Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Мектеп: Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі.

Тақырыбы: Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

Сабақ түрі:

Аралас

Уақыты: 09.11.18

Мұғалім аты-жөні: Дузбаев Елдос Калиаскарович.

Сынып: 5

Қатысқандард саны:

Қатыспағандар:

Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары:

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Месопатамия аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуын және олардың мемлекетаралық қарым-қатынасын білу

Тілдік мақсаттар:

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым - видеоматериал көріп болған соң тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында.

  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.

  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.

  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Барлық оқушылар: Месопотамияның экологиялық жағдайы және оның халыққа әсерін сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Саргон патшаның мемлекетті басқару ісін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Арбаны пайдаланудың ерекшеліктерін сипаттайды.

Пәнаралық байланыстар:

Бұл сабақ Месопатамияның табиғи ерекшеліктерін қайталау арқылы география пәнімен, Месопатамия тұрғындарының жаңылықтары мен ашуларын оқу арқылы ғылыми техника саласымен және мемлекетаралық қарым-қатынастарын білу арқылы халықаралық қатынастар саласымен байланысады.

Бастапқы білім:

Бұл сабақ Көне Египет тарихы тақырыбымен байланысады. Оқушылар Мысырлықтардың шарушылығының Ніл өзеніне байланысты екендігі секілді Месопатамиялықтардың да шаруашылығы Ефрат және Тигр өзендеріне байланысты екендігін салыстыра түсінеді.

Пәндік лексика және терминология:

Месопотамия, шумерлер, қала-мемлекет, империя (патшалық), әскери науқан, дөңгелек, күйме.

Сөйлеу (жазуға) арналған пайдалы сөйлемдер

Саргон патша енгізген ең маңызды ...

Менің ойымша, Месопатамияда күйме ....


Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басы

3 минут





















4 минут.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

Жағымды ахуал қалыптастыру: «Бұлт үстіндегі саяхат» тренингі.

Көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунт). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рахмет айтыңдар. Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.

«Мозайка» әдісі арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1-топ: «Әскер» тобы.

2-топ: «Шаруашылық» тобы.

Топ басшыларын сайлау. Топ басшысына бағалау парағын ұсыну.

Мұғалім екі жұп суретті кезекпен көрсетіп сұрақ қояды.

1-суреттегі көрініс – жаяу әскер және күймелі әскер көрінісі.

Қалай ойлайсыздар, күймелі әскердің артықшылығы неде?

2-суреттегі көрініс - Мысырлықтар мен Месопатамия тұрғындарының ауылшаруашылығы көрінісі

Екі көріністе қандай ұқсастық бар? Екі елдің ауылшаруашылығында қандай байланыс бар?





Тренинг


















Презентация

Сурет қиындылары


Сабақтың ортасы

10-минут





























2-минут










8-минут


















2-минут


5-минут












2 минут

Тарихи дерекпен жұмысты ұйымдастыру.

1-тапсырма:

Оқыту формасы: «Топтық жұмыс».

Әдісі: «Балалар философиясы».

Оқушылардың бір тобы Геродоттың «Тарих» еңбегінің үзіндісімен жұмыс жасайды. Ал қалған тобы Су тасқыны туралы аңызды оқиды.

Содан кейін оқушылар сұраққа жауап береді.

Геродоттың «Тарих» еңбегі бойынша сұрақтар:

  1. Месопатамияның жер ерекшеліктері қандай?

  2. Месопотамиялықтар қандай мәдениет жасады?

  3. Месопатамиялықтарда қандай білім болды?

Дескриторлар:

  • Месопатамияның жер ерекшеліктерін анықтайды;

  • Месопатамияда қалыптасқан мәдениетті анықтайды;

  • Месопатамияда қалыптасқан білімді анықтайды.

Су тасқыны аңызы бойынша сұрақтар:

  1. Су тасқыны неден пайда болды?

  2. Эа құдайы төніп келе жатқан су тасқынын кімге хабардар етті?

  3. «Су тасқыны» сөзі қандай шынайы іс-әрекетті білдіреді.

  4. Бұл аңыздан адамдардың өмірі жайлы қандай мәліметтер білуге болады?

  5. Мұнда елдің табиғаты қалай көрініс берді?

  6. Сіздің ойыңызша, аңызда қайсысы шындық, қайсысы қиялдан туған?

Дескрипторлар:

  • Су тасқыны пайда болуын анықтайды;

  • Су тасқыны жайлы шынайы іс-әрекетті анықтайды;

  • Аңыздан адамдардың өмірі жайлы мәліметтерді анықтайды.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі.

Осы тапсырма бойынша оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында «бас бармақ» әдісін қолданамын.

  • Бас бармақ жоғары қарап тұрса – Мен түсіндім.

  • Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін.

  • Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім.

Егер бас бармақ көлденең немесе төмен қарап тұрған жағдайлар болса сұрақ қою арқылы түсінбеген тұстарын толықтыруларына мүмкіндік беремін.


2-тапсырма.

Оқыту формасы: «Жұптық жұмыс».

Әдісі: «Бірге ойлаймыз».

Үлестірме қағаздар арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру. Мұғалім Саргон патшаның мемлекетті басқару ісіне қатысты деректер жазылған үлестірме қағаздарды таратады. Төмендегідей бағыттарға бөлуді тапсырады.

  • Мемлекеттік басқару

  • Әскери іс-қимылдар

  • Діни мәселелер

Үлестірме қағаздардағы тапсырмалар арқылы жазылым жұмысын жүргізу.

Дескрипторлар:

  • Саргон патшаның мемлекетті басқару ісін сипаттайды.

  • Саргон патшаның әскери іс-қимылдарын сипаттайды.

  • Саргон патша кезіндегі діни мәселелерді сипаттайды.

ҚБ: Жеке бағалау парағы.

3-тапсырма.

Оқыту формасы: «Жеке жұмыс»

Әдісі: «Жеке тәжірибе»

Ежелгі Мысыр, Ежелгі Месопатамия, Ежелгі Парсы секілді мемлекеттерде соғыс күймелерінің пайдаланылуын сипаттап жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • Ежелгі Мысыр соғыс күймелерінің пайдалануын сипаттайды.

  • Ежелгі Месопатамия соғыс күймелерінің пайдалануын сипаттайды.

  • Ежелгі Парсы соғыс күймелерінің пайдалануын сипаттайды.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі.









Үлестірме материал (Қосымша 1)







Үлестірме материал (Қосымша 2)



















Үлестірме материал (Қосымша 3)




Сабақтың соңы

3 минут





1 минут

Кері байланыс: «БББ» кестесі әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Білдім










Үйге тапсырма:

  1. Күйменің пайда болуы мен қолданылуы жайлы бейнематериалд көру.

  2. Ежелгі Месопатамия жайлы жалпы бейнефайлдар қарау.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік

Дифференциация Анық дифференциация – әртүрлі деңгейлі карточкаларды қолдану

Жасырын дифференциация – мұғалімнің практикалық тапсырманы орындау барысында оқушыларды қолдауы және оқушыларды бір-бірін қолдауы.

Бағалау түгел сабақтың барысында оқушыларға кері байланыс беру және дескрипторлар арқылы іске асырылады.

Партада отыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және интерактивті тақтаны пайдалану кезінде іске асырылады.

Рефлексия (сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шыншыл болды ма? Оқушылар бүгін не ұқты? Сыныптағы атмостфера қандай болды? Мен өткізілген дифференциация іске асты ма? Мерзімге сыйды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Бұл тарауды сабақты өткізу барысына арнаңыз? Сабақ бойынша сол жақ бағанадағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12