жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош бол,бастауышым!
Бекітемін
Мектеп директоры
--------------------
«----»-----------------
«С.Биқадамов атындағы шағын жинақталған бастауыш мектебі» КММ
Соңғы қоңырау
« Қош бол, бастауышым»
Жауапты: 4сынып
Мұғалім: Аштаева Ж.С
2017-2018 оқу жылы
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан
басталатынын , бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз
жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш
қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып,әр баланың ерекшелігін
таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім
берер ордасы- мектепті , ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген құштарлғын
арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шарлар,фотомонтаж,слайдтар.
Кіріспе
сөз:
Мұғалім:
Тарыдай
болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен
солын танып жақсы мен жаманды айыра
білуді үйренген шәкірттеріміздің
ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған
« Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға
рұқсат етіңіздер!
Қош
келіпсіздер , құрметті ата – аналар,
қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі
күн осында отырған бәріміз үшін ерекше
күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4
жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған балаларыңыз білімнің негізі
болатын бастауышта оқып, білім алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен
қоштасқалы отыр.
Толқимыз
, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай
күй болған сірә қаншаңызда
Қол
соғып, қошеметтеп шақырайық
Аяулы түлектерді ортамызға!
Музыка
әуенімен бастауыш сынып түлектері
ортаға келеді.
Мұғалім:
Армандасаң
да , қиялдасаң да балалық шағың көз
алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға
беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір
осынау бал күлкілі балалық шақтан
басталады. Міне , бүгін біздің
бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған
бастауыш сыныбымен қоштасып, бір
жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер
сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан
,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген
ұстаздарына,ата- аналарына өз
өнерлерін көрсетуге дайын.
Айғаным:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай
сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ,
ұстаздарым қымбатты!
Жаннұр
:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз
күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін
мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой
Абай, Ыбырай бабалар
Нұрилә:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран
құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне
бастауышпен қоштасады,
Азамат боп ,
кешегі сәби- еркелер!
Мирас:Армысың
сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар
жыр- алғысым көп менің
Жүректерге
жаққан білім шырағын ,
Мектебіме
арналады бұл әнім!
Ән «Мектебім»
Жанетта :
Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да
жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың
мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Ақарыс
:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп
деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген
даналардың мекені.
Айғаным:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер
жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған
4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті
атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп
жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек
бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген
шәкіртіңнің серті деп біл.
Ералы:Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға
киелі.
Қанат қаққан білім алып
өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын
иеді.
Нұрилә:Мектебім
, алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың
үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің
күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда
сыңғыр қағып.
Мирас:
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата-
анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр
алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі
бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа
тараған.
Жаннетта:
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда
түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ,
мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып
көктедім.
Жаннұр:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған
білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Күй:Айғанымның орындауында.
Нұрилә:
Құрметті Бақытгүл апай,
Өзіңізді
мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа
жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз
құрметпен өзіңізге,
Түлектерге
арналсын тілегіңіз.
Ақарыс:
-Балалар айтыңдаршы біздің мерекеге
келген қонақтар біз жайлы білгілері
келіп отырған шығар,өзімізді таныстыра
кетсек артық болмас еді.......
Нұрилә:
4 сыныпты 7оқушы бітіргелі отыр
Мирас:Сыныптың
орта жасы- 9 жас
Жанетта:4
жылда әр бала 10 см-ге өсті
Жаннұр:4
кг салмақ қосты.
Ақарыс:
сынып оқушылары көңілді,қайырымды
Ералы:Сыныпта
2 оқу озаты,3 екіпінді бар,білім сапасы
85пайыз
Айғаным:Оқушылар
- 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын
басып,мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған
ережелер жатталып,жүздеген есептер мен
мыңдаған мысалдар шешілді.
- басымызға
көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал
кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
- үй
тапсырмасын орындауға кеткен уақытты
есептемегенде мыңдаған сағатымыз
партада отырумен өтіпті.
- 6560 дәптер
жазып тастаппыз
- қосымша парақтарды
айтсаңшы
-4жыл еңбектендік.
-Ал
ол дегеніміз - 2 904 сабақ
-
102 сынып сағаты
- 2 433 шулы, көңілді
үзілістер
- тау-тау оқылған кітап
беттері
- реніштер мен қуаныштар,қызықты
оқиғалар.
Оқушылар
хормен :
Бұған тек әлділер ғана
шыдайды.
Жаннұр:
десек те біздің сыныпта ешкім екінші
жылға оқуға қалған жоқ қой,тек басқа
мектепке ауысқандары болмаса
Нұрилә:
олар кімдер?
Ақарыс:
Заңғар мен Еркебұлан
Жанетта:Иә,біз
бірінші сыныпқа келгенде тоғыз едік!
Ендеше,достарымыздың құрметіне
Ән: «Жан досым»
Ералы:Әр
шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға
, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі
шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі»
- деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Нұрилә:Дұрыс
айтасың Ералы,ғылым иесі ғалым да ,
ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған
ақын да , тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер
де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен
тәрбие алған.
Жанетта:
Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын
айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
?
Жанетта
:
Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз:
«Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен.
Олай болса келесі өнерімізді ұстаздарымызға
арнаймыз
Көрініс:КВН
Айғаным:
Қыздар
білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы
таяқша түссе,мен не істер едім?
Екі
қыз хормен-не
істер едің?
-мен ұстаздарымды құнарлы
тамақтармен тамақтандырып,ауыздарынан
бал ағызар едім.
Жанетта
:ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде
киіндірер едім
Нұрилә:мен
болсам мектепке келген баланың бәрін
вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын
оқушы да болмас еді
Музыка «Еркем-ай»
орындарын ауыстырады
Айғаным:-қыздар
айтыңдаршы,мұғалімдер осы бізді қандай
қалыпта көргілері келеді?
2 қыз бірге-
«Мұғалімдер бізді осылай көргісі
келеді»(қолдарын үстелге қою)
-
Мамаларымыз ше ?
3 қыз-Мамаларымыз
былай көргісі келеді «сыпыру)
-
Папаларымыз ше ?
3 қыз бірге-
Папаларымыз мынаны көргісі келеді
Би:Флешмоб
Жаннұр:Жанат
апай анамызбен тең келеді,
Бар асылын
бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су
себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан
кем көрмейді.
Нұрилә:Тек
үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік
, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар
ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын
әрқашан балаң мықты.
Жанетта:
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда
өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс
тартқан қара жол,
Көз жұмсам да
көре тұғын белестер.
Ералы:Қоңыр
үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап
қойып біздерге,
Күн астынан сабақ
беріп тұрғандай
Мирас:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ
әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас
талабым.
Ұғындым ұлылықтың,
даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан
басталарын.
Айғаным:Жаралған
жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз
ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады
жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы
үні сияқтанған.
Ақарыс:
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы
едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе,
ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін
баланың жаулап алған.
Бәрі
: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты
жүректерден!
Жанетта:Бізге
білім нәрін берген ұстаздарымызға гүл
шоқтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Гүл
шоқтарын тапсыру.
Ән:
«Ұстаз ана»
Айғаным:
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби
-балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп
табалдырығын жасқана аттаған едік.
Ақарыс:
Енді міне сауатымызды ашып, білім
негізін қалаған бастауыш мектеппен
қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы
тұрмыз.
Нұрилә:
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл
ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,
тәрбиелі, өнегелі азамат етіп
шығарды.
Ералы:
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге
айтпасқа !
Жанетта:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр
бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім
сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап
атымызды сұрасқанбыз.
Мирас:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға
келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз
бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің
ережесін үйрендік кеп.
Айғаным:Бірдей
біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір
мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей
өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап
біріміз бен біріміз.
Жаннұр:Бастауышта
шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта
айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта
алған білім, жырларым,
Азық болар ,
мәңгі талай жылдарға.
Ералы:Бастауышым-
бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың
дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді
жаудырамын.
Нұрилә:
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған
шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап
ұшар тау қыраның.
Ақарыс
:Өтті
сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал
бұлағым.
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Би: «Вальс»
Жаннұр:Біздің
жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды
асырып жүрген біздің ата- анамыз.
Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз
тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де
сол кісілердің арқасы.
Айғаным:Ыстық-
ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа
шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің
соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам
бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны
бөлек -ау.
Мирас:Әкешім
тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың
жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың
жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды
балаларың оны білген.
Нұрилә:Әр
ана өз баласын мейірімді болса екен,
жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса
екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл
сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап
барсаң да борышыңды өтей алмайсың»
деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін
ақтай білгенге не жетсін!
Ералы:
Иә, дұрыс айтасың Нұрилә. Біз болашақта
саналы да, ақылды бала болып өссек,
ананың арманы орындалды деген осы емес
пе?
Жанетта:Дүниеге
әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт
беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл
алмасаң кешірген , ол да сенің
анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын
анашым!
Ақарыс:Кеудемнен
сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні
ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер
төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді
ақтау үшін!
Қыздардың
орындауында: Ән « Әкелерім»
Мұғалім:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан,
ата-анадан бата алады.
Ұрпағына
айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға
шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың
құттықтау сөзі
Нұрилә:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді
ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер
тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге
арнап айтатын тілегін де- дей отырып
сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз
тілегі:
Өлкеміздің
айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің
айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ
жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік
– шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын
жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын
жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге
мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп
тұратын іздеріңнен
Мұғалім:
-Түлектер
сендер енді 5 сынып оқушысы атанасыңдар.Маған
алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде
,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып
,осы антты бұлжытпай орындауға серт
беруге дайынсыңдар ма?
-дайынбыз
-тақта
алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты
қиынды да , оңайды да қағып
алуға,орындауға ант етесіңдер
ме?
-бір-біріңе бауырдай қарап,дос
болуға,қиындықта тастамауға ант етесіңдер
ме?
-мұғалімді ашуландырмауға,арттарыңнан
жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер
ме?
Ендеше түлектерге ақ жол тілеп
бастауыш мектептен шығарып салайық.
Ән:
Қош бол мектебім!
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Күн
келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан
жиырма жылдық нұр таматын.
Келді
олар артта қалған балалықтың
Ән
қылып көтерсем деп шырқап атын.
Тағдырын
тура жазып өткеніне,
Келгендей
бала кездің көктеміне.
Оралды
олар, міне, ұстазына,
Оралды
олар, міне, мектебіне.
Сағым
жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар
да күні кеше бала бопты.
Бүгін
де жігіттері әке атанып,
Қыздары
сәбилерге ана бопты.
Емес
пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп
уақыт та сала берер.
Есейіп,
ержетсе де, ұстаздарға
Әлі
сол түлек болып қала берер-дей келе
келесі сөз кезегін 20 жылдық түлектерге
береміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген