Материалдар / "Қош бол,бастауыш" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош бол,бастауыш" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныппен қоштасу сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
281
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті Ата-аналар,ұстаздармен бастауыш сыныпты бітіруші түлектер! Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының «Қош бол, бастауыш мектебім» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 сынып оқушыларын ортамызға.

(Музыкамен оқушылар ортаға шығады)


1-жүргізуші

Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Балалық шағымыздың қызығы мен шыжығы толы 4 жыл әп сәтте өте шықты. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

Сөз кезегін мектебіміздің директоры ( сөз кеезегі мектеп директорына беріледі) береміз.


1-оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

2-оқушы
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

3-оқушы:

Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4-оқушы:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.



5-оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім


1-жүгізуші:

Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

(Ән: мектебім)

1-жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар! Өнерлерін әрдайым жана берсін!

6-оқушы

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.



7-оқушы:

Өмірге жол бір өзіңмен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

Мейірім мен жауырымнан қаққаны


8-оқушы:

Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.


9-оқушы:

Білім алған өзіңнен,
Дәрігер ұшқыш не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.



10-оқушы:

Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқоры деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,
Жарқын жанды мұғалім.

1-жүргізуші:

Балалар ендеше ортамызға 4 жыл бойы білім беріп ой-санамызды дамытқан, адалдыққа,адамдыққа тәрбиелеп білім берген ардақтыда, аяулы ұстазымызды ортаға шақырайықшы. (мұғалім сөзі)

1-жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп,артық күліп

Шәкірттерін баулиды тәртіпті ғып

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнің жаңғыртып айтып тұрып


Хор: «Ұстазым менің ұстазым»

Видео-фильм

(фанфары)


1-жүргізуші

Балалар, айтыңдаршы бүгін мерекеге келген қонақтар сендер жайлы білгілері келіп отырған шығар, өзідерінді таныстыра кетсендер артық болмас еді.

1-оқушы: 4 сыныпты  15 бала бітіргелі отыр

2-оқушы: Сыныптың орта жасы – 9 жас
3-оқушы: Бойлары – 130 см, 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті 
4-оқушы: Салмақтары — 30  кг, 4 жылда әр бала 4 кг-нан салмақ қосты.
5-оқушы: Сынып оқушылары мейірімді, ақкөңіл, алғыр

6-оқушы: Сыныпта 3 оқу озаты мен 2 екпінді бар 

7-оқушы: — 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыдық.
8-оқушы: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.

9-оқушы: — басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
10-оқушы:   — үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде, мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
11-оқушы:  — 6560 дәптер жазып тастаппыз
12:оқушы:  — қосымша парақтарды айтсаңшы
13-оқушы:  — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.  4 жыл еңбектендік.
14-оқушы:  — Ал  ол  дегеніміз  — 2 904 сабақ
15-оқушы:  — 102 сынып сағаты.

Оқушылар хормен:  Бұған тек  әлділер  ғана  шыдайды.


11-оқушы:

Мектeп деген –  білім кені жыр кені,
Мектеп деген –  ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген –  тәрбиеші адамға,
Мектeп деген –  даналардың мекені.


12-оқушы:

Биікке өрлеген, тайсалып көрмеген.
Ұрпақпыз  кеудесін, қуаныш кернеген.
Ұстаз деп ән шырқап,күй төккен пернеден.
Елімнің даласы, ауылы, қаласы,
Кәрісі,жасы да, кемеңгер данасы,
Қарыздар ұстазға, адамзат баласы.


13-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.


14-оқушы:

Есімде ерен ұстазым

Шашымнан сыйпап өткені

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің


15-оқшы:

Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.


1-жүргізуші:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде ұаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті   

Ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

«Мұғалім - мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Барлығы бірге:  Алғыстарым көп менің , Ұстаз - анам мектебім


Назарларыңызға қыздардың орындауында мына бір әсем әнді қабыл алыңыздар!


Жүргіуші: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


Қарсы алыңызда Айшаның орындауында «Алғашқы ұстазым» әнін қабыл алыңыздар


1-жүргізуші:

Сөз кезегін ата-аналарға береміз:


Хор: «Ай дидарлы Анашым»


Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар!

Міне алғашқы басқыш бастауыш мектепті тамамдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы сендер не білді, не үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар, сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.

Бастауыш сыныппен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4-сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма орта буынға барғанда да үнемі жақсы оқуларымен қатар, болашақта Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер демекпін.


Ал ата-аналарға айтарым қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын.- дегім келеді.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар-деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!