15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қош бол,тәтті балғыншақ!
«Қош бол,тәтті балғыншақ!»
Ертеңгіліктің мақсаты:
Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіте отырып,
тіл байлығын,танымын арттыру.Шығармашылық жұмыс-
тарының нәтижесін көрсету.
Бала бойындағы өнер,дарындылық қасиеттерін аша түсу.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар!
«Қош бол,тәтті балғыншақ!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бүгін бүлдіршіндеріміздің аз уақыт ішінде мектептен тәлім-тәрбие алып,
өнер үйреніп,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен
қоштасып,бойларында жауапкершілік пайда болып,1- сыныпқа қадам
басқалы тұр.
Қадамдарың құтты болсын,- деп ортаға сынбымыздың тәрбиеленушілерін шақырып ертеңгілімізді бастаймыз.
Айналайын балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Ән: «Бау-бақша белдер»
Балаларды тақпақтарын айтуға шақырамыз.
Тәрбиеші: Балалар,біз 1- ші сыныпқа баруға дайынбыз ба ?
Балалар : иә
Тәрбиеші:
Жарайды онда,балалар.
Кәне бәрің тұрыңдар,
Не үйреніп,не білдік,
Ортаға кәне салыңдар.
Тәрбиеші: балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында
Тәрбиеші: Елбасымыз кім ?
Балалар: Н.Ә.Назарбаев
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне
не жатады?
Балалар: ту,елтаңба,ән ұран.
Ал таным саласы бойынша не үйренгенімізді ортаға салайық.
Балалар үш тілде «1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санайық»
Балалар : үш тілде санайды.
Сандар туралы тақпақтарын айтады.
1-ші бала
1 саны: Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2-ші бала
2 саны: Бірден кейін тұрамын
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым.
3-ші бала
3 саны: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4-ші бала
4 саны: Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5-ші бала
5 саны: Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Төртеуін бүгін санасаң,
Табасың оңай бесті
6-шы бала
6 саны: Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын
Басым бірден басталып
Нөлмен бітер аяғым
7-ші бала
7 саны: Қара мына қызықты
Көсеуге мені ұқсаты.
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты
8-ші бала
8 саны: Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті боламын бір тарсаң
Мен боламын сегіз
9-шы бала
9саны: Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламын тоғыз
10-шы бала
10 саны: Әліппеде О-ға ұқсаймын
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Бір орынды ұстаймын
«Коммуникация»саласы бойынша білімдерімізді тексеріп көрейік.
-Балалар қазақ тілінде неше әріп бар?
-42 әріп
-Дыбысты біздер не істейміз?
-естейміз,айтамыз.
-Әріпті ше ?
-Көреміз және жазамыз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Екіге
-Қандай-қандай?
-Дауысты және дауыссыз?
-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-қызыл
-Дауыссыз дыбысты ше?
-көк
Әріптер туралы тақпақтарын айтады.
А әрпі: Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің.
Ш әрпі: Шананың да ,шардың да
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар
Шұғыла да , шалғын да
Р әрпі: Раушан гүлін,Раушан
Өте жақсы көреді.
Үй маңында болсын сән
Деп өсіріп келеді
Т әрпі: Түлкі,тазы,тотықұс
Тырнаны оған қосыңыз
Басталар «Т» дан басталар
Терек тарақ,тасыңыз.
Л әрпі: Тастан тасқа секірген
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты
У әрпі: Уық деген немене?
Уыз жегің келеме?
Қай әріптен атаулар?
Басталып тұр атаңдар?
Өте жақсы балалар 1-сыныпқа дайындықтарыңызды көріндік.
Енди арықарай ертенгілігімізді жалғастырайық.
Балаларымыздың орындауында би: «Қоштасу вальсі»
Құбайдолла Шерханның орындауында «Әкешім-анашым» әні
Диляра,Аружан,Жания,Анель атты қыздарымыздың билерін тамашалайық.
Әнуарқызы Мөлдірдің орындауында қазақ биі.
Балаларымыздың орындауында ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Тәрбиеші: Айналайын гүлдерім,
Айым менін күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар
Осымен біздің «Қош бол,тәтті балғын шақ!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген