңіл-көтеріп биді шашқым
келіп тұр...


Page 2

Нұрәлі: Ендеше,бәріміз бірге би билейік.
Би: «Қыздар» (қыздар биден соң өз киімдерін киюге шығады)


(Дінмұхамет, Нұрали ойынды ойнап келе жатады)
Дінмұхамет, Нұрали: сулифа сулифа ойыны
Інжу: Ұлдар ұлдар бұларың не?
Дінмұхамет, Нұрали: ойнағымыз келіп кетті.
Інжу: Олай болса бәріміз бірге ойнамаймыз ба?Солай емес пе Айнұр апай .
Тәрбиеші: иә балалар,бірге ойнайық.
Ойын: «Әріптер әлемі»
Шарты:Жүргізуші балаларға суретті көр сетеді.Алдын-ала әріптер
таратылып беріледі. Балалар суретті көре отырып сөздер
құрастырады.Мысалы: алма
Жарайсыңдар балалар!

Інжу : Планшетпен шығады. Скайпен ағылшын тілінде сөйлесіп келе
жатады.Хеллоу.Уй а вэри хэппи.Уй уйлл соу гоу ту скул.
Нұрәлі : Інжу кіммен сөйлесіп келе жатырсың?
Інжу: Ол менің досым. Аты Джек.
Нұрәлі: Біздің балабақшада ағылшын тілін үйренгеніміз қандай
жақсы.Ағылшын тілінде еркін сөйлеп достар таба аламыз.
Дінмұхамет: Келіңдер, достар онда Джек досымызға бізде өнерімізді
көрсетейік.
Ән: «Happy song Хэппи сoн»

(Нұрали өрнекті айтып келе жатады)
Нұрәлі : 1+1=2 4+4=8
Дінмұхамет: Не болды Нұрәлі сен не есепті шығаралмай келе жатырсың ба?
Нұрәлі: Жооқ Дінмұхамет біз есепті де жақсы шығарамыз ғой.Солай емеспе
достар!
Інжу: Олай болса білімімізді көрсетейік достар!
Ойын: «Логикалық есептер»
1.Талдың басында 4 торғай отыр. Оған тағыда 6 торғай ұшып келіп қонды?
Талдың басында барлығы неше торғай болды?
2.Үстел үстінде төрт алма жатыр.Оның біреуін Самат жеп қойды.Сонда
неше алма қалды? (3)
3.Жаңа ғана шалғында,
алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі,
нешеуі жүр жайылып.
4.Беспайда да 5 іні,
Естайда бар 2 іні.
Қоссақ 5 пен 2 –ні
Қанша болар шешуі? (7)
5.Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 5 есек.


Page 3

3-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)
Жарайсыңдар балалар!
Серікгүл:
Болашақ жолын саламыз,
Оқимыз, білім аламыз!
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!
Міне, кішкентай бүлдіршіндеріміз де балабақшамен қимай қоштасып,
мектеп табалдырығын аттамақшы! Ендеше, бүлдіршіндеріміздің ән шашуын
қабыл алыңыздар!
Ән: «Біз мектепке барамыз!»(Мектепке енді барамыз,біз оқушы боламыз)

Інжу: (Қолында гүлі бар) Қалай істесем,не деп айтсам екен,қалай
алғысымды жеткізсем? Спасибо,сенкю,рахмет сіздерге деп айтам ба?
(ішінен сөйлеп келе жатады)
Нұрали: Інжу саған не болған,неге өз-өзіңмен сөйлесіп келе жатырсың!
Інжу: Бізді өсіріп баптаған тәрбиеші ұстаздарыма қалай алғысымды
білдірсем екен!» - деп ойланып келемін.
Дінмұхамет: Інжу уайымдама біздің достар тәрбиеші ұстаздарға өз
алғыстарын білдіруге дайын.

(Балалар жарты шеңберге тұрып, қызметкерлерге өлең жолдарын
айтады.)

(Тақпақтарын айтып,гүлдерін беріп ұлдар,Інжу робот биіне киінуге
шығады.)
Шырай
Күнде ертемен келетін,
Топты аралап жүретін.
Елжіреп бар балаға,
Мейірлене күлетін.
Бақшадағы сыйлы адам,
Балаға бақыт сыйлаған.
меңгеруші бақшада,
қамқоры болған ұл қыздың
Жұлдыз апай ол біздің.
Дастан
Есеп-қисап жүргізетін,
бақшаға кіріс кіргізетін.
Айгуль апайға
Біз айтамыз мың алғыс.

Інжу
Төсек орнын тап-таза,
аппақ жуған сүлгісі.
Жадыра апай сізге де,
Балалардан мың алғыс.
Ұлан
Денсаулыққа болаттай,
ауруларды жолатпай.
Қайнаған су әкеліп,
іш деп дәрі береді.
Күнде болған әбігер,
қамқоршымыз дәрігер.
Елена апайға мың алғыс.


Ерасыл
Қиял-ойды жүгіртіп,
Қызық ойын ойнатқан.
Алғысымыз көп біздің,
Меруерт апай сізгедағы мың
алғыс.

Диас
Жайдары жүз,ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Топтардағы заттарды
Тексереді жиі кеп.
Шаршамайтын күлетін,
Зыр жүгіріп жүретін
Гулмира апайға мың алғыс!
Нұрәлі
Көп заттардың атауын,
Шет тілінен білеміз.
Ағылшынша сөздерді
Есте сақтап жүреміз.
Диана апай сізге де,
Ізетпен бас иеміз.

Диас
Әрқашан өзі тынбайтын,
Мейірлене қарайтын.
Жарқын жүзді жақсы адам,
Әйгерім апай ол біздің


Page 4

Біздің сәби жүректен,
Сізге де көп алғыс айтамыз.



Нұрасыл
Мың бұралта билеткен.
Би өнерін балаға,
Ерінбей әр күн үйреткен.
Дана апай сізге де,
Мың алғыс сәби жүректен.
Темірлан
Апай ыдыс жуады,
мінезі оңды биязы.
Ол барында тұрады,
жайнап асхана ыдысы.
Нұржан
Шыныға да аламыз,
балабақша төрінде.
Шамшырақ боп жанамыз,
ағалардай атақты.
біз спортшы боламыз
Жаттығуды жасатқызып,
денсаулықты нығайтқан
Дидар апай сізге де
алғысымыз көп біздің.
Шырайлым
Үйренгенбіз өнер біз,
шетімізден шеберміз.
Бізбен өтті әр күніңіз,
бізге үміт артасыз.
Шығар деп әнші күйшілер
үмітпен бізге қарайтын,
Айгуль апайға мың алғыс.

Тамирис
Наталья апай тігеді,
Түрлі киім үлгісін.
Шебердің хас шебері,
Өз маманның иесі.
Сахнанның төріне,
Өнердің нақ өріне.
Киіп шықтық талай біз,
Болмасын сізде еш уайым.
Оңды болсын ісіңіз,
Осылай тілек арнаймын.
Дильназ
Балалардың әрқашан,
Жаттықтырған тілдерін.
Гульнара апайдың ешқашан,
Шаршағанын көрмейсің.
Мейірімді жанары,
күлімдеп бізге қарайды.
Үйретті талай нәрсені,
Беттен қақпай баланы
Сізгедағы мың алғыс
Айгерім
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен
Тіл арқылы табысқан
Орсы тілін меңгерген
Гаухар апайға мың алғыс.

Айгерім
Ылғи бізбен жүреді,
тақпақтарды үйретіп.
Ойнатады күледі,
Қызық-қызық ертектер
Бізге оқып береді.
Баулап баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.
Әлпештеп бізді баптаған,
ардақтап бізді баптаған.
тәрбиешілерімізге мың
алғыс!
Анель
Ақ төсекке жатқызған,
тәтті-тамақ жасаған.
Бала болып ойнаған,
күтуші Айгуль апайға мың алғыс


Дильназ
Тәтті тағам пісірген,
айран-сүтін ішкізген.
бізге арнап пісірген,
Ғалия апай Халия
мен апайға мың алғыс..

Айнур: Біздің түлектерімізге балабақша бүлдіршіндерінің жасаған сыйы бар
екен! Ендеше қарсы алайық!
Би: «Қытай» биі

Серікгүл: Келесі би барлық балабақша қызметкерлерінің
құрметтеріне арналады.
Би: « Робот»

Айнур: Осы білім ұясының басшысы
Жетписова Жұлдыз Жұмаханқызына сөз берейік.


Page 5

(Сөз сөйлейді,диплом,алғыс хат таратады)

Серікгүл : Бүгін біздің қоштасу кешімізге құрметті де,сүйікті ата-
аналарымыз келіпті. «Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз
болашағыңды сақтау» - деп бекер айтпаған. Ендеше әкенің «батырым»,
ананың «құлыным» деген сөзін естіп өскен балаларымыздың да алғысы,
тілектері бар екен. Ендеше, ата-аналарымызды ортаға шақырайық.
Ата-ана сөз сөйлейді.
Тосын сәт: (Флешмоб аналар билейді)


(Ата-аналардың биінен кейін ұлдар, Інжу робот киімін шешуге кетеді)

Ойын: «Ой мен ойын»
«Көп сөйлеме» ойыны деп аталады.Яғни топтың ата-аналары кезекпен
ортаға шығып сөздерді оқып келесі ата-анаға сол сөзді ымдау,мимика
арқылы түсіндіреді.Ойын ары қарай жалғаса береді.


Айнур: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Серікгүл:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың,
Қуанышқа ортақпыз .
Құтты болсын тойларың!
Бүлдіршіндеріміздің балабақша қабырғасында орындайтын соңғы әнін қабыл
алыңыздар.
Ән: «Қош бол балабақша» (Құшағыңда жарқылдап,өтті сәби күндерім)
Ендеше құрметті ата-аналар ертеңгілігіміз балабақша ауласында жалғасын
таппақ.Барлықтарыңызды соңғы вальсті тамашалауға шақырамыз.
Айнур: Біздің бүлдіршіндер мектепте де зор табысқа ие болады деген
сенімдеміз.Құрметті ата-аналар бүлдіршіндеріміздің асқақ арман тілектері
қабыл болсын деген ниетпен тілекші құсымызды көкке самғатайық.
(Балалар далаға шығып вальс билеп қолдарындағы шарды аспанға
ұшырады.)


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі